Қаздардай-қаз сияқты, қаз тәрізді. [ҚТТС 449 бет]
Жігіттің жүзі солған гүлдей сарғайып сала береді. [210 бет]
Гүлдей-гүл сияқты, нәзік. [ҚТТС 215 бет]
Шиедей албыраған етті екі ерін... [216 бет]
Шиедей- шие тәрізді, шие сияқты. [ҚТТС 944 бет]
Орақ мұрнының астындағы шыр айнала мизамның сілеміндей жіңішкежіңішке әжімдер шиырлап тастаған қаймыжық аузы өрмек тоқып тұрған өрмекшідей жыбыр-жыбыр. [225 бет]
Өрмекшідей- өрмекші сияқты, өрмекшідей. [ҚТТС 587 бет]
Артынша-ақ әлгінде ғана лақтай ойнап шыға келген көкірегі мұздап қоя берді. [232 бет]
Лайқтай-лақ секілді, тәрізді. [ТТС 212 бет]
Ханым кемпірдің жетегінде енді-енді тәй-тәй тұрған жас сәбидей тәлтіректеп еріп келеді. [235 бет]
Сәбидей- сәби тәрізді, жас. [ТТС 574 бет]
Сонысынан қаймығады ма, қорыққан баладай тұрған жерінде қатыпты да қалыпты. [240 бет]
Баладай- бала сияқты, кішкентай, жас. [ҚТТС 145 бет]
Осындай зәулім мұнара қолынан шыққан шебердің қоянның көжегіндей қорғалақтап тұрған мына бір мүсәпір кескінін көріп, аяп кетті ме, әлде қызық көрді ме, ханым жүзіне қалай күлкі жүгіргенін өзі де байқай алмай қалды. [240 бет]
Көжегіндей- көжек сияқты, аппақ, жұмсақ. [ҚТТС 445 бет]
Ол күні пейіштің ақ құсындай боп Әмірші иенің асқар ала көңілінің ең шырқау биігіне аспандап бір шығар еді. [245 бет]
Құсындай- құс секілді, құсқа ұқсас. [ҚТТС 412 бет]
Мынау көлденеңнің көзі көп бақ ішінде ауа екеш ауа да оған инедей қадалып тұрғандай. [260 бет]