IV.Сабақты қорытындылау
«Бір сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылап, бекіту.
V.Үйге тапсырма: Оқушыларға өз бетінше орындауға тапсырмалар беріледі.
Реферат жазу
Мұрағаттық материалдар жинау
Тарих, әдебиет пәндерімен байланыстыра материалдар жинау
VI.Бағалау:
О
Қызыл
Сары
қушылардың белсенділіктерін қызыл, жасыл, сары карточкалар арқылы бағалау.
Жасыл
Оқушылардың реферат жұмыстарының тақырыптары:
Жүсіп Баласағұн және оның шығармашылығы
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тәрбие мәселесі
Жүсіп Баласағұн дастанындағы салт-дәстүрлердің көрінісі
«Құтты білік» дастанындағы мақал-мәтелдер және оның тәрбиелік мәні
«Құтты білік»дастанындағы адамгершілік тәрбиесі
«Құтты білік» дастанындағы азаматтық тәрбие
Халық наным-сенімдері, әдет-ғұрыптарының Жүсіп Баласағұн шығармасында көрініс табуы
«Құтты білік» дастанындағы отбасы тәрбиесі
«Құтты білік»дастанындағы оқу-білім тәрбиесі
Тұжырым
Бүгінгі таңда жас ұрпақты халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білетін, жалпы адамзаттық мәдениетті терең түсінетін тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Яғни, Білім Заңында әрбір азаматтың білім алуға құқылы екенін негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдістерін жан-жақты қамтиды және мемлекеттік тілді дамытуға тарихи мұраларды жаңғыртуға аса зор мін береді.[39]
Осы орайда зерттеу нысанымызға алып отырған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы адамгершілік тәрбие негіздерін бүгінгі күн талабына сай жоғары сыныптың тәрбиелік сынып сағаттарында қарастырдық. Жоғары сынып оқушыларына бағытталған тәрбиелік іс-шара «Мың жылдық тарихы бар Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы тәрбиелік ұғымдары» тақырыбында өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларды ғұламаның әйгілі туындысы «Құтты білік» дастанындағы тәлім-тәрбиелік ұғымдарымен таныстыру. Сонымен қатар, дастан кейіпкерлерінің бойындағы қасиеттерді талдау. Оқушылар «Құтты білік» дастанындағы кейіпкерлерімен танысу барысында өздері түсінбеген сөздерді кездестірді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі арқылы бұл қиындықты шеше білді. Дастандағы кейіпкерлердің Күнтуды-Елік, Айтолды, Өгдүлміш, Одғұрмыш рөлдерін түсіне оқып, дастанның түпкі мақсаты не екенін пікір алысу арқылы талқыладық. Дастанды терең ұғындара оқыта отырып, адамның осы өмірдегі орнын айқындауға және бала бойына адамгершілік қасиеттерін ұялатуға бағыттады.
Достарыңызбен бөлісу: |