Қосымша 2
Оттегі және ауа баллондарын толтыру кезінде
компрессорлы жабдықпен жұмыс істеу жөніндегі
нұсқаулық
1. ТОЖҚҚ баллондарын толтыру тәртібі
1. Баллондарды ауамен толтыру
1) Тыныс алу аппараттарының шағын литражды баллондарын ауамен толтыру ГТҚҚ базасының ауамен толтыру пунктерінде жүргізіледі. Толтыру екі негізгі сызба бойынша жүргізіледі:
баллондарды жоғары қысымды компрессорлық, құрылғымен (ауаны тазалау және кептіру сүзгісі бар) толтыру;
ауаны көліктік баллоннан тығыздағыш компрессормен одан әрі жұмыстық қысымға дейін тығыздаумен шағын литражды баллонға қайта жіберу.
2) Көліктік баллондар таза атмосфералық ауамен 14.7 МПа қысымға дейін толтырылады.
тығыздалған ауаны тазалайтын және кептіретін сүзгісі бар ауа компрессоры құрылғысымен:
ОКН-М оттекті кептіргішімен бірге КР-2 үлгісіндегі ауа компрессорымен (2-қосымша) немесе ауа тазалаудың талап етілген деңгейін қамтамасыз ететін басқа да кұрылғылармен (1-кесте).
3) Ауаны тазалау және кептіру блоктарын орнатқан кезде мынадай талаптар орындалуы керек:
компрессордың өнімділігі тазалау және кептіру блогінің жұмыстық қысымынан артпауы тиіс;
өтетін ауаның қысымы тазалау және кептіру блогінің жұмыстық өткізу қабілетінен артпауы тиіс;
пайдалану процесінде зиянды қоспалардың өтіп кетуін болдырмау мақсатында тазалау және кептіру блогі жұмысының ұзақтығын (уақыт бойынша немесе толтырылған баллондардың саны бойынша) ескеру қажет.
Сүзгіш құрылғының жұмыс уақыты мен толтырылған баллондардың саны ауа тазарту сүзгішінің жұмысы есебінің журналында (3-қосымша) тіркеледі.
4) Тыныс алу аппараттарының баллондары, сондай-ақ көліктік баллондар қоспалар мен ылғалдық құрамы 1-кестеде көрсетілген шамадан аспауға тиісті таза атмосфералық ауамен толтырылуы керек.
1-кесте
р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Мәні
|
1.
|
Көміртек тотығы, мг/дмЗ
|
0,03
|
2.
|
Азот тотығы, мг/дмЗ
|
0,0016
|
3.
|
Көмірсутек (қоспа), мг/дмЗ
|
0,1
|
4.
|
Көмірқышқыл газ, көлемі бойынша %
|
0,03
|
5.
|
Су, мг/мЗ
|
35,0
|
5) Ауаның сапасын:
компрессорлық қондырғыны және ауаны тазалау және кептіру сүзгілерін пайдаланудың алдында;
компрессорды жөндегеннен кейін;
сузгінің құрамдас бөліктерін ауыстырғаннан кейін;
газ-түтіннен қорғаушылардың тарапынан ауаның сапасына шағым болған кезде тексеру қажет.
Ескерту: Компрессорлық қондырғыларды ауаны лабораториялық талдаусыз пайдалануға тыйым салынады.
6) Ауаның сапасына, онда зиянды қоспалардың болмауына бақылауды тиісті қорытынды (сертификат) ресімдей отырып, жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық стансалар, кәсіпорынның өнеркәсіптік-санитарлық лабораториялары және т.б. жүргізуі тиіс.
Талдауға арналған ауаның сынамасы сүзгіштен кейін компрессор штуцерінен алынады.
7) Сығымдалған ауадан құрамы көрсетілген мәнінен жоғары қоспалар табылған кезде бұзылу себебін анықтап, жою, бұдан соң
ауаға талдау жүргізу қажет.
8) Компрессорлық қондырғыны монтаждау кезінде 8x1,5, 9x2 немесе 10x2 мм диаметрлі қызыл мыс құбырша қолданылады.
9) Жаңа ауа баллондарын толтырған кезде немесе толтыру үшін келіп түскен баллондарда ауаның қалдык. қысымы болмаған кезде оларды ауамен шаяды. Ол үшін әрбір баллон 4-5 МПа қысымға дейін ауамен толтырылады, содан кейін ауа шығарылады. Бұдан кейін баллон оны жұмыстық қысымға дейін толтыру үшін жарамды деп саналады.
10) Ауасы бар көліктік баллондарды алған кезде ауа сапасы баллондарды толтырған кәсіпорындардың тиісті құжаттарымен куәландыруға тиіс.
11) Тыныс алу аппараттарының шағын литражды баллондары мен көлік баллондарын тазартылмаған техникалық ауамен толытруға тыйым салынады.
12) Тыныс алу аппараттарының баллондарын УКЗ-400В компрессорлық қондырғысын немесе ГТҚҚ жылжымалы базаларында орнатылған өзге де компрессорлық құралдарды қолдана отырып, тікелей өрт болған жерде толтыруға болады.
Ауасы бар көліктік баллонда қалдық қысым 0,5 МПа-дан кем болмауға тиіс.
14) Ауамен толтырылған шағын литражды және көліктік баллондардың есебі ауа толтырылған баллондар есебінің журналында (4-қосымша) жүргізіледі.
15) Жүктеме циклінің шектеулі саны бар тыныс алу аппараттарының баллондарын пайдаланған кезде баллондарды ауамен толтыру циклінің есебін жүргізу талап етіледі. Ол үшін әрбір баллонға төлқұжатқа сәйкес баллондарды толтыру циклі санының есебі жөнінде формуляр (5-қосымша) жүргізіледі.
Баллондарды оттегімен толтыру
1) Тыныс алу аппараттарының шағын литражды баллондарын оттегімен толтыру ГТҚҚ
базаларының ауамен толтыру пункттерінде жүргізіледі. Толтыру екі негізгі схема бойынша жүргізіледі.
2) Баллондарды толтыру үшін 5583 МемСТ бойынша медициналық оттегі (оттегінің көлемдік үлесі 99,5% кем емес) пайдаланылады.
3) Баллондардың әрбір партиясы, сондай-ақ медициналық оттегі бар әрбір балон мынадай мәліметтерді қамтитын сапасы туралы құжатпен ілесе жүруі тиіс:
кәсіпорынның атауы мен оның тауар белгісі;
бұйымның атауы мен түрі;
партияның нөмірі және балонның нөмірі;
дайындалған күні (оттекті сақтаудың кепілді мерзімі - дайындалған күннен бастап 18 ай);
газ түріндегі оттектің Мз-гі көлемі;
жүргізілген талдамалардың нәтижелері немесе бұйымның ГОСТ 383 талаптарының сәйкестігі туралы куәландыру;
тіркелген куәліктің нөмірі.
4) Шағын литражды баллондарды оттегімен толтыру нығыздайтын оттекті КДК-10 (КД-9, КД-8, КД-5, ҚД-4-250) компрессорларын пайдалана отырып екі кезеңде жүргізіледі:
оттекті көліктік баллоннан компрессор арқылы шағын литражды баллонға қайта жіберу;
оттекті баллонның жұмыстық қысымына дейін компрессормен тығыздау.
5) Жаңа баллондарды толтырған немесе толтыруға түскен баллондарда қалдық қысым болмаған кезде оларды оттегімен шаяды. Ол үшін әрбір баллон 4-5 МПа қысымға дейін оттегімен толтырылады, содан соң оттегі шығарылады.
6) Баллондар толтырылғаннан кейін оның саңылаусыздығы тексеріледі. Ол үшін балон вантилінің штуцеріне бұқтырғыш бұрап өткізіледі, вантиль ашылып, баллон суға батырылады, онда 5 минут ұсталады. Егер оттегі көпіршіктері бөлінбесе, баллон вантилімен саңылаусыз деп саналады. Судың температурасы 5-40°С шегінде болуға тиіс.
7) Оттектің қалдық қысымы көліктік баллондарда 0,5 МПа-дан кем болмауға тиіс.
8) Оттекпен толтырылған шағын литражды баллондардың есебі баллондарды медициналық оттекпен толтыру есебінің журналында жүргізіледі (2-қосымша).
Компрессорлық қондырғылар мен баллондарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1) ТОЖҚҚ баллондарын оттекпен (ауамен) толтыру үшін компрессорлық қондырғыларды пайдалану кезінде өртке қарсы қызметтің бөлімшелеріндегі техника қауіпсіздігі ережелері, ҚР ТЖК Мемтаукентехқадағалауы (Госгортехнадзор) бекіткен "Қысыммен жұмыс істейтін құрылғылардың және ыдыстарды пайдалану қауіпсіздігінің ережелері", Компрессорлық қондырғылар мен ТОЖҚҚ-ны пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ осы Тәлімдеме талаптарын басшылыққа алу қажет.
2) Компрессорлық қондырғыларда қызмет көрсетуге ҚР ТЖК Мемтаукентехқадағалаумен (Госгортехнадзор) келісілген ҚР ТЖМ “ӨСжАҚЖҚ” ММ бағдарламасы бойынша оқу-жаттығудан еткен ГТҚҚ аға шеберлері (шеберлері) және оларды алмастыратын адамдар жіберіледі, рұқсат МӨҚ басқармасы органдарының бұйрығымен ресімделеді.
3) Тығыздайтын оттекті компрессормен жұмыс істеген кезде оларды ауа мен оттекті кезек-кезек айдауы үшін пайдалануға тыйым салынады.
4) Оттекпен байытылған үй-жайға адамдар келгеннен кейін 20-30 минут ішінде ашық от көзіне, электр қыздырғыш кұралдарына жақындауға, темекі шегуіне тыйым салынады.
5) Компрессормен жұмыс істеген кезде:
жүмыс істеп тұрган компрессорға жөндеу жүргізуге;
қысыммен тұрған жүйелердің ақауын жөндеуге;
компрессорды абайсыз жұмысқа қосуды болдырмайтын шаралар қолданбай жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
май сіңген киіммен компрессорлар мен оттекті баллондарды күтумен және жөндеумен байланысты жұмыстарды орындауға. Жұмысқа колды сабындап жуып және майсыз аспаптармен ғана кірісуге болады;
баллондарды жұмыстық қысымнан жоғары оттекпен (ауамен) толтыруға тыйым салынады.
6) Компрессордың саңылаусыздығын тексеру оның техникалық сипаттамасы мен пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес монтажынан кейін комиссиялық тұрғыда жүргізіледі. Тексеруден кейін өртке қарсы қызметтің басқармасы органы айқындаған тәртіпте пайдалануға қабылдап алу актісі жасалады.
7) Егер компрессор жұмыс істеген кезде тықыл, шу, діріл, подшипниктердің қызып кетуі, өлшегіш құралдардың істен шығуын, ауаның (оттектің) сыртқа шығуы және т.б. пайда болса жүмысты дереу тоқтату және ақауды жою қажет.
Ескерту. Компрессор дайындаушы-кәсіпорынның кінәсі бойынша істен шыққан жағдайда оның кепілдік міндеттері күшінде болған кезеңде дайындаушы-кәсіпорынға және ҚР ТЖК “ӨСжАҚЖҚ” ММ-ге рекламация жіберіледі.
8) Оттекпен (ауамен) толтырылатын баллондар компрессорлардың үлестіргіш рампасына берік бекітілуі тиіс.
Баллонды оттекпен (ауа) толтыруға мына жағдайларда:
белгіленген қызмет мерзімі аяқталған;
кезекті куәландырудың мерзімі ұзартылған;
баллонды толтыру ресурсы (жүктеме циклі) таусылған;
баллонның корпусы зақымданған (күшті тотықтану, жапырылу, көтерілу, қабыршақтану немесе (риск);
вентильдерде ақау болған (штуцердің, бұрандасы зақымданған, шточогі майысқан немесе сынған, клапанның. фторопластикалық жапсырмасындағы шығыршықты жанырылу, клапан және майлық гайка арқылы оттектің (ауаның) сыртқа шығуы, вентиль шағын маховигі айналуының ауырлауы);
тиісті бояуы мен жазбасы болмаған;
оттектің (ауаның) артык, қысымы болмаған;
белгіленген таңба болмаған кезде баллонды оттекпен (ауамен) толтыруға тыйым салынады.
10) Мынадай жағдайларда, егер:
олардың мерзімдік куәландыру мерзімі өтіп кетсе;
бояуы мен жазбасы қойылған талаптарға сәйкес келмесе;
ауаның ылғалдылығы көрсетілген төлқұжаты болмаса (ауасы бар баллондар ушін);
вентилдері ақаулы болса;
табандық зақымданса, қисык, немесе әлсіз орнатылса, оттегі толтырылған көліктік баллондарды ГТҚҚ базаларына қабылдап алуға және оларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
11) Жарамды мерзімді өткен соң көліктік және аз тиражды баллондардағы медициналық оттегі үй-жайдан тыс қоршаған ортаға жіберілуге тиіс. Бұл ретте:
вентилдің қатып қалмауын болдырмау үшін оттегі ағынына сондай жылдамдығын белгілеу;
вентиль штуцерінің шыгаберіс тесігінде 2 м кем емес бос кеңістікті қамтамасыз ету;
жанып жатқан оттың, қыздырғыш құралдардың, тез жанатын заттар мен майдың оттегі ағынына жақын тұру мұмкіндігін болдырмау қажет.
12) Оттегі және ауа баллондарын толтыру 2-кестеде қоршаған ауаның температура көрсеткіштері ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.
2-кесте
Қоршаған ортаның ауа температурасы °С
|
-40
|
-30
|
-20
|
-10
|
0
|
+ 10
|
+20
|
+30
|
+40
|
+50
|
+60
|
Баллондағы оттектің (ауаның) қысымы, кгс/см2 МПа
|
158
15,5
|
165 16,1
|
172 16,9
|
179 17,5
|
186 18,2
|
192 18,8
|
200 19,6
|
206 20,2
|
213 20,9
|
220 21,6
|
226 22,1
|
Баллондағы ауаның қысымы кгс/см2
МПа
|
239 23,4
|
249 24,4
|
259 25,3
|
269 26,3
|
280 27,4
|
290 28,4
|
300 29,4
|
310 30,4
|
321 31,4
|
331 32,4
|
341 33,4
|
Қосымша 3
ГТҚҚ базасына арналған құжаттар тізбесі
1. Оттегі-оқшаулағыш газқағарларға қызмет көрсету бойынша ГТҚҚ базасына арналған құжаттар тізбесі
р/р№
|
Құжаттардың атауы
|
Ескертулер
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметі жөніндегі Тәлімдеме
|
|
2.
|
ГТҚҚ базасының аға шебері (шебері) міндеттерінің лауазымдық нұсқаулықтары
|
|
3.
|
ГТҚҚ базасында қызмет көрсетілетін оттегі- оқшаулағыш газқағарларының төлқұжаттары (бұдан әрі – газқағарлар)
|
|
4.
|
Газқағарлар манометрлерінің төлқұжаттары
|
Газқағарлардың құжаттарымен бірге сақталады
|
5.
|
Газқағарларды тіркеу кәртішкелері
|
|
6.
|
ГТҚҚ базасына бекітілген газқағарларды №3 тексеру кестесі
|
|
7.
|
Газқағарларды №3 тексеруді тіркеу журналы
|
|
8.
|
Басатын оттегі компрессорына техникалық қызмет көрсету журналы
|
|
9.
|
ХП-И регенеративті патрондарын жабдықтау журналы
|
|
10.
|
Шағын литражды баллондарды оттегімен толтыруды тіркеу журналы
|
|
11.
|
ХП-И талдау хаттамасы
|
|
12.
|
Дюз реометр-манометрлерді сынау хаттамалары
|
|
13.
|
ГТҚҚ базасында қызмет көрсетілетін бөлімшелердің газ-түтіннен қорғаушылардың атына қазқағарларды бекіту туралы бұйрықтар
|
|
14.
|
Газқағарларды жөндеуге өткізу туралы акт
|
Бір жыл бойы сақталады
|
15.
|
Пайдаланған регенеративті патрондарды ауыстыру жөніндегі рапорттар
|
Бір жыл бойы сақталады
|
16.
|
Барабандарға арналған ХП-И талдау нәтижелері бар белгілер
|
Барабандарда
|
17.
|
Компрессорлық жүйе және басқа да жабдықтарда қызметкерлердің өз еркімен жұмыс жасауға рұқсаты туралы бұйрықтан үзінді
|
|
18.
|
Компрессорлық жүйелерге техникалық қызмет көрсетуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық
|
Толтыру пункті бөлмесіне ілінеді
|
19.
|
Оттегі (ауа) баллондарын техникалық куәландыру журналы және хаттамалары. Техникалық куәландырудан өткен ауа (оттегі) баллондарының тізімі
|
ГТҚҚ базасы сынау пункті бөлмесінде
|
20.
|
ГТҚҚ базасының нақты жабдығында жұмыс жасау, сондай-ақ ТОЖҚҚ қызмет көрсету барысындағы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық
|
Бөлмелерге ілінеді
|
21.
|
Газқағарларға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтар мен құрал-саймандардың тізімдемесі
|
Әр бөлмеге жеке
|
2. Сығымдалған ауасы бар аппараттарға қызмет көрсету жөніндегі ГТҚҚ базасына арналған құжаттар тізбесі
р/р№
|
Құжаттардың атауы
|
Ескертулер
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметі жөніндегі Тәлімдеме
|
|
2.
|
ГТҚҚ базасының аға шебері (шебері) міндеттерінің лауазымдық нұсқаулықтары
|
|
3.
|
ГТҚҚ базасында қызмет көрсетілетін сығымдалған ауасы бар тыныс алу аппараттарына (бұдан әрі тыныс алу аппараттары) арналған төлқұжаттар
|
|
4.
|
Тыныс алу аппараттары манометрлерінің төлқұжаттары
|
Тыныс алу аппараттарының төлқұжаттарымен бірге сақталады
|
5.
|
Жұмыс қысымы 29,4 Мпа сығымдалған ауаға арналған баллондардың төлқұжаттары
|
|
6.
|
Тыныс алу аппараттарын есепке алу кәртішкелері
|
|
7.
|
Панорамалық маскаларды есепке алу кәртішкелері
|
|
8.
|
Ауаны тазартатын фильтрдің жұмысын тіркеу журналы
|
|
9.
|
Ауа баллондарын толтыру кезеңдер санын тіркеу жөніндегі формулярлар
|
|
10.
|
ГТҚҚ базасына тіркелген тыныс алу аппараттарын №3 тексеру кестесі
|
|
11.
|
Тыныс алу аппараттарын №3 тексеруді тіркеу журналы
|
|
12
|
Орталықтандырылған күтім көрсетудегі тыныс алу аппараттарына №2 тексерісті тіркеу журналы (шығарушы завод талаптарына сай)
|
|
13.
|
Ауа компрессорларына техникалық қызмет көрсету журналы
|
|
14.
|
Баллондарды ауамен толтыруды тіркеу журналы
|
|
15.
|
Компрессорлық жүйелерге арналған формулярлар
|
|
16.
|
Ауа баллондарын толықтыру үшін ауаны талдау хаттамалары
|
|
17.
|
ГТҚҚ базасында қызмет көрсетілетін бөлімшелердің газ-түтіннен қорғаушыларына тыныс алу аппараттарын бекіту туралы бұйрықтар
|
|
18.
|
Тыныс алу аппараттарын жөндеуге өткізу туралы акт
|
Бір жыл бойы сақталады
|
19.
|
Компрессорлық жүйе және басқа да жабдықтарда қызметкерлердің өз еркімен жұмыс жасауға рұқсаты туралы бұйрықтан үзінді
|
|
20.
|
Компрессорлық жүйелерге техникалық қызмет көрсетуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық
|
Толтыру пункті бөлмесіне ілінеді
|
21.
|
Оттегі (ауа) баллондарын техникалық куәландыру журналы және хаттамалары. Техникалық куәландырудан өткен ауа (оттегі) баллондарының тізімі
|
ГТҚҚ базасы сынау пункті бөлмесінде
|
22.
|
ГТҚҚ базасының нақты жабдығында жұмыс жасау, сондай-ақ тыныс алу аппараттарына қызмет көрсету барысындағы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық
|
Бөлмелерге ілінеді
|
23.
|
Тыныс алу аппараттарына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтар мен құрал-саймандардың тізімдемесі
|
Әр бөлмеге жеке
|
Достарыңызбен бөлісу: |