Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Белгілі бір әдеби сюжет негізінде пайда болған ОФТ-лар



бет45/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Белгілі бір әдеби сюжет негізінде пайда болған ОФТ-лар

Көркем әдебиетте окказионал фразеологизмдерді қолдану үшін түрлі тілдік тәсілдер мен әдеби тәсілдерге жүгінеміз. Қаламгер өз шығармасын аса эмотивті етіп жеткізуде таптармайтын түрлі тың тіркестер тудырады. Оның кейбірі тілдік қорымызға сіңіп кетсе, енді бірі тек контекст бойында ғана өмір сүреді және олардың контекссіз мағынасы солғын, түсініксіз болады. Дегенмен, тосындылығымен, сонылығымен еліктіретін әдеби сюжет негізінде пайда болған окказионал фразеологиялық тұлғалар оқырманың қызығушылығын арттырады. Мысалы: Пейілі қазақтың даласындай кең Хамит аға үш бірдей інісін құшақ жая қарсы алып, отырыс әрі қарай жалғасады. Төртеуі гуілдесіп отырып, екі қыл мойынның басын бұрап тастайды (Д. Тұрлыбек, 23 б.). 1) Қыл мойынға тақадыөлім халіне келтірді, өлердегі жерге жеткізіп қойды [44, 373 б.]; 2) қыл мойынның басын бұрау ішімдік ішу деген мәнде айтылады. Қалыпты қолданыстағы қыл мойынға тақады ФТ-ның құрамындағы тақады етістігі түсіріліп, оның орнына басын бұрау тіркесі қосылып жаңа, мағынасы бөлек қыл мойынның басын бұрау ОФТ-сы жасалынған.



Әрине, – дедім мен, Қазығожаның соңғы сөздеріне қызығыңқырап, бірақ сыпайылық қып,- екі адам түгіл, талай адамды күтіп жіберуге бұл елдің белі талмайтынын білем (С. Мұқанов, 31 б.). «Белі талмау» – ештеңесі кетпеу деген мағынада айтылады.

Енді Орынбордан поезымыз жылжи салысымен маңына үйірілдім де, аз уақытта әмпей боп кеттім (С. Мұқанов, 122 б.). «Әмпей боп кету» – тез араласу; тіл табысу.



Сөйтіп отырып Салпаңға тағы бір сұмдықтың тұмсығын көрсетіп (О. Әубәкіров, 64 б.). «Сұмдықтың тұмсығын көрсету’ – жамандықтың шетін көрсету.

Сәбеңнің қара сөзбен қаймақ қатқан ойларына тамсанамын: «Әр нәрсені өз атымен атайтын уақыт атты әділқазы Сіз өзіңізге тән ұлылықпен мінсіз мүсіндеп отырған еліміздің ішкі, сыртқы саясатының дұрыстығын тағы да айқындап берді (Ж. Сабыржанұлы, 235 б.). «Қара сөзбен қаймақ қату» – бос сөзбен қатыру.

Е, бопты, түсінікті, – деп, Әусек Ықтималдың желіндеп келе жатқан әңгімесін доғарып, Кәуікбайдың телефонына саусағын салды (О. Әубәкіров, 38 б.). «Әңгімесі желіндеу» – әңгімесі қызу.



«Балғынбаев мырза, басыңнан бал тамып, маңдайыңнан мұнай атқылап тұрса да, мен сені бір күн ұстамаймын, егер үкіметтің Ана тілімді аяқасты ете беретін болса (Ж. Сабыржанұлы, 227 б.). «Басыңнан бал тамып, маңдайыңнан мұнай атқылап тұрса» – бастан-аяқ алтынмен қапталса да; басы бүтін.

Бөкеңнің де есі екеу, түсі төртеу: «Осыларды шынымен өзім шақырып па едім?» – дегендей алыстан ойланып отыр (О. Әубәкіров, 28 б.). «Есі екеу, түсі төртеу» – ақыл-есі кірелі, шығалы.

Мен түлкіге де, балыққа да айналғым келмейді, құс болып аспанға да ұшпаймын, ертекті еміп, есеңгірегім де жоқ; қара жерге қада болып қағылған адаммын (О. Бөкеев, 218 б.). «Ертекті еміп, есеңгірегім де жоқ» – бос қиялға берілмеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет