Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Аузын тығындасаң, мұрнымен әзілдейтін



бет46/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Аузын тығындасаң, мұрнымен әзілдейтін Жұмахан Есенді құшақтап сыңсып отыр: «Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным-ау!» (Ж. Сабыржанұлы, 33 б.). «Аузын тығындасаң, мұрнымен әзілдейді» – көп сөйлейтін, қалжыңқұмар адам туралы айтылады.

Мінезі – кәдімгі мінез. Андо-о-санда бір қырсыққанда сегіз қырынан сексен ине шығып, кірпіше жиырылып қалады (Д. Тұрлыбек, 51 б.). «Сегіз қырынан сексен ине шығып, кірпіше жиырылып қалу» – қырсығу.

Іле бір тіс қаққан бойдақ досымның «блатың болса, махабатты сатып аласың» дегені есіне түсіп, сол күні іңірде алтын сақина сыйладым (Ж. Сабыржанұлы, 345 б.). «Блатың болса, махабатты сатып аласың» – қалтаң қалың болса, бәрін сатып аласың деген мағынада айтылады. ҚТФС-ға енбеген, бірақ жалпы тілдік қолданыста бар «ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда» тіркесінің эквиваленті ретінде берілген.

Талабы жоқ адам-шалбарының балағы жоқ адам секілді сорлы ғой. Құр ауыз алысқа алып бармайды (О. Әубәкіров, 18 б.). «Құр ауыз алысқа алып бармайды» – бос сөзбен ештеңе тындыра алмайсың деген мағынада айтылған.

Енем байғұс еңіреген есті адам, Секешім деп сөгіліп отырғаны (О. Әубәкіров, 125 б.). «Сөгіліп отырғаны» – егілу, езіліп жылау.

Қабақтағы қату өшпегенмен, көздегі зәр оты саябырлай бастапты (О. Сәрсенбаев, 9 б.). «Көздегі зәр оты саябырлау» – ашу-ызасы басылу.

Қарында хал болмаса, аяқта әл болмайды екен, ағайын, андағы аузыңды жалатсаң да қажет аш (О. Әубәкіров, 41 б.). «Аузыңды жалатсаң да қажет аш» – қатты ашыққанда, тіске басар түк таппағанда айтылады.



Қанша дегенмен қыз емес пе, күйеу мен пәтерді естігенде, Қанзила бір елең етті де, Таубай ағайдың көзінің ағынан қаймығып, үндемеді. Талай естіген белгілі бекбике саясатқа тырс етпедік. Мұндайда қайнамаған қан иодқа айналсын да (Ж. Сабыржанұлы, 32 б.). ’Көзінің ағынан қаймығу′ (қорқу); «аяғын тарту» қорқу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет