Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет7/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
Жусан

1.1 Жер бедері

Қазақстанның геоморфологиялық аудандастыруында (І-сурет) Сарысу өзені жүйесі негізінен Шу-Сарысу ойпатының құрылымдық-денудациялық және аккумулятивтік жазықтығында орналасқан [11] Орталық Қазақстан көлемінде Сарысу солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ағады. Оның ағысы бойынша бірте-бірте жер бедері сипаты өзгеріп, топырақ құмдылығы арта түседі. Осы бағытта шөл жағдайының ықпалы да үдей түседі. Өзеннің қайнар көзі - бастауы ұсақ шоқыларда орналасқан. Олардың биіктігі - 300-500 м. Солардың арасында 600-700 м-ге жететін, кейде 1000 м-ден асатын таулар бар (Ұлытау, Ортау, Қызылтау). Сарысу-Теңіз адыры деп аталатын ұсақ шоқы оңтүстік пен солтүстікке төмендеп, ойпаттарға айналады: солтүстікте Теңіз және Қорғалжың өзендері бар Теңіз ойпаты, оңтүстікте - Сарысу өзенінің аллювиальді шөгінділеріне толы Сарысу (Жезқазған) ойпаты [12] .

Сарысу өзенінің шөлейтті аймағында арнасы жақсы жетілген. Өзен арнасының геоморфалогиялық құрылысы үш террасаның болуымен сипатталады: бірі - қазіргі жайылма, және екеуі - жайылма үсті террасалары. Мұндай құрылыс Сарысу арнасының оң және сол жағалауларына тән. Сарысу өзені және оның салалары - Қаракенгір, Сыртсу және басқа өзендерінің жайылмасының ені аса үлкен емес (50-100-150 м), тек Сыртсудың Сарысуға құйған жерінде оның жайылмасы 500-1000 м-ге жетеді.

Өзен жайылмасы құм және ұсақ жұмыр тастардан құралған. Жайылма үсті бірінші террасасы құм аралас жеңіл саздан құралған. Сарысудың жайылма үсті екінші террасасының ені 10-15 км-ге жетеді.

Біраз жерінде ол кварц құмдарынан құралған. Бедері қырқалы, өте жайпақ баурайларымен ерекшеленеді. Сол тау тізбегінің араларында кең қойнаулары мен сайлар жиі кездеседі. Сарысу жүйесінің адыр-бұдырлы жазықтығымен шекаралас осы терраса жиегінің кей жерлері сортаң ойпаттар мен ащы көлдерге бай болады.

Жаман Сарысу мен Жақсы Сарысу өзендерінің жайылма үсті екінші террасасы құм аралас саздан құралған, бедері - тегіс.

Сарысу өзенінің аңғарымен шекаралас адырлы-бұдырлы жазықтықтар сортаң палеоген саздарынан, ұсақ шоқылар – порфира, порфирит, кварцит, құм, сазды тақта тастар мен басқа да жыныстардан құралған. Өзен аңғарлары екі аңғарлар жүйесінен тұрады: көне және қазіргі. Қазіргі өзен торабы, көбіне, көне аңғарларға бейімделген. Ірі көне аңғарлы өзендерге Қаракеңгір, Сарыкеңгір және олардың салалары - Бала Жезді, Үлкен Жезді, Қарағанды т.б. жатады. Сарысу-Теңіз су айрығынан шығыс пен оңтүстікке қарай айқындалған көне өзен торабы сақталған, онда: «все реки сливались в

1-сурет. Қазақстанның геоморфологиялық аудандастыруы

речную долину, пересекающую район с северо-востока на юго-запад и выходящую в обширную древнюю долину р. Сарысу (пра-Сарысу)» делінген

[11]


Г.Ц.Медоевтің пікірінше, Сарысудың төменгі ағысында өзеннің бифуркациясы байқалады: сол жақ бөлігі –Бақтықарын арнасы Ащыкөлге, ал негізгі оң жақ арнасы - Телікөлге құяды. Осы екі арнаның арасында сол учаскенің көтерілуіне байланысты аңғар ішінде өзен атырауы – дельтасы орналасқан [12].

Жоғарыда айтылғандай, Сарысу жүйесінің қазіргі су торабы көбіне көне аңғарлармен сабақтас. (2 сурет). Қазіргі аңғарлар бастаулары өзінің о бастағы жаратылыс кезеңіндегідей десе де болады, олар миоцен сазды қалыңдықтарына 3-5 м-дей енеді. Өзеннің ағысы ыңғайымен аңғарлардың ені өсіп, олардың көлденең кесіндісіне жайылма, жайылма террасасы, жайылма үсті-бірінші, төменіректе-екінші терраса айқын байқалады. Өзеннің сағасына таман көне аңғарлардың түбіне ену тереңдігі өсіп, 35-40 м жетеді. Ені 1,5-2 км-ге дейін өседі.

Көне аңғарларына байланыссыз, бөлек жетілген қазіргі аңғарлар өте жіңішке, терең арналар тәрізді және жағалары тіп-тік болып келеді.

Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендерінің қазіргі аңғарларының ирең болуы олардың тектоникалық опырылу тігісіне ұштасу салдарынан деп есептейді. Аңғарлардың морфологиялық құрылысының ерекше белгісі – оның көлденең кесіндісінің ассиметриялы болуы. Ассиметриялық жаңадан басталған мүжілу процесінің шығысқа қарай ығысуынан пайда болған, яғни көне аңғарларға негізделген қазіргі аңғарлар олардың шығыс беткейлерінің табанында жетілген. Қазіргі аңғарлардың көлденең кесінділерінің құрылысында да ассиметриялық байқалады. Себебі сол жақ жағалауы көбірек шайылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет