Seriphidium (Bess) Rouy туыс тармағы
*Artemisia scopiformis Ledeb. – Шыбық жусан – тұрандық түр. Ксерофит. Саз және саздақ топырақты шалғындарда, сор мен тақырлар жиегінде, көне өзендер террасаларында өседі. Көпжылдық. VII-ІХ гүлдейді.
Эндем.
Artemisia terrae-albae Krasch. – Тамыр жусан – тұран-моңғолдық түр. Ксерофит. Шоқылар етегінде, сайлар мен құрғақ шалғындарда өседі. Көпжылдық. VIIІ-Х гүлдейді.
Шаруашылық маңызы: жем-шөптік.
* Artemisia semiarida (Krasch.et Lavr.)Filat. – Құрғақ жусан – солтүстік тұрандық түр. Ксерофит. Сортаң топырақтар мен сорларда, өзеннің сор-құрғақ жағалауларында өседі. Көпжылдық. VII-ІХ гүлдейді. Эндем.
Шаруашылық маңызы: жем-шөптік.
Artemisia nitrosa Web.ex Stechm. – Кебір жусан – солтүстік тұрандық түр. Ксерофит. Сор және сортаң шалғындарда, тұзды көлшіктер мен өзеннің ұсақ жұмыр тасты жағалауында өседі. Көпжылдық. VIIІ-ІХ гүлдейді.
Шаруашылық маңызы: жем-шөптік.
Artemisia schrenkiana Ledeb. – Шренк жусан –солтүстік тұрандық түр. Ксерофит. Сортаң және сор шалғындарында, өзен террасалыры мен сайларда, тоған жағалауында өседі. Көпжылдық. VIIІ-ІХ гүлдейді.
Шаруашылық маңызы: жем-шөптік.
Artemisia sublessingiana Krasch.et Poljak. – Майқара жусан – шығыс тұрандық түр. Ксерофит. Шоқылардың шағыл тасты және сазды беткейлерінде, уақытша су ағарлардың құрғақ арналарында өседі. Көпжылдық. VIIІ-ІХ гүлдейді.
4.2 Флораның систематикалық құрылымы
Қазақстан флорасында Жусандардың 81 түрі өседі. Жоғарыда аннотациялық түрде келтірілген Қарағанды облысы Сарысу өзені аймағының жусандар флорасында 27 түр көрсетілген. Біз осы өңірде өсетін жусандарды туыс ішінде 3 туыс тармағына бөлдік. Флораның кейбір қасиеттері мен белгілерін анықтау үшін статистикалық салыстырмалар жасау керек.Ең алдымен таксондық топтардың құрамын қарастыру керек:туыс тармағы, түркатегорияларыныңқатынасы төмендегідей болады. (3-кесте)
3 кесте
Сарысу өзені аймағының жусандар флорасының құрамы
|
Туысы тармағы
|
Түрлер саны
|
Пайыздық көрсеткіші
|
|
Artemisia
|
18
|
66,7
|
|
Seriphidium
|
6
|
22,2
|
|
Dracunculus
|
3
|
11,1
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |