Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет11/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
Жусан

Жер асты суы. Аймақ көлеміндегі жер асты суы әр түрлі тереңдікте жатыр. Олар атмосфералық жауын – шашын және өзен суынан жиналған. Бұл жер асты суының қабаты жер бетіне жақын, төрттік дәуірдің құм-сазды шөгінді жыныстарының астында орналасқан. Ол еспе су деп аталады. Еспе суының қоры, реттеулі ауа райының маусымдық өзгерісіне байланысты. Егер қар қалың, жауын мол болса, су деңгейі көтеріліп, қоры көбейеді. Ауа райының құрғақ жылдары деңгейі түсіп, тез арада тартылып қалады.

Жер қойнауында тереңде жатқан жер асты суын артезиан немесе қабатты су деп атайды. Облыстың көлемінде 10-ға жуық артезиан алабы белгілі. Осы күні Жезқазған облысы бойынша 70-75 млн. Текше метр жер асты суы алынады.

Жер асты суын кеңінен алып, шаруашылық үшін пайдалануда Ұлытау ауданы алда келеді. Аудан жерінде 1254 құбыр – құдықтар қазылған.

Аймақ жеріндегі ірі кен орталықтары – Балқаш, Сәтбаев, Қаражал қалаларында шаруашылық және тұрмыстық ауыз су артезиан құдықтарынан алынады. Бірақ, соңғы жылдары да олардың қоры азаюында. Оған себеп, қоректендіріп отырған өзен суы денгейінен төмендеуі. Осындай жағдай еспе суына да тән. Жер асты суының деңгейінін төмендеп, қорының азаюы аймақтық экологиялық өзгерістер туғызып отыр.

Жезқазғанда ыстық жер асты суы да бар. Олардың температурасы жоғары болумен қатар құрамында әр түрлі минералды тұздар болады. Жер бетіне шығатын термальды судың емдік шипалы қасиеті жоғары. Осындай минералды су – Шалғияда бар. Суының құрамындағы радон элементі жүйке, аяқ-қолдың сырқырама ауруларын емдеуге пайдалы. Осы жерде республикалық мәні бар санаторийі де салынған.

Радонды ыстық жер асты суы Қызыларай тауларының баурайында да барланып, көзі ашылған. Жер асты суы қорының реттелуіне табиғи толысулармен қатар шаруашылықта қолданған суда үлес қосады.

Су қоймалары. Жезқазған аймағында он шақты су қоймасы бар. Олар көктемгі еріген қар суын жинап, үнемдеп жұмсауға мүмкіндік береді. Су қоймалары өндіріс орындарын, тұрған халықты сумен қамтамасыз етеді. Егінжай мен мал жайылымдарын суаруға кеңінен пайдаланылады. Жағалауларында сауықтыру және демалыс орындары орналасқан.

Аймақтың таулы және ұсақ шоқылы аймақтарындағы сайлар мен аңғарларда тоғандар мен бөгендер өте көп салынған. Бұларда көктемде еріген қар суы жиналады. Олар көбінесе мал шаруашылығы үшін пайдаланылады. Әрине, су қоймалары мен бөгендердің шаруашылық маңызы бар екеніне ешкім күмән келтірмейді. Бірақ, осы өлкедегі өзендер, көлдер еріген қар суынан нәр алатындығын ескерсек, көптеген тоғандардың пайдасынан гөрі зияны да бар.

1 кесте

Жезқазған аймағының өзендерінің негізгі сипаттары



Өзен атауы

Ұзындығы,

км


Ауданы

Орта жылдық ағын,м3/сек.

Сарысу

1011

81600

62

Қаракеңгір

350

16700

2,1

Сарыкеңгір

150

3470

1,7

Тоқырауын

298

21100

1,7

Қалмаққырған

350

18100

0,6

Байқоңыр

184

4300

0,4

Жәмші

172

4127

0,5

Жезқазған аймағында ұзындығы 14000 шақырым болатын 200-ге жуық өзендер бар, олар жазда құрғап қалады. Күздегі жауын-шашын өзен деңгейіне айтарлықтай өзгеріс әкелмейді. Күннің суытуына байланысты өзендердің суы қата бастайды. Қарашаның соңына қарай өлкенің барлық өзендеріне мұз қату басталып, тұрақтанады.

Оның орташа жылдық ұзындығы 130-165 күнге, кейбір жылдары 165-180 күнге дейін созылады.

Өзен суы көктемде ғана тұщыланады. Ал су азайғанда (жазда, күзде) судың кермектігі артып, ащыланады.

Жерінің құрғақшылығына қарамастан, Жезқазған аймағында көлдер баршылық. Жалпы саны 540 пен 650-дің арасында. Басым көпшілігі ауданы 1 шаршы шақырымнан аспайтын кішкентай көлдер. Ауданы бір шақырымнан артық көл саны 70-ке жуық. Жезқазған аймағының көлдері аудандар бойынша әркелкі орналасқан. «Көлді» ауданға Ұлытау жатады. Аласа таулар мен шоқылар арасында ірілі-кішілі 14 көл бар: Ащыкөл, Барақкөл, Солтүстік Қоскөл, Бозбайтал, Қарақойын, Шұбар-Теңіз т.б.Ағынды көлдер қатарына жалғыз Көктіңкөлі жатады. Осы көл арқылы Жамансарысу өзені ағып өтеді.

2 кесте

Жезқазған аймағының ірі көлдерінің негізгі сипаттары

Көл атауы

Ауданы, ш.ш.

Ұзындығы,

км


Ені,

Км


Тереңдігі,м

Сипаты

Шұбар-Теңіз

125

24,5

5,1

-

тұйық,тұзды

Қарақойын

72,5

16,3

4,5

0,3

тұйық,тұзды

Шошқакөл

32,5

8,5

3,8

1,0

тұйық,тұзды

Ащыкөл

17,6

6,5

2,7

-

тұйық,тұзды

Көктіңкөлі

12,0

4,3

2,8

1,6

Ағынды

Барақкөл

11,5

6,5

2,6

2,2

Тұйық

Обалы

Дәнсары


10,3

9,6


4,5

7,0


2,3

1,4


0,6

-


тұйық

тұйық, тұзды



Қоскөл

5,1

2,8

1,8

1,7

Тұйық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет