Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017



бет28/40
Дата13.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#142980
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
a92b8b33d9991586249b80d1e613c81c

Сайыстың көрнекілігі: Жүсіп Баласағұн туралы қабырға газеті, «Құтты білік» кітабы, дастан, ғұлама туралы кітаптар, газет-журналдар, слайд.
Пәнаралық байланыстар: әдебиет, қазақ тілі, тарих.


Сайыстың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

«Тарихи тағылымға саяхат!» атты мәнерлеп оқу сайысының барысы
— Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар, құрметті оқушылар !

«Тарихи тағылымға саяхат!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!!!


Әнұран орындалады.
(Ән: «Көк тудың желбірегені». Қатысатын оқушылар ән әуенімен қолдарына жалау ұстап сахнаға шығады.)

  • Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік» дастаны туралы шағын слайд көрсетіледі.







Жүргізуші: Кіріспе сөз
«Президент Қазақстанның «Мәңгілік ел» ретіндегі болашағы туралы сөз қозғағанда, ол ұлттың тарихи санасына қатысты мәселелерді күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде қарастырады. Бүгінгі күнді түсініп, келешекті болжау үшін өткенді білу қажет. Адам алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне терең бойлағанда, оның өмірлік және азаматтық ұстанымдары айқындала түседі.
Соған сәйкес, бүгінгі сайысымызды түркі халқының ұлы тұлғасы Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерей тойы қарсаңына орай ұйымдастырылып отырған мәнерлеп оқу сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызда оқушылар Жүсіп Баласағұнның ұлы туындысы «Құтты білік» дастанынан үзінді шумақтарды оқиды. Сайыскерлерге сәттілік!
Бұл сайыс 9-11 сыныптар аралығында өтеді. Олар:
1. 9 сыныптан –Маулетхан Ақжол
2. 9 сынып –Аманбаева Гүлден, Алмабек Роза,
3. 9 сынып –Сейіл Әлемхат
4. 10 сынып – Сандыбаева Мадина
5. 10 сынып – Алтайбай Ақжол
6. 10 сынып – Тілетхан Ақгүл,
7. 11 сынып – Тілеухан Құндыз, Зайнулинова Индира
8. 11 сынып- Әбдібекова Салтанат
9. 11 сынып- Жарас Әсел
10.11 сынып- Қалманұлы Азат
Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық:
1. Мектеп директоры- Елеманова Ә.С.
2. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Қадыр Мұратбек
3. Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі- Майпышева А.А.
4. Мектеп кітапханасының мұғалімдері- Қанат Ә. Жарылқасынова А.
Жүргізуші сөзі:
— Сайыскерлеріміздің мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі ескерілетінін қаперлеріңізге береміз.
11- сыныптан Маулетхан Ақжол
Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен екендігі айтылады
Адамды хақ жаратты да ескерді:
Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.
Көңіл берді әрі тілін тербетті,
Ұят берді, берді құлық, келбетті.
(Ділін оңдап, ерік берді тіліне,
Ұят берді қылық-құлық, тініне!)
Білік берді-адам бүгін жетілді,
Ақыл берді-талай түйін шешілді.
Кімге хұда берсе білім, ақылды,
Қолы жетіп, алар ол мол асылды!
Ақылды-ұлы, біл, білімді-білікті,
Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.
(Ақылды-ұлық, білікті-ұлы, қарасаң,
Екеуі ұлы етер құлдың сарасын.)
Бұл сөзіме куә мұндай сөз де бар,
Сөзді естіп, аларыңды көздеп ал:
«Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде, сол білікті болады.
Ақылды ұғар, білімділер біледі,
Түгел болар білімді, есті тілегі!»
Білік мәнін біл, не дейді білген ер:
Білім білсең, бәле жүрмес іргеден.
Білімсіздер бар кеселді көреді,
Емдемесе, тектен-текке өледі.
(Надандарды дерт пен бәле үйірер,
Емдемесе, ерте сөніп, күйінер...)
Кел, ай, надан! Дертке дауа жасағын:
Надан білім алса, құты тасады.
Ақыл-бұйда, ере түссең-жетелер,
Сансыз арыз-тілегіне жетер ер!
Ақыл болса, пайдасын ер көп көрер,
Білім білсе, әзіз тірлік өткерер!
Ақыл күллі ісіңді алып шығатын,
Бұл біліммен көрер бектер мұратын!
(Күллі ісіңді ақылыңмен баптағын,
Уақытыңды біліміңмен сақтағын.
Жүргізуші сөзі: Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
(Сайыс қорытындыланып, қатысқан оқушылар марапатталады.)
— Құрметті оқушылар! Тәуелсіздіктің тірегі, елдің тілегі — сіздерсіздер! Өткен тарихты білмейінше, болашаққа қадам баса алмаймыз. Сондықтан да тарихымызды құрметтей білейік!
— Мектебіміздің әншісі 10 «Б» сынып оқушысы Қонақбаев Айдынның орындауындағы «Өз елім» әнін қабыл алыңыздар!
— Осымен бүгінгі «Тарихи тағылымға саяхат»- атты кешіміз аяқталды. Қатысушыларға, көрермендерге алғыс айтамыз.

Тұжырым
Тарих өткенмен, адам жадысымен және әлеуметтік санамен сабақтас. Тарихи сананы төл тарихты зерттеп-зерделеу, ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды игеру арқылы ғана қайта жаңғыртуға болады. Адамдарды рухани оятатын ана тілімен қоса, дәстүрді де жаңғырта отырып, халықтың өткен тарихын толығымен қалпына келтіру қажет. Тәуелсіздіктің рухани тұғырнамасын түзетін тарихи сана-сезімнің қалыптасуы деген – осы», - дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Сатершинов. Осы орайда, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының аясындағы тарихи ізденіс ретінде Жүсіп Баласағұнның көркем туындысы «Құтты білік» дастанындағы баға жетпес асыл мұраны, оқушылар санасына мәнерлеп, түсініп оқу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастырамыз.Сонымен бірге, Жүсіп Баласағұнның биылғы 1000 жылдық мерей тойына мектеп ұстаздары мен оқушыларының қосқан үлесі ретінде қарастырылды.
Сайыстың басты мақсаты -Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы адамгершілік қағидаларын мәнін түсіне отырып, тарихи мұраға сыйластықпен қарау және мәнерлеп оқуды қалыптастыру. Сайыс 9-11 сынып аралығында өткізілді. Мектепішілік «Шешендік өнер» клубымен бірлесіп жасасқан сайыс жоғары деңгейде өтті. Сайысқа ат салысқан тарих пәні , қазақ тілі мен әдебиет пәні және кітапханашы ұстаздардың еңбегі өте зор болды. Сайыс барысында оқушылар «Құтты білік» дастанындағы түсініксіз сөздерді тарих пәні,әдебиет пәнінің ұстаздарының көмегімен және Қосымша Д-көрсеткіш сөздіктер арқылы таба білді. Сонымен қатар, сайыс барысында оқушылардың сөйлеу дағдыларында біршама қиындықтары да болды. Атап айтсақ, қала оқушыларының орыс тілінде сөйлеуі және ойлауы, қазақ тілге деген шорқақтығы, дастанда берілген сөздердің мағынасын терең түсіне бермейтіндігі қиындық туғызды. Сөз мағыналарын түсіне білмегендіктен, «Құтты білік» дастанында кездесетін күрделі сөздердің мағынасын түсіндіретін сөздік жасап шықтық. Қосымша Д көрсеткіш арқылы көре аласыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет