1.3 Девиантты мінез – құлықтың пайда болуының әлеуметтік- тұрмыстық себептері
Біз ХХІ ғасырда ғылыми-техникалық прогресс пен компьютерлендіру ғасырында өмір сүріп отырмыз. Адамзат өзінің дамуында көп ілгері жылжыды.
Сонымен қатар бүгінгі күнгі біздің планетамызда тұратын адамдардың басына көптеген девиантты мінез-құлықтың түрлерін игеру қаупі мәселесі алдыңғы қатарда тұр. Елімізде саяси-әлеуметтік және экономикалық ахуалдың өзгеруі халықтың әлеуметтік қалыптасуының бұзылуына әкеп соқтырады .
Әсіресе девиантты мінез-құлықтың жасөспірімдер арасында кең тарауы бізді көп ойландырады . Адамдардың көпшілігі мысалы, темекінің зиянды екенін біледі, бірақ олардың көпшілігі, тіпті медицина қызметкері арасында да, темекінің шын мәнінде қауіпті екеніне мән бермейді .
Қоғамдағы жат қылықтардың көптеп тарауы өкінішке орай, балалық және жасөспірімдік кезеңнен-ақ басталады. Мұны әлеуметтанушылардың, дәрігерлердің, педагогтардың зерттеулері дәлелдеп отыр.
Жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің жоқ болуы .
Балалардың ішімдікке салынуының басты себебі – тәрбиенің дұрыс болмауы, балалар мен жастардың бос уақытын қалай өткізетініне ата – аналар тарапынан бақылаудың жоқтығы , ортаның қолайсыздығы деп те айтуға болады [9].
В.М.Мясичев, Н.А.Коновалов девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болу себептерін үш топқа бөлген:
1.әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар мен қоғамдық орталары ұйытқы болған;
2.жүйке психикалық жай – күйлерінің нашарлауынан туындаған ;
3.құқықты ұстамаған қылмыскер , қатігез, жауапсыз , қаңғыбас балалардың ықпалы әсер еткен .
Л.В.Занков , М.С.Певзнер , В.Ф.Шмидт баланы девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің қатарына қосатын : отбасы, мектеп және көше жолдастары, яғни қоршаған ортасы болса , дұрыс жолға түсіретін мүмкіндіктер: оның алдын алу, оқу – тәрбие жағдайында қоғамдық жұмыстарға тарту, оңды қасиеттерін сұрыптап алып , соның негізінде өзіндік сенімін арттырып, өзін - өзі тәрбиелеуге тарту немесе қылмыстық әрекеттер дәрежесіне орай арнаулы тәрбие мекемелеріне бөлуді жатқызған .
Қазіргі кездегі саны күннен күнге көбейіп бара жатқан девиантты мінез – құлықты жасөспірімдер қайдан пайда болады? Бізді ойландыратын да осы сұрақ. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилер о бастан “девиантты” немесе “девиантты емес” болып бөлінбейді . Бұл қалай? Бұған жауапты алыстан іздеудің қажеті бола қоймас . Дұрысын айтқанда , мұны әрбір ата – ананың өзінен - өзі іздегені дұрыс .
Қоғамда өмір сүрудің алғашқы әліппесін қоршаған ортадағы қарым – қатынас тәжірибесінен, өзінің отбасынан үйренеді . Халықтың “Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің” деген мәтелі тегіннен – тегін айтылмаса керек.
Жасөспірімдердің бірден девиантты бола салмағанын зерттеу нәтижелері де көрсетіп отыр .Ол өмірде әке – шеше мейірімі , қамқорлығы дегеннің не екенін білмей өсуі , не болмаса оның нағыз достары да болмауы мүмкін. Содан да нашар ортаның ықпалына түсіп , төбелес жанжалға үйірсек болып , бұзақыларға қосылуы ықтимал .
Осы орайда нақты деректерге жүгінер болсақ , қалада жайсыз отбасының яғни , “қиын” ата – ананың көбеюі девиантты мінез – құлықты жасөспірімдер санының арта түсуіне әкеліп отырғаны анық .
Девиантты мінез – құлықтың пайда болуына отбасындағы үш түрлі жағдай әсер ететіні белгілі. Олар: әке – шешесінің теріс үлгісі, ата – ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай – отбасында өне бойы болып тұратын ұрыс, жанжал. Өкінішке орай отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай , түзеру қиын .
Сонымен девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.
Бірінші топқа жататын девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің мінез – құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен – кішіні сыйламау сияқты әдет – дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс – тұрыстары мен іс - әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез – құлқын түзетуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір – қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық – зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты әдеттерге икемдене бастаған.
Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған, өз жүріс – тұрыстарын түзетуге мүмкіндік – қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа - өз мінез – құлықтарын басқара алмай, өзін - өзі тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез – құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын кәмелетке жасы толмаған қылмыскерлер. Бұл топқа қатігездік, зорлық – зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден машықтанған жасөспірімдер енеді.
Төртінші топқа жүйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагогтар мен дәрігерлер тарапынан дербес қарым – қатынас, ілтипат, сый – құрмет, жылы лебіз қажет. Енді девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті және субъективті факторларға назар аударайық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына әлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп болады деп дәлелдеген.
Әлеуметтік жағдай негізінде (қоғамдағы экономикалық қарым – қатынас, қоғамдық сана, тап және ұлттар қатынасы т.б). Жеке адамдардың қалыптасуына объективтік мүмкүндік туғызып, жастардың әлеуметтік белгілерді сақтап, құқық тәртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамауы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамауы, үлкен – кішіні сыйламауы сияқты қылықтар ұжымда, топта, отбасында, жора – жолдастарының арасында т.б шағын ортада ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора – жолдастары мен ата – анасының арасында жасалады.
Нақтылай айтқанда жасөспірімдердің бойында девиантты мінез – құлықтың пайда болуына бірден – бір себеп болатын және жағымсыз жағдай туғызатын отбасы тәрбиесі. Оның бастылары біріншіден, баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау, оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі – баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтажын қамтамасыз ету деп санау. Үшіншіден, жастайынан баланың еңбектену дағдыларын қалыптастырмау, оқушының жан – дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасына мүше болып енуі де түрткі болады. Төртінші себеп – ата – аналардың бір топтары адамгершілік талаптардың мән – мағынасын түсінгенімен, оларды күнделікті өмірде нық ұстамай, екі жүзділік көрсетіп, сөз бен істердің арасында алшақтық туады. Олар балаларына мораль талаптарын сақтауды міндеттегенімен өздері бұған немқұрайды қарайды. Кейбір ата – аналар олардың туған – туыстары қызмет бабын пайдаланып, заң нормаларын сақтамаса, кейбіреулері ала жіптен аттап қылмыстық әрекеттермен айналысады. Мұндай қылықтарды көретін жасөспірімдер сол шағын ортаның салт – санасын қабылдайды.
Бесінші себеп – кейбір ата – аналар өмірлік бағдарламасында ала беру, жинау, мансапқорлық, менмендік пиғылдар орын алып, адамдарды ақыл – парасатына қарай емес, “байлығына”, “қажеттілігіне” қарай сый құрмет көрсету баршылық. Осындай ортадан шыққан балалардың ұрлық, тонау, жәбірлік, зорлық – зомбылық жасауға бейім екенін байқауға болады.
Алтыншы себеп – балаларын шектен тыс мәпелеу, еркелету, ерекше жақсы көру, тұрмыстық еңбекке қатыстырмай “ақ саусақтылыққа” дағдыландыру, алдарындағы қиындықтарды жеңуге баулымау, еңбек, әдет дағдыларын қалыптастырмау. Өмірге икемсіз балалар қоғамға жат қылықтарға, темекіге, ішімдікке, нашаға, ұрлыққа икемделе бастайды.
Отбасында кеткен кемшіліктер мектепте одан да бетер шиеленісе түседі. Себебі мектепте де балалардың жеке басын сыйламау, әкімшілік көрсету баршылық. Мектеп мұғалімдері мен девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің қарым – қатынасы көбінесе “ақыл” айту, ұрысу, ар – ожданына тию тәрізді педагогикада жат әрекеттермен сипатталады.
Ата – ананың баламен дұрыс қарым – қатынас жасамауы және баланың тәрбиесіне тікелей әсер ететін теледидар арнасынан сапасыз хабарлардың көрсетілуі. Осының әсерінен елімізде нашақорлық, ішімдік және әртүрлі қылмыстар мен теріс қылықты жүріс – тұрыстар көбеюде. Теледидарда көрсетілетін хабарларға ішке қойылмағандықтан балалар әртүрлі видеокинолардан көрген зорлық – зомбылық, төбелес, шабуыл, ату, өлтіру т.б әрекеттерді ойын кезінде ойыншықтарымен еліктеу қылықтарын жүргізеді.
Белгілі психолог К.Бютнердің айтуы бойынша осындай ойындар, видеолар, теледидарлар девиантты мінез – құлықтың негізгі себебі болады дейді.
Девиантты мінез – құлыққа өзін - өзі бағалау деңгейі төмен балалар бейім келетіндігіне байланысты, балалардың өз ортасынан бөлініп, шеттеп жүруіне де себеп болады. Өз ортасында өзін толық сезіне алмаған баланың мектепке деген қызығушылығы төмендеп, өз қызығушылығын қанағаттандыру үшін телекиноларға әуестеніп, содан көрген теріс қылықтарды бойына сіңіреді. Сонымен қатар балалардың девиантты болуына ата-ана да әсер етеді. Егер ата-ана балаларының қызығушылығын қанағаттандырмаса, онда ол өз қажеттілігін басқа нәрсеге бағыттайды. Осыған байланысты мақсаты қанағаттанбаған жағдайда іштей пайда болған ашу ызаның эмоционалдық қалпы өшпенділікке, жек көрушілікке, кектену сияқты жағымсыз эмоционалды қалыпқа айналады.
Сол сияқты қазіргі экономикалық жағдайымызда балалардың жастайынан нашақорлық, жезөкшелікпен айналысуы және бұлар жайында көптеген фильмдердің, хабарлардың көрсетілуі балаларды жас кезінен еліктіріп, оларды құрбы-құрдастарынан бөліп, осындай жүріс-тұрысқа бейім топтың адамдарымен араласуына кедергісіз жол ашады. Сондықтан бала санасының дұрыс қалыптасып, психикасының дамуын жетілдіру үшін бала санасын улайтын мұндай хабарлардың көрсетілуіне әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан шектеулер қойылуы керек.
Баланың мектептегі өмірі белгілі бір тәртіппен және ұйымдасқан түрде өтсе, ол мектептен тыс ортада жасырын қарама-қайшылықта және ерекше жағдайда өтеді. Мектепте және үйде баланың өзіне тиісті міндеттері болады, бақылаумен ұйымдастырылады. Ал, көшеде бала өзін бақылаудан және жауапкершіліктен еркін сезінеді. Сондықтан да балалардың шағын мектептен тыс уақытын қалай өткізетінін есепке алып отырудың маңызы зор.
Оқушылардың тұратын жерлерін, оның жеке басын қалыптастыратын және дамытатын кіші ортаның бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұрған жерінде бала мектепке келгенше өзімен таныс адамдармен қарым-қатынас жасап та үлгереді. Сондықтан да балалардың тұрған жеріндегі тәрбиелік жұмысты төменгі сыныптан бастап жүргізу керек. Бұл орайда олардың бос уақытын дұрыс өткізуіне, әрбір іс-әрекетін үлкен қызығушылықпен және ынтамен ат салысуын қадағалау орынды болып саналады
Мектеп бұл жағдайда ата-анамен көпшіліктің біріккен жұмысын бір салаға салып, реттеп, онда бала тәрбиесінің нәтижелі өтуіне мүмкүндіктер жасайды.
Бала тәрбиесінің мектеп алдына қойған міндет талаптарын тиімді жолмен шешіп және оның жан-жақты дамып, әлеуметтенуін қамтамасыз ету үшін мектепте педагог-психолог мамандықтарымен қоса әлеуметтік педагог мамандығы да ойластырылған.
Әлеуметтік педагог - өзінің негізгі жұмыс бағыттарын оқушының сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану ата – анасымен бірлесе отырып мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан бос уақыттағы іс - әрекеті әлеуметтік педагогтің үлесіне тиеді.
Әлеуметтік жұмыспен айналысатын әлеуметтік педагог белгілі бір жиынтықтармен қаралған болуы керек. Олар психологиялық, ұйымдастырушылық дағдысы, адамдармен сөйлесе алу қабілеті, педагогикалық қабілеті, педагогикалық іскерлігі, балалар ұжымымен жұмыс істей білушілігі. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогтің сапалық ерекшеліктерінің, адамгершіліктің, ізгілік және рухани қасиетінің жоғары деңгейде болуы қажет.
Әлеуметтік педагогтің жұмыс объектілері оқушылар мен ата – аналарға ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі жастағы адамдар, клубтар, топтар, секциялар және қоғамдық бірлестіктер. Мұндай ортада барлығы өздерін еркін ұстайды, тәуелсіз сезінеді. Сондықтан да бұл ортада жұмыс істеп, оқушылардың бос уақытындағы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс[10].
Жоғарыдағы айтылған қиын да жауапты қызметті атқаратын әлеуметтік педагогтің жұмысы ауқымды, бағыттары да әр алуан. Оған негізінен төмендегі бағыт-бағдарларды жатқызуға болады:
сыныпта, топта, қоғамдық бірлестікте және мектептен тыс білім мекемелерінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
жеке бастың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін, ата- ананың жағдайын, қызығушылықтарын, талап-тілектерін, қиындықтарын, кездейсоқ жағдайларын, тәртіп бұзушылықтарын тексеріп, зерттеу және дер кезінде көмек көрсету;
салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың еркіндігіне, денсаулығына қамқорлық жасау, қауіпсіз өмір сүруге көмектесу, жасы келгендерді білім алуға тарту;
бос уақыттарында дарын қабілетінің дамуына, ақыл-ой және дене құрылысының өсуіне жағдай жасау;
оқушылардың жеке басының дамуы мен тәртібін отбасымен бірлікте шешу;
оқушылардың жеке басына тән ерекшеліктерін мұғаліммен бірлікте шешу, кемістігі бар балалардың жағдайын ойластыру және оларға қажетті мүмкүндіктерді жасау.
Сонымен қатар әлеуметтік педагог оқушылардың білім алуын ізгілендіруде ерекше роль атқарады. Ол көпшілік қоғамдық ұйымдар мен мектептің дара байланыстарын қамтамасыз етеді.
Қазіргі жағдайда мектептің, отбасының және көпшіліктің өзара байланысын жақсартатын әлеуметтік педагогтар даярлаудың ауқымын кеңейту керектігі өте айқын сезілуде. Мұндай категориядағы кәсіби білікті маманды дайындау және қайта даярлауға ерекше көңіл аудару қажет – ақ. Міне сонда ғана бала тәрбиесіндегі мектеп, отбасы және көпшілік ұйымдарының арасындағы байланысты жақсартатын мамандар саны көбейіп, сапасы артады. Мұны өмір талап етіп отыр.
Девиантты мінез – құлықты тудыратын қандайда бір себепті іздестіру мағынасыз деп қорытынды жасауға болады. Әртүрлі жағдайда әртүрлі мағына беретін криминогенді фактор туралы айту керек.
Девиантты мінез – құлықты емдеу жалпы мемлекеттік міндет және оның тиімді дамуы педагогтар, психологтар, заңгерлер, дәрігерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, журналистердің біріккен әрекеттерінің нәтижесінде іске асуы мүмкін. Бұл жұмыс бірінен соң бірі және кезең бойынша жүргізілуі тиіс. Сол немесе басқа жүргізілген іс – шара табиғи және логикалық түрде болу және бұрын жүргізілген емдеу жұмысы қоғам өміріндегі нақты бір кемшіліктерді жоюға бағытталуы керек.
Құқық бұзушылықты емдеу келесі тапсырмаларды қарастырады:
жалпы мемлекеттік деңгейде әлеуметтік – экономикалық, мәдениеттік, идеологиялық тапсырмаларды шешу;
тәрбиелік әрекет тұрғылықты микро ортаның, мектептің, өндірістік ұжымның көркеюіне бағытталуы керек;
индивидуалды тәрбиелік – профилактикалық жұмыс девиантты мінез- құлықты емдеуге және алдын-алуға бағытталуы тиіс.
Құқық бұзудағы профилактикалық әдіс – бұл тұлғаны рухани-құқықтық жағынан қалыптастыруға және кейбір антиәлеуметтік әрекеттерді қолданған адамдарды қайта тәрбиелеу мақсатына бағытталған әрекет түрі.
Девиантты жасөспірімдер үшін тәрбиені қоғамдық қажетті ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастыруға болады, себебі ұжым криминогендік бағыттың бұзылуына, ішкі жан дүниенің өзгеруіне, барлық әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына себеп болады.
Педагогикада әр кезеңде де мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды түзету және кемшіліктерден арылту үшін тұлғаны түзету және қайта тәрбиелеу тенденциялары болған.
Ерте кездегі профилактика тек қана ескертулермен ғана шектелмей, сонымен қатар жасөспірімдердің бойында рухани идеалдар мен сенімдердің қалыптасуын қамтамасыз ету керек. Біздің ойымызша жасөспірімдердің рухани, имандылық және физикалық жағынан жан – жақты қамтылуы үшін клубтар, орталықтар ашылуы тиіс. Мұндай білімнің жалпылану тәжірибесі және оны республиканың басқа аймақтарына тарату міндетті жеңілдетеді және жасөспірімдердің бірігуі үшін тиімді болар еді, сонымен қатар қажетсіз әрекеттерден арылуға көмектеседі. Дәл осындай әрекет “мен ешкімге керек емеспін” деген санадан туындайтын “жатсыну” сезімін әлсіретеді.
Антиәлеуметтік және әлеуметтік қатерлі әрекеттерден арылу үшін басты орында жаңа адамды тәрбиелеудегі қоғамдық қатынасты шаралар тұру керек. Алдын - алу шаралары тек көмекші роль атқаруы мүмкін және сонымен қатар нақты жағдайды қарастырады. Ең бастысы – бұл қалаларды, аудандарды, облыстар мен республикаларды, сонымен қатар мекемелер мен ұжымдардың әлеуметтік даму жоспарының бір бөлігі болып табылатын құқық бұзушылықтың кешенді жоспары ретінде жан – жақты таралған жұмыс түрі. Мінез – құлықтың нормадан ауытқушылығы көңіл аударарлық мәселе болып ең бірінші адамның тұлға болып қалыптасатын шағын ортасында яғни отбасында, мектепте, жоғарғы оқу орнында, еңбек ұжымында қарастырылуы қажет. Қоғамдағы күрделі процестер жасөспірімдердің қоғамдағы өз орнын табу, болашақ даму перспективасындағы түсініктерін қиындата түседі. Жасөспірімде ішінен өзіне, өзінің жағдайына, нақты әлеуметтік жағдаяаттарға көңілі толмау психологиялық күйзелістерді тудырады және өздері түскен осы жағдайдан шығудың жолын табуға итермелейді. Көбі өздерінің көңілі қалаған әрекетпен емес, мәжбүр етілген әрекеттермен айналысады. Қазіргі кезде көптеген жастарды базардағы жолдардан көруге болады. Онда олар сатып алу және қайта сату, ұрлау сияқты әрекеттермен айналысады және ешқайсысы ешқандай жолмен жазаланбайды. Келесі жағынан қарастыратын болсақ онда оларда күрделі тұлғалық бұзылуларды, антиәлеуметтік сферадағы әрекеттерге қосылуын көрсететін агрессивтілік байқалады. Көңіл – күйдің құбылмалылығы, ренжудің өзгермелілігі, сезімнің тұрақсыздығы, еріктің дамымағандығы – бұл тұлғаның әлеуметтенуін қиындататын, ұлдар мен қыздардың мінез – құлқына әсер ететін негізгі белгілер.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы аяқ асты пайда болмайды, ол ақырындап дамиды. Яғни қоғам девиантты мінез-құлықты баламен ол ең алғаш қадамды жасаған кезде, яғни ол ең бірінші заңға қайшы әрекет жасағанда ғана кездеседі. Девиантты мінез-құлықтың белгілі диагностикалық көрсеткіші ретінде зерттеушілер қайта әлеуметтендірудің көрсеткіші ретінде келесі ерекшеліктерді бөліп көрсетеді:
өмірлік жоспарға дұрыс бағытының және кәсіби ынтасының жоқтығы;
оқу әрекетіне деген қарым – қатынасқа санасыздық және немқұрайлылық;
педагогикалық әсерлерге адекватты емес қарым-қатынас;
қоршаған ортаның әрекетін моралдық нормаға сәйкес және критикалық бағалай алу қабілетінің жоқтығы;
өзіндік критиканың, дағдыларына өзіндік анализ жасаудың жоқтығы;
жағымсыз әсерге деген бейімділік, қиындықтардың алдындағы әлсіздігі;
сыртқы мәдениет әрекетінің жоқтығы (киімінде, сөйлеуінде, іс- қимылдарында);
басқа да жат әрекеттерге деген қызығушылығы (ішімдікке, нашақорлыққа, темекіге т.б). Осы жоғарыда аталғандардың барлығы жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына бір ден-бір себеп болады.
Таблица 1. Жасөспірімдердің кері кетуінің себептері
I- топ
|
ата-аналардың педагогикалық және мәдени деңгейінің төмендігі;
отбасындағы қолайсыздық (ұрыс-керіс, анайылық, ата-аналардың мәдениет деңгейінің төмендігі);
отбасында балалардың өмірі мен әрекетінің нақты ұйымдастырылмауы, тұрмыста баланың қадағаланбауы;
балаға деген талаптар бірлігінің бұзылуы;
балаға деген қарым-қатынастың дұрыс еместігі (бала тұлғасын басу, физикалық жазалау, шектен тыс еркелету, шектен тыс қамқорлық жасау);
мектепке білім алуға баланы дайындауда оған оқуға көмектесу талаптарын білмеу немесе орындамау.
|
II- топ
|
педагогтар тарапынан баланы, оның отбасындағы тәрбие шарттарын дұрыс білмеуі;
мектепке дейінгі балалардың ата-анасымен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыстың жеткіліксіздігі;
баланың мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын-алу және рухани дамытудағы жеке дара жұмыстардың әлсіздігі;
олардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне стимул болатын әдістердің игерілмеуі;
балалардың эмоционалдық көңіл-күйлерінің ескерілмеуі;
топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты, баланың ойындық қарым- қатынастарын қалыптастырудың дұрыс басқарылмауы;
девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс жасаудағы отбасы, балабақша және мектептің өзара байланысының жүйесіздігі.
|
III- топ
|
балалардың жалпы дамуында артта қалуы (жалпы дамымаушылық, қоршаған ортаны қабылдаудағы әлсіздік):
аурушаңдық;
рухани тәрбиеленбеушілік;
мінез-құлқы мен қарым-қатынасындағы білім, білік және дағдылардың жетіспеушілігі;
іс-әрекеттің нақты түріне дайын еместігі.
|
Сонымен бірінші тарауға қорытынды жасайық.
1.Девиацияны қоғамда тұрақты ресми түрде құрылған және дәстүрлі қалыптасқан әлеуметтік нормадан ауытқудағы адамдар әрекетінің топтық формасы ретіндегі әлеуметтік көрініс деп қарастыру керек.
2.Әлеуметтік-педагогикалық девиацияны жалпылай талдай отырып оның келесі критериларын бөліп көрсетуге болады:
нәтижесінде қайта әлеуметтену болатын қоғамдық тәртіп пен теңдіктің бұзылуы;
индивид пен қоғам арасындағы байланыстың әлсіреуі;
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың кедейленушілікке, отбасылық байланыстың құлдырауына, басқа да әлеуметтік-педагогикалық институттардың әлсіреуіне әкеп соқтырады.
3.Қоғамдық қатынастарға тигізетін қатерінің деңгейіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың қызығушылықтарын, сонымен қатар әлеуметтік нормаларды бұзу типіне байланысты девиантты мінез-құлықтың келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- тек қана өзінің тұлғасына ғана әсер ететін және жалпы қоғамда қабылданған моральдық нормаға сәйкес келмейтін мінез-құлық түрі (фанатизм, конформизм, монохизм); асоциалды мінез-құлық яғни тұлғаның әлеуметтік топтарға кері әсері (алкоголизм, нашақорлық, суицид); құқыққа қарама қайшы мінез-құлық (қылмыс жасаушылық және басқада құқық бұзушылықтар).
Достарыңызбен бөлісу: |