Dracunculus (Bess) Rydb. туыс тармағы Artemisia dracunculus L. – Шыралжын жусан – голарктикалық түр. Мезофит. Қайың тоғайшықтарында, шалғынды өзен террасаларында, жайылма шалғындарында, шоқылар тегінде, бұталар арасында өседі. Көпжылдық. VII-VIII гүлдейді.
Шаруашылық маңызы: тағамдық.
Artemisia marschalliana Spreng. – Көкшағыр жусан –сібірлік түр. Мезофит. Шалғындар мен құмдақ өзен аңғарлары мен террасаларында, шоқылардың тасты беткейлерінде өседі.Жартылай бұта. VII-VIII гүлдейді.
Шаруашылық маңызы: жем-шөптік
Artemisia scoparia Waldst. et Kit. – Шашақты жусан – палеарктикалық түр. Мезофит. Сортаң шалғындар мен құм және құмдақ өзен аңғарлары мен террасаларында, шоқылардың тасты және шағыл тасты беткейлерінде өседі.Біржылдық. VII-VIII гүлдейді.