Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017



бет19/40
Дата13.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#142980
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
a92b8b33d9991586249b80d1e613c81c

Жұпарды жасырсаң, иісі білдіреді,
Білімді жасырсаң, тілің айтып бүлдіреді.
Білімнің табиғаты, ерекшелігі трактаттарда айтылғандай-ақ талданып, түсіндірілген. Бұған көптеген ғалымдар да назар аударып, білім, ақыл кісіге бейне кісен сияқты деген ойды да өрбітеді. Білімді адам кісенді ашып қылмысқа бармас. Кісенделген керек жерінде даяр тұрар. Осы ойды өрбіте отырып, тағы бірде надандар босып, бүлдіріп жүр, жүргенсіз, надандарды кісендеп, шідерлеу жөн дейді. Ақыл, білімге қарама-қарсы ұғым-надандық. Білімді мадақтай отырып, ақын надандық, көрсоқырлықтың адамды аздыратын, азғындататын белгілерін мінейді, жирендіреді:
Ақылдыға лайық-құрмет жүгініс,
Ақымақ жан, топырақ қой бір уыс!
Бағып көрсең, мына бір сөз жаңылтпас:
Ойсыз надан өзін-өзі жарытпас!(297-298-бәйіт)
Надан адамға өзінің көргені мен білгені де жау дейді:
Біліктіге білім-күллі тон, асы,
Білімсізге, қылығы- сұм жолдасы! (320-бәйіт)
Логикалық-құрылымдық кестеде ақыл-ой, әділет, әдептілік, адамгершілік, имандылық, отбасы, еңбек тәрбиелерінің түрлері аталған. Дастанда бұлар төрт діңгектің тәрбие бағыттарына негізделіп, педагогикалық тәлім - тәрбие ерекшеліктерін анықтайды. Бұл мынадай мысалдардан көрінеді.
(Күнтуды Елік):

  1. Әділдікке, турашылдыққа тәрбиелеу:

  • Әділдік-құт. Құт құрығы кішілік. Әділдіктің заты-тұнған кісілік

(865-бәйіт)

  • Әділ заң-басшылықтың тұғыры. Заң бар жерде, берік елдің жұлыны (819-бәйіт)

  • Турашыл ер тілі-шері, тыңдалық. Түгел сөздің түп атасы-туралық (921-бәйіт)

  1. Ізгілік тәрбиесі.

  • Рахат, Даңқ, Қуаныш һәм салтанат-ізгі ниет еншілейтін мархабат.

  • Ізгі жүрек ізгілігін сақтайды. Жомарт жандар құнын тілеп жатпайды. (857-бәйіт)

  • Құт, дәулет Айтолды:

  1. Сөйлеу, тыңдау қабілетін қалыптастыру:

  • Жүйелік сөйлеу-ұлылық, өсірер ол құлдың дағы құзырын (1001-бәйіт)

  • Сөз қуаты шығарар ел төріне. Жер түбінен самғатар ең көгіне

(1002-бәйіт)

  • Көп тыңдай біл, аз сөйлеп тез түсіндір. Ниет қойып, ой мен сезім күшін біл (1010-бәйіт)

  1. Шыншылдыққа тәрбиелеу:

  • Тура сөзден- тартпа тілді, өңін қи. Өтірікте-өз тіліңді өзің тый

(1026-бәйіт)
Жүсіп Баласағұн халық тәліміндегі өсиет сөздерді басшылыққа алып, төрт діңгектің көзқарасымен тәрбие бағыттарын жүйелеуге тырысады. Яғни адамгершілік, әділет, бас кейіпкер Күнтуды образы арқылы сипатталса, ақыл-ой төңірегіндегі ойшылдың бағдарламалы идеялары ғылыми тұрғыда берілген. «Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен» деген тақырыпта адамға тән қасиеттің тоғыз түрі аталған:
Адамды хақ жаратты да ескерді:
Оған ақыл,білім, өнер, ес берді
Көңіл берді, әрі тілім тербетті,
Ұят берді, берді құлық келбетті (147-150-бәйіт)
Дастан тәлім тәрбиелік ой−толғамдарына өте бай және аса көркем стильде жазылған.
Баланың мінез−құлқы жақсы тәрбиеден туындайды. Егер бала ебедейсіз, шамшыл, өбектеліп өсетін болса, бұған бәрінен бұрын оның ата−анасы кінәлі. Отбасы үшін бала− зор қуаныш. Баласыз бақыт жоқ, бірақ баланың тууы ата−анаға зор міндет,жауапкершілік те жүктейді. Отбасы тәрбиесі – бала мінез−құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастыру негіздерінің негізі. Сондықтан оны балғын шағынан оқытып, жақсылап тәрбиелеу керек («Үй шаруасы мен баланы дұрыс күтіп−бағу үшін тазалық сақтайтын әйел таңда»). Баланы тәрбиелеу−әкенің парызы («Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі»). Ақылды, білімді етіп тәрбиелеу үшін әке−шешесі баласын үнемі назарда ұстауға тиіс. Дастан авторы өз баласын орынсыз еркелетудің дұрыс еместігін айтады. Балаларды қолөнерге баулу, ғылым−білімге қызықтыру− ата−ананың қасиетті парызы («Балаңыз өмірде өксімес үшін оған білім мен кәсіп бер»). Үлгілі тәртіптің негізі−білім, әдет−дағдыларға машықтану. Сондықтан баланы кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ағайын−туысты, ата−ананы қастерлеуге үйрету керек. Жүсіп жас жеткіншектерді үнемі ақыл−ойын дамытып отыруға, табиғаттың құпия сырларын танып білуге шақырады. Егер жақсы адам болғың келсе, онда білімді мол игеретін бол. Білімсіз адам− бұл надан адам.
Шығармада сондай−ақ адамдардың бір−бірімен қарым−қатынас жасау, сөз өнері, адамның әр түрлі жақсы−жаман қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеленеді.
Адалдыққа−адалдық, кісілікке−кісілік жасау туралы айтылады
Баянды, ұзақ бектік құрсам десеңіз,
Төрт шартты орында, түгенделер есеңіз.
Бірінші−тіл; ақ сөйле, айт ашығын,
Екінші− заң; ұстап адал, асылын!
Үшінші−елге қолың ашық, сақи бол,
Жаныңды қос, жұртпен мәңгі−бақи бол!
Төртіншісі− керек қуат, қайсарлық,
Жаудың мойнын иіп, тегіс жайпарлық!
Бек қолынан бұл төртеуі келмесе,
Жасып , жүдеп, бола қоймас елде еңсе!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет