Дипломдық жұмыс Тақырыбы: Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері Орындаған: Сахиева Ә. 310-34 тобы



бет1/3
Дата25.01.2017
өлшемі0,71 Mb.
#7797
түріДиплом
  1   2   3

Ф-ОБ-001/033


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым

Министрлігі


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент институты
Филология Факультеті.

Қазақ Әдебиеті Кафедрасы


Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Қ.Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері

Орындаған: Сахиева Ә.

310-34 тобы

Ғылыми жетекшісі _________________

Филология ғылымдарының кондидаты,

доцент Бекмырза С.


Қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі / ф.ғ.к./ доцент С.Б. Бекмырза

«_____» ____________ 2008 жыл
Шымкент – 2008

Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3

Негізгі бөлім:

І тарау


«Ұлпан» романының жазылу тарихы..................................................................10

ІІ тарау

«Ұлпан» романындағы Ұлпан мен Есеней бейнесі және олардың тарихи тұлғалары................................................................................................................18

ІІІ тарау

«Ұлпан» романындағы образдар жүйесі.............................................................45

Қорытынды..........................................................................................................56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................59


Кіріспе


Диплом жұмысының өзектілігі:

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, академик-жазушы, алыптар тобының сардары Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы жарық көрген тұста оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болып, әдеби сында да жоғары бағаланды. «Ұлпан» романының ерекшелігі оның басты кейіпкерлерінің тарихта болған тұлғалар екендігінде. Жазушының «40 жыл бойына» көңілінде пісіп-жетіліп, толыққан бейне − Ұлпан бейнесі. Бұл шығарма идеялық-көркемдік тұрғысынан ерекшеленетін туынды. Біз жұмысты жазу барысында шығарманың осындай ерекшеліктерін қарастырумен қатар оның жазылу тарихын, басты тұлғалар мен олардың түптұлғаларының тарихтағы орнын сараладық.



Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

1.Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығына жалпы шолу жасау;

2."Ұлпан" романының жазылу тарихына тоқталу;

3.Кейіпкерлер мен түптұлғалардың арақатынасы, өмір шындығы мен көркемдік шындықтың байланысы;

4.Автордың тұлғасын сомдауы мен характерін ашудағы шеберлігін пайымдау;

5."Ұлпан" романы туралы бұрын-соңды жазылған сыни мақалалар мен еңбектерге сүйене отырып, өзіндік ой-пікір қорытындысын шығару, пікір қалыптастыруға тырысу;



Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері:

Диплом жұмысын жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы орныққан теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізімен басшылыққа алынды. Сонымен бірге талдау, жинақтау және салыстыру әдістері қолданылды. Жұмыстың негізгі теориялық тұжырымдары мен түйіндерін қорытуда қазақ ғалымдары С.Мұқанов, З.Қабдолов, Т.Кәкішұлы, Ж.Ысмағұлов, Ш.Беркімбаева, М.Бекбергенов, Ә.Нарымбетов сынды

әдебиеттанушыларының теориялық зерттеу еңбектері, сын-мақалалары мен пікірлері басшылыққа алынды. Бұларға қоса әр жылдарда баспасөз бетінде жарияланған Ғ.Мүсірепов туралы түрлі мақалалар да пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы:

Жалпы жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Белгілі қаламгер, көркем сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Оның шығармашылығы келелі де мазмұнды әдеби қорымызды байыта түскен әдебиетіміздің қазынасына қосылды. Шеберлік шыңына Ғ.Мүсірепов бүкіл қазақ әдебиетінің өрге ұмтылған үлкен керуенімен бірге адымдай отырып, көптеген жетістіктерге жетті. Туған әдебиетімен бірге түлеген жазушы шығармалары өмір шындығымен, замандастың даңқты істерімен тыныстаған. Ол бүкіл қазақ әдебиетімен бірге қанаттанып, қияға бірге құлаш ұрды. Шағын әңгіме, новелладан бастап, салалы роман мен кесек драмаға дейін жазушы жүріп өткен үлкен жол − алғашқы шағын әңгімелерден көп томдық эпопеяға, фольклорлық эпостан XX ғасырдың биік өнеріне шырқап шыққан қазақ әдебиеті дамуының бір дерегі мен дәлелі. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазақ әдебиетінің профессионалдық биік дәрежесіне, кең құлашына, философиялық тереңдігіне, байтақ өрісіне, қоғамдық зор маңызына айқын айғақ. Туған әдебиетіміздің осынау гүлдену, өсу жолында, оның әрбір кезең, белестерінде Ғ.Мүсіреповтің сіңірген еңбегі айрықша.

Ұлттық жаңа әдебиеттің қалыптасуында белгілі роль атқарған Ғ.Мүсірепов әңгімелері мен пъесалары, романдары мен повестері халық өмірінің елеулі кезеңдерін қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзектерді, қазақ кедейлерінің мінез-құлқындағы құбылыстарды, ұлт болып қайта туу, жаңғырып, жасару жолымызды бейнелейді.Оның шығармалары белгілі бір оқиғаның жалаң суреті ғана емес, ірі дарын иесінің халық тағдыры, адам жайлы толғаныстары деп білеміз.

Ғ.Мүсіреповтің кітаптарында халық өмірінің әр алуан бояуы, ауыспалы ауасы, дабыл-дыбысы, әуен-ырғағы, тарихи бел-белестері, өсу кезеңдері жатыр, сан ұрпақтың көрікті-көріксіз келбеті мен тағдыры жатыр. Ол халық тынысын, халықтың жүрек дүрсілін, ауыр ойлары мен бұлдыр қиялын, асқақ арманы мен іргелі рухани ізденіс тарихын суреткерлік зейінділікпен жіті байқап, қайта жаңғыртып, қайтадан " жан бітіріп" жаңа қауымға ұсынды.

Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық ізденуінің ең бір жемісті қадамы,

сондай-ақ биік шыңдардан көріне білген кездері мен сәттері оның аналар тақырыбына арналып жазылған бірнеше әңгімелер мен новеллаларының қай-қайсысын алып қарайтын болсақ, қаламгер шеберлігінің арқасында аналарымыздың қоғамдағы орны, қызметі, қайраткерлігі, адалдығы, сонымен бірге қайсарлығы жете суреттелген.

Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуірінде орыс әдебиетінің айрықша ұстаздық роль атқарғандығы белгілі. Жазушыларымыз орыс классиктерінен өмір оқиғаларын революциялық дамуы үстінде суреттеуді, күрескер адамның бейнесін жасауды үйреніп қана қоймай, кең жағдайда олармен тікелей тақырыптас, үндес шығармалар да жазды.Соның бір мысалы Ғ.Мүсіреповтің "Ана туралы әңгімелер" циклі. Мұның пролетариат әдебиетінің атасы А.М.Горькийдің анық ықпалымен жазылғандығы айқын. Әлем әдебиетінде тұңғыш рет күрескер, өршіл, оптимист ананың образы М.Горький шығармаларында жасалып еді. Ол өмірден жабыққан, тарыққан аналарды емес, өз бақыты үшін, ел бақыты үшін күресе білетін ер аналардың іс-әрекетін жырлаған. Міне, Горькийдің осы өнегесі Ғ.Мүсіреповтің әңгімелерінен анық көрінеді.

Ана туралы новеллалар шоғыры алғаш рет 1934 жылы «Ана» атты кітапта топталып берілді. Онда «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» новеллалары бар. Алғашқы екі новеллалар Горькийдің ізімен жазылып тұрса да, көп жағынан қазақ әдебиетінің өз туындысындай болып шыққан.

Әр жазушы, ең алдымен, өз туған халқының көкейіндегі ойын, жан-сырын кемеліне келтіре жырлаумен ғана мұратына жетеді. Сол сияқты өзі өсіп-өнген ортаның, қазақ елі әйелдерінің нелер-бір асыл қасиеттері Ғабит Мүсіреповті де ертеден-ақ толғандырып, ойландырған секілді. Ал қазақ елі өзі ел билеп, халық болып қалыптасқан көне заманнан бері-ақ әйелді, ананы, қыз баласын қатты қадірлеп, құрмет тұтуды берік дәстүрге айналдырған халықтардың бірі. Сол кездегі дәуір шындығын көрсететін. «Алып-анадан туады», «Ана − алдында құрмет, ата алдында − қызмет», «Мейірімі мол ананың − жүрегі жылы, қолы кең» т.б. дана мақалдар бұған дәлел бола алады.

Халық бейбіт кезде әйелді асқар таудай сүйеніш деп есептесе, ел басына күн туған қатерлі шайқастарда батырдың бірінші серігі деп білген. Сол көне заманда алғырлығымен, шешендігімен, тапқырлығымен, батылдығымен, сезімталдығымен ел аңсауына арналған қазақ әйелі аз емес.Өмір қиыншылығының сондай бір кезеңдерінде өзінің табиғи құдіретті қалпын сақтап, өмір үшін табанды күрескер бола білген бүкіл әйел атаулының, соның ішінде тонның ішкі бауындай өзіне жақын қазақ әйелінің өмірі жазушыны өмір бойы ойландырып, олар жайында шабытты шығармалар жазуға жетелегенін айқын көруімізге болады.

Ана туралы тақырыпқа баруы М.Горькийдің әсерінен болғандығын автордың өзі былай деп мәлімдеген: «Горькийдің тақырыбын, жазу әдісін ұғынамын деп талаптанған ғалымда ұшы-қиыры жоқ кең байлықтың ішіндегі ең бір негізгі саласы − күшті адам екен деген қорытындыға келдім... Құлақта ертеден бір әңгімелер жүретін еді. Горькийдің «Аналарын» қайта бір оқығанда, сол әңгімелерім тіріле бастады. Көп ойланбастан-ақ Горькийдің аналарында да, өзімде де бар әңгімелерді де қағазға түсірдім» [1, 5].

Ана туралы новеллалар тақырыптық жағынан ұқсастығының үстіне идеялық бағыты, пафосы жағынан да бірін-бірі толықтырып отырады. Олардағы ортақ типтік герой − шындық үшін, әділет үшін өмірдің не бір қиындығына да қарсы тұрып, кедергілерді жеңе білетін, әлемге өмір

тарататын, сол өмір үшін өліммен айқасатын, қауіптің алдында қорқып иілмейтін, өзінің ұлылығын сезінетін, әрі мейірбан, әрі айбатты күрескер, өршіл, өжет ананың образы. Осы образ қазақ әдебиетіне өзінің үлкен соңылығын, жаңа сипатын, әсерлі күшін алып келген. Ғ.Мүсіреповтің әңгімелері мен новеллаларында, очерктерінде жасалған адамдар бейнесін аналардың өшпес тұлғалары байыта түседі. Автор қандай қиындық болса да, өзінің қамқоршыл жүрегінен, адамгершілік қасиетінен айнымайтын дүниедегі ең мықты жан − ана дегенді айтады [2, 23-29].

Ғ.Мүсірепов «Ана» деген ардақты атты барлық жағынан, яғни, қоғамдағы орны, сонымен қатар жарық өмірмен тең екендігін, ана әрбір жанұяның шаңырағы екендігін, бір сөзбен айтқанда, ананың ұлылық сипатын жан-жақты сипаттап көрсете білді.

Батырларымыз өз туған елін, жерін қорғай білетін қайсар, өжет ер екенін білсек, ал ана сол батырларды өзінінің нәзіктік сезімі мен өр рухты мінезімен қорғай білген дара тұлға.

Ғабит Мүсірепов туралы Хабиби Елебекова былай деп сыр шертеді: "Ғабең нұрдан жаралғандай жан еді. Әр сөзінің өзі жүректі жан тебірентер сырлы саздай естілетін. Сондай сері кісі болды. Табиғаты қыз-келіншектерге қаншалықты жақын болса, отанасы Хұсниді де аялай білді. Хұсни апай өзінің ер-азаматына ол кісідей адал болған, алдынан кеспек түгіл, бір ауыз қарсы сөз айтпай өткен адамды, мен өте сирек кездестірген шығармын. Бірде қонақта отырып, әйелдер оңаша қалған бір сәтте Хұсни апай өзінің жас кезіндегі суретін көрсетті. "Мен де әдемі болатынмын, осы Ғабең ізімнен қалмай жүріп, қолына түсірген. Әрине, Ғабитті мен де жақсы көрдім. Ол кісіге деген махаббатымды өздерің де білесіңдер ғой", − деп жымиды. Сол сияқты Ғабең де Хұсни апайға ғашық болып қосылып, тамаша ғұмыр кешті.Үш перзент сүйді".

Ғабит Мүсірепов өзінің "Күнделігінде" әйелдер туралы мынадай ой-толғаныстарын келтіреді:



Әйел шынымен жылап алса ажарланып кетеді, көңілінде түйнек болып тұрған бір тасты көз жасымен жуып тастағандай.

Әйелге – еркектердің таласы талай жазылады, әйелдердің еркекке таласы әлі жазылған жоқ. Бұл тақырыпты ептеп сезінсем керек: арнаулы тақырып етпегенмен бір сүрлеуге қоса кету дұрыс болады.

Дүниеде әйеліңмен жанжалдасудың ғана көп варианты бар және әр жанрда жанжалдасуға болады! Енді тоқтады-ау деген кезде тағы бір саңылау тауып қайтадан қоза береді.

Әйелді сүю үшін білуің ғана жетпейді, сезінуің керек, ең керегі осы.

  • Әйелге ше?

  • Оған да!

Еркектің ашуы түске дейін, әйелдің ашуы кешке дейін.

Еркектің ашуы аспен тарайды, әйелдің ашуы төсекте тарайды.

Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді.

Әйел боянса бұзылады, көп қиқаңдаса ұрылады.

Әйел шынын айтса да себебі бар, өтірік айтса да себебі бар.

Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса сұлулықты ит те сезеді.

Ғ.Мүсірепов өз шығармашылығында жігерлі де ақылды, сұлу да адал, мейірімді де қайсар, белгілі бір мүдде жолында өз жанын пида етуге бар, өр рухты да, ер мінезді, мәрт те нәзік, бір сөзбен айтқанда қаһарман әйелдер туралы үзбей жазған суреткер.

Жазушы шығармаларында осындай қаһарман әйелдер бейнесінің тәжі де, шыңы да іспеттес болып, әдебиетімізге Ұлпан бейнесі келді.Ұлпанның бір бойында жоғарыдағы әйелдердің баршасына тән драма да, трагедия да, қайраткерлік те, қаһармандық та бәрі-бәрі шынайы тоғысқандай. Ғ.Мүсірепов шығармашылығында үзбей орын алып келген әйел кейіпкердің барлық қасиетін бір бойына жинақтаған Ұлпан бейнесін, әйел − Ұлпанды ұлы образ, әрі ұлы тұлға, әрі ұлы әйел деп есептейміз. Романда қазақ қызының ісі де, қылығы да, сөзі де айқын танылады. Ұлпан бейнесі − бүкіл қазақ әйелінің жиынтық, көп планды бейнесі. Осы образдың ішкі тінінде қазақ әйелінің феодалдық қоғамда көрген зорлық-зомбылығы да, ел билеген, ел басқарған даналығы мен батырлығы да, шырақты сүттей ұйытып мейірімге бөлер аналық қадір-қасиеті де жатыр.

Дегенмен, Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығы хақында айтылатын пікірлер мен зерттеулер түгелденіп бітті десек, жаңсақ кеткен болар едік. Осы кезге дейін Ғ.Мүсірепов туралы бірталай зерттеулердің, көптеген мақалалардың жарияланғанына қарамастан, жазушы творчествосының кейбір тұстары мен қырлары әлі де болса жеткілікті сөз болмаған.

Көріп отырғанымыздай Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романында қазақ әйелінің қоғамдағы орны мен қызметі туралы халық анасы ретінде тың жаңылықтар ашады.

І тарау. Ұлпан романының жазылу тарихы.

Отызыншы жылдары бастаған «Ана» циклын жетпісінші жылдары «Ұлпан» романымен түйіндеді. ХІХ ғасырдағы қазақ әйелінің трагедиялы ащы тағдырын суреттеген бұл романын жазушы 1974 жылы жазып аяқтаған болатын. Романда автор сол қара түнек феодалдық заманда өз ортасынан суырылып шығып жарық жұлдыздай ағып өткен айрықша адамды суреттеп берді. Әрине, қанаушылар билеген қоғамның тепкісінде зарлап азап шеккендерге жаны ашып, қол үшін беру, өзін қас тұрып, өзгенің бақытын ойлау – сол кездегі төтенше қимыл, айрықша мінез еді. Міне, осындай жауыздық әлеміне қарсы батыл күреске шығып, ел аңызына айналған, аршынды іс-қимылға барған дарынды қайраткер – қазақтың сол замандағы асқан ақылды әйелі – Ұлпанның әдеби жарқын тұлғасын жазушы жасап береді.

«Ұлпан» романы бірінші рет «Жұлдыз» журналының 1974 жылғы 6, 7, 12 – сандарында жарияланды. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан осы шығармасын әуелікде повесть деп атаған. Автор кейіннен көп өңдеп, роман жасады. Оны үш бөлімге жіктеп, әр бөлімнің тарауларының қатар санын өзгертті, жаңа тарау қосты. Жазушының бас томдық шығармалар жинағының бесінші томына (1976) және таңдамалысының үшінші томына (1980) енді. Роман «Ұлпан ее имя» деген атпен орыс тілінде (аударған А. Белянинов) «Жазушы» баспасының 1976 жылы кітап болып шықты.

«Ұлпан» романына жазушы қайта-қайта оралып, әрқилы жөндеулер, толықтырулар жасаумен келеді. Сол жөнделген, түзетілген, толықтырылған нұсқасын жазушы таңдамалысының үшінші томында (1980) жарияланады.

Тарихи тақырып бар жерде тарихи шығарма бар. Тарихи болмысқа еркін барып материалды өзінің шығармашылық қазанында еркін қорытып жазу мен тарихта болған және үлкен тарихи рөлі бар белгілі адамдар жайлы жазудың айырмасы бар. "Ұлпанның" басты кейіпкері—Ұлпан мен Есеней тарихта болған кісілер.

Шығарманың оқиғасы—XIX ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Жазушы бұларды шын болған күйінде емес, бұзып, бұрмалап көрсетіпті деген хаттар да басты образдардың болғанын растай түседі. Бір ғана өлкеде болмаса, басқаға беймәлім жандар себепті, осы адамдар туралы керағар пікірлердің орын алуы да дәлелді. "Ұлпан" романының жазушының тарихи материалдарды өзінің идеялық тұрғысынан қарап, өз ырқына бағындырып пайдаланған тарихи әлеуметтік шығармасы деп түсінеді. Романның соңында автордың "Сөз соңы" делінген түсініктемесі—осынау сөздің айғағы. Мұнда ол өз туындысын документті деректерге емес, ел аузындағы мәліметтерге сүйеніп жазғандығын ашық айтады. Бәрі де, Ұлпанның бейітін көргенде, Исахмет қария: "Ғабит, сен бұл кімнің бейіті екенін білетін шығарсың"—деп сұрады. Бұған ол: "Білемін, тастағы жазуын да оқып отырмын. Ұлпан шешеміздің бейіті,"—деп жауап қайырады. Сонда Исахмет: «Шешеміздің дегенін бүкіл Сибанның құлағына жағатын сөз. Ұлпан шешеміз аты жоққа ат берген, асы жоққа ас берген. Кедейлерге пана боған. Өзі Есенейдің ен байлығынан түк қызық көрмей өткен адам,"—дейді [6, 239]. Нұрғожа қарт күрсініп қойып: "Ондай адам қайда! Адалдығына қарап әулие ме дерсің, ерлігіне қарап еркек пе деп қаларсың дейді екен бұрынғылар,"—дейді. Нұрғожаны қолдаған Тайжан: "Есенейдей адамды көзі тірісінде ойлап алып, осы елді ел қылған сол шешең,"—десе, басқалары: "Аяғында сол Керейдің болыс-билері күндесе күңірене жүріп Торсан жалмауыздың дозағына апарып құлатты ғой,"—дейді. Бұдан әрі қарттар Ұлпанның бейітіне ақ тасты Торсан емес, Сибан елі орнатқанын әңгімелейді.

Міне, Ғ.Мүсірепов романына негіз салған осы әңгіме. Шығарманың сюжеттік желісі де осы ізден шыққан. Кенесары тобына қосылудан бас тартып. Керей-Уаққа қарасты бес болыс елге ықпалы жүріп тұрған шондар Есенейге жастай күйеуге шығып, оны ақыл-ойымен, көркімен, ер мінезімін билеп-төстеп кеткен Ұлпанның айналасындағы дүйім жұртқа қалайша беделі өткенін, әділдік, қайырымдылық еткенін, ақырында Торсан жалмауыздың тұзағына түсіп, опат болғанын Ғ.Мүсірепов ел аузынан естіген күйде кітаптың ұзын-ырға мазмұны етіп алған. Мұнда дәуір танытқыш, өмір танытқыш құнды мағлұматтар мен құнарлы образдар, психологиялық суреттер мен көркем детальдар молшылық. Шығарма кейіпкерлерінің тағдыры оқырмандарын сендіре ме? Сөз жоқ, сендіреді. Есеней мен Ұлпанның, Торсан мен Жәукенің, тағы басқаларының ара қатынастары өмірде шын осылай болған ба еді, жоқ басқаша болған ба еді—мәселе онда емес. Осылай болуға мүмкін бе еді, жазушы бізді осының растығына сендіре алды ма—міне, мәселе сонда.

Ұлпан образы туралы күдік келтірушілердің кейбіреулері өмірде бұлай болған емес деп күңкілдесе, кейбіреулері феодалдық-патриархалдық қоғамда қыз бала мұнша билік алуы мүмкін емес деген сыңай білдіреді.

Сибан елінің барлық әйелдері Ұлпанның бейітін бес жыл күтіпті. Топырағы олқы түсе бастаса-ақ жаулықтарына түйіп—топырақ әкеліп салады екен, содан бұзылмай келеді.

—Ұлпан әулие адам болмаса айтқаны келер ме еді? Өлерінде Торсанды "Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін!"—деп қарғаған екен. Сол қарғысы келмеді ме? Бәрін де көрдіңдер, Торсанның шаңырағы бір күннің ішінде құрып бітті.

—Көп жылдар бойы араздасып жүріп, әрең татуласқан біздің әкеміз де Ұлпанды әулие адам деп өтті. Намазынан тастамайтын,—деп кіші баласы, таза жанды адам Сүлеймен өз ойын айтты [6, 530-531].

Тайжекең сөзінде мен де жақсы білетін шындық бар. Әуелі Торсанның үлкен ұлы Шақан болыс әкесінің бір ауыр зұлымдығынан өзін-өзі пышақтап жарылып өлді. Содан кейін 1920 жылы Торсан өзі өліп еді, балалары бір күннің ішінде быт-шыт болып тарап кетті: екеуі—қайнына, біреуі— туысқан еліне. Торсан шаңырағы құлап, қыстауы аңырап қалды. Аяқтап келгенде бір кезде болыс болған, мырза атанған Торсан балалары қайыршылыққа ұшырап барып құрыды. Торсанның бейітіне ешкім барып құран оқымайды екен. Бұл енді қорлаудың үлкені. Бейітінде тым болмаса бір шыбық шанышқан белгі де жоқ, бет тақтайлары көрініп опырылып жатыр. Балалары әкесін көмген күні ұмытып та болған. Осының бәрін Сибан елінің, Ұлпанның қарғысынан деп есептейді.

—Ұлпан шешеміздің қазасы неден болды екен? —деп сұрағанымда:

—Оның дәл анығын көрген де, білетін де өзіңнің үлкен әжең Шынар еді. Ол кісі өле-өлгенше аузын ашпай кетті. Ол кісі таң атпай келіп, Ұлпанның қаза болғанын бірінші болып көрген. Ұлпанды арулап, ақ киізге орап, үш жерден байлап берген де сол кісі. Жерлегенде ішінде болдық. Жүзін көре алғанымыз жоқ. Бала болатынбыз.

—Ел өтірік айтпайды, қате ұстап қалып, сол қатесін өзі түсінеді де соны өңдеймін деп, кейде өзгертіп алатыны болады, —деді қария.

Ұлпан жайындағы әңгіменің ұзын-ырғасы осы. Кейбір жерлерінде артық-кемі де жоқ емес.

Біздің үлкен атамыз Мүсірептің бейіті де осы зиратта. Бейіттің бас жағына шыққан екі жуан ақ қайың бар. Қайыңдар қолдан отырғызғандай емес, өздері шыққан.

—Үлкен атаң Мүсіреп Ұлпан бәйбішенің ең жақын дос адамы болыпты, —деді Нарғожа қарт.

—Бала күнімізде Мүсекеңнің атын суғарып келуге таласушы едік. Жақсы ат мінетін. Шынар әжең де балалардан барын аямайтын, мырза кісі еді. Әжең ертерек қайтыс болды да, атаң қартая келе көп жоқшылық көрді. Үлкен баласы шаруа басын құрастыра алмайтын момын кісі еді ғой,—деп аяқтады.

Сегіз сері Бахрамұлы әйел теңсіздігі туралы былай дейді: "Мен қалың мал салтына анық наразылық білдіремін. Жастардың өз теңіне қосылуы, бірін-бірі көріп, қалап барып құда түсуін орынды санаған. Кез-келгенді ала салуға, қалың малдың арқасында қос-қостан әйел алып, оларды күң есебінде ұстауға немесе жасы келіп дірілдеген кәрі шалға жас қыздарды ұзатуға батыл қарсылық танытқан. Ал әйел теңсіздігін аяққа басқан қоғамдық топтарды өткір сынайды. Серінің осы тұрғыдан 1850 жылы шығарған "Есенейге" атты өлеңінде:

Ұлғайған күшті арыстан түк бітірмес,

Шал ойнап жас қызбенен дәурен сүрмес.

Жылатып жас бойжеткен қыз алғанмен,

Бұл күнде Есенейден ештеңе өнбес.

Алғанын ол Есеней қайтып бермес,

Өзімен дауласқанды жақсы көрмес.

Көз жасы Ұлпан қыз бен Дайрабайдың,

Қазақ пен Есенейді шын жібермес, — деп, Есенейдің жас қыз алғанын жақтырмай сынаған еді [8, 31-32].

Ғ. Мүсіреповтің "Ұлпан" романы жайында көптеген сыни ой-пікірлер газет-журналдар беттерінде басылып жатты. Одан кейін де сахна төрлерінде "Ұлпан—Есеней" атты қойылымдар да қойылды. Бұл жайында да баспасөз беттерінде режиссерлардың қателік жақтарын айтып көрсеткен. "Ұлпан" романы жайында жазылған ой-пікірлерге тоқталатын болсақ, 1997 жылы 22-каңтарда шыққан "Егемен Қазақстан" газетінде "Ер еңсесі" деген мақаламен жарық көрді. Мұнда былай делінеді: "Ауыл өміріндегі бай мен шаруа арасындағы қайшылықтарды сол тарихи кезеңдегі шындықпен дәлелдеп берген "Ұлпан" романы шыққаннан кейін, ненің өтірік екенін ешкім дәл басып айта алмады. Торсан қатал адам еді. Өзінің жұмыстарымен, болыс-билерімен сөйлескенде қатып қалушы еді. Алдына кісі салдырмайтын. Торсан туралы елде көптеген аңыздар, әңгімелер бар. Біріншіден, ол кісіні ешкім атымен атамай, "Қоқан" дейтін. Байдың ауылының жанынан ешкім жортып, атпен шауып өтіп, өліп кеткен адамды білуші еді. Көп жақтарын қазір ұмытып қалыппын,"—дейді С.Мұканов [17].

Сонымен қатар Ғ.Мүсірепов Ұлпанды Есенейге ғашық болды деп айтып көрсеткен жоқ. Ұлпан негізінен Есенейге қазақтың ескі салт-дәстүрінен аса алмай және де әке-шешесінің кедей болып, қолы қысқалығынан Есенейге қосылады. Ал шындығында Есеней аты елге мәлім болған қайсар батыр адам. Кенесарымен бірге орысқа қарсы шықпайсың деп, малын қуып кеткенде бес болыс Керей-Уақты бастап, малын қайтарып алады. Кітапта Біжікен өлімі көмескі, екі ұшты болады. Өмірде Біжікен бала үстінде қайтыс болады. Соңында қалған қызы да көп ұзамай өледі. Ұлпан бәйбіше күйеу баласының, яғни Торсан төсегін басқаға жаңғыртқызбайын деп, туған ағасы Ембайдың қызы Бибізәурені (Жәукені) қосады. Одан бес ұл, бір қыз өмірге келеді, - деп осы "Егемен Қазақстан" газетінде көрсетеді. Сонымен қатар осы газет бетінде "Төліңді сатып, төрінді жатқа берме" деген-мақалада мұндай деректер бар: "Ұлпанды кіші баласы Мырзашқа айттырып қойған Түленнің әкесінің әкесі Тілепбайдың шешесінің сіңлісі Ақбайпақтан туған Қарабайдың Қайыркелдісінің жиені Игембердінің қызын алып отырған Ырымбектің Жәуке деген қызы бар еді. Торсан сол қызға үйленеді". Міне, осы "Ұлпан" романына байланысты осындай көптеген көзқарастар жазылды.

Осы мақалаларға қарасақ, тарихи шындық екенін және де көптеген аңыз-әңгімелер бар екендігін айтады. "Ұлпан" романы өмірде болған тарихи шындық. Ғ.Мүсіреповтің осы романы жайында "Казақ тілі мен әдебиеті" газетінде (1996) былай делінген: "Ғ.Мүсірепов қазақ әдебиеті әлеміндегі кесек тұлға, тамаша сөз зергері, әңгіме, новелла, қара сөзбен жазылған баллада, поэма жанрының шебері, бірнеше романдар авторы. Ірі драматург, аудармашы, тамаша публицист, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. Сонымен қатар "Ұлпан" романында басты кейіпкер - Ұлпан, Есеней, Артықбай батырдың, Мүсірептің өмірде болғандығы және де тағы басқа адамдардың өмірде болғандығын айтып көрсетеді. Романның бүкіл қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы екендігін айтады. Ұлпан ақылдықтың, даналықтың, қайраттылықтың, мейірімділіктің анасы. Халық, ел жақсылары Есеней би мен Артықбай батыр, сонымен бірге адал сыйластық терең адамдықтың, қазақ халқының тамаша әдет-салтында анық бейнеленеді. Аңшы Мүсіреп, «түрікпен» Мүсіреп—Шынар, Ұлпан—Есеней араларында таза да, табиғи, әрі ыстық достық болады. Ұлпан—Есеней адамды адамша сыйлаудың, қадірлеудің, бір-бірінің қадірін бағалаудың үлгісі, киелі ардақты адамдар бейнесі болып көрінеді. Ұлпанның ел анасы, Есенейдің халық ағасы дәрежесінде берілуі, Торсан— ішкі есеп, арамдық, мейірімсіздік, қатыгездік, баққұмарлықтың жексұрын көрінісі ретінде суреттелген. Киелілер қарғысы Торсан және оның ұрпағының сол қарғысқа ұшырауы, "Ұлпан"—ұлттық мәні, нәрі атайлап тұрған қазақтардың бай тілімен, шұрайлы етіп жазылған кезең туындысы болып табылады," —деп көрсетіледі [24].

Міне, қай баспасөз бетінен алып қарасақ та, оқырман қауымның ой-пікірлері Ұлпанның соншалықты дана болып, ел қамқоры болған асыл ана екендігін мойындап көрсетіп жазады. Осы туралы газет беттерінде жазылған ой-пікірлерге сүйене отырып, бұл "Ұлпан" романындағы кейіпкерлердің бәрі де өмірде болған тарихи тұлғалар екендігіне көз жеткіземіз. Оған нақты дәлел келтіретін болсақ, Ұлпан қаза болған кездегі, сол уақыттағы әлгі кішкентай балалар кейіннен үлкейіп, есейген шағында айтып отырған Еменалы балалары: Сүлеймен, Тайжыкен, Қари деген кісілер.

Жазушының 338-дәптеріндегі жазбалары «Ұлпан» романының біраз сыр-сипаттарын ашып береді. «Менің Джокондам – Ұлпан», дейді жазушы.

Ұлы суреткермен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылдық болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек.

Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым - ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, т.т.

Джоконда маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға бара алмадым, кәдімгі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан бейнесінде аңыз бар десті. Мен - жоқ - деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын өткен Абақ, Қарқабат, Ақкелін, Домалақ енең тағы басқа рулы елге ұран болған әйелдеріміз болған ғой!» (338-дәптер). Бұл жазбалардан «Ұлпан» романын жазуға Ғабит Мүсіреповтің 40 жыл уақытын жұмсағанын көреміз. Және бұнда Леонардо да Винчи (1452-1519), А.М. Горький (1868-1936) сияқты ұлы суреткерлердің Ғ.Мүсіреповке тигізген творчестволық игілікті ықпалдарының ізі де сайрап жатыр. Бұл жазба тарихта болған талай-талай қайраткер, дарынды қазақ әйелінің жиынтық (типтік), биік образын мүсіндеуге жазушының ұзақ жылдар бойы шығармашылық мұрат-арман етіп ұстағанын бұлтартпай дәлелдейтін әдеби деректің құндысы [9. 276].

Ұлпан казақтың әйелдер арасындағы ақылды да, зерделі де, дана да, тамаша адам. Ұлпан ел анасы болып, халықтың жағдайын аса бір ұқыптылықпен жайғастырған, көркіне ақылы сай, Ақнар, Ару ана, Әулие ана болып танылған асыл бейне.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет