Дипломдық ЖҰмыс девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс


Девиантты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс технологиясы



бет9/12
Дата18.05.2022
өлшемі354 Kb.
#143712
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дипломды Ж мыс девиантты мінез – лы ты жас спірімдермен леум

Девиантты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс технологиясы.

Соңғы жылдарда байқалатын, девиантты мінез-құлықтың түрлі көрініс беруінің күрт өсуі, қоғам алдында дезадаптивті жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыстың тәсілдері мен технологияларын іздестіру мәселесін алға тартады. Жастармен жұмысқа бағытталған мекемелерге бар ынта-күшті тек жасөспірімнің реабилитациясына ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік өлшемдерден ауытқудың алдын – алуға, яғни жеткіншектердің іс - әрекетіне жағымсыз әсер ететін жағдайларды жоюға жұмылдыру керек.


Бүгінгі күні девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен жұмыс тәжірибесінде екі технология кең өріс алды – профилактика және реабилитация технологиясы.
Профилактика – бұл жасөспірімдер мінез-құлқындағы түрлі әлеуметтік ауытқулар тудыратын негізгі себептер мен жағдайларды алдын-алуға, жоюға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-медициналық, және ұйымдастыру-тәрбиелік іс-шаралардың жиынтығы. Сонымен бұл ғылыми негізделген және уақтылы қабылданған, мына мәселелерге бағытталған шаралар:

  • әлеуметтік қауіп тобына жататын кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық немесе әлеуметтік – мәдени жағдайларын алдын – алу;

  • жасөспірімнің қалыпты өмір деңгейін және денсаулығын сақтау, қолдау;

  • жасөспірімнің әлеуметтік маңызды мақсаи\тқа жетуге және оның ішкі мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу;

Әлеуметтік ауытқулар түрлі себептерден пайда болады, сондықтан алдын – алу шараларын бейтарапты; орнын толықтырушы; әлеуметтік ауытқуларды тудырушы жағдайлардың алдын – алушы; оларды жоюшы, жүргізілетін профилактикалық жұмысты, оның нәтижесін қадағалаушы деп бөлуге болады.
Профилактикалық шаралардың тиімді болуының аса маңызды шарты, олардың жасөспірімнің өзіндегі, және де әлеуметтік, табиғи ортадағы ыңғайсыздықтың түп – тамырын жою, осымен бірге жастардың жеке басындағы қиын мәселелерін шешудегі өздерінің қажетті тәжірибе жинақтау жағдай жасауға негізделуі. Одан басқа жасөспірімдерді қойылған мақсатқа көмектесетін жаңа икемдерге үйрету өте маңызды болып табылады.
Профилактикалық технологияларда концептуальды жоспар негізінде ең алдымен ақпараттық жағы қарастырылады. Ол жасөспірімнің мінез – құлқындағы ауытқушылығы көп жағдайда әлеуметтік нормалардың әсері негізінде болады деп көрсетеді. Көп жағдайда кәмелетке толмағандар сол нормаларды білмей жатады. Осы жұмыстың негізгі бағыттары кәмелетке толмағандардың құқықтары, міндеттері және талаптары жайлы ақпараттар беру қажет. Қоғам және мемлекет осы жастағы жас ерекшелік топтағы әлеуметтік нормаларға тағайындалу негізінде өз міндеттерін орындау керек. Мұндай міндеттерді жүзеге асыру көздері немесе каналдарының қатарына БАҚ жатады: баспасөз, радио, теледидар, кино, театр.
Кез келген нақты жағдаяттарда қайталанбас жеке тұлғалық қасиеттер, сапалар, мінез – құлықтардың сәйкес келуімен сипатталады. Ол сондай сипатпен қоғамға ең қауіпті мінез – құлық мотиві мен де белгілі болады. Бірақ та кез – келген жекелей жағдайда әрқашан жалпыдан бөлінетін әлеуметтік нормадан ауытқушылықты анықтайтын фактілер болады. Кәмелетке толмағандардың рухани өміріндегі жалпы және типтік жан дүниенің үйлесімділігін біле келе, оған тек маман ғана көмектесе алады. Жасөспірімнің эмоционалды, еріктік, рационалды рухани өміріне әсер ету кезінде оның негізгі жағымды жағы оның дұрыс қалыптасқан дүниеге көзқарасын ескеру керектігін ұмытпау қажет. Жасөспірімдік және жеткіншектік жаста құқықтық және моральді нормалар негізінде қоршаған орта, қоғамдық талаптар туралы тұрақты көріністер жүйесі қалыптасады. Осы нормаларды меңгерген жасөспірім өзінің жағымсыз қылығын саналы түрде реттей алады; қоғамдық көзқарастарды, көріністерді және іс – әрекеттердің құндылықтар жүйесін меңгерді; ол қиын жағдайлардан шығу жолдарын жақсы біле алу іскерлігін иемденеді, қоғамда өзінің қылығын көре алады, сонымен қатар тағайындалған қоғамдық нормалардан шығып кетпеуге тырысады.
«Демеу» әлеуметтік – медициналық қызметтің іс-әрекет негізінде олар девиантты жасөспірімдердің реабилитациялануына бағытталған технологияны қолданады. Ағзаның ортаға бейімделу негізінде түсіндірілетін адаптациядан айырмашалығы, реабилитация белсенділеу, қайтадан қалпына келтіру ретінде түсіндіріледі. Реабилитация үрдісінде жасөспірімдердегі компенсаторлы механизм, ал адаптация үрдісінде – оған бейімделу механизмі қолданылады.
Реабилитация – бұл жасөспірімдерді қоғамдағы белсенді өмірге және қоғамдық пайдалы еңбекке қайтадан қайтару мақсатында жинақталған іс – шаралар жүйесі. Бұл үрдіс үздіксіз, яғни уақыты шектелген болып табылады.
Әлеуметтік медициналық қызмет әрекетінде реабилитацияның барлық түрлері қолданады: медициналық, психологиялық, әлеуметтік, әлеуметтік – педагогикалық. Енді соның барлығын қарастырайық.
Медициналық реабилитация баланың ағзасында зардап шеккен функциялардың біртіндеп немесе толық қайта қалпына келтіруге бағытталған.
Психологиялық реабилитация жасөспірімнің психикалық саласына бағытталған, ол сонымен қатар девианты мінез – құлықты жасөспірімдік санасының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Әлеуметтік реабилитация – бұл әлеуметтік ортаға жасөспірімнің қабілеттерін қайта қалпына келтіру, сонымен қатар белгілі себептермен бұзылған өмірлік қабілеттерін қалпына келтіру болып саналады.
Әлеуметтік - педагогикалық реабилитация – бұл жеке тұлғалық сапаларды, оның белсенді өмірлік позицияларын қалпына келтіруге бағытталған тәрбиелік сипаттағы шаралар жүйесі. Бұл реабилитация негізінде өзін - өзі қамтамасыз ету, әлеуметтік ролдер, қоғамдағы мінез – құлық ережелері бойынша іскерлік дағдыларды меңгерумен де сипатталады.
Реабилитациялық іс – шараларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде диагностика жүргізіледі, реабилитациялық бағдарламаларды құру және жүзеге асыру; жасөспірімді реабилитациядан кейінгі қорғау. Диагностика негізінде әлеуметтік – психологиялық зерттеу жүргізіледі, ол кәмелетке толмағандардың эмоционалды – танымдық деңгейін, жеке тұлғалық сапаларын, әлеуметтік ролдерін, кәсіби қызығушылығын анықтайды.
Реабилитациялық бағдарлама кез келген жасөспірімге жекелей жасалынады және өзіне келесі элементтерді енгізеді: мақсат, міндет, әдістер, формалар, құралдар, іс - әрекеттер кезеңі. Реабилитациялық бағдарламаның негізгі мақсаты жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және түзету болып табылады, сонымен қатар жасөспірімге коммуникативті қарым – қатынас дағдыларын иемденуде көмектесу.
Реабилитациядан кейінгі қорғау жасөспірімге отбасымен, достарымен, мектеп ұжымымен күнделікті патронаж және пайда болған жан – жалды түзету жолымен үйлесімді қарым – қатынасты орнатуға көмектесу негізделеді.
Біздің ойымызша, девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен медициналық, әлеуметтік – психологиялық реабилитациялық бағдарламаны құрастыруда келесі жағдайларды ескерген жөн:
1. Кәмелетке толмағандардың жағымды сапаларын ескеру. Әлеуметтік қызметкерлер девиантты мінез – құлықты жасөспірімдермен жұмыс жасау кезінде жағымсыз болжам жасауға ұсыныс бермейді. Үнемі «табысты жағдай»құру керек, жасөспірім мінез – құлығынан жағымды жағын таба білу қажет, осыған байланысты әлеуметтік қызметкердің іс - әрекеттері келісімді болған жөн.
2. Болашақ өмірлік қызығушылық, ұстанымдарды қалыптастыру. Көп жағдайларда жасөспірім мектепте оқу үрдісінде үлгермейді, өз күштеріне сенбейді. Мұндай жасөспірімге ең алдымен оларға өзін - өзі анықтауға кәсіби жолмен келу, сонымен қатар оқу мекемесіндегі жасөспірімдердің қызығушылығы мен мүмкіндіктерінің сәйкестендіруде, оның болашақ мамандығын анықтауға бағытталған мамандарға көмектесуде маңызды роль атқарады.
3. Девиантты мінез – құлыққа жақын жасөспірімді ол үшін маңызды болатындай қоғамдық пайдалы жұмысқа қосу қажет. Бұл қиын мәселе, өйткені ол тек белгілі бір жұмысқа деген көзқараста өзгертуді ғана талап етпей, осымен бірге баланың жасөспірімдер ұжыммен қарым – қатынасын қалыпқа келтіруді де талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің бос уақытысы басқа оқушылармен салыстырғанда 4 есе көп болса, сол уақытты сапалы өткізудің айырмашылығы да үлкен. Егер сәтті жасөспірімдер өздерін оқу, еңбек, жеке қызығушылықтары арқылы бекітсе, қиын жасөспірімдерге бұл салаларға ену шектелген, ал бос уақыттың артықтығы олар үшін криминогенді факторға айналады.
4. Толық сенімділік және қарым – қатынаста жасөспірімге құрмет көрсету. Девиантты жасөспірімдерде мейірімді, сабырлы қарым – қатынас тәжірибесінің болмауынан мамандардың кез – келген іс - әрекеті оларда белсенді қарсылық тудырады. Шыдамдылық пен төзімділік – әлеуметтік қызметкердің басты көмек құралдары.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеттеріне келсек, медициналық – психологиялық реабилитация процесінде ол келесі функцияларды атқарады:
– қалпына келтіру, дезадаптацияға дейінгі ондағы жағымды қасиеттерді қалпына келтіруді көздейді;
– жасөспірімдердің жеке сапаларын түзету қоғамдық іс - әрекеттерге еліктіру, жасөспірімнің өзін - өзі жетілдіруде қабілеттерін белсенділеу, өз қателігін өз мінез – құлығына сай теңестіру арқылы өзін сынға алу негізінде қорытындылау мен қалыптастыру керек.
– жасөспірімнің жағымды іс - әрекет мотивизациясын белсенділеуге бағытталғанн әдіс - тәсілдер – сендіру, мысал, мадақтау және т.б.
Жоғарыда айтылған категориядағы жасөспіріммен әлеуметтік қызметкердің жұмысы жасөспірімнің ішкі дүниесіндегі әлеуметтік бағдарға бағытталған. Яғни, мектептегі, ұжымдағы, отбасындағы жасөспірімді туындаған жағдаятта жедел әдістермен диагностика жүргізу қажет; әлеуметтік – жеке тұлғалық – эмоционалды бұзылыстардың пайда болуын анықтау.
Негізгі іс- әрекеттер түрлері: жекелей кеңес беру және жасөспірімнің құндылықтар жүйесімен жекелей жұмыстар; әлеуметтік дағдыларына, тиімді қарым – қатынастар тәсілдеріне, жанжалды жағдайларда конструктивті мінез – құлықты болуға үйрету; жасөспірімдерді маңызды жағдайларда жағымсыз эмоционалды жеңуге үйрету мақсатында болатын тренингтік топтарға енгізу.
Сонымен қатар отбасымен жұмыс жасау қажет, бала мен ата – аналардың өзара қарым – қатынасын дұрыс орнату жайлы отбасылық педагогикалық диагностика жүргізу керек; жекелей кеңес беру; ата – аналарды жасөспірімдермен өзара іс - әрекеттерді ата – аналарды тиімді орнатуға бағытталған тренингтік топтарға еліктіру.
Дағдарыстық жағдайдағы жасөспіріммен жұмыс жасауда бірнеше жолдармен шешу қарастырылады. Көп жағдайларда агрессивті мінез – құлық жасөспірімнің басқалай болуына әсер етеді. Осы категориядағы жасөспіріммен жұмыс жасауда эмоционалды жағдайда жедел диагностика қолданылады; мәселені шешуге оқыту, өз эмоциясын басқаруға үйрету, «Мен – концепция» позитивін қалыптастыру мен жұмыс жасау.
Әлеуметтік медициналық қызметтің іс - әрекетінің негізгі бағыттары психоактивті заттарды қолданатын жасөспірімдермен жұмыс жасау болып табылады, сол жағдайда мұндай жасөспірімдер өзін - өзі бағалауы төмен, өзінің қылығына қанағаттанбауы, әлеуметтік бағалаудағы қажеттіліктердің көтерілмеуі көп мазасызданады.
Негізгі жұмыс әдісі – патронаж, негізгі жұмыс формасы – әлеуметтік – психологиялық тренингті ұйымдастыру. Осының барлыға «Мен – концепциясын» қалыптастыруға бағытталған.
Осы аталған реабилитациялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыруда ұш жағдайды сақтаған жөн:
1. Бағдарламаның барлық қатысушыларының жоғары мотивациялануы: жасөспірімнің ата – аналары, әлеуметтік медициналық қызметтің сапалары;
2. Әлеуметтік медициналық қызметтің мамандарының медициналық – психологиялық – педагогикалық компетенттілігі;
3. Әртүрлі мемлекеттік қызметтің іс - әрекеттерін координациялау: білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары.
Дезадаптивті жасөспірімдермен әлеуметтік медициналық қызметтің әлеуметтік жұмыскер қолданатын технологиялар; біріншіден, девиантты мінез- құлықтың қауіпті формасының алдын алу, екіншіден, жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін көтермелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет