Ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы. Сарысу өзені аймағыныңжусандар түрлерінің ең алғаш рет толық санағы жүргізілді. Географиялық элементтері айқындалды.Жусандар флорасына негізделіп, аймақ флорасының қалыптасу тарихының схемасы берілді. Эндемиктік түрлердің талдамасы жасалынды. Сарысу өзені аймағының флорасы әртекті (гетерогенді) екендігі әрқилы географиялық-генетикалық элементтердің талдамасынан байқалады. Сол элементтер ішінде басым орын алатын плюриаймақтық элемент болып табылады. Флораның қалыптасуына едәуір интразональдік түрлер әсерін тигізеді. Оның аллохтондық сипатын флорағаталдама жүргізгеннен кейін байқауға болады. Түрлердің негізін қалыптасуы плиоценнің аяқ кезінде және төрттік кезеңде жүрді.