Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Болымды және болымсыз мәндегі фразеологизмдердің қолданудағы өзектіленуі



бет48/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Болымды және болымсыз мәндегі фразеологизмдердің қолданудағы өзектіленуі

Қазақ тілінде басқа да фразеологизмдермен қатар болымды, болымсыз мәндегі узуал фразеологизмдер де көп. Көркем шығармаларда кездесетін кейбір жаңғыртуларды жазушы алыстан іздеп жатпай-ақ болымды не болымсыз мәндегі УФТ-ларды керісінше қолданады. Фразеологизмдердің құрамын бұлайша жаңарту тілде бір қолданар ғана мәнде болады, өйткені олар сол контексте ғана орынды көрінеді. Себебі тілдегі тұрақты тіркестерді мұндай тұлғада қолдану фразеологиялық нормаға қайшы келеді. Мысалы: Темір төсектен құлап қалатындай, аласұрып, ағаш төсек іздеуге шықтық. Ол иті не аспанда жоқ, не жерде жоқ. Құны да құрық салдырмайды (О. Әубәкіров, 140 б.). ҚТФС-да құрық салды – өзіне иемденді, тұзаққа түсірді [44, 366 б.] деген болымды мағынаны білдіреді. Ал біздің қарастырып отырған мысалымызда автор болымды УФТ-ны болымсыз тұлғаға ауыстырған. Осының нәтижесінде мағынасы өзгеше құрық салды – құрық салдырмады ОФТ сипатына ие жаңа мәндегі тіркестің жасалғандығын байқаймыз. Мұндағы құрық салдырмау болымсыз мәндегі тіркесінің беретін мағынасы (қолға түсіре алмау, қолы жетпеу дегенді білдіреді) да өзгеше. Осы сияқты оппозитивтік мағынада жасалған бірнеше мысалдарға тоқтала кетейік.



Ел-анаңның елдік арқау-өрмегін үзбей сөйле. Татулық – ұйым, ұясын бұзбай сөйле (Ж. Ахмади, 23 б.). Ұясын бұзбау – ұясын бұзды ′әйелді ерінен ажыратты’ [44, 545 б.].

Мұздаған-сыздаған, домбыққан-сомбыққан кезінде Тәнтібай әйеліне күні түспей, ұяға қос саусағын салып жіберіп тұрмысын тырп еткізбей түзеп алатын болды (О. Әубәкіров, 22 б.). Күні түспеу – күні түсу ′біреуге тәуелді болды, ісі түсті’ [44, 294 б.].

«Атастырған күйеуіңе еріксіз беріп жіберем!» деп қорқытып еді, «бәрібір, оған пенде болмаймын, – деді қызы, – күшім жетпесе өлем, күшім жетсе, бәрібір сүйгенімді табам!» (С. Мұқанов, 111 б.). Пенде болмаймын – пенде болды ′бейшара, мүсәпір халге түсті’ [44, 442 б.].



Теңіздің жағасында ашық-шашық жатып суретке түссем, бет моншағым төгіліп қалмайды (О. Әубәкіров, 51). Бет моншағым төгіліп қалмайды – бет моншағы төгілді ′ұялды, батылы бармады’ [44, 115 б.]. Бұл жерде бет моншағы төгілді қалыпты тіркесіне «қалмайды» болымсыз мәндегі сөзін қосу нәтижесінде автор қарама-қарсы мағынадағы тіркес жасаған.

Қатының ата қаздай барқылдақ, өзің әйелден өткен шаңқылдақсың. Қуаты жоқ еркектің мияты болмайды. Ұяты жоқ әйелдің жұраты болмайды (Ж. Ахмади, 151 б.). Мияты болмау – мияты болды ‘болысты, жақтады′ [44, 392 б.].

Осы отырған ел ағасы! Бүгін сен «қашуға жол таппаған қолыңдағы қылышыңа жармасады» дейтін күнге тап болып отырсың, айдаһардың аузында, жолбарыстың жолында отырсың (Ж. Ахмади, 65 б.). Жол таппаған-жол тапты ‘бақыт берді, өмірге жөн сілтеді’ [44, 205].

Ал келесі мысалдардан керісінше, болымды мағынадағы фразеологизмдердің болымсыз мағынада жұмсалауында да айрықша әсері бар екендігін байқаймыз.Мысалы,



Асқан өзімшілдік бара-бара бұзақылыққа жеткізеді. Кісі пердесін жыртумен бірге өз пердең қоса жыртылады (Ж. Ахмади, 142 б.). Бұл мысалдағы пердесін жырту тіркесін окказионал фразеологизмдердің қатарына қосуға болады. Сөздікте осы тіркеске қарама-қарсы, яғни болымсыз мәнде пердесі жыртылмаған узуал тіркесінің мағынасы берілген. Пердесі жыртылмаған тіркесі ’ұяң, әдепті кісі‘ деген мағынаны білдіреді [44, 442 б.].

...Ғалияның «маған сенесің ғой?» деген сұрауына «сенем» деген нық жауап бермей, «әрине» деп былқ ете түсуі сондықтан... (С. Мұқанов, 171 б.). Былқ ету - былқ етпеу ‘тырп етпеді, сескенбеді, қозғалмады’ [44, 131 б.]. Мұнда УФТ оппозитивтік мағынамен қатар омонимия құбылысына да ұшыраған.

Кей жағдайда автор тек болымсыз жұрнақтарын қосу немесе түсіру арқылы ғана емес, сонымен қатар болымсыз сөздер арқылы да ОФТ түрлерін жасайды.



Менің Қажыгелдинге қимам қышып отырған ештеңем жоқ (Ж. Сабыржанұлы, 311 б.). Осы берілген мысалдағы «қимам қышып отырған ештеңем жоқ» ОФТ-сы біріншіден, нормалы қолданыстағы қимасы қышу ‘бүйрегі бұрды, жаны ашыды’ [44, 338 б.] тіркесіне оппозитивтік мағынада айтылып тұр; екіншіден, тіркес құрамына сөз сыналату әдісі қолданылып, басқа фразеологизмдер секілді болымсыз жұрнақтары арқылы емес, «жоқ» болымсыз сөзі арқылы және «ештеңе» болымсыз есімдігі арқылы жасалып, «жаны ашымау, бүйрегі бұрмау» секілді кері мағынада беріліп отыр.

Мырзан жүзін суытып ала қойды да, қабағын түкситіп орнынан тұрды. Бетіне қан тепті (Б. Мұқаев, 331 б.). Узуал формасы «бетінің қаны қашты» ’сұрланды, жүдеді, қорықты′ [44, 119 б.] «қашты» етістігін «тепті» етістігімен ауыстырылып қарама-қарсы мәндегі окказионал тіркесі жасалған. Бұл жазба әдеби тіліне ене қоймаған, бірақ ауызекі сөйлеу барысында көпшілік жатырқамай қолданып кеткен.

Фразеологиялық қалыпты тұлғаларды мұндай тұлғада қолдану нормаға қайшы. Дегенмен, олардың құрамын осындай тәсіл арқылы жаңарту тілде бір қолданар мәнде болады, себебі олар сол контекст бойында ғана өмір сүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет