II. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРI.
2.1 Тәрбие жұмыстарын жоспарлау мiндеттерi
Тәрбие жұмысын жоспарлау қызметiнiң жалпы жүйесiндегi маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етедi, тәрбие жұмысының белгiлi бiр жүйесiн жүзеге асыруға көмектеседi. Жоспар тәрбие жұмысының барлық маңызды жақтарын ескеруге, басты және жетекшi мiндеттi бөлiп аялауға жағдай жасайды. Жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгi тәрбие жұмысына көмектеседi, оның жемiстi болуына жағдай жасайды. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негiзгi мiндеттерiн, мазмұнын, формалары мен әдiстерiн iрiктеп алу үшiн нысана болып табылатын докуметтердi пайдаланады. Олардың қатарына бiлiм беру туралы заң, оқу програмасы,оқушылардытәрбиелеудiң үлгi мазмұны жатады. Мұғалiм жоспар жасағанда елiмiз үстiмiздегi жылы атап өтетiн маңызды оқиғаларды ескередi.
Сынып мектеп коллективi мен оқшау өмiр сүрмейдi. Мұғалiм өз жұмысын жоспарлағанда мектептiң жұмыс жоспарын басылыққа алады. Бүкiл мектептiң iстерiмен жоспарларлары мұғалiм жұмысының бiр бөлiгi болып табылады. Балалар сенбiлiктерге, мектеп жаңындағы участокте жұмыс iстеуге, жалпы мектептiк фестивальдар мен конкурстарға, т.б. қатысады. Жоспарды жасағанда сыныпты қамқорлыққа алған ұйым ондағы жетекшiсiнiң жоспарларын еске алады. Мектептiң басты мiндетi әр оқушының жан-жақты дамуына қамқорлық жасау болып табылады. Оны орындау педагогтан жан-жақты күрделi жұмыс жүргiзудi талап етедi [17].
Жоспарда тәрбиелiк мiндеттер мен олардың мазмұнын, қызмет формаларын ажыратып көрсету мұғалiм үшiн өте қиын. Өйткенi бiрiншiден қызметтiң әр түрлi түрлерi, әрқилы тәрбиелiк шаралар бiрғана мiндеттердi шешедi, екiншiден әр түрлi мiндеттер бiрғана қызмет түрi арқылы шешiлiп жатады. Бұл педагогикалық еңбектiң ерекшелiктерiмен, оқушыны бiртұтас адам ретiнде тәрбиелеп шығарумен байланысты табиғи қиындық. Өйткенi оқушының жеке жасы бiр мезгiлде баланың сана-сезiмiне, мiнез-құлқына және сезiм күйiне бiрден ықпал ететiн сан қилы әсерлердiң нәтижесiнде қалыптасады. Бұл көп ретте жоспардың негiзi мазмұны тәрбие жұмысының жолдары мен тәсiлдерiн көрсетуге арналып, мiндеттерiнiң жоспардың негiзi пункттерiнiң аттарында көрсетiлетiндiгiнiң себебi болса керек.
Қайсылары жоспардың негiзi бөлiмдерi болатындығын шешу-күрделi мiндет. Оның үстiне жасалған ұсыныстарда оларды тұжырымдаудың әр түрлi варианттары келтiрiлген. Мәселен: 1. Балалрға мәдени мiнез-құлық ережелерiн үйрету. 2. Коллективтi ұйымдастыру және жекеленген оқушылармен жұмыс. 3. Балалрдың еңбек тәрбиесi. 4. Саяси-ағарту жұмысы. 5. Көркемдiк тәрбие. 6. Дене шынықтыру тәрбиесi. 7. Ата-аналармен жұмыс.
Жоспар схемасының басқа нұсқалары мынадай:
1. Туған жерге, Отанға деген сүйiспеншiлiк.
2. Достық пен жолдастық.
3. Оқудағы санлық пен дербестiк. Бiлiмге деген құштарлық.
4. Еңбек сүйгiштiк, ұқыптылық.
5. Мәдени мiнез-құлық. Әдеттерi.
6. Табиғаттағы, адамдар мiнез-құлқындағы өнер туындыларындағы әсемдiк туралы алғашқы мағлұматтар.
7. Гигиена мен санитария жөнiндегi алғашқы мәлiметтер мен дағдылар. Денсаулықты нығайту әдiстерi.
Әр түрлi тұжырымдайтын бұл жоспарлардың бәрi мынадай бөлiмдердi ұсынады: көзқарастар мен қоғамдық белсендiлiктi қалыптастыру. Идеяның адамгершiлiк тәрбие, еңбек тәрбиесi танымдық белсендiлiк пен оқуға деген ынтаны дамыту; дене шынықтыру мен эстетикалық тәрбие. Былайша тұтас алғанда оқушыларды тәрбиелеудiң үлгi мазмұны. Программасы сай келдi. Демек, жоспардың жеке тарауларын бөлiп алып қарау негiзi тәрбиелiк мiндеттер тұжырымдауға және оларды баланың жан-жақты дамыған жеке басын қалыптастастыру сияқты. Жалпы мiндеттi көрсете аларлықтай белгiлi бiр жүйеде беруге жағдай жасайтын болады [22].
Сынып жетекшiсiне арналған құжат-әр тоқсандық жұмыс жоспары (әрбiр сынып жетекшiсi үшiн мiндеттi)
8. Жоспар мектеп басшылары даярлаған арнайы параққа толтырылады.
9. Жоспарға сынып жетекшiсiнiң құзырына кiрмейтiн мұғалiмнiң жұмыстарын енгiзуге болмайды.
Мүмкiн болса, жалпы мектептiк жұмыстары (қызыл), сынып iстерiн (көкпен), қалған жұмыстардың барлығын (қара) бiр түспен көрсету.
Осы жоспарға тоқсан бойы туындаған iс-шараларды, жеке жұмыстарды, сабақтарға қатысу, ата–аналармен әңгiмелердi тiркеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |