ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Халықтар Достығы университеті
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты
Кафедрасы география
(атауы)
Мамандығы 0501116 -география
(шифр, атауы)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу»
Ғылыми жетекшісі: Орындаған:
аға оқытушы С-116-41 топ студенті
ғыл.дәрежесі, ғыл.атағы
Арыстанова К. Мырзабаев А.
Ф.А.К. қолы Ф.А.К.
« » 2008 жыл.
Бақылау: Қорғауға жіберілді:
ТО меңгерушісі Кафедра меңгерушісі
Н.Д.Каменских Елюбаев С.
« » 2008 жыл. « 12» 05 2008 жыл.
Шымкент 2008 жыл.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Халықтар Достығы университеті
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты
Факультеті Тарих -филология
Мамандығы 050116-география
Кафедрасы география
Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студентке Мырзабаев А.
(аты-жөні)
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс- әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу
ЖОО бойынша « » « » 200 жылға № бұйрығымен бекітілген.
Анықталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі « » « » 200 ж.
Жоба бойынша қорытынды мәліметтер Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық ізденісін арттыру бойынша әдістемелік, методикалық басылымдар , бағдарламалар бойынша жазылуы тиіс.
Диплом жобасында (жұмысында) қарасытырылуға тиісті сұрақтар немесе олардың қысқаша мазмұны:
1. Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын талаптар.
2. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу.
3. Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушалырдың белсенділігін арттыру.
Графикалық материалдар тізімі (сызбаларды көрсете отырып):
1. Электронды оқулықтың маңызы. (сызба түрінде)
2. Білім сапасын жақсарту факторлары (схемалық сызбасы)
3. Графикалық бақылаулар түрлері 3 дана
Ұсынылатын негізгі әдебиеті: 1). Орынбаев Г «Тірек балгілері сабақта» 2). Есназарова Ұ «Сарамандық жұмыстар» 3). Мизамбаева Р «Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту».
Жоба (жұмыс) бойынша кеңесшілер: Елюбаев С
Бөлім
|
Кеңесші
|
Кафедра
|
Тарих-филология
|
Елюбаев С
|
География
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырманың берілген күні: «15» «10» 2007 жыл.
Кафедра меңгерушісі: Елюбаев С____________________________________
(аты-жөні, қолы)
Жобаның (жұмыстың) жетекшісі: Арыстанова К__________________
(аты-жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған: __________________________________
(аты-жөні, қолы)
Студент: Мырзабаев А____________________________________________
(аты-жөні, қолы)
Мерзімі: «15» «10» 2007жыл.
Мырзабаев А «Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс - әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу» тақырыбына арналған дипломдық жұмысына
ПІКІР.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан Қазақстан жастарына да әлемнің м дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі туындап отыр.
Ұстаз – білімдарлығы, адамгершілік пен әділдігін, адалдығы мен шыдамдылығы, тапқырлығы мен қамқорлығын оқушы бойына дарытып отырып, білім алуда жақсы жетістікке жетуге болады.
Білім беруде оқушы өзі ізденіп, тапқырлықты оқып, түсініп, тақырып аясын кеңітсе, жолдастарымен ой бөлігіне өз білгенін көпшілікке жеткізе алып, онда ұстаз еңбегінің нәтижесі болғаны, бұрынғы әдепке айналған оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс.
Студент Мырзабаевтың дипломдық жұмысы оқу материалын оқып үйрену кезінде оқушылардың танымдық белсенділігі жоғары болатын сабақ қана, білімнің сапалы көрсеткішін бередтінін айта келе, танымдық процестің дамуына жады, елестету, зейін, қабылдау, ойлау жататыны қарастырылған.
Қаралып жатқан диплом жұмысында Білім сапасын жақсарту факторларына ерекше тоқталған. Мысалы, оған сыныптағы оқушылардың саны, мұғалімнің білім деңгейі, сынып оқушыларының саны, оқушылардың жеке ерекшеліктері, оқудың көрнекілігі, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастар жатады. география сабағында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары, өзіндік жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру, бақылау жұмыстарына да ерекше мән берілген, оқушыға сапалы білім беруде ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни, жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалану туралы айта келіп, сабақтарды өтуде қолдануға болатын «сыни тұрғыдан ойлау» стратегияларынан үзінді келтірген.
Қорытындылай келіп, өте үлкен ізденімпаздықпен жазылған жұмыстың білім саласына тигізетін әсері үлкен екенін айта келіп, Мырзабаевтың «Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс - әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу» тақырыбына арналған дипломдық жұмысын «өте жақсы» деп бағалаймын.
Дипломдық жұмыс жетекшісінің
пікірі.
Студент Мырзабаев А. «Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс - әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу» тақырыбында жазған бітіру жұмысында ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі заманға сай зерделі шығармашыл, қабілетті де білімді өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш жеке тұлға бейнесін қалыптастыру маңызщды мәселе екендігіне тоқталған. География ғылымының өте қызықты да күрделі екенін айта келе, осы пәнге қызықтыру үшін мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта тиімді қолдануды талап ететіндігі қарастырылған.
Бітіру жұмысында танымдық процестің дамуы, білім сапасын жақсарту факторлары, деңгейлік тапсырмалар тірек – сызбалары да көрсетілген. Осы жұмысын жазу үшін алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс – тәжірибесін де пайдалана білген. Алдағы уақытта шығармашылық еңбегіне үлкен табыс тілеймін.
Жетекшісі: аға оқытушы Арыстанова К.
Бітіру жұмысын бойынша кафедраның қорытындысы
Студент Мырзабаев А. бітірушілік жұмысы тексеруден өтті.
Мемлекеттік квалификациялық комиссияның алдына қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі: ауыл шаруашылық
ғылым докторы, профессор: Елюбаев С.
Мазмұны.
Кіріспе......................................................................................................................3-6
І тарау. ХХІ ғасырдың жеке тұлға моделін жасаудың маңыздылығы.......7-9
1.1. Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын талаптар.........10-13
ІІ тарау. Сабақта оқушылардың танымдық
іс - әрекеттерін қалыптастыру.......................................................................14-16
2.1. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу.....................................................17-22
2.2. Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру..................................................................................................................23-27
ІІІ тарау. Оқушылардың өздік жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру......................................................................................................28-30
3.1. Бақылау жұмыстарының түрлері.................................................................31-41
3.2. Сабақта түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану.................................................42-49
Қорытынды.............................................................................................................50
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................51-52
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «...біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді.
Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді.
Ендеше бүгінгі мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім беру оларды әлемдік мәдениет жетістіктерімен сусындату шығармашылық қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. География ғылымы өте қызықты да күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника заңдылықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.
Олай болса, ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры десек, бұл география ғылымына да қатысты. Ендеше география пәнінің мұғалімі де басқалар сияқты информатикадан хабары болуы қажет. Олай болмаған жағдайда, мына ақпарат ғасырында ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда әлемдік даму кешінен қалып қоярымыз сөзсіз. Сондықтан қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенді болып өздігінен шығармашылықпен білім алуы керек. Ол үшін бүгінгі таңда қолданылып жүрген мультимедиялық электронды оқулықтың алатын орны ерекше деп айтуға болады.
Бұл оқулық география пәні бойынша Білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді. Көптеген мектептерде 8 – 10 сыныптарға арналған электронды оқулықтар бар. Электронды оқулық өз қолымыздағы оқу құралдарын толықтырады, дидактикалық материалдары жеткілікті. Бұл оқу үрдісінің сапасын және тиімділігін арттыратын жаңа оқу құралы. Мультимедиялық электронды оқулықтарды оқи отырып 8 – сынып оқушылары Қазақстанның физикалық географиялық жағдайын оқып, өз біліктілігін арттыратын ақпараттармен таныса алады.
География пәнінің ұраны: «Мың рет естігенше, бір рет көр» деп есептесек, бұл оқулық арқылы Қазақстанның табиғат жағдайлары мен заңдылықтарды, түрлі процестерді өз көздерімен көріп таныса алады. Сонымен бірге электронды оқулықты пайдалану арқылы оқушының шығармашылығын дамытып, іскерлікке, өздігінен білім алуға баулиды. Электронды оқулықтың тиімді жағы өте көп. Қазіргі нарық жағдайларда география пәні бойынша карталардың жетіспеушілігі, ғалымдар жайлы мағлұматтар. Олардың суреттерін алу қиындық келтіреді. Мұндай жағдайда сізге электронды оқулық көмекке келеді. Электрондық оқулықта ғалымдар, саяхатшылар өмірі, географиялық атаулар мен терминдер, анықтама сөздіктер, түрлі карталардың баорлығын пайдалануға болады.
Ақпаратты оқыту технологиясына сонымен бірге теледидар арқылы көріністер көрсетіп отырып, оқыту үрдісіне жатады.
Қорыта келгенде, мультимедиялық электронды оқулықпен оқыту арқылы, білім берудің интенсивті, автоматты үрдісін, ойын түрінде пайдалануға (іскерлік бақылаушы) оқушының жеке қабілетін есепке алуға, білім алу үрдісін түбегейлі өзгертіп, оқушының өздігінен білім алуға, пәнге қызығушылығын арттыруға болады.
2006 жылғы оқу жылынан бастап Қазақстан Ресупбликасы жалпы орта білім беретін мектептің 10 сыныптарында бағдарлы оқыту енгізіле басталды.
Түрлі анықтамалар алады
Көрнекілік, суреттер, сызбалар квальтермен іске асырылады.
Оқушылардың өздігінен білім алуы
Білім, білік дағдылары қалыптасады
Пәнге қызығушылығын арттырады
Дидактикалық материалды қолдану
Білім алудың шығармашылық сипаты
Электронды оқулық
Тестік тапсырмалар орындайды
Терең білім алуы
Ойлау қабілетін арттырады
Алған білімін, өзін тексереді
Деңгейлік тапсырмалар орындайды
Табиғи құбылыс туралы бейне көрініс тамашалайды
Сарамандық тапсырмалар орындайды.
Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға, бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығын мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт – бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызады.
Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік болып беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды.
Мұндай өзінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері бар «бағдарлы оқыту» ұғымын «кәсіптік білім беру» ұғымымен шатастыруға болмайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде: зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, қазақстан Ресупбликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріледі.
«ХХІ ғасырдың жеке жұмыс моделін жасаудың маңыздылығы» деп аталатын бірінші тарауда бүгінгі таңда заманына сай зерделі, шығармашылық қабілетті, білімді өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш рухани бай жеке тұлға бейнесін қалыптастыру баяндалған.
«Сабақта оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыру» деп аталатын екінші тарауда оқушылардың оқу – таным қызметін ұйымдастыру әдістеріне сипаттама берілді.
«Оқушылардың өздік жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру» деп аталатын 3 – тарауда сабақтың шығармашылық жұмыс, өйткені сабақты түрлендіру арқылы мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру жағдайы толығымен талданған.
Қорытындыда, жиналған диплом жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалып, география ғылымын толық меңгеруге әрбір маманның білімін асыруға байланысты ұсыныстар берілген.
І тарау. ХХІ ғасырдың жеке тұлға моделін жасаудың
маңыздылығы
1.1. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой - өрісі дамыған азаматты қалыптастыру мемлекеттің ең маңызды стратегиясы жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, сол арқылы әлем кеңістігіне келу, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуды республикамыз мақсат етіп отыр.
Соңғы уақытта ғылымның назарын аударған мәселелердің бірі – шығармашылық қабілетті, білімді өзгермелі ортаға сай тез бейімделгішщ, рухани бай жеке тұлға бейнесін қалыптастыру.
ХХІ ғасырдың жеке тұлға моделін жасау маңызды және өзекті мәселе.
Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев « ... біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр ...» демекші басты себепші, жүргізушісі адам.
Қоғамдық құрылысты жеңілдетіп, елді өркендеткенге қажет экономикалық тұрғыдан еркін ойлау қабілеті мен өз бетінше әрекет жасай алатын, жан – жақты білімді жеке тұлғаның орны ерекше.
Даму оқытумен қатар жүргендіктен оқытушының басшылығымен біліммен, дағдымен, іскерлікпен қаруландырып, танымдық іс - әрекеттер мен шығармашылық қабілеттерін дамыту – адамның жеке тұлға болып қалыптасуының және дамуының қозғаушы күші болып табылады.
Жеке тұлғаның білімі мен көзқарасы кең, мәдениетті, тәрбиелі болып қалыптасуына қызмет атқарады. Мінез – құлық мәдениетінің сапалы білім алуға ықпалы зор.
Жаңа ғасыр жаңа мыңжылдық қарсаңында дүние жүзі бойынша болашақты зерттеуге, болжауға көп көңіл бөлініп, назар аударылды. Ғасырлар – адамзат тарихындағы алып асулар, биік белестер сияқты әр ғасырдың тууы, келуі – замана толғағы тәріздес. Ең ғажайып жаңалықтар екі ғасырдың тоғысында туады. Өткен ғасырдың ортасында ғалымдар жаңа ғасыры болжам жасаған болатын. Олар климатты басқарып – бағыттауға, жердің бет – бедерін өзгертіп, жаңартуға және жақсартуға, әлемдегі мұхит суларын толық зерттеуге, күннің аспан әлеміне,, жер бетіне жарамды синтетикалық сұйық отын алуға болады. ХХІ ғасыр мектебінде бүкіл оқыту компьютер арқылы іргелі елердегі – жоғары оқу орнын бітіруге болатындығын айтты. Бұл мәселелердің орындалар, шешілер мерзімін де көрсетті:
- жер бетінің кей жерлерінде ауа райы қолдан басқару, оны қалаған бағытта өзгерту – 2010 жыл.
- жасанды тамақ үшін синтетикалық белокты өндірістік жолмен өндіру – 2015 жыл.
- Адам баласының тағам қажетін кемінде 20% өтеу үшін мұхит суларындағы өсімдіктер – балдырлардың қорын пайдалану – 2030 жыл.
- Күн жүйесінен тыс әлемдермен хабарласу, хабар беріп, хабар алу – 2034 жыл.
Болжамдар теориямен басталып, практикамен аяқталды. Бабаларымыз: Тәжірибе негізі – ғылым, даналық негізі – «Білім» - деп бекер айтпаған. Сол ғылымды, ғылыми болжамдарды игеріп, даналық ойды жүзеге асыратын – жаңа ғасырдың өскелең ұрпағыц. Ғылымның ғасыр аяғына дейінгі басты бағыт – бағдарын, өмірдің, өнідірістің қажет мұқтаждарын өтейтін де – жаңа ғасыр ұрпағы.
Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті «... Біздің жас мемлекетіміз өсіп – жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз атымен бірге ержетеді. Олардың өз ішінде жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар. Олар бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі бүкіл әлемге сыйлы әрі әйгілі өз – елінің патриоттары болады», - деген болатын.
Елбасының ұрпақ болашағы үшін айтқан ой – түйіні ғасыр мектебіне жаңа заман талабына сай жаңаша оқыту технологиясын игеру міндетін жүктеп отыр. Білім заңының 8 – бабы мектепке «Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу қажеттігін жүктейді».
Осыған орай жаңа ғасырда мектептегі география сабағына мынадай талаптар, мақсаттар жүктейді.
1. Оқушының географиялық білімін үнемі жетілдіріп отыру (дәріс беру, сарамандық, семинар).
Достарыңызбен бөлісу: |