Иттен сүйек қарыздар» бұл ағаңыз (О. Әубәкіров, 45 б.).
«Иттен де сүйек қарыздар» – қарыз алмаған адамы жоқ, әбден тілемсектікке салынған кісі туралы айтылады [44, 239 б.]. Осы мысалдағы қалыпты тұлғаның құрамындағы «де» демеулік шылауы түсірілген. ФТ құрылымындағы өзгеріс оның мағынасына еш зиянын келтіріп тұрған жоқ, білдіретін мағынасы сол бастапқысындағыдай.
Осылайша, ФТ-ның компоненттерінің санының окказионал қысқаруы оның абстрактілігін үлкейтеді, реципиентке түсіп қалған компонентті қайта қалпына келтіруіне мүмкіндік береді. Қысқарған ФТ-ны қайта қалпына келтіруде контекст негізгі қызмет атқаратындығын айтып өткеніміз жөн
Достарыңызбен бөлісу: |