Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017


«Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тәрбие мәселесі



бет30/40
Дата13.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#142980
түріДиплом
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
a92b8b33d9991586249b80d1e613c81c

«Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тәрбие мәселесі».

11 оқушы -өте жақсы
9 оқушы-жақсы

11 «А»

15

«Құтты білік» дастанындағы мақал-мәтелдер және оның тәрбиелік мәні-

12 оқушы- өте жақсы
3 оқушы-жақсы




Шығарманың бағалануы





1. Мазмұндылығы мен идеялығы.
2. Ой - пікірдің жүйелігі.
3. Стилі.
4. Грамматикалық сауаттылығы.





Шығармаға екі баға қойылады:
1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін;
2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін;


 Шығарма көлемі
9 – сынып – 3 – 4 бет;
10 – сынып – 6 – 8 бет;
11 – сынып – 6 – 8 бет (оқушы дәптерінің беті).



Бағалау нормалары.



Баға

Қателер саны

«5»

1/0 1/0 0/1

«4»

3/3 2/4 1/5

«3»

6/5 5/6 3/8

«2»

9/5 8/9



2-тарау бойынша тұжырым

Жүсіп Баласағұнның тәлім-тәрбиелік идеяларының алтын арқауы, негізгі өзегі-«Құтты біліктің» мазмұнын құрайтын адами құндылықтардың жүйесі. «Құтты білікте» көтерілген, бүгінгі мәселелердің бірі-жеке тұлғаны жетілдіру. «Құтты біліктегі» адамгершілік қасиеттердің шыңы болып есептелетін этнопедагогикалық категория-кісілік. Ақын жақсылығын, қайырымдылығын, ізгілігін есеппен істемейтін адамдардың құндылық қасиетін «кісілік» деп атап, нағыз кісіліктің негізіне кішілік, ізгілік,тектілік, парасаттылық қасиеттері жататындаған дәлелдейді. Ислам діні ғылым-білімнің, оқып-білудің жанашыр жақтаушысы екендігі «Құтты білікте» дәлелденеді. Ақынның ойынша, адам бойында қалыптасатын игі қасиеттер, жалпы, қоғамдық прогресс білімнің, оқудың, өне бойы ізденудің арқасында келеді.Өмірді танып-білу-Алланы танып-білуге талпыныс, ол, тек ғылым арқылы жүзеге асады. Бірақ білімді адамның бәрі тәрбиелі, иманды бола бермейді, өмірде білімді ақымақтар да жиі кездесіп отырады. Білімді игеру-әрбір адамның міндеті, бірақ ақымақтарға оқу-білім ақыл қоспайды.Тәрбие балаға тал бесіктен жер бесікке түскенге дейін үздіксіз, белгілі бір ізгі мақсатпен жүргізілгені абзал.Ұстаздың тәрбиеге көнетін адамдар мен оған онша көне бермейтіндер де болатынын ұмытпауы тиіс. Қандай жағдайда да тәрбие жұмысы бір сәтке де толастамауы керек. «Құтты білік» дастаны түркі тілдес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының, төл мұрасы болғандықтан, онда көрініс берген тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер қазақтың халық педагогикасымен сабақтасып жатыр. «Құтты білік» дастаны- ілкі ортағасырлық ұлы бабамыздың ұрпақтарына қалдырған өн бойына ең асыл сөздерді, инабатты ойларды жинақтаған ең қымбат, көнермейтін мәдени ескерткіш, баға жетпес рухани мұра.




Қорытынды

«Құтты білік»-ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. «Құтты білік» дастанының ғасырлар сынынан өткен,замандар бойы мәнін жоғалтпай жеткен түрлі әдеби, тарихи, этникалық, философиялық, көркемдік заңлдылықтары өзінше бір әлем.


«Құтты білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның жалпы түркітілдес халықтар тарихындағы әдебиеттану, тілтану, мәдени-тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні аса зор. Бұл тұрғыда қазақ хылқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Балсағұнның адамгершілік тәрбиесінде жатыр.
Сонау ерте заманның өзінде-ақ қазіргі қазақ халқының арғы ата-тегі көне түркілердің аса мәнді мұралары болғандығын және олардың дербес іс-әрекеті бар мемлекет, өзіндік этникалық психологиясы қалыптасқан іргелі ел құрғанын Жүсіп Баласағұни өшпес рухани ескерткіші арқылы әлемге паш етеді. Қазақ жерінен шыққан ортағасырлық ойшылдың артына қалдырып кеткен рухани мұрасының астары өте терең. Онда, бұрын да айтқанымыздай, қазіргі қоғамдық және гуманитарлық ғалымдарға талай зерттеу нысаны боларлық терең философиялық ойлар мен нақты ғылыми түйіндер жеткілікті.
Жүсіп Баласағұни кемеңгер елбасы билік құрған, әділ заң үстемдік еткен құқықтық мемлекеттің қандай болуы керектігін шебер бейнелейді. «Құтты білік» дидактикалық дастанындағы тәлім-тәрбиелік құндылықтар жүйесінде ақын өзі айтқандай «құтын тұтатын» кез қазақ оқырмандарына, ғылыми-педагогикалық қауымға, өскелең ұрпаққа келді.
Дипломдық зерттеуді қорытындылай отырып, түркі ойшылының шығармасы өміршең, оның педагогикалық идеяларындағы адами құндылықтар жүйесін құрайтын адамзат өмірінің мәңгілігі, дүниеде адамнан қасиетті, бағалы ештеңенің жоқтығы екендігін баса айту.
Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасқан халық тәлімі жазба әдебиетімен сабақтастығымен ерекшеленеді. Халықтық сипаттың, ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерінің қайнар көзі Жүсіп Баласағұнның шығармаларында айқын аңғарылады. Дастанда кеңінен орын алатын мақал-мәтелдер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, сондағы қойылған мақсатты жүзеге асыруға ықпалын тигізіп, жазба ескерткіштерінің мазмұнын байытып отырған. Жазбалар іргетасын қалаған аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер тәрбиенің арнайы бір міндетін шешуге бағытталған, тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдері, тиімді формалары болып келеді. Орта ғасырда адамгершілік, отансүйгіштік, ақыл-ой, намыс, отбасы тәрбие түрлері жан-жақты дамыған.

  • Жүсіп Баласағұни педагогикасының бір негізгі өзегі, алтын арқауы болып, имандылық, адамгершілік идеялары саналады.

  • Тәлім - тәрбиелік принципті басшылыққа ала отырып, Баласағұн «Құтты білік» дастанындағы салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды көрсете білді. Олардың ішінде айқын көрінетін қонақжайлылық, үлкен-кішіні сыйлау, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, қыз тәрбиесі, т.б. салт-дәстүрлер ерекше орын алады.

  • Жүсіп Баласағұн мұрасының бүгінгі таңда ұлттық тәрбиеде алатын орны ерекше. «Құтты білік» дастаны халық педагогикасының мазмұнын тереңдетіп, жаңаша қырларын көруге бағыттайды. Баласағұнның негізгі мақсаты құтты мемлекет орнату, жетілген тұлға тәрбиелеу. Осы тұрғыда ұсынған принциптер мен әдіс-тәсілдерін оқу-үрдісінде толық пайдалану қажеттігі туады.

Жүсіп Балсағұнның мұрасындағы тәрбие негіздерін отбасы, отансүйгіштік, адамгершілік, ізгілік, тәрбие үрдістерінде толық пайдалану, оны жүйелеп, бүгінгі күннің талабына сәйкестендіру қажеттілігін тудырады. Сондықтан зерттеу нәтижелері бойынша төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:

  1. Жүсіп Баласағұнның тәрбие идеяларын білім беру жүйесінің жоғарғы сынып сатысында қолданудың тиімді жолдарын айқындап, әңгіме, сабақ, сабақтан тыс іс-шаралар, пікірталас, т.б. дәстүрлі, дәстүрлі емес формалар, әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

  2. Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша зерттеу барысында жасалған әдістемелік нұсқауларды жалпы білім беретін мектептердің «Мәңгілік ел» ұлттық бағдарламасының талабына сай келетін тәрбие бағдарламаларына енгізу қажет.

«Құтты біліктегі» қос жолдан тұратын 6645-бәйіттер- бір қараған адамға қазақтың қарапайым қара өлеңі сияқты көрінгенімен, зерделеп үңілген зерттеушіге сәулесін мәңгі шашып тұратын көпқырлы гауһартас іспеттес рухани құндылықтар дүниесі.
Жүсіп Баласағұни «Әкенің баласына қалдыратын ең қымбат мұрасы-өнегелі тәрбие» деген ұлағатты сөзді әрқашанда ту етіп ұстап, өзінің «Құтты білік» кітабын асыл тәрбиенің үлгісіне балап, болашақ ұрпаққа аманат-сыйлық, құнды мұра ретінде өсиет етіп кеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет