ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу
Алматы - 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
-тарау. Дарындылық психологиясының теориялық қағидалары
1.1.Дарындылық туралы жалпы түсінік....................................................................5
1.2Дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан………….…............................15
1.3.Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы.
Бастауыш сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері….................................22
-тарау. Бастауыш сынып оқушылары дарындылығын
эксперименталды зерттеу
2.1.Зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелер.........................................................29
2.2.Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің
психологиялық-әдістемелік нұсқаулары.................................................................42
Қорытынды..............................................................................................................46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................47
Қосымшалар.............................................................................................................49
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Және дарынды балаларға қалай қарау керек? Олар ерекше бағыт пен еркеше даму, көзқарасты қажетсіне ме?
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.
Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.
Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты. Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар: Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор. Ал психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды. Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты. (“одаренные дети: психолого-педагогические исследования и практика”).
Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді. Олар: А. М. Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы” еңбегінде, Шумакова Н.Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г.Д. өзінің “Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық” атты мақаласында С. Юркевич “Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары” еңбегінде баяндалады.
Біздің дипломдық зерттеу жұмысымыздың мақсаты: дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |