Оңып кетті реңім (К. Әмірбек, 71 б.).
’Оңып кетті реңім′ (өңі бұзылды) окказионалды тіркесі инверсия тәсілі арқылы жасалған; «түсі бұзылды» – өңі өзгерді, бет-бейнесі құбылды [44, 528 б.]; «түсі кетті (қашты)» – өңі, реңі тайды, қуарды, бұзылды [44, 528 б.].
Ішім солқ ете түсті (Ғ. Қабышев, 79 б.). ’Ішім солқ етті′ (көңілі сезді); «Іші білді (сезді)» – өзі ғана түсінді, көңілі сезді, шамалады [44, 584 б.].
Тас түйін боп булығып, сырын шашар емес (О. Сәрсенбаев, 15 б.). ’Сырын шашпау‘ – (құпиясын ашпау ); «сырға берік» – құпия шашпайтын адам туралы айтылады [44, 481 б.]; «сыр бермеу (ашпау)», «сыр білдірмеу» – құпиясын білдірмеу; «аузына берік» – өсек айтпайтын, сыр сақтағыш [44, 64 б.]; «аузына тас салды»; «аузын буған өгіздей» – жұмған аузын ашпау, тіс жармау [44, 65 б.]; «ішіне бүкті» – сыр сақтады, тіс жармады [44, 586 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |