Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология


Инедей- ине сияқты, жіңішке. [ҚТТС 356 бет] Әмірші абайсызда басын жартасқа соққан асау шортандай



бет39/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Инедей- ине сияқты, жіңішке. [ҚТТС 356 бет]

  1. Әмірші абайсызда басын жартасқа соққан асау шортандай әлденеге мәңгіріп қалыпты. [282 бет]

Шортандай- шортан сияқты, шортан тәрізді. [ҚТТС 944 бет]

  1. Қайта ол мұның кеше ғана көкірегін аш мысықтай тырналап баққан ақи көз өшпенділікті де, тіпті алтын басты Әміршінің мынау жарықжалғандағы ендігі тіршілігін түп-түгел пәтуасыздандырып жібергендей. [282 бет]

Мысықтай- мысыққа тән, мысық мінезді, секілді. [ҚТТС 745 бет]

  1. Мынау көкірегін көр тышқандай кеміріп жатқан меңіреу күдіккүмәннан соның өзі дұрыс болар еді. [291 бет]

Тышқандай- тышқан секілді, тышқан тәрізді. [ТТС 370 бет]

  1. Енді не де болса, мынау қаракөлеңке үңгірде кәрі аюдай қамалып жатып, абырой таба алмасы белгілі болды. [291 бет]

Аюдай- аю сияқты, аю секілді. [ТТС 85 бет]
Қорыта айтқанда, жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы тілін талдау барысында 41 теңеу теріліп, Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі және өзгеде кітаптар арқылы талдауға түсті.

ЭПИТЕТ


Эпитет дегеніміз – көркем анықтауыш. Сөз жоқ көркем анықтауыш пен грамматикалық анықтауыш бір нәрсе емес. Мәселен, М.Әуезов шығармаларында кездесетін «жүйрік» сөзінің эпиеттік қолдануындағы түрлі реңктерін көрсетуге болады. «Жүйрік» тура мағынасында жүйрік ат, жүйрік поезд болып анықтауыштық мәнде қолданылады.
Сонымен эпитет болу үшін, сол нәрсені анықтай көрсетумен қатар, оның тигізетін әсері, бейнелілік қасиеті болу керек. Ал, олай болмай, нәрсенің жай қалпын, санын білдіру үшін қолданылса, эпитет емес, сын есім не анықтайтын сөздер ғана болады»- деп Мұқаметқалиева Гүлнар Өкісханқызы «Тұрақты эпитеттің тілдік табиғаты» атты өзінің кандидаттық дисссертациясында эпитеттерге анықтама беріп «Эпитет дегеніміз- кем дегенде екі сөздің тіркесуінен тұратын, бірінші сынары компоненті, коннотативті, екінші сыңары деннотативті, өз ара қабыса байланысқан, көркем, бейнелі, образды тілдік конструкция» дей келе Эпитеттердің 2 түрлі болатынын айтып кеткен, Олар:
1)Еркін поэтикалық
2)Тұрақты тілдік
Тұрақты тілдік эпитеттер мен еркін эпитеттің негізгі мағынасы- эпитеттік мағына. Бұл екеуінің арасында ешқандай семантикалық айырмашылық болмайды. Олардың атқаратын стильдік қызметі де ұқсас. Эпитет категориясының бұл екі түрі затты болмаса құбылысты эмоционалдық жағынан тиімді, экспрессивті жағынан әсерлі етіп суреттеуді мақсат етеді.
Тұрақты эпитеттер 3 түлі болады
1.Екі мүшелі эпитеттер
2.Үш мүшелі эпитеттер
3.Көп мүшелі эпитеттер
Үш мүшелі тұрақты эпитеттердің өзінің бірнеше құрылымдық топтарға бөлген

  1. Зат есім+ зат есім+зат есім – қозы жауырын оқ, қаз бауыр бұлт т.б

  2. Зат есім+Зат есім+зат есім–Түйе қотыр сөз, ат тон айып, арыстан төс айғыр т.б

  3. Сын есім+сын есім+зат есім- сары шұнақ аяз, қара нөпір қол

  4. Сын есім+зат есім+зат есім – ақ көз ерлік, ақ сирақ жұт

  5. Сан есім+зат есім+зат есім- сегіз қиыр шартарап, қырық күн шілде

  6. Сан есім+сын есім+зат есім- тоғыз көзді кіреуке, тоғыз санды торғауыт т,б

  7. Зат есім+ етістік+ зат есім – жер қайсықан қол, топ жарған шешен, жүрек жұтқан бауыр, сирағы шыққан кедей, т.б

  8. Есімше + сын есім – зат есім – сақылдаған сары аяз, самсаған сары қол, қақаған қара суық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет