Жұмыс орнында өмірге қауіпті жағдайлар болмас үшін, электр қауіпсіздігін сақтау әр адамның міндеті. Қауіпті жағдайлар компьютерді, оның қосалқы аппараттарын бір ток желісіне немесе оларды қосуға арналмаған сымдарды қосу салдарынан пайда болады. Ондай жағдайларды болдырмас үшін келесідей амалдарды қолдану керек:
Қолданылатын сымдардың сапасын және зақымдалмағандығын тексеру.
Қосылатын компьютерлермен оның қосалқы аппараттарына қажетті электр қуатын ескере отырып қажетті кабельдер алу.
Сымдардың өз ара оралмауын немесе түйіліп қалмауын қадағалау.
Жұмыс аяқталысымен барлық электр қуатын тұтынатын приборларды толығымен ток көзінен ажырату.
Қолданылатын розеткалардың стандарттарға сай келуін қадағалау.
Бөлмедегі электромагниттік сәулеленудің адамдарға тигізетін әсерін төмендету жұмыстары өте маңызды болады. Монитор электромагниттік сәулеленудің негізгі көзі болып табылады. Осы электромагниттік сәулеленуден қорғану үшін мониторлар сәулеленудің басым бөлігін жұтатын арнайы қабымен (покрытие) болуы қажет, және де монитордың артқы жағынан шығатын сәулеленуін адамдарға тигізбеу үшін компьютерлер бөлменің периметрі бойымен орналастырылады. 4.3 кестесінде электромагниттік нормалар келтірілген.
4.3-кесте. Радиожиіліктің ЭМА әсерінің шекті деңгейі
Параметр
|
Жиілік диапазонында
шекті деңгей, МГц
|
Параметр
|
Жиілік диапазонында
шекті деңгей, МГц
|
0,05-3
|
3-30
|
30-300
|
0,05-3
|
3-30
|
30-300
|
ЕПД, В/м
|
500
|
300
|
80
|
ЭНЕпд, (В/м)2ч
|
20000
|
7000
|
800
|
НПД, А/м
|
50
|
-
|
-
|
ЭННпд, (А/м)2ч
|
200
|
-
|
-
|
ЕПД, НПД және ЭНЕпд, ЭННпд максимал мәндері.
ДК пайдаланушылары арасында ең көп тараған ақпараттық дисплей түрлеріне электронды сәулесі трубка негізінде жасалғандар жатады. Электромагниттік электр энергиясынан сәуле шашатын құрылғылармен жұмыс
істеудегі қауіпсіздікті сақтау үшін сәулелену деңгейінің қалыпты жағдайын ұстап тұру үшін мынадай құралдар мен әдістер бар:
жұмыс орнын экрандау;
жұмыс орнын электромагниттік өрістер көзінен алыс орналастыру (алдынан – 70 см, бүйірінен және артынан – 120 см);
электромагниттік энергия сәулесін шашатын жабдықтардың жұмыс істеуінің тиімді режимін орнату (жұмыс – 5 сағаттан, арасында 1 сағат үзіліс).
Достарыңызбен бөлісу: |