Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Кісі өлімін шыбын құрлы көрмейтін



бет23/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Кісі өлімін шыбын құрлы көрмейтін «қағынғанға қанжар ұстатып», қазақтың момын ауылдарын қан-жоса етті (Ж. Ахмади, 157 б.). «Шыбын өлімі ғұрлы көрмеді» – қаныпезер, адамды ит құрлы да көрмеу мағынасында [44, 157 б.]. 1) Кісі өлімін шыбын құрлы көрмейтін/шыбын өлімі ғұрлы көрмеді ФТ инверсияланған; 2) компоненттер алдына «кісі» сөзін қосылған; 3) ФТ мағынасы өзгермеген.

Сосын,

Тосын,

Өзіне қойып көпшікті

Айтар ойым дөп шықты,

Жырым жыр-ақ! – деді (К. Әмірбек, 18 б.).

«Көпшік қойды» – қолпаштап көтермеледі, мадақтады мағынасында беріледі [44, 282 б.]. 1) қойып көпшікті/ көпшік қойды ФТ-сы инверсияланған; 2) ФТ алдына өзіне сөзін қосқан; 3) ФТ мағынасы жаңармаған.

Осылайша, ФТ-ның өзектіленуінің бұл тәсілі басқа тәсілдермен сәйкесіп қолданылады, бұл автордың эмотивтік әсер туғызудағы прагматикалық жиілігіне қол жеткізуге ұмтылған талпынысының нәтижесінде жүзеге асырылған. Осыдан инверсиялау барысында автордың көзқарасы тұрғысынан алғанда компонент «күшті» позицияда болады. Бірақ инверсияның барлығы ФТ-ға жатады дей алмаймыз, себебі, біз бұл жұмыста тек мақсатты өзгертілген, ұтымды шыққан мысалдар төңірегінде ғана қарастырдық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет