Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Ұйқымен араздасып, демалудан қалып барады



бет42/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Ұйқымен араздасып, демалудан қалып барады (О. Сәрсенбаев, 36 б.). ’Ұйқымен араздасып, демалудан қалу(босқа ренжу); «битке өкпелеп, тоныңды отқа салма» болмашы нәрсеге ренжу, басқасынан құр қалма деген мағынада айтылған.

Айрақ осы мұсылмандар оңашада шарап ішіп, ауыз айтуға ұялатын азғындық тірліктер жасайды екен (О. Сәрсенбаев, 37 б.). ’Ауыз айтуға ұялатын‘ (айтуға тілі бармайды ); «аузы бармады» тура айта алмай жүрексіну [44, 64 б.].

Қолында алды-арты, түрі-түсі белгісіз мыж-мыж шәпкі, жағасы иығында, етегі тізесінде. Өзі мөлдір қызу (О. Әубәкіров, 19 б.). ’Мөлдір қызу′ (мас болу); «аузы күн шығысқа қарап қалды» жазушы бұл жерде мас болып қалды деген ұғымды білдіріп тұр [44, 64 б.]; «қатты қызу» әбден мас болу; «аяғында тұра алмайды» қатты ішу, мас болу.

Кісіге сабытын салмайтын Мұстафа, егер әдейілеп қонаққа шақырмаса, кісі үйіне бармайды, балаларын да кісі үйінен ас ішуден қатты тыяды (С. Мұқанов, 80 б.). ’Сабытын салмау′ (ауыртпалық түсірмеу) «Салмақ салды» біреуге я сеніммен міндет жүктегенде, я бір істің мойынмен көтерер ауырлығын аудара тастағанда айтылады [44, 451 б.]; «зияны жоқ»; «ауыртпалығын түсірмеу» секілді сөздікке енбеген, бірақ қалыпты фразеологизмдер қатарына қосылған парадигматикалық синонимдік қатар түзейтін ФТ-лар да бар.

- Ойбай-ау, Кәке, мен сізді киініп дайын отыр дегенге үкідей ұштыртып жетсем, әлі қойдың шетінде жүрсіз ғой (А. Естаев, 169 б.). ‘Үкідей ұштырту’ – тез, жылдам асығып келу; «екі өкпесін қолына алды» табаны сайға тимей жүгіре жөнелді, аяғы аяғына жұқпады; асығып келді [44, 156 б.]; «құстай ұшты» жүрісіне көз ілеспеді, зымырады [44, 367 б.].

Елдостарға ұқсап, бассап, құшақтап сүйейін десе, ар жағынан ұлып тұрған бір ұры ой өкпесін қысып жібермейді (А. Естаев, 164 б.). ‘Ұлып тұрған ұры ой′ ( қара, бұзық ой ); «арам ой» – көңілі қара, бұзық адам туралы айтады [44, 45 б.]; «көкейін тесті» – жан-тәнімен арман етті, тым құмартты [44, 267 б.].

Әйтеуір, мен жанымды езуіме қыстырып жүріп, қызды арашалап алып қалыппын... (Ж. Сабыржанұлы, 335 б.). ‘жанын езуіне қыстыру’ (қатерге бас тігу ); «шыбындай жанын шүберекке түйді; жанын шүберекке түйді» – өте қауіп-қатерге, өлімге бас байлады; тәуекелге бел байлады [44, 187 б.]; «бас тікті; басын ажалға тікті» – жанын пида етті, құрбан етті; нар тәуекел етті [44, 99 б.]; «қатер төнді» – қиыншылық жағдайға тап болды [44, 337 б.].

- Есіме түссе әлі күнге ішіме қан толып кетеді, - дейді бейтаныс танысым (М. Мағауин, 148 б.). ‘Ішіне қан толу’ (өкініш, теніш); «Іші ашу» – қатты күйінді [44, 584 б.].

Бір кезде сонау көңіл түкпірінен өшпенділік иті бас көтеріп үріп қоя берді. Қойдыра алсамшы. Еріктен айрылдым (М. Мағауин, 341 б.). ‘Өшпенділік иті бас көтерді′ (ескі күйігі есіне түсті ); «жараның аузын ашты» ескі күйікті, дертті еске салды [44, 188 б.]; «бітеу жара жарылды» іштегі түйілген сыр, дерт-құса сыртқа шықты, жария болды [44, 137 б.].

Президент ауызекі сөзде «халық, халық...» дегенімен, оның жағына түбегейлі шыға алмайды. Себебі, жұртшылық әлсіз, әрқайсысы жеке-жеке өз жарасын жалап әуре. «Құм жиылып тас болмас...» [19, 229 б.]. ‘Өз жарасын жалау′ (өз қамын жеу); «қара бастың қамын жеді» өзінің ғана пайдасын көздеді, өзінен өңгенің қамын ойламады [59, 321 б.]; «өз басын күйттеді» өзінің ғана қамын ойлады [44, 426 б.]; «өз күлшесіне күл тартты» өз қамын ойлады, өзіне тартты [44, 426 б.].

Атын айтпаймын, әнеугүні бір көкжал коррупционер сөйлейді.Конечно, күлдік. Күлдіруге келгенде клоуныңыз бұл көкеміздің кебісін де сала алмайды. От, солай... (Ж. Сабыржанұлы, 266 б.). ‘Кебісін де сала алмайды’ (шаңына ілесе алмайды ); «тырнағына тұрмайды» жасағанының бірін істей алмайды деген мағынада айтылады; «шаңына ере (ілесе) алмады» маңдай алды болды, озды, үздік шықты [44, 558 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет