Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы : «Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу»


Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын талаптар



бет2/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,62 Mb.
#27008
түріДиплом
1   2   3   4

1.1. Жаңа ғасыр мектебінде география сабағына қойылатын талаптар.

Сабақта дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы белсенділігін артырады. Физикалық және материктердің физикеалық географиясы бойынша ойын – сабақ, викториналық – сабақ, сабақ – конкурс, топтық сайыс сабақ, географиялық саяхат сабақ, жазу сабағы, 8, 9, 10 – сыныптарда Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы шет елдер географиясын өткен кезде интеграциялық сабақ, блок сабақ, сабақ – конфиренция – реферат немесе – оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстарын қорғау сияқты сабақ түрлерімен толықтырылады.

Сабақта алған теориялық білімін жергілікті жерде табиғат пен қоғамның арақатынасын күнделікті зерттегенде өмірде қолдана білу.

Психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша ауызша тыңдаған сабақтың 30% - н, көзбен көрген сабақтың 50% - н, тәжірибе жасаған сабақтың 80% - н есінде қалады. Осы мақсатта негізгі ескеретінім:

1. Жергілікті жер туралы географиялық білімін жетілдіру үшін, өлкетану жұмысын сыныптар бойынша жүйелі, тізбекпен жүргізу; жергілікті жердің табиғаты (рельеф, су, климат, өсімдік, жануар, топырақ), халықтық шаруашылық әрекеті (табиғат ресурсы, ауыл шаруашылық өндірісі, шикізаттары, ауданның табиғаты, шаруашылығы; облыстың табиғаты, шаруашылығы.).

Бұл жұмыстарды география үйірмесінде (топ серуен, жорықтар), факультативтік сабақтарда және географиялық қоғамда материалды жинақтап, қорыту арқылы жүргізуге болады.

2. Оқу – тәжірибелік, сарамандық жұмыстарды көбінен сабақта жүргізцуге маңызы зор. Оларды бірнеше түрге бөлуге болады: математикалық, экономикалық есептер: шеңберлі, бағынды диаграммалар: графиктер сызу, статистикалық кесте; сурет, карта, глобуспен жұмыс.

География сабағында осы жұмыстарды жетілдіре енгізу нәтижесінде оқу сапасын жоғары көтеруге болады.

Сабақта экономикалық білім берудің бірнеше әдіс – тәсілдерін: табиғаттағы көркемдікті сезіне білуге үйрету; қоршаған ортаның өзгерістерін байқау, бақылау; өлкетану жұмыстары арқылы зерттеу, зерделеу; қоршаған ортаның ласмтануы жайлы ғылыми материалдарды жинақтау; көгілдір экрандағы хабарлар арқылы пайдалануға болады.

Экономикалық білім мен танымды қалыптастыру өте күрделі мәселе. Ол үшін статистикалық мәліметтерді; нормативті актілерді; жаңа шыққан заңдарды; қоғамдағы экономикалық өзгерістерді сабақта жүйелі пайдалана білу шарт.

Экономикалық түсініктерді жаттап алу немесе бір сәтке игеріп кету мүмкін емес. Экономиканы тікелей өмірдегі мазмұнымен ұштастыра отырып түсіндіру мұғалімнің біліктілігін, дүниетанымының кеңдігін қажет етеді.

2. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми – зерттеу жұмыстарына араластыру, дарынды оқушылармен жұмыс.

3. Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен интернет арқылы қашықтықтан өздігінен білім алуға үйрету.

4. Оқу үрдісін ізгілендіре отырып оқытудың дамыту функциясына басты назар аудару жаңа технологиямен пайдалану

5. Оқушыларды өлкетану жұмысына тарту, оқу – тәжірибелік, сарамандық жұмысын жетілдіру.

6. сабақты гуманизациялау мен демократияландыру.

7. Экономикалық – экономикалық білім беру, танымды кеңейту.

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасырында география сабағы да ақпараттануы керек. География пәнінің мұғалімі информатикадан хабары болуы шарт. Компьютер, интернет жүйесімен байланысқа түсу керек. Бұл жүйе әлемді ғылыми орталықтандыруға, кітапхана ақпараттарына кіруге, өздігінен білім алуға, ой - өріснің өсуіне, квалификацияның жоғарылауына жағдай туғызады. Мысалы, мұғалімнің бір ғана лекциясын әлемнің түкпір – түкпіріндегі миллиондаған адам тыңдайды. Бұлай оқу – мобильді, дәстүрлі, әрі арзан.

Оқытудың жаңа технологиясы оқушының іс - әрекетінің жоспарланған нәтижесіне жетуді қарастыратын жаңа әдістердің жиынтығынан туады. Оның бұрынғы белгілі дәстүрлі оқыту технологиясынан айрықша ерекшелігі мынандай: оқушының интеллекуталды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;: оқушы мен оқытушының белсенділігі сайма – сай болуы; мұғалім мен шәкірттің өзара қарым – қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі; алдыңғы қатарлы ойшылдардың зерттеу жұмыстарын сабақта тиімді рпайдалана білу, дамыта оқыту арқылы оқушының ғылымды игеруіне дербестік қасиетін қалыптасытру.

Оқушының өз жауапкершілігін өзі түсініп, өзіңне қойылған міндетті шешіп, өз бетінше ізденіп, талдап, өз пікірін, көзқарасын қалыптастыру деңгейіне жету үшін үнемі даму үстінде болуын қадағалау қажет. Мұғалімге жаңа міндет жүктеліп, озық педагогикалық бағыт – дамыта оқыту идеясы басшылыққа алынады.

Мысалы, 10 – сыныпта оқушылардың тақырып бойынша оқу ниеттерін құрастыруына, кітаптағы білім алу және икемділік қалыптастыру блогы мен өзіңді - өзің және жолдасыңды тексер блогымен жұмыс жасауына айрықша мән беріледі. Осы әдіс – тәсілдерді игеру нәтижесінде оқушылардың ой – танымдық іс - әрекеттері, оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыр нәтижесінде жемісін көруге болады.

Түсбағдар, көкжиек, сұлба деген тақырыптарды білмей, жердің сұлбасын сызу мүмкін емес, ауа туралы алғашқы ұғымды түсінбеген оқушы атмосфера тақырыбын толық игере алмайды. Судың қасиетін, маңызын білмеген оқушы гидросфера тарауында үлкен кедергіге ұшырайды.

Оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі – оқушының өз бетінше ізденуі, мұғалімнің әдістемелік көмек көрсетуі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмай, қосымша білім көздеріне сүйенуі керек.

Оқытуда түпкі мақсатқа жету үшін мұғалім ізденісі шешуші роль атқарады. Неміс педагогі Адльф Дистервег ХІХ ғасырдың өзінде – ақ «жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы» - дегшен болатын. Жаман мұғалім шындықты (білімді) өзі айтып хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім күнделікті сабақта проблемалық ситуация жасай білсе және бір сабақтан екінші сабақты түрлендіріп өткізе білсе, ол оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады.

Жалпы білім беретін мектептегі барлық оқушы бірден өзіндік ізденіс жұмысымен айналыса алмайды. Шығармашылықпен айналысатын баланың өз бойында туа біткен дарыны болуы шарт немесе пәнге деген қызығушылығы басым болуы керек. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана ұштай алады. Шығармашылық арқылы баланың таным мотиві қалыптасады.

Өйткені таным арқылы балаға оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі.



ІІ – тарау. Сабақта оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыру.



Танымдық процестің дамуы

Жады Ойлау


Елестету

Қабылдау

Зейін
Тангымдық әдіс – тәсілдерді мынадай 2 топқа жинақтайды.

І. Оқукшылардың оқу – таным қызметін ұйымдастыру әдістері.

ІІ. Оқу – таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.

Әр топ бірнеше әдіс – тәсілдерден тұрады.
1. Ауызша баяндау (әңгіме, түсіндіру, лекция) Ауызша баяндау құр жалаң сөз болмау керек. Сабақты түсіндіргенде шаталов әдісімен тірек сызбаларды сызу, Венн диаграммасы арқылы салыстырмалы сипаттама жазу әдістері. Тақырыптағы негізгі ойды білдіретін сөздерді тауып, сараптама жасауға дағдыланады. Мысалы, «Жер бедері» тақарыбын өткенде сыртқы және ішкі болатын өзгерістерге сызба құрастыру, қорытынды бөлімінде кесте толтыру.

2. Көрнекілік әдісі (көрнекі құралдармен және иллюстрациялармен, картамен жұмыс). Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Көзбен көріп, қолмен ұста дегендей, әр сабақта бетіндегі географиялық атаулардың есте сақталуына ықпал етеді.

«Атағаныңды картадан көрсет, көрсеткеніңді ата» деген географиялық ереже бекер айтылмаған. Коменклатура жаттау үшін «Орныңды тап», «Тізбекпен жүр», «Ендік бойлық» т. б. танымдық ойындар ойнатылады.

3. сарамандық жұмыстар әдісі (тақырыптық карталарды садлыстыру, географиялық әдебиеттермен жұмыс, географиялық дәптермен жұмыс). Мысалы, планды картамен салыстыру кезінде Венн диаграммасын пайдаландым, сол сияқты физикалық картаны тектоникалық картамен, климат картасын зоогеографиялық картамен салыстыруға үйреттім.



Оқу материалын оқып үйрену кезінде оқушылардың танымдық белсенділігі жоғары болатын сабақ қана, білімнің сапалы көрсеткішін береді.

Мұғалімнің білім деңгейі

Сыныптағы оқушылардың саны


Оқудың көрнекілігі

Сынып оқушыларының жеке ерекшеліктері

Оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастар

Десе де, жоғарыдағы жағдайлардың бәрі дұрыс талапқа сай болғанның өзінде де сабақтың бәрі мақсатына жете бермейді. Оның негізгі себептері – мұғалімнің дайындығы мен логикалық ұйымдастырушылық қабілетінің бірегей болмауы. Сондықтан сабақтың сапасы мұғалімнің сабаққа дайындалу үрдістерінен тұрады.

Оның жоспары

1. Сабақтың тақырыбы, оның міндеттері мен мақсатын анықтау.

2. Тақырыптың оқу бағдарламасы мен оқулықтағы орны мен мазмұны.

3. Тиісті әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулардағы қажетті материалдарды іріктеу.

4. Көрнекі құралдарды талдау.

5. Сабақтың құрылымы және логикалық берілу жүйесін анықтау

6. Сабақтың жоспары бойынша уақытты мөлшерлеу.

7. Сабақтың жоспраы бойынша мазмұнын жазу.

Сабақтың барысы

- Ұйымдастыру кезеңі. (Сабақтың тақырыбын жариялау, мақсаты мен міндеттері, жоспары, оқушыларды тексеру).

- Өткен сабақты пысықтау (жоспарды пысықтау сұрақтары, тест т. б.).

- Жаңа материалды оқу (жаңа білім беруге оның негізгі, қосымша бөлімдері ерекшеленіп, оның тұсына әдістері, көрнекіліктер, жаңа терминдер т. б. көрсетілуі).

- білімді бекіту кезеңі (сұрақ пен тапсырмалардан тұрады).

- үйге тапсырма (параграфтар мен тапсырмалар анықтап беріледі).


2.1. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік – экономикалық талап – тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр. Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді. Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар енуі керек.

Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның дамуы – ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама – қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және тәрбиеге тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысы мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс - әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін - өзі дамытып отырады. Педагогикалық негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны біртұтас жүйе ретәінде тәрбиелеу. Тұлға – сана иесі шығармашыл адам – жасампаз тұлға өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.

Қ. Платонов тұлғаның төрт құрылымын айқындайды. Әлеуметтік жағдайына сәйкес мазмұндық белгілері, тәжірибесі, болмыстық көрінісі ретінде тұлғаның психикалық үрдістерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты болмысты бейнелейді. Өмірде үйренген қасиеттерінен гөрі туа біткен қасиетері басым болып табылады, биопсихикалық құрылым.

Біз тұлғаны толыққанды жүйе деп есептесек, оның психикалық қасиеттері негізгі орынды алады. Бұл жүйе табиғи қасиеттері мен қоғамдық тәжірибені меңгеру барысында дамиды. Тұлғаның тұтастығы мен бірлігі әр алуан және қарама – қайшылықтардың жиынтығы болып табылады. тұлға жеке оқиғалар ғана емес, қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғаларға да байланысты. Әсерленіп, ашылады. Соған сәйкес туындайтын көзқарас пен іс - әрекет те әр алуан болады. Тұлға іс - әрекеті, өзіне және айцналасына қарым – қатынасы арқылы шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы зор.

Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау, тұлғалыққа бағыттау.

Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезіну мен айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты, шығармашылық бағыттың дамуына денсаулығы, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты - әлеуметтік даму жағдайы негіз болады.

Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды, себебі, шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы.

Алайда шығармашылыққа бейімділік, бірте – бірте жоғала бастайды, ол балаға да, қоғамға да кері әсер етеді. шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін - өзі тәрбиелеуге, өзін - өзі жетілдіруге тез бейімделеді.

Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарынжүзеге асыру барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады.

И. Павлов «Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң екінші мақсат қойып отырған адамның өмірі қызық әрі күшті болады. Өзінің өмірдегі мақсатына ұмтылудың арқасында өмірі жаңарып, мақсат рефлексі қалыптасады... бұл рефлекстің мәні мақсатқа ұмтылуда» деген.

Психологтар адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік бастауды төртке бөледі:

1) адамның темпераменті, жас және жыныстық ерекшеліктері;

2) адамның психологиялық әрекеттері мен жағдайын қамтитын қалыптасқан қасиеттері.

3) әлеуметтік деңгейі, тұлғаның тәжірибесі. Бұл жерде биологиялық жағынан әлеуметтік жағының рөлі басым;

4) тұлғаның іс - әрекетінің, мақсатының бағыты. Ол тікелей әлеуметтік жағдайға байланысты. Әрбір бөлік бірін – бірі дамытып отырады. Шығармашылық бағыт төртінші бөлікке кіреді. Тұлғаның қалыптасуы алдыңғы үш бөлікті дамытады, жан – жақты дамыған әлеуметтік тұлғаны қалыптасытрады. Ал шығармашылық бағыттағы адамның қажеттілігі, қызығуы, идеяларды мақсаттарын жүйелейді, айқындайды. Шығармашыл тұлға шығармашылық іс - әрекетте болады, іс - әректтің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды.

Балалық кезеңде шығармашылық бағыт оқу – тәрбие үрдісінде тиімді дамиды. Нәтижесінде баланың білімі, белгілі бір қабілеттері артады. Ол әр алуан жолмен, әсіресе, эстетикалық тәрбие құралдары арқылы жүзеге асады.

Эстетикалық тәрбие педагогикалық үрдіс ретінде оқушының болмысқа және өнерге көзқарасын қалыптастырады. Болмыс пен өнер адам өмірінде үлкен роль атқарады.

Сонымен шығармашыл тұлға болу дегеніміз – дүниені тану және жаңарту арқылы тұлғаның болмысқа көзқарасын айқындауы.
2. Шығармашыл ұғымының сипаттамасы,

бөліктері.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс - әрекет» деп түсіндіріледі.

Көрнекті психолог Л. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалық жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді.

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен, «жаңалықпен» қатар «бастамашылдық, белсенділік» ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда.

Адамның шығармашылыққа деген құлшынысы оның өз даралығын, өз қабілетерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып оның «әрекет» ұғымымен тығыз байланыста екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.

Зерттеушілер шығармашылық әрекетке әр түрлі анықтама береді. Мысалы, И. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

Шығармашылық қабілеттер шығармашылық емес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлауға ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі жатқызылады.


3. Қиял және шығармашылық.

Қиял – сыртық дүние заттары мен құбылыстарының субъективті бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, дәл мағынасында тек адамға ғана тән жан қуаты. Әр адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жеке басының өзіндік ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаты мен мазмұны, түрі иесінің жас ерекшеліктері мен білім, өмір тәжірибесіне де тәуелді. Адам қиялы еңбек, іс - әрекет үстінде туып, дамып отырады. Қиял актив (белсенді), пассив (енжар) болып шектеледі. Енжар қиялдың ең төменгі шегі – түс көру. Белсенді қиял қайта жасау, шығармашылық (өнер, ғылым, техника т.б.).


4. Шабыт және шығармашылық.

Жаңа нәрсе ойлап шығаруда (машина, күріштің жаңа түрі, жыр роман) адамның барлық қабілеттері, қуат – жігері бірдей шарықтап, самғап көтерілуін шабыт дейді. Шабыт – мәселенің шешімін табуы, ойдың тууы, жанның эстетикалық ләззат алуы. Шабыт – қиял мен ойдың біріккен жұмысы. Шығармашылық - өте зор, тұрақты, жігерлі еңбек нәтижесі.

Шабыт – тек іздеген адамға ғана кезігетін қонақ. Жалқау адамға жуымайды. (П. И. Чайковский).

«Өмірі мазмұнды кісінің шығармашылығы да мазмұнды».

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» (Абай).

Шығармашылық қабілеттің дамуы, оны дамыту жолдары жайында ғалымдар тереңінен ой толғайды.

Жүсіп Баласағұн, Әл – Фараби, Абай өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытудың жолдарын зерттеген. Оқушы шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген – М. Жұмабаев.

Философияда «қабілеттерді» тұлғасының белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс - әрекетердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атайды.

Қабілет ұғымына берілетін анықтамалар; қабілеттер – адамның білім алуға қажетті психологиялық ерекшеліктері.

Қабілеттер – іс - әрекеттің белгілі бір түрін нәтижелі орындаудан көрінетін адамның жеке қасиеттерінің жиынтығы.

Қабілет тұлғаға тән қасиеттердің бірі болса, онда «тұлға» немесе «жеке бас» ұғымының мәніне ерекше тоқталу керек.

«Тұлға» (латынша – persona) – ертеден келе жатқан ұғым. Бұл сөзбен алғаш актерлер сахнада киіп жүретін бетпердені атаған. Бүгінгі күні ол әлеуметтік мәні, қасиеттері бар нақты адамды білдіреді.

«Тұлға – қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның психологиясында болатын жаңа сана» деп жазды А. Лвонтьев. Ал, Э. Ильенковтың айтуынша, «тұлғалар – қоршаған ортаға да, өздеріне де өзгеріс енгізе алатын адамдар».


2.2. Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың

белсенділігін артыру.

Сабақты үнемі қалыптасқан бір формада өткізу, әсіресе жоғары кластарда оқушы әрекетіне қозғау сала бермейтіні баршамызға аян. Сондықтан оқушылардың белсенділігін арттыру, олардың іс - әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу ой таласын туғызумен қатар сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру – оқыту үрдісінің ең маңызды мақсаты.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін география пәнгі бойынша оқушылардың шығармашылығын арттырып, зерделі, дарынды оқушыларды дамыта оқыту үшін жоғарыда айтылған оқытудың дәстүрлі және жаңа технология түрлерін қолданып, сабақты барынша түрлендіріп өткізуге болады.

Әрине, бұл жерде мұғалім мен оқушының мүмкіндіктері толық ескерілуі қажет.

Сабақ барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға ерекше назар аудару қажет.

- ойын сабағы

- тірек белгілер түрлерін қолданатын болсам 6 – 7 сыныптарда көбінесе оқушылардың ізденісін ескеруді мақсат етемін.

Ол үшін


- тірек сызбанұсқалар құру

- дидактикалық диктант өткізу

- графиктер мен диаграммалар құрып, салыстыру

Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты деген.



Ойын түрлері

Қимыл ойындар Үстел үстінде Танымдық

ойнайтын ойындар ойындар
Ойын көп білуге, білімділікке баулиды және білгенін тұжырымдап, нақты айтуға тәрбиелейді. Танымдық ойын түрінде ұйымдастырылыған сабақтың бір түріне тоқталатын болсам 6 сыныпта «Атмосфера» тарауын қорытындылау сабағы.

Ойын шарты оқушыларды 2 топқа бөлу керек.

1 топ «Найзағай», 2 топ «Муссон» әр топ бағдарламасы болады

1. Сөзөрім шешу.

2. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтарды шешу.

3. Қазақтың ауа – райы туралы халық болжамынан мысал келтіру.

4. Шартты белгілер бойынша жауап беру.

5. Жұмбақтар шешу.

6. Сөз ұйқасын тауып, анықтамасын айту

7. Тест сұрақтарына жауап

8. Кестемен жұмыс.

Географиялық объектілерді картадан көрсету. Сабақ соңында білім сайысына түскен әр топтың ойын барысындағы бағдарлама бойынша берілген сұрақтарын алған ұпайларын, жеңімпаз топ анықталады.

- Этнопедагогика материалын әрбір тақырып мазмұнына сай енгізе отырып, оқыту үрдісін жандандыру мен танымдық ойындар түрінде пайдалану. Оқушылардың география пәніне қызығушылығын арттыруға әсер етеді.

Оқушылардың алған теориялық білімін карталар бойынша қорытындылау сияқты жұмыстар өткізіледі.

Жаңа сабақ кезінде кездескен кейбір жаңа терминдерге тоқталып, түсініктемелерін айтумен қатар үнемі оларды түсіндірме сөздік дәптеріне жаздырамын.

Осылайша жаңа сабақты меңгеру үрдісіне оқушылардың өздерін белсенді қатыстыруды мақсат етіп отыру қажет.

Дамыта оқыту технологиясында өзіндік мүмкіндіктері бар сабақ түрлеріне жеке – жеке қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
І. Ойын сабағы оқушыларды теориялық білімін іс – жүзінде қолдануға бағдарлайды.

Ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалана отырып, сабақты өткізу туралы былай өткізуге болады.

«Оңтүстік Батыс Азия елдері» тақырыбындағы сабақтың мақсаты Оңтүстік Батыс Азия елдері құрамына кіретін мемлекеттер, жер бедеренің ерекшеліктері, әлемдік өркениеттің дамуындағы орны туралы оқушылардың білімін қалыптасытру. Оқушылардың есте сақтау танымдық қабілеттері мен тіл байлықтарын дамыту, картамен сөйлей білуге баулу, ұйымшылдыққа, достық қарым – қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу болды. Сабақтың көрнекілігі ретінде Еуразияның физикалық картасы, әр түрлі плакаттар, глобус қолданылды.

Оқушыларға Еуразия материгі нешеге бөлінеді? Еуропа қанша аймаққа бөлінеді?

Азия мен Еуропа бір – бірінен қандай шекара арқылы бөлініп жатыр? Деген сияқты сұрақтар қойылып, өткен сабақ қысқаша қайталаналады?

Төмендегі жоспар бойынша жаңа сабақ түсіндіріледі?



  1. Оңтүстік Батыс Азия елдері құрамына кіретін елдер?

  2. Жер бедерінің ерекшеліктері

  3. Әлемдік өркениеттің дамуындағы орны.

Оңтүстік Батыс Азия – Еуропа, Азия, Африка дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан. Табиғаты мен жер бедеріне қарай Азия ірі мынадай аймақтарға бөлінеді: Оңтүстік Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Солтүсчтік Азия, Оңтүстік Шығыс Азия.

Оңтүстік Батыс Азия елдеріне – Түркия, Иран, Ирак, Ауғаныстан, Сирия, Израйл, Ливан, Палестина, Сауд Арабия, Оман, Катар мемлекеттері кіреді.

Оқушыларды Еуропа мен Азия деп екі командаға бөлу. Үйге тапсырма мен жаңа сабақ материалдарын пайдалану арқылы ойын түрлері ұйымдастырылады.

Сабақ төмендегі жоспар бойынша жалғастырылады.



  1. Кім жылдам?

  2. Шығармашылық жұмыс

  3. Жеті жұмбақ

  4. «Үндемес» ойыны

  5. Картографиялық домино

  6. Сөзжұмбақ

  1. Көрсетілген он елдің астаналарын табу

  1. Ресей – Мәскеу

  2. Иран – Тегеран

  3. Туркия – Анкара

  4. Украина – Киев

  5. Ирак – Бағдат

  6. Польша – Варшава

  7. Қазақстан – Астана

  8. Болгария – София

  1. Бір елге сипаттама: географиялық орналасуы; табиғат ресурстары, ауыл шаруашылығы, астанасы.

Туркияға сипаттама береді

  1. Жеті жұмбақ

  1. (50) География. Кабулдың географиялық координатын анықта.

  2. (50) Химия. Ас тұзы, мұнай, газ, темір, калий тұзы, тас көмір, Шығыс Еуропаның қай елдерінде өндіріледі?

  3. (50) Музыка. Қазақстан әнұранының бір шумағын айт.

  4. (40) Биология. Арктикалық белдеудің өсімдіктерін ата.

  5. (40) Қазақ тілі. Мына сөйлемнен сан есімді тап және мағынасына қарай қандай түрге жататынын айт.

  6. (40) География. Балқан түбегінде қандай елдер орналасқан.

  7. (30) Тарих. Мемлекеттік құрылымы мен ұстанған саясатына қарай Еуразия елдері нешеге бөлінеді?

  1. «Үндемес» ойыны. Екі командадан ойыншылар шығып, басқалары көрсеткен объектілерді тауып, атауларды тақтаға жазады.

  2. «Картограммалық домино» арқылы алдын ала дайындалған қиындылар арқылы екі топ оқушылары жарысып, Азия мен Еуропа елдерін құрастырады.

Сабақ «Азия елдері» сөзжұмбағы арқылы қорытылады.

Күнделікті сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұсмыстарын тиімді орналастырумен қатар дәстүрлі емес сабақ түрлерін және әр түрлі оқыту әдістерін қолдану олардың теориялық білімді қолдану біліктілігін арттырып қана қоймай шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда танымдық көзқарастарын дамытуда роль атқарады. Сонымен қатар оқушыларды география пәніне қызығушылығын арттырады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет