Дипломдық ЖҰмыс дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу Алматы 2010 мазмұНЫ


Бастауыш сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері



бет5/22
Дата17.04.2023
өлшемі200,08 Kb.
#174660
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
dip -daryndy-bastauysh-synyp-oqushylarynyn-daryndylygyn-zertteu (копия)

Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы.

Бастауыш сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері


Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Өте қарқынды даму кезеңі - 2-5 жас. Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады. Қабілеттің бірінші байқалуы түрлі іс-әрекет түрлеріне еріксіз ұмтылудан байқалады. Сондықтан, шығармашылық мүмкіндіктердің алғышарттарын осы арадан іздеу керек. Ата-ана, тәрбиеші, мұғалімдердің басты міндеті - баланың осы ұмтылыстарын қолдау.


Ерте жас кезееңінде дарынды балаларды өзгелерден айыратын нәрсе себеп-салдарлы байланыстарды бақылау қабілеттілігі және соған сәйкес тиісті қорытындыларды жасау.
Дарынды балаларды ақпаратты және тәжірибеені әрі жалпылай білу қабілеттілігі ерекшелендіреді.
Және бұл балалар жинақталған білімді кең қолдана біледі. Кішкентай «вундеркиндтер» үлкен сөздік қорға бай болады, сұрақ қоя біледі. Олар үлкен ниетпен сөздіктер мен энциклопедияларды оқиды, сөдер ойлап табады, ақыл-ой қабілетін белсенді ететін ойындарды ұнатады.
Дарынды балалар зейіні бір нәрсеге аса шоғырланғыш болады әрі қызыққан іс-әрекетінің нәтижесіне жетуде өте табанды болады.
Дарынды балаларда әділеттілік сезімі өте ерте байқалып, әділеттілік сезімі өте күшті дамыған. Олар өздеріне және айналадағыларға жоғары талаптар қояды, әрі шындыққа өте тез, жылдам үн қосады, әділдік, үйлесімді, табиғатты ұнатады.
Кішкентай таланттардың айқын, ашық қиялы әлемде жоқ жануарларды тауып, оларды жолдас етеді, және фантастикалық өмірді ойдан ойластырады.
Дарынды балалар үшін аса жоғары қорқыныш тән, себебі олар түрлі қауіпті оқиғаларды қиялдап ойдан шығаурға қабілетті. Бұл балалар аса сезімтал, эмоционалды тәуелді, шыдамсыз.
Дарынды балалар үшін танымдық процестерінің озыңқы дамуы тән болады.

  1. Қабылдауларының кеңдігімен ерекшелене отырып, олар айнала әлемдегі болып жатқанды тік әрі тез қабылдайды, сол немесе өзге заттың қалай құралғандығына орай аса сұқтанып көп нәрсені құмартып білгіш болады. Олар бір мезгілде бірнеше процесті бақылауға қабілетті және барлық өзгерісті белсенді түрде зерттеуге бейім.

  2. Олар заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты қабылдауға қабілетті әрі соның негізінде қорытындылар жасай алады; оларға өз қиялдарында балама жүйелеер құрау ұнайды.

  3. Дарынды балалардың ерекше есі тілдік дамумен ерекше жетіле отырып, ақпараттың едәуір үлкен бөлігін жинақтауға бейім. Әрі оны қарқынды қолдана біледі.

  4. Дарынды балалардың сөздік қоры бай, әрі олар оны еркін әрі нақты баяндай біледі. Дегенмен, жеке қанағаттануы үшін олар жиі жағдайда өздерінің жеке сөздерін ойлап табады.

  5. Бұл балалардың зейіндерінің шоғырлануы ұзаққа созылады және міндетті шешуде үлкен табандылық танытады.

Дарынды балалардың психоәлеуметтік сезімталдығы.

  1. Дарынды балалар әділ шешімге жақын болады; адамгершілік дамуы озыңқы дамиды.

  2. Бұл балалар өзіне, айналадағыларға жоғары талаптар қояды.

  3. Дарынды балаларға шығармашылық, ойлап тапқыштық, бай қиял мен фантазия тән.

  4. Бұл балалар әзіл сезімге өте бай, қалжыңдарды ұнатады.

  5. Дарынды балаларға эмоционалды баланс жетіспейді, себебі ерте жас кезеңінде олар өте-мөте шыдамсыз әрі шайпау болады.

  6. Кейде оларға аса қорқыныш және жоғары сезімталдық тән.

  7. Бұл кезеңде эгоцентризм де байқалады.

  8. Кей жағдайларда дарынды балаларда жағымсыз өзін-өзі қабылдау, құрбылармен қарым-қатынаста қиындықтар пайда болып тұрады.

Дарынды балалардың тағы да кейбір сипаттамалары.

  1. Дарынды балаларды жоғары энергетикалық деңгей ажыратады, әрі олар әдеттегідей аз уақыт ұйықтайды.

  2. Олардың қол бұлшық еттерінің координациясы және қолдарын меңгеруі жиі жағдайда танымдық қабілеттерінен артта, яғни кеш дамиды.

Талай және дарындылық түрлі интеллектуалды және жеке ерекшеліктерде байқалуы мүмкін.
Н.Б. Шумакованың зерттеулері балалардың жаңа объектімен танысқан кезеңдегі пайда болатын қабілеттердің дамуында екі кезеңнің пайда болуын көрсетеді.
Осы бастауыш жас кезеңіндегі ең бір маңызды проблема - дарынды балаларды анықтау. Біріншіден, жанұяда дарынды балалар өз дамуларының бастапқы кезеңінде көпшілік арқылы түсінбейтін болады да, жиі жағдайда ата-аналардың өз балаларының белсенді танымдық қабілеттеріне жағымсыз реакция танытуы байқалады.
Екіншіден, белсенді шығармашылық қабілеттер балаларда аса жоғары жүйке – психикалық қозғыштықпен қатар жүзеге асады, әрі бұл шыдамсыздықта, тәбеттің бұзылуында бас ауруы, ұйқының бұзылуымен бірге байқалады. Дер кезінде көрсетілмеген медициналық психологиялық түзету шаралары невроздың пайда болуына және бірқатар психосоматикалық аурулардың пайда болуына әкеліп соғады.
Үшіншіден, дарынды балалар мектеп ұжымына түсе отырып, айналадағы құрбыларының орташа қабілеттілігін көріп, өздерін қолайсыз сезінеді. Нәтижесінде дарынды балалар өздерін ерекшелеп көрсетпеуге, «ақ қарға» болмауға тырысып бағады.
П. Торренс зерттеулері мынаны көрсетеді: дарынды балалар ақыл-ой дамудың бастапқы деңгейлерін тез бастан өткереді де, түрлі жүйкеге ауырлық тудыратын жұмыстарға қарсылық танытады.
Жиі жағдайда шығармашылық ойладың ерекше оригиналдығы айналадғылардың түсінбестігіне әкеліп соғады, әрі олардың бұл әрекетін өзгелер «ауытқу» деп түсінуі мүмкін. Дарынды балалар мектептегі 2/3 уақыт бөлігін құр босқа «интеллектуалды қарсылық» көрсете отырып өткізеді. Дарынды балалар өз құрбыларына қарағанда әлеуметтік бейімделудің бастапқы деңгейлерін тезірек, жылдамырақ өткереді.
Қазіргі таңда дарынды балалармен жұмыс істеудің арнайы бағдарламалары құрылып жасалуда, көптеген елдерде даралап, саралап оқытуға көшуде. Арнаулы кешендік - оқу бағдарламалары құрылуда, мұның шеңберінде балалар әдеттегі бағдарламаға қарағанда өздерін еркінірек ұстайтын болады.
Ал, шет елдерде мысалы АҚШ-та дарынды балаларды лидер болуға оқыту бойынша арнайы курстар құрылған.
Әрі мұнда кең тарағаны «оқу келісімі» бойынша жеке-дара жұмыс тәсілдерінің тарауы. Олар оқушы мен мұғалім арасында жасалады, және олар мұғалімге уақытты үнемдеуге, ал оқушыларға - жеке-дара қарқынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сонымен, дарындылықтың сақталуы әрі дамуы - қоғам прогресін, өсуін қамтамасыз еттеін проблема.
Дарынды бала коллекция жасаумен айналысады, сөздік қоры бай, күрделі тапсрымаларды қанағат алып отырып, орындайды, жауап беруде қиын жолдарды қолданады, зейінді шоғырландыруы жоғары, тұтас алғанда интеллект коэфициенті жоғары.
Дарынды баланың психоәлеуметтік аспекттері келесідей сипатта мінезделеді: әділдік сезмінің күшті дамуы; бағалықтың жекелік жүйесі кішкентай балаларда өте кең және негізінен қоршаған ортаға әділдік қарым-қатынас; көбіне шындықпен сәйкес келмейтін қиялының жоғарылығы; әзіл-сықақ сезімінің жақсы дамуы; әлі шше алмайтын мәселелерді шешуге талпынуы; көп елестету мен қиялдың нәтижесінен қорқыныш сезімінің болуы; экстрасенсорлы қабылдауының дамуы; кейбір дарынды балаларда телепатия, болжау қабіелттілігі болады; мектепке дейінгі жылдары дарынды балалар оқиғалар мен құбылыстарды талқылауда эгоцентристтер болып табылады. Бұл бала қатарларының арасында кейбір әлеуметтік ұнатпаушылықты тудырады.
Психологтар зерттеулерінің көмегімен дарындылықтың табиғаты байытылып, анықталуда. Баланың ақыл-ой дарындылығының “құрастырушыларды” анықтай отырып, В.С. Юркевич және Н.С. Лейтес, бұл - феноменді “құрастыратын” динамиканы бақылаған. Олар дарынды балалар үшін ақыл-ой ізденісіне қажеттілік туылады, - дейді. Ақыл-ой қажтетілігіне ізденіс ғылыми әдебиеттерде мағынасына жақын әр түрлі терминдермен белгіленеді: ақыл-ой белсенділігі, танымдық қажеттілік, зерттеушілік қажеттілік.
Әрі қарай авторлар танымдық қажеттіліктің динамикасын құра отырып, қабілеттіліктің дамуымен байланыстырады. Танымдық қажеттіліктің дамуы ой-өрістің кең болуымен, абстрактілі ойлау және тағы басқа психикалық қызметтермен байланысты. Бұл жерде эмоционалдық факторлардың, яғни қанағаттану сезімі, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы, интеллектуалды шаттық сезімі маңызды. Ақыл-ой қабілетінен қанағат алумен қабілеттіліктің дамуы байқаусыз, тез және жеңіл өтеді.
“Танымға өте күшті білдірілген ұмтылыс - қабілеттілік дамуының бірінші белгісі. Дарынды балаларда бұл қажеттілік басқалардан басым болады: оқушы бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін достарымен кездесуден, теледидардан, тағы басқадан бас тартуы мүмкін”.
Балалық шақтағы интеллектің құрамындағы шешуші рөлді Я.А. Пономареваның “әрекеттің шкі жоспары” сияқты, ақыл-ой дамуының жас ерекшелік динамикасы туралы еңбегі дәлелдейді. Ақыл-ой дамуының жасқа байланысты өсуі, мектепке дейінгі шақта қарқынды түрде байқалады екен. Бес жарым жастан кейін, бұл жеделдік баяулайды да 12 жаста әрекеттің ішкі жоспарының дамуы аяқталады.
Жас ерекшелік аспектісінде интеллект динамикасымен бір уақытта, теория мен практика үшін, бұл феномендегі жалпы және “арнайы” қасиеттердің өзара қатынасы туралы мәселе маңызды болып табылады. Интеллектің жалпы және “аранйы” кезеңдері С.Л. Рубинштейн мен Б.М. Теплов көрсеткендей іс-әрекетте бірлесе дамиды, ол оқушының қандай да бір мектептік пәнде табысты болуынан байқалады. Бірақ, бұл даралау С.Л. Рубинштейн “адамның барлық арнайы қабілеттері - бұл оқу мен еңбекке қабілеттіліктің түрлі көрініс берулері” де айтқанындай, елестерді жоғалтуға әкелмеуі керек.
Зерттеулерде интеллектің жалпы және арнайы қасиеттерінен басқа, даралық ерекшеліктер көрсетілген (анализ және синтез, жинақтау және классификация, бір өмір шартынан екіншіге ауыстыру тағы басқа). Айырмашылықтар психикалық процестің реакция күшімен, жылдамдық, тұрақтылық, темп және ритмнен көрінеді. Мұндай көріністердің негізінде нерв жүйесінің туа біткен типтері жатыр.
И.П. Павлов зерттеулеріне сәйкес, интеллектің физиологиялық негіздері даралық айырмашылықтары - “көркемдік” немесе “ойлау” типіне жатады. Ол индивидтегі “бірінші сигнлды жүйе” (сезім органдары әкелетін бейнелер мен әсерлер) мен “екіншілік сигналды жүйе” (сөздер, түсініктер) арақатынасында болады.
Осылай, интеллект - ақыл-ой дарындылығының маңызды құрастырушысы болып табылады. Бірақ, оның құрамына Н.С. Лейтес пен В.С. Юркевич жазғандай, басқа да компоненттер кіреді. Креативтілік, шығармашылық - дарындылықтың маңызды сипаттамасы болып табылады. Шығармашылыққа бейімделік - адам белсенділігінің ең жоғарғы көрінісі, қандай да бір жаңа, оригиналды нәрсені құруға қабілеттілік. Ол адам іс-әрекетінің кез-келген сферасында байқалуы мүмкін.
Дарындылықтың түрлерінің дифференциясы классификацияға негізделген критерий бойынша анықталады. Дарындылықта сандық және сапалық аспектіні бөлуге болады.
Дарындылықтың сапалық мінездемесін талдау бойынша түрлерді адамның психикалық мүмкнідіктерінің спецификасына және олардың қандай да бір іс-әрекетте көрінуіне байланысты бөлуді ұсынады. Дарындылықтың сандық мінездемесін талдау адамның психикалық мүмкіндіктерінің деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді.
Ғалымдар дарындылық мәселесін зертетй келе, оның жалпы және әдейі немесе арнайы түрін бөліп көрсетеді. Дарындылықтың 2 түрі де іс-әрекеттің әр түрлілігі мен формасында жалпы кезеңдер болуына байланысты. Осылай, жалпы ақыл-ой дарындылығы іс-әрекеттің барлық түрімен қамтамасыз етілгенде ғана орындалады. Олардың табысты орындалуы үшін белгілі ақыл-ой сапасы, “ақыл-ой құндылығы” қажет болады.
Арнайы дарындылық, өзі ерекше ашылып көрінетін белгілі іс-әрекет түрлерімен байланысты (математикалық, техникалық, музыкалық, сурет салу өнері, ақындық дарындылық және тағы басқа).
Кәсіптік қабілеттерді зерттеумен танымал ғалым Ч. Спирмен ақыл-ой энергиясының жалпы факторы бар екенін көрсетті. Ол фактор түрлі іс-әрекеттің табысты шешілуін анықтайды.
Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың бәрінде болады (жалпы сұрақ - әр түрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші орынға шығады.
Мектепте “орташа оқитын” оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында құрбыларын интеллект белгілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару - мектептің көкейтесті мінідетінің бірі болып табылады.
Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары арналған. “Ақыл-ой” мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі “интеллект” сөзімен белгйлейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкнідіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге арналады (ақыл-ой сферасында), яғни көбіне “ақыл-ой дарындылығы” түсінігінің термині ретінде қолданылады.
Интеллект - өсіп жатқан адамның түрткі болулары мен ұмтылыстарымен біртұтас дамуы күмәнсіз. Ақыл-ой дарындылығы интеллектке сай келмейді. Дарындылық - бұл жеке тұлғаның ерекше құрылымы.
Ақыл-ой дарындылығының арнайы түрлері, яғни философиялық-теоретикалық жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында, техникаға немесе ұйымдастырушылық - практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық - Мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.
Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аудаурға көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінге және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда - аранйы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда - оқуда табысты болып үлгермеген, бірақ психикасының оригиналдылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе “жасырынды” дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді.
Балалардың жалпы интеллектуалды және арнайы дарындылығы түрлерінен бөтен, бұл феноменнің даралығы басқа критерийлер бойынша да болуы мүмкін. Ресейлік психологтар (Ю.А. Бабаева, Д. Богоявленская, А.В. Брушлинский, В.Н. Дружинин, И.И. Ильясов, Н.С. Лейтес, А.М. Шумакова, А.Н. Панов, И.В. Клиш, М.А. Холодная, В.Д. Шадриков, Н.Б. шумакова, В.С. Юркевич): “дарындылықтың жұмысшы, жиі қолданылатын концепциясы” деп берілген психологиялық білім берудің келесі критерийлері мен классификациясын бөледі:
 психика сферасын қамтамасыз етушілер мен іс-әрекет түрлері
 дарындылықтың қалыптастырушы деңгейі
 дарындылықтың көорініс беру формасы
 дарындылықтың әр түрлі іс-әрекет түрінде көрініс беруінің ауқымдылығы, дамудың жас ерекшелігі.
Потенциалды дарындылық - бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары жетістікке жету үшін, белгілі психикалық алғышарттары потенциалды болатын баланың психологиялық ерекшелігі. Бірақ бала, бұл мүмкіндіктерді тап осы уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай алмайды. Бұл потенциалды мүмкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен бірге жүруі мүмкін (жанұялық қиын жағдаймен, квалификацияланған мұғалім - кәсіпкерлердің болмауынан тағы басқа).
Потенциалды дарындылықты анықтау, кезеңмен жүргізілген диагностика бойынша орындалуы мүмкін. Өйткені әрі қарай дамуы туралы, тек кейбір белгілер бойынша айтуға болатын, әлі қалыптасып болмаған қабілеттіліктер туралы сөз болып отыр.
Ерте дарындылық мысалы ретінде “вундеркиндтер” (“таңқаларлық бала” мағынасында) деп аталатын балалар бола алады. Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы оқушылар болып табылатын вундеркиндтер, қандай да бір іс-әрекет түрінде тамаша табыстарғ жетеді (музыкада, суретте, ән айтуда тағы басқа). Мұндай балалар кейде өте жақсы ақыл-ой қабілеттіліктерін көрініс етді (ерте әріп танып, оқу, хат, санау тағы басқа). Атақты музыканттардың өмірбаяндары дәлелдейтіндей, дарындылық музыкада ерте көрінеді. Ал одан кешқұрым, сурет өнерінде көрінеді. Ал математикалық қабілеттілік ерте біліне бастайды. Ғылым жетістігінде мәнді нәтжелерге жету, әдетте кешқұрым өтеді, ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты. Осы клетірілген дарындылық классификациясымен қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:
 интеллектуалды, оның түрі - академиялық
көркемдік, шығармашылық (креативтілік)
 модерлік немесе әлеуметтік
психомоторлы немесе спорттық.
-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ


2.1. Зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет