«Басынан бал тамып тұрса да ондай алқашты ұстамаймын», – депті (Ж. Сабыржанұлы, 134 б.). Осы сөйлемдегі басынан бал тамып тұрса да ОФТ «өте керемет, тамаша адам болса да» деген мағынада айтылып тұр, ол «бармағынан бал тамған» – он саусағынан өнер төгілген, бес аспап шебер, көп өнер иесі [44, 94 б.] деген мәндегі қалыпты ФТ-ның негізінде жасалған. Мұнда бармақ/бас (дене мүшелері) сөзімен субституциялануының нәтижесінде ОФТ-сы жасалған.
ФТ-дың арасындағы бір компонентінің өзгеруі нәтижесінде жасалған ОФТ
- Той үстінде тұштаңдап, төбелесіп ит мүжіген асықтай болып қапты (О. Әубәкіров, 45 б.). Ит кемірген асықтай – бұжыр, сынсыз бет [44, 237 б.] мағынасын білдіретін бұл тіркестің кеміру етістігі мүжу синонимдес етістігімен ауыстырылған және сөйлем барысында ФТ- ның қалыпты мағынасына еш нұсқан келмеген.
Осы оқиғадан кейін екеуінің арасына жік түсті, басқарманың отырысында партия жиналысында екі басшы келісе алмай керісе беретін әдет тапты (Б. Мұқаев, 26 б.). Берілген сөйлемдегі окказионал сипаттағы арасына жік түсті фразеологизмі сөздікте жоқ, бірақ оның мағынасы узустағы «Арасынан қара мысық өтті» – екі адамның ортасына суық сөз жүгірді, өсек-аяңға ілікті деген мағынаны білдіреді нормалы ФТ-ның беретін мағынасындай, тек айтылуы басқаша.
Өз отына қан құйып, кісі отына май құйып құныққан Шау ақыр айтқан соң батыра айт деп, әңгімесінің аяғын қайғылы хабарға тіремек болды (О. Әубәкіров, 45 б.). Мұнда ОФТ екі түрлі жолмен жасалған: біріншісі, отқа қан құйды окказионал тұлғасы узустағы отқа май құйды (дау-дамайлы жайды өршіте түсті, жел берді мағынысын білдіреді) [44, 422 б.] тіркесінің негізінде жасалса; екіншісі, кісі отына май құйды компонентін қосу арқылы контекске қосымша реңк, сипат берген.
Әкесі Жалайыр ханның соңына көп еріп кәпір жұрттардың басына талай қылыш ойнатқаны бар (О. Сәрсенбаев, 33 б.). Басына әңгір таяқ ойнату тұлғасы ҚТФС-да ’әмірін жүргізді, үстемдік жасады‘ деген мағынада берілген [44, 101 б.]. Басына талай қылыш ойнатқан/ басына әңгір таяқ ойнату түрінде өзгерген.
Достарыңызбен бөлісу: |