Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ



бет25/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Эллипсис (грек.elleihsis – кемшілік, жетіспеу) – сөйлеуде не тексте тіл бірлігінің жетіспеуі, әдейі түсірілуі [52, 273 б.]. Эллипсис – фразеологизмдерді ықшамдап жинақы түрде қолданылуды білдіреді. Мысалы:

Келе-келе не істеді?

Беті бүлк етпей бір іс жасады (К. Әмірбек, 136 б.).

«Бет-аузы бүлк етпестен» – ұялмастан, қызармастан [44, 114 б.] деген мағынада айтылады. Берілген мысалда жалпы тілдік қолданыстағы ФТ-ның құрамындағы «аузы» сөзі редукцияға ұшырап, беті бүлк етпеу тұлғасында берілген. ФТ құрамындағы бір компоненті түсірілгенімен, оның беретін мағынасына еш зиян келмеген.



«Ақымақ бас – аяқтың соры» (К. Әмірбек, 151 б.). Нормалы қолданыста ақымақ бас екі аяқтың соры түрінде кездеседі. Бұл тіркес сөздікке енбегенімен жалпытілдік қолданыста өте жиі кездеседі және қалыпты қолданыстағы «екі» сан есімі түсірілген. Өзгеріске ұшыраған қалыпты ФТ-ның мағынасы өзгермеген.

Осы жүрісіңіздің өзі ешкімнің зорлап, мәжбүрлеуімен емес, бұрынғы орынды-орынсыз жазалаған адамдарыңыздың наласынан тірлікте құтылып алу үшін және адамзатқа мәшһүрлік, ең адал жол табу үшін басты бәй тігіп жүрген жоқсыз ба? (Ж. Ахмади, 78 б.). «Басын бәйгеге тікті» – жанын пида, құрбан етті; нар тәуекел етті; саудаға салды [44, 99 б.]. Қалыпты ФТ-дағы «бәйге» сөзі бәйге/бәй болып қысқарған және құрамындағы -ге барыс септігі түсірілу арқылы жасалған. Эллипсис құбылысына ұшыраған ФТ-ның мағынасы өзгермеген, тек құрылымы ғана өзгерген.

В.М. Мокиенконың терминологиясы бойынша, ФТ-ны имплициттеу (эллипсиске ұшырауы) дегеніміз – ФТ құрамын қысқарту (редукциялау). Бір немесе бірнеше компоненттерінен айырылған ФТ-ның ішкі формасы, оның жалпы семантикасы белгілі бір деңгейде күңгірттенеді, жалпыланады. В.М. Мокиенко эллипсис тәсілін фразеологизмдерді имплициттеудің ең әмбебап тәсілі деп есептейді. «Эллипсис деп сөйлеу барысында бір мүшенің түсіріліп айтылатын, кейіннен контекст барысында немесе сөйлеуде оңай». Эллипсистік қысқарту сөйлеуді «үнемдеу» құбылысымен тығыз байланысты, бұл әсіресе ауызекі сөйлеу тілінде жиі байқалады, осыған байланысты бұл сөйлеу мәтіндеріне де тән, өйткені олардың жасалуының негізгі саласы – ауызекі сөйлеу тілі болып саналады. Т.В. Гридневаның тұжырымдауынша, «фразеологиялық құрылымның тосын болуына байланысты эллипсистік вариант өте тиімді болады».

Фразеологизмнен бір компонентті алып тастау соңғысының формасын ең алдымен оның контекске ену мүмкіндігін кеңейте отырып және ФТ-ның басқа да компоненттеріне сүйеніп, өзгертеді, себебі эллипсистеу барысында «алынып тасталған компоненттің семантикасы қалған компоненттерге беріледі» [54, 133 б.]. Фразеологизмнің жалпы мағыналық мазмұнын жеткізуде бір компоненттің өзектіленуінің жоғарылауына және басқа компоненттердің өзектіленуінің төмендеуіне байланысты тілдік коммуникацияның түрлі актілерінің редукциялануы мүмкін, оның үстіне осы компоненттердің біреуі түсіп қалған жағдайда ФТ-ның семантикалық толық мағыналығы мен коммуникациялық құндылығына нұқсан келмейді. Сөйлеу жағдайында тіркестің бүкіл құрамын тұтастай қайталамауға мүмкіндік беруіне байланысты ФТ-ның жекелеген элементтерінің алынып тасталынуында да редукция тәсілі жасалынады.

Күйеуің өзіңе сенім артып, бір тәуекел іс етті. Алты алаштың алдында абыройын төкпе. Осы жолы бір көпірден өткізесің, ақи-бақиға дейін ол да сендік болатынына сене бер (Ж. Ахмади, 93 б.). Осы бір сөйлемнің ішінде екі түрлі ФТ эллипсис құбылысына ұшырап отыр. Біріншісі, «абыройын айрандай төкті» – беделі, атағы, қадір-қасиеті кетіп болды; құрмет сыйы түсті [44, 10 б.] деген мағынада айтылады. Контексте «айрандай» компоненті түсірілген және нормалы қолданысқа қарсы болымсыз абыройын төкпе мәнінде берілген. Екіншісі, «қыл көпір» – қиыншылық тар кезең [44, 372 б.] мағынасын білдіреді. Нормалы ФТ-ның алғашқы «қыл» компоненті эллипсистенген және оның орнына ФТ соңына «өткізу» етістігі қосылып көпірден өткізу тіркесі пайда болып тұр. Осы контекстерден байқайтынымыз ФТ компоненттері эллипсиске ұшырағынымен оның семаникалық құрылымына аса зияны тимейді.

Күндіз-түні мазалап



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет