I. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКIЗУ НЕГIЗДЕРI.
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшіліктері
Балаларды тәрбиелеу-өте күрделi, нәзiк те жауапты iс. Бөбек оқушы болды. Бұл оқиғаның баланың өзi үшiн, ата-анасы, мұғалiмдерi мен тәрбиешiлерi үшiн аса зор маңызы бар. Ол тұңғыш рет өте маңызды, қоғамдық мәнi зор қызмет-оқуға кiрiстi.
Оқушы болған балалар көп нәрсенi тұңғыш рет орындайтын болады. Баланың оқуға, мұғалiмдерге, еңбекке, өзiнiң құрбы-құрдастарына, басқа адамдарға бұдан кейiнгi қарым-қатынасты көбiнесе оның мектептегi осы бiр алғашқы қадамына тiкелей байланысты болады. Әр баланың өзiндiк тәуiр қасиеттерi болады: бiреуi қазiрден-ақ жақсы оқи алады, екiншi бiреуi сурет салады, үшiншiсi аңғарғыш және өзiнiң көргендерi жайлы жақсы әнгiмелеп бере алады, төртiншiсi ерекше ептi де жылдам жүгiредi. Мұны байқап көре бiлу және әркiмнiң жақсы жақтарын бүкiл балалар ұжымына көрсете бiлу аса маңызды. Сонымен бiрге әр баланың өзiне тән әлсiз жақтары да болады. Бiреуi менменшiл, екiншi бiреуi жалқау, үшiншi бiреуi жеке басының қамын ғана ойлайды, төртiншi бiреуi уәде беруге шебер, бiрақ берген уәдесiн орындамайды. Тәрбиелi мұғалiм балалардың өмiрiн ұйымдастыра отырып тәрбие жұмысын осы кемшiлiктердi түзейтiндей етiп жүргiзедi. Менмен балаға белгiлi бiр iстi одан да жақсы бiлетiн нешесе орындай алатын балалардың бар екенiн көрсету керек. Әмiр беруге құмар балаға өзгелермен мiн-деттi түрде бiрлесiп атқаратын iстi тапсырған жөн: жеке бастың қамын ғана ойлайтын балаға коллективтiк еңбектiң қуанышын сезiндiре бiлу қажет.
Алғашқы кездерде баланың қол жеткен табыстарын басқалардың көрсеткiштерiмен салыстыра отырып, бағала-май оның өзiнiң бұрынғы көрсеткiштерiмен салыстырып, өскендiгiн,iлгерi басқандығын атап айтқан, бағалаған жөн. Сонымен бiрге баланың оқуға, еңбекте қоғамдық қызметте бұрынғыдан да жақсы нәтижелерге жету үшiн жұмсаған күш-жiгерiн, ынта-ықыласын атап айту мейлiнше маңызды [4].
Баланың рухани дүниесiндегi, адамгершiлiк бейнесiндегi көптеген аса маңызды қасиеттер бастауыш сынып-тарда қалыптасады. Бала тұрақты бiлiм негiздерiн дәл осы кезде қабылдайды.
Оның мiнез-құлықындағы, еркiндегi, адамгершiлiк бейне-сiндегi ерекшелiктер дәл осы шақта қалыптасып дами түседi. Егерде бастауыш сыныптардағы балалардың тәр-биесiнде әлде бiр маңызды кемшiлiкке жол берiлсе, ол олқылық бастауыш сыныптарда байқалмаған күннiң өзiн-де, жеткiншектiк жасқа келгенде ол мiндеттi түрде әсерiн бiлдiрмей қоймайды. Мұндай жағдайда тек қана тәрбие процесiмен ғана емес, қайта тәрбиелеумен айналысуға тура келедi, ал бұл алғашқыдан әлдеқайда күрделi жеткiншектердi тәрбиелеудегi көптеген табыстар мен сәтсiздiктердiң себептерi мен бастауларын балаларды мектепте оқытудың алғашқы жылдарындағы нақты тәрбие процесiнiң iздестiрген жөн.
Қазiргi уақытта бастауыш бiлiм берудiң мазмұны қайта құрылды, оқытудың методикасы өзгердi. Мұның өзi жан-жақты және үйлесiлдi дамыған адамдарды қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесiн едәуiр жетiлдiрудi керекетедi.
Тәрбие iсi екi жақты процесс болып саналады. Ол бiр жағынан педогогтық тәрбиелiк жұмысын қамтитын болса, екiншi жағынан осы жұмыстың объектiсi тәрбиешiнiң әсерiмен, оның мақсаты педагогтық ықпалымен жұмысқа белсене араласатын балаларды қамтиды.
Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастың қасиетiн қалыптастыру күнделiктi өмiрдiң әр күнi жүзеге асырылады. Сондықтан оқушының күнделiктi өмiрi мен iсiнiң әр түрлi, мазмұнды болуы, жоғары адамгершiлiк қатынасқа құрылуы өте маңызды. Қиындықтары, табыстары мен сәтсiздiктерi сөзсiз болмай қоймайтын соны бiлiмдер алу, дүниенi тану процесiнiң өзi төменгi сынып оқушылары үшiн қуаныш процесiне айналуы тиiс. Жалдастарымен қарым-қатынас жасау, жаңа достар табу, коллективтiк жұмыстар мен ойындар бiрге қайғыру, еңбекке және қоғамдық пайдалы еңбекке араласу басқа ем нәрсемен салыстыруға келмейтiн қуаныш сыйлайды.
Педогогтар тәрбиелiк ықпалдарды ұйымдастыра отырып, баланың iшкi дүниесiн сыртқы факторлардың әсерiмен оның бойында болып жатқан өзгерiстердi бiлуге мiндеттi.
Тәрбиешi бұларды бiлу керек, жорамалмен жұмыс iстемеу керек. Мектеп тәжiрибесiнде балалардың iс-әрекетiне, олардың коллективтi қарым-қатынасына адамгершiлiк тұрғысынан ұдайы баға берiлiп отырылды. Бiрақ белгiлi бiр адамгершiлiк талаптарға әр баланың қарым-қатынасы және соған сәйкес оны орындау бағасы көптеген субьективтi факторларға байланысты. Әр баланың бойында қай мiнез-құлықпен iс-әрекет шын мәнiнде бар, баланың жеке басының дамуы қай бағытта келе жатыр, адамдардың өзара қарым-қатынасы мен қылықтарындағы адамгершiлiк қасиеттердi қай тұрғыда бағалай алады. Өз өмiр тәжiрибесiнде қандай адамгершiлiк қылықтарды бастан кешiрдi. Оқушы осыдан келiп өзiне өзiне қойылатын талаптар мен бағаларды өзiнiң және басқалардың қылықтарының мәнiн әр түрлi қабылдайды. Мәселен, осы тұрғыда ересек адамдар ренжiгенде бiр бала өз қылығы үшiн қатты ұялады, ол өзiне-өзi ие бола алмай, жаман қылыққа жол бергенiн, ересектердiң өз қылығына берген бағасының әдiл екенiн түсiнедi, екiншi бiр бала жазалаудан ғана қорқады, өз қылығы үшiн ұялау дегендi ол бiлмейдi, мұғалiм ата-анама айтып қояда-ау, олар жазалайды-ау деген қорқыныш сезiмiмен ғана үрейленедi, ал үшiншi бала тiптi өзiн мүлде қате кiнәләп отыр деп есептедi ол өзiн әдiлетсiз кiнәлағаны үшiн өкпелi, өзiнiң iстегенiн дұрыс деп есептейдi, жолдасынан дұрыс кек алуы, бұдан былай да тек қана осылай iстеуiм керек деп ойлайды. Тәрбиешi балаларға бiркелкi ықпал жасағандай көрiнедi (жаман қылық үшiн айыптады) ал әр бала оның ықпалын өзiн қабылдайды. Бастан кешкен оқиғаға өзiнiң жеке бағасын бередi. Сондықтан да оқиғаны педогог пен баланың түсiнуi бiр тұрғыда болып, тек қана оны түсiнудiң тереңдiгi мен жан жақтылығы түрлiше болса ғана, тәрбиелiк ықпалы тиiмдi бола алады. Балаларды олар үшiн мейлiнше тартымды, жаңа жұмыстың түрi-оқуға тарту мектептi бала өмiрiнiң орталығына айналдырады. Мектеп, әсiресе алғашқы кездерде төменгi сынып оқушылары үшiн өздерiн оқытатын, табыстарына баға беретiн, сәтсiздiкте көмекке келетiн мұғалiм, құрбылары әзiрге олаодың ненiң жақсы, ненiң жаман екенiн анықтауына айтарлықтай роль атқармайды, мiнез-құлық пен балалардың арақатынасын реттеушi қоғамдық пiкiр де ендi ғана қалыптаса бастады. Өзiне-өзi баға беруi әлi жеткiлiксiз оқушы әсiресе өз мүмкiндiктерi мен iс нәтижелерiне өз бетiмен баға бере алмайды. Мұның бәрiн ересек адам, ең алдымен оқушы өмiрiнде ең жоғары беделге ие мұғалiм жасауға тиiс.
Педогог пен тәрбиеленушi арасындағы қарым-қатынастардың сипаты тәрбие процесiнде аса зор адамгершiлiк маңызға ие болады. Тамаша педогог В.А. Сухамлинский былай деп жазған болатын: жеткiншектердi; ақылды; жан-жақты және мейрiмдi адамдай еш нәрсе таңдантып, елiктiре алмайды.
Ақыл-ой, ақыл-оймен ғана, ар-ұят, ар-ұятпен Отанға берiлгендiк Отанға шындап қызмет етумен ғана тәрбиеленедi. Бұл сөздердi сөз жоқ, кез-келген жастағы оқушылар тәрбиесiне байланысты айтуға болады.
Әр адам өзiнiң алғашқы тәрбиешiлерiн өмiр бойы есте ұстайды, олар мұны өлiм дүниесiнде әкелiп енгiзедi, оған табиғат пен қоғамдық өмiрдегi күделi құбылыстарды көрсетiп олар түсiне бiлуге көмектеседi.
Оқыту мен тәрбиелеу бiрiн-бiрi дамытатын өзара байланысты екi процесс. Бұларды бiр-бiрiнен бөле қарауға болмайды [6].
Тәрбие жұмысы мұғалiмнен бойындағы рухани күштердi түгелдей iске қосуды, ақылгөйлiктен туған шыдамдылық пен ұлы сүйiспеншiлiктi, балаларға деген өз iсiне деген сүйiспеншiлiктi талап етедi.
Н.К.Крупская былай деп жазды: Балаларды ұстамды болуға үйретiп, өзi ұстамсыз болған, балаларды жолдастыққа баулып, өзi оларға жолдастық тұрғыда қарым-қатынас өзiн бастық ретiнде ұстайтын адам жаман тәрбиешi болып табылады. Тәрбие жұмысы балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатудан басталады. Балалардың тиiмдi мiнез-құлық тәжiрибесiн жинақтауы үшiн ең қызықты деген шаралар сананың да оларға балаларды қатыстырудың дәрежесi де ешқандай рөл атқармайды. Ең бастысы – мұғалiм мен балалардың өзара қарым-қатынас стилi, ал мұның өзi балаларға деген ақылға сыйымды талапқа сай сүйiспеншiлiкке, балаларға деген терең құрметте негiзделуге тиiс. Бала (жасөспiрiм, жас жiгiт) бiртұтас адам ретiнде қалыптасады, ал оның жекелеген қызметтерi жалпы сана-сезiмнiң дамуына байланысты дамитын болады. Осы себептi де оқушыны бiртұтас қалыптасып келе жатқан адам ретiнде тәрбиелеу керек. Онда оқшау еш нәрсенiң жоқ екенiн, жекелеген өзгерiстердiң жеке бастың тұтас өзгеруiне әсер ететiнiн ескеру қажет.
Мұғалiм нақты тәрбие жұмысының жүргiзе отырып, мәселен оқушының әлде бiр мiнез-құлық қасиетiн қалыптастыра отырып, оның жеке басының барлық жағына да әсер етедi. Ол оқушының ақыл-ойына, сана-сезiмiне, ерiк–күшiне ықпал жасайды. Ол солар арқылы ақыл-ой, еңбек эстетикалық және дене тәрбиесiнiң мiндеттерiн орындайды. Тәрбие жүйесi осы тәрiздi өзара байланыстылыққа құрылады. Сондықтан оқушы бойындағы жекелеген қасиеттердi тәрбиелеу арқылы оның мiнез-құлықының басқа жақтарына да әсер ететiнi үнемi есте ұстауы керек. Оқушылардың сана-сезiмi мен мiнез-құлқын өзара байланыста қалыптастыру бұл – тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзi шарттарының бiрi. Тәрбие процесi үстiнде бала өзгередi .Ол көп бiлетiн болады, көп iстi атқара алады. басты бағыт етiп ұстануға мiндеттi. Тәрие процесiнде мұғалiмнiң жетекшiлiк балалармен жүргiзiлетiн тәрбие жұмысы олардың дамуына жағдай жасауы керек. Басқаша айтқанда мұғалiм баланың жеке басының сапалық дамуын, оның ақыл-ойының, әсер алу ерiк-күшiнiң дами түсiнiң рөлiн балалардың ерiктiлiгiмен шебер ұштсастыра бiлу керек. Сол арқылы оқушылармен балалар коллективiнiң өзiндiк дербестiктерiмен жол алуға дұрыс қарым-қатынас жасаудың жолдарын игеруге көмектесiп, жағдай жасап отыру қажет. Тәрбиенiң дамытушы сипатының мақсаты – ықпал етушi сыртқы әсерлi, iшкi саналы серпiлiстерге, саналы түрде меңгерiлген себеп-салдарға айналдыру, парыз, ар-ұят, ождан сияқты iшкi этикалық инстанцияларды қалыптастыру болып табылады [8] .
Жалпы бүкiл тәрбие, оның iшiндегi ғылыми бiр жүйеге келтiрiлген тәрбие мектепте ғана жақсы мұғалiм, жақсы тәрбиешесi, сынып жетекшiсi осыны тынғылықты жүргiзсе шәкiрттерi болашақта тәрбиелi азамат болып қалыптасады. Бала тәрбиесiне оның болашағына немқұрайлы қарау кешiрiлмейтiн құрал күнә олай болса баланы дұрыс тәрбиелеуге келген жөн
Достарыңызбен бөлісу: |