Атауы
|
Түсіндірмесі
|
Айып
|
Жасаған қылмыс пен күнәнің өтемі
|
Ақыл-парасат
|
Адамның сана-сезімін, жан-дүниесін бейнелейтін қасиет
|
Ақыбет
|
Ақырет
|
Алла
|
Мұсылманша құдайдың аты, бүкіл әлемді, тіршілікті жаратушы, мұсылман дінінде Алла атына 99 мадақтау балама атаулар бар
|
Аманат
|
Уақытша сақтауға берілген, иесіне табысталуға тиесілі зат
|
Аруақ
|
Қайтыс болған адамдардың қасиетті де киелі рухы
|
Аталы сөз
|
Орнымен айтылған, жүйелі де ақылды сөз
|
Ашкөздік
|
Еш нәрсеге қанағат етпей, тойымсыздық көрсету
|
Әзәзіл
|
Жамандық әкелетін жағымсыз қасиет
|
Әзіз
|
Елге сыйлы, кеңпейілді кісіге бағышталып айтылатын сөз
|
Әкім (хан)
|
Әкімшілік және сот істерін басқаратын ел билеушісі
|
Баһадүр
|
Батыр, ержүрек, әскер басы адам
|
Бата
|
Мұсылман дінінің негізі баяндалатын Құранның бірінші сүресі, барлық діни рәсім-жоралғыларда міндетті түрле оқылады
|
Баянды бақ
|
Адамға тауып қонған, тұрақты бақыт
|
Бәйіт
|
Фольклордың лиро-эпостық жанрына жататын, екі жолдан тұратын поэтикалық шығарма
|
Бейбастақтық
|
Көргенсіздік, ақымақтық, тәрбиесіздік
|
Бек
|
Елдің беделді адамдары, билік иелері, зиялы қауым өкілі
|
Білік
|
Іске асып, пайда әкелетін білім
|
Ғалам
|
Жер-дүние, бүкіл әлем
|
Ғибрат
|
Өнегелі, үлгі болар игі сезімдер тудыратын сөздер
|
Ғұлама
|
Аса ақылды, жан-жақты білімді, оқымысты адам
|
Дарақылық
|
Ешнәрсенің қадірін білмеу
|
Дәулет
|
Байлық, мол дүние
|
Дихан
|
Егін өсіретін, егіншілікті кәсіп ететін шаруалар
|
Ділмар
|
Тілге шешен, сөзге бай, шебер сөйлей алатын адам
|
Дін
|
Құдайға сенушілікке негізделген дүниеге көзқарас жүйесі
|
Ел-жұрт
|
Туған жер, ата-мекен
|
Елік
|
Қарахан ел билеушілерінің атауы
|
Ес
|
Ұмытпаушылық
|
Жайсаң
|
Ашық көңіл, жақсы мінез
|
Жамағат
|
Туыстығы онша жақын емес, алыс ағайындар
|
Жарамсақ
|
Жағымпаз, әркімге жалтақ адам
|
Жарға
|
Заң, тәртіп
|
Жатбауыр
|
Туыстықты, ағайындықты мойындамайтын адам
|
Желбуаз сөз
|
Өтірік-өсек, негізсіз, шындыққа сай емес сөз
|
Жетесіз
|
Білімі төмен, ақыл-ойы дамымаған адам
|
Жомарт
|
Қолы ашық, мырза кісі
|
Жүзіқара
|
Елге жат жаман іспен аты шыққан қылмыскер
|
Зауал
|
Істеген жамандықтың адамның өзіне қайтып келуі
|
Зерек
|
Оқып-тоқуға тез үйренетін алғыр адам
|
Зұлым
|
Адамдарға жамандық жасайтын арам адам
|
Ибалы
|
Ізетті, сыпайы, инабатты
|
Иман
|
Сенім, бір Алланың бар екендігіне сену. Иман-иштей сену (итикад), сөзбен сену (икрар) және іспен көрсету (амаль) сияқты үш сенімнен тұрады
|
Көзбояушы
|
Алдап-арбаушы, өтірік айтушы
|
Көрсоқыр
|
Білімсіз. Оқымаған бейшара адам
|
Кісілік
|
Азаматтық асыл қасиет, зор адамгершілік белгісі
|
Күнәһар
|
Күнәсі бар, қылмыс жасаған адам
|
Күпірлік
|
Астам сөйлеу, асыра мақтану
|
Қайырым
|
Жақсылық істеу, жан ашу
|
Қанағат
|
Азға көңіл тойдыру, барға шүкіршілік ету
|
Қаршадай
|
Кішкентай, өте жас
|
Қаршы
|
(көне түркіше) Сарай
|
Қолбала
|
Шаруашылыққа пайдаланылатын бала
|
Құлқынның құлы
|
Бір тамағы үшін кез-келген жаман іске баратын тойымсыз адам
|
Құт
|
Береке-байлық, жақсылық
|
Қыз мінезді
|
Мінезі жайлы, сыпайы, ұятты бозбала
|
Қылық
|
Іс-әрекет, міндет
|
Қимиә
|
Химия
|
Мархабат
|
Жақсы көңіл мен жақсы ниетті білдіру үшін қолданылатын сөз
|
Машақат
|
Бейнеті мол, көп күш жұмсауды керек ететін іс
|
Мәрттік
|
Ерлік, сөзде тұру, айтқанын істеу
|
Мейірбан
|
Ізгі ниетті, қайырымды адам
|
Мұрагер
|
Өзінен бұрын өткен адамның мұрасына ие болушы
|
Надан
|
Оқымаған, қараңғы, топас
|
Несібе
|
Әркімге тиесілі материалдық байлық, сыбаға, үлес
|
Обал
|
Әр нәрсенің қадірін білу, бағалау, бекрге ысырап етпеу
|
Өнерпаз
|
Өнерлі, бесаспап кісі
|
Өркөкірек
|
Ешкімді менсінбейтін, өзін басқалардан жоғары ұстайтын адам
|
Өсиет
|
Өзінен кейінгілерге айтылатын ақыл-кеңес, өтініш-тілек
|
Ізгілік
|
Жақсы іс, ізгі қасиет
|
Ізеттілік
|
Кісінің әдептілігін, тәрбиелілігін көрсететін іс-әрекет
|
Ілтифат
|
Жақсы ниет білдіру
|
Парасат
|
Ақылдылық пен зиялылықтың шыңы
|
Парыз
|
Азаматтық борыш, қастерлі міндет
|
Парық
|
Әр нәрсенің бағасы, нарқы
|
Пәк
|
Адыл, таза, кіршіксіз
|
Рақым
|
Қайырым, мейірім, жаны ашушылық
|
Ризық
|
Бұйырған, әркімге тиесілі нәрсе
|
Сабырлылық
|
Байсалдылық, тұрақтылық мінездері
|
Сақи
|
Мырза, ештеңесін аямайтын жомарт жан
|
Сұғанақ
|
Жылпос, қомағай, сумақай
|
Тағдыр
|
Өмір, тұрмыс, тіршілік
|
Тақуа
|
Азға қанағат ететін, тек Алланың жолымен жүретін адам
|
Тасбауыр
|
Ешкімге жаны ашымайтын, қатыгез
|
Тансиф
|
алу
|
Тәубе
|
Барға қанағат етудің өлшемі
|
Тырыш
|
Қолынан келсін, келмесін тырыса беретін адам
|
Тектілік
|
Ата-бабадан ген арқылы берілетін жақсы қасиеттер
|
Хакім
|
Ғалым, ғұлама, данышпан кісі
|
Хақ
|
Шындық, адалдық, заңды
|
Харам
|
Адалдықтан айырылған, лас
|
Шариғат
|
Ислам дінінің заңы
|
Шығай
|
Еш затын бөліскісі келмейтін сараң
|
Шешен
|
Сөзге шебер, тауып сөйлейтін кісі
|