Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы : «Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу»


ІІІ тарау. Оқушылардың өздік жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру



бет3/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,62 Mb.
#27008
түріДиплом
1   2   3   4

ІІІ тарау. Оқушылардың өздік жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру.

Уақыт алға жылжыған смайын сабақ үрдісін жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңаруда. Заман талабына сай жан – жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу – ұстаз қауымының алдында тұрған үлкен міндет.

Сабақ – шығармашылық жұмыс, өйткені сабақты түрлендіру арқылы мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.

Осыны басшылыққа алып, оқушылар жаңа оқу материалдарын оқып үйренген кезде, таным белсенділігін арттыру арқылы оқып үйренген кезде, таным белсенділігін арттыру арқылы сабақта бәілім мен шеберліктің саналы түрде бөлінуіне көңіл бөліп отыру керек.



Оқушылардың таным белсенділігін арттырудың бірден – бір жолы – оқулықпен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс істеуді дұрыс жолға қою арқылы оқушылардың сабақ барысында және үйде кітаппен жұмыс істей білуін, пәнге қызығуын, өздігінше ізденіп, білімін толықтырумен қамтамасыз етуге болады.

Оқулық ғылыми тұрғыдан қанша дұрыс болса да, материалды өз дәрежесінде сапалы меңгерту мұғалімнің әдістемелік шеберлігін, оқушылармен жұмыс істеу тәсілінің тиімділігін қажет етеді.

Оқулықпен жұмыс істеу түрлерін өзгерту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға болатыны күнделікті тәжірибеден айқын байқалады.

Оқулықпен жұмыс істеудің бұл тәсілдері оқушылрадың жас ерекешлігіне, білім деңгейіне және бұрыннан қалыптасқан оқу дағдылары мен оны іс жүзінде қолдана білу шеберліктеріне қарай өзгеріп отырады.

Оқулықпен жұмыстың шартты түрде үш дәрежесін алып қарауға болады:



  1. танымдық

  2. талдауға негізделген

  3. шығармашылық

1. Танымдық дәрежеге оқулықтағы маңызды нәрсені бөліп, мағынасына қарай топтастыру жатады.

а) жоспар жасау

ә) конспект жазу

б) сызбанұсқа түсіру

в) графиктер сызу

г) диаграммалар жасау

ғ) қорытындыларды тұжырымдау

ж) оқу – ізденіс

д) оқу – сұрау

2. Талдауға алған ақпаратты барақпаратпен салыстыру және оқығанды сын көзбен бағалау кіреді.

3. Шығармашылық дәрежеге материалды қайта құрастыру, өзінің ойларын ұсыну, оларды дәлелдеу және тексерудің әр түрлі жолдарын табу шеберлігі тән.

1. Түсіндірмелі оқу

2. Іріктеп оқу

3. Жоспар жасау

4. Текст ішіндегі ең негізгісін табу

5. Текст мазмұны бойынша кесте, сызбанұсқа, диаграмма жасау, текст мазмұны бойынша салыстыру

6. Түсінігін айту

7. Түрлі – түрлі сурет бойынша жұмыс түрлері, сызбанұсқаларға талдау жасау

8. Диаграммамен жұмыс

9. Оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтар бойынша жұмыс

10. Тақырыптың мазмұнын оқып, меңгергеннен кейін қайталап сұрау, тапсырма беру.

11. Тақырыпты алдын – ала сұрап, не тапсырма беру арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау.

12. Өткен тақырып пен жаңа тақырып мазмұнымен байланыстыру мақсатында тапсырмалар беру, не сұрау

13. Оқулықтағы картамен жұмыс

14. Картаны талдау, дәптерлеріне сол картаны сызу

15. Карта бойынша әңгіме құрастыру

16. Сөздік жұмыс

17. Термин сөздерді дәптерге жазу

18. Сөздік құрау

19. Терминдердің түсіндірме анықтамасын беру

20. Өтілген тақырыпқа қорытынды жазу.

География сабақтарында оқушылардың таным белсенділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі – мәтінмен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Себебі, жаратылыстану ғалымдары, табиғат, туған өлке, адамзат дамуымен тығыз байланыста болып, оқушылар назарын өзіне көбірек аударады.




3.1 Бақылау жұмыстарының түрлері.

Оқушылардың білімі мен дағдыларын орнықты бақылауды жақсарту мақсатында бақылау жүйесін жетілдіріп отыру - әрбір пән мұғалімдерінің негізгі міндеті. Оқушының пәнге деген ынтасы мен қызығуын көтерудің бірден бір жолы – білімі мен дағдыларын орнықты дұрыс бағалау. Осы мақсатты назарға ала отырып, география пәні бойынша бақылау жүйесін үнемі жетілдіріп отыру қажет.

І Күнделікті бақылау.
Үй тапсырмасын тексергенде оқушылырдың оқу материалын меңгеру деңгейіне күнделікті бақылау жүргізгенде мыналарды атап айту қажет.

А Оқушылардың толық жауап беруі. Оқушылардың карталарды, суреттерді, кестелерді пайдаланып, толық жауап беруі. Мұндай білімнің нақтылы, терең, толық болуы, материалда қойылған сұрақтардың ыңғайына қарай қабілеті, географиялық тілді (терминдерді, ұғымдарды, географиялық атауларды топонимдерді) меңгеруі ескеріледі.

Ә Қысқаша жауаптар. Оқушының ауызша жауап беруі (жолдасының жауабын толықтыруы, жауабына рецензия жасау, үлестірмелер бойынша және қойылған сұрақтарға жауап беруі жатады.)

Бұл арада үлестерді 4 топқа бөлуге болады.



  1. Жазбаша орындалатын үлестірме (жеке оқушыға 2 сұрақтан беріледі.)мысалы, 6 сынып бойынша мынадай жазбаша орындалатын үлестірме беруге болады.

    1. Жарты шарлар картасынан Дели мен Токио қаласын,ың географиялық координаталарын анықтаңыз және карта маштабы бойынша километр есебімен ара қашықтығы есептеңіз.

    2. Координата 53 градус о. Е. Және 70 б.б. болатын географиялық обьектіні анықтаңыз.

  2. Кескін карта бойынша берілетін үлестірме. Мысалы:

    1. жарты шарлар картасынан кескін картаға төмендегі координаталарды нүктелерді анықтаңыз:

а) 20 с.е және 100 б.б.

б) 10 с.е және 30 б.б.

в) 54 о.е және 70 б.б.

2.2 Меридиандарды глобуста және жарты шарлар картасында белгілеуде қандай айырмашылықтар бар?

3. Тақта алдында жауап беруге арналған үлестірмелер.

3.1 А нүктеғсінен солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс, солтүстік- батыс және оңтүстікке бағыттап сызыңдар.

3.2 Түсбағдар бойынша көкжиектің аралық жақтарын қалай анықтауға болады?

4. Сынып оқушыларын жалпы берілетін жазбаша үлестірмелер.

4.1 табиғатта дүниежүзілік су айнамлымының сызбасын сызып, оны түсіндіріңіз.

Б. Жазбаша жауап оқушының ақыл – ой, қ абілет деңгейін, ерік жігерін айқындау сипатында беріледі. Жазбаша жауаптың үлестірмелер беруден басқа да түрлері көп. Атап айтсақ, географиялық диктант үлестірме бойынша суреттер, сызба нұсқалар, диограммалар, графиктер және де оқулықтардың басқа иллюстрацияларына арналған сұрақтарға жауап жазуды, сынып тақтасындағы немесе жапардың дербес парағындағы тезистер, қорытынды түйін жазбалар жатады.

В. Дербес және сарамандық жұмыс орындау (ауызша, кейінірек кескін картағеа жазуды кесте, сызбанұсқа, диаграмма түрінде орындау.) Мұндай жұмыстар оқушылардың мағлұматтар алудың әртүрлі қайнар көздерін пайдалануға және оларды ұштастыра бөлуге үйретеді.

Г. Географиялық номенклатуралар тексеру. Мұнда оқушы географиялық атауды дауыстап айтуы, не жазбаша орындауы, картадан оның географиялық орнын көрсетуі және қысқаша мазмұнды сипаттамасын беруі керек. Оқушы білімі толық, нақты жеткізе білуі арқылы бағаланады.

ІІ ТАқырыптық бақылау.

Оқушы білімін тақырып бойынша тексерудің түрі көп: картамен жұмыс жоспар жасау, мәтіннің ішіндегі ең негізгісін табу, әр түрлі сызбанұсқалар түсіру т. б. жатады.

Картамен жұмыс арқылы оқушы білімін тексеруде тапсырма бермес бұрын алдымен сол тақырып бойынша жапары беріледі. Мысалы, «Қазақстанның электр энергетикасы» тақырыбы бойынша.


  1. Картаның тақырыбын оқып, негізгі шартты белгілерге назар аударыңыз.

  2. Электр станцияларының жиі орналасқан жерін көрсетіңіз және себебін түсіндіріңіз.

  3. Қазақстан жерінде электр станциялары энергияны қандай жолмен өндіреді?

  4. Ірі электр станцияларын тауып, оның шикізат көздерін атаңыз.

  5. 2-3 ірі электр станциясы бар облысты атаңыз.

  6. Жылу, су, атом электр станцияларының орналасуына назар аударыңыз.

  7. Картадан нені үйрендік? Қорытынды жасаңыз.

Жоспар жасау арқылы тексеруде оқушылар тақырып соңында оқулықты жәнеондағы берілген картаны пайдаланады. Сұрақтар талданған соң, шолып оқып шығады, соңынан оқушылармен бірлесіп жоспар жасалады.

Мәтін ішіндегі ең негізгісін табу – оқушының ойын дамытуға бағытталған. Мәтіндегі мазмұн бойынша кестк, сызбанұсқа, диаграмма сызу арқылы тексеру түрі оқушының алған білімін іс- әрекетте көрсетуіне мүмкіндік береді. Мысалы, егіншілік саласына диаграмма жасаңыз:

а) астық 71

ә) мал азығы (екпе шөп, тамыр жемістері)28

б) техникалық дақылдар 1

в) бау –бақша 1

Түсінігін айту – көбінесе білімдерін бекіту кезінде қолдануға болады.

ІІІ Қорытынды бақылау.

Бүгінде сабаққа қойылатын талап – оқытуға жұмсалатын уақытты тиімді пайдалану. Осыған байланысты білімді жүйелі түрде қолма – қол тексерудің бірнден бір тиімді амал ытестілеу әдісі. Бұл әдіс көбінесе жеке тарауды және бүкіл география курсын қорытындылағанда қолданылады.

Білімді тексеру күрделі үрдіс, сондықтан оның нәтижелі өтуі көбінесе мұғалімнің дайындығына, шеберлігіне және шығармашылығына байланысты. Білімді жүйелі тексеруге тест сұрақтарын дайындау мұғалімнің бағдарламасы мен оқулықтағы әрбір тақырыптарды мұқиат талдап, соның негізінде міндетті түрде меңгерілетін ең маңызды деректерді ұғым, заңдылықтарды ерекше бөліп көрсетуді талап етеді.

«Тест» ағылшын тілінен аударғанда сынақ, зерттеу деген мағынаны береді. Тест тапсырмасын тексеру, бағалау көп уақытты қажет етпейді. Тест бағалаудың ережесі бар. Мысалы, 25 сұрақ болса, былай бағалауға болады:

Тапсырманың 21-25 дұрыс болса, 5 балл, 15-20 дұрыс болса, 4 балл, 10-15 дұрыс болса, 3 балл, 5-10 дұрыс болса 2 балл, 1-5 дұрыс болса 1 балл қойылады.

Тест тапсырмалары бірнеше нұсқада жасалса, оқушылар қайтарылған жауаптарды көшіре алмайды,мұндайда әр оқушы өзіне берілетін тест тапсырмаларымен шұғылданады да, оқушы білімі нақты бағаланады.

Қорытынды бақылауда сонымен қатар деңгейлік жүйелеу әдісін қолданған тиімді, оқушы білімін бағалауда, І деңгейден қосымша ІІ және ІІІ деңгейге біртіндеп күрделіге өтуге мүмкіндік беретін негізгі ұғымдардың өзара байланысты жемісін қолдану оқушылардың жүйелі білімін анықтауға жағдай туғызады. Материалды үш деңгейге жүйелеуде теориялық білімнің жетекші ролі, материалды меңгкруде екпінмен жалжу, жоғары қиындық деңгейінде оқыту, оқу үрдісін оқушының игеруі – барлығының дамуын көздейтін жұмыс жүргізу сияқты диалектикалық ұстанымдарды орындау мақсаты көзделеді.

Бұл технологияны қолданғанда алдымен сынып оқушыларын білім деңгейіне қарай топқа, не нұсқаларға бөлген жөн. Төмен, орташа, жоғары деп қабілетіне қарай әр топтың жұмысының түрліше болуынының өзі оқушының тапсырманы жауапкершілікпен орындауға себін тигізеді. Әр деңгей материалдары бір бірімен сабақтас, жүйелі болуы тиіс, І деңгейде материал толық емес болса да 3-5 сұрақ көлемінде жалпылама түсініктер баяндалуы тиіс. ІІ,ІІІ деңгейде білім одан әрі тереңдетіліп, кеңетіледі.

Қорытынды сабақ түріне сонымен қатар семинар сынақ – сабақтар жатады.

Семинар сабақ.

Әдетте оқушылар білімі семинар түрінде қорытындыланады. Кейде осы негізде жаңа материалдарды оқып үйренумен ұштастырылады, жаңа ұғымдар кіргізіледі, себеп салдар байланысы көрсетіледі, жинақталған шеберліктер қалыптастырылады.

Оны өткізу түрлері:


  • оқушылардың пікірлерін тыңдау, жауаптарына рецензия беру және оларды талқылау:

  • семинар талқылау (әр түрлі рөлдік ойындар) баспасөз конференциялар және т.б.

  • аралас сипаттағы семинар.

  • Семинар саны жыл көлемінде 3-тен аспауы тиіс. География сабағы бойынша сынақтар 2 түрде өткізіледі.

а) автомат оқушылардың оқу барысындағы жұмыс қорытындысы бойынша (алдын ала берілген тапсырмалар бойынша сөз сөйлеу, дәптерлер мен кескін карталарда дербес және практикалық жұмыстар істеу, күнделікті бақылаудың нәтижелері және басқалары.)

ә) сабақты өткен тақырып бойынша өз біліміне сынақ есеп беру арқылы өткізу. Оны өткізуге бір топ ассистенттер, эксперимент т.б. сайлаады.

Сынақта дәптерлер, кескін, карталар тексеріледі. Сондай- ақ тарау бойынша дайындалған үлестірмелер арқылы сынақ алынады. Мұндай сынақ оқушының білімін бақылаумен бірге өтілген тақырыпқа байланысты материалдарды қаншалықты меңгергенін неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік береді. Сынақты жылына екі рет, әр жарты жылдық қорытындысы бойынша алуға болады.

Пән бойынша оқушылар білімін жүйелі түрде тексеру, бағалау олардың оқуға, білім жинақтауға селқос қарамай, керісінше ынта- жігерлерін арттырады.

Қоғамның қазіргі даму кезеңі жеткіншек ұрпаққа білім беру мәселесін жаңа сатыға көтеруді қажет етіп отыр. Осыған байланысты соңғы жылдары мектеп реформасы мемлекеттік деңгейде жүзеге асуда. География пәні ең қызықты, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Бізді қоршаған орта, итабиғаттың алуан түрлі сырларын оқыту үшін мұғалімнің шығармашылық қызмет аясы мен міндет мақсаты ккөбеюде. Сабақтарды түрлендіруде тиімді әдіс тәсілдерді пайдалануда, дамыта оқыту идеялары жүзеге асыруда географиядан бақылау жұмысының әр түрлерін пайдалануға болады.Ол географиялық білімді тереңдетуге, есте сақтау қабілетін арттыру мен уақытты үнемді пайдалануға үлкен ықпал етеді.

І – сандық бақылау.

VII сынып «Материктер мен мұхиттар» тақырыбыа мұғалім тақтаға материктер мен мұхиттарда жазып, 2 жағына І, ІІ нұсқаға сан қояды:

І В


1 Аустралия ІІ В

2 Антарктида

3 Африка

4 Еуразия

5 Солтүстік Америка

6 Оңтүстік Америка

7 Атлант мұхиты

8 Үнді мұхиты

9 Солтүстік мұзды мұхиты

0 Тынық мұхиты

Мұғалім тақтадан картадан өз қалауы бойынша материктер мен мұхиттарды көрсете бастайды. Ал оқушы өздері белгіленген нұсқа бойынша сол материк не мұхиттың санын дәптерге белгілеп отырады.

Мұғалім Оңтүстік Америка, Аустралия, Тынық мұхиты, Африка; Үнді мұхиты, Антарктида, Еуразия, солтүстік мұзды мұхиты, Солтүстік Америка, атлант мұхиты деп картадан көрсетсе, оқушы былай белгілеу керек:

І нұсқа 610-3824-957

ІІ нұсқа 501-8397-264

7 сынып «Еуразия ішкі сулары.» Тақтаға Еуразия ішкі суларының алаптары жазылып, қасына нұсқаларға бөлініп сан жазылады:

І ІІ ІІІ

Солтүстік мұзды мұхит 1 5 2

Тынық мұхиты 2 4 5

Ішкі тұйық алап 3 2 4

Үнді мұхиты 4 3 1

Атлант мұхиты 5 1 3

Мына өзендердің қай алапқа жататынын өз нұсқасы бойынша санмен белгілеп көрсетіңіз: Енисей, Волга, Лена, Амур, Сырдария, Янцзы, Ганг, Амудария, Одра.

Жауабы: І-131-232-435, ІІ-525-424-321 ІІІ-242-545-143

ІІ – графикалық бақылау.

VI сынып «Жердің ішкі құрылымы» тақырыбына. Тақтаға жердің ішкі құрылысы үш бөліктен тұратын жазылып, үш нұсқаға графикалық белгілер белгіленеді.

Литосфера

Мантия


Ядро

Мына сұрақтарға жауапты графикалық белгілер арқылы беріңіз.



  1. Жердің ең сыртқы қыртысы

  2. бұл қабат жердің ең ортасында

  3. Қалыңдығы әр жерде әр түрлі болатын, мыс: 5 км- 70км – ға дейін.

  4. жердің ең ыстық қабаты.

  5. ең көп зерттелген қабат.

  6. ең үлкен қабатын қамтитын жердің ішкі қабаты

Жауабы: І

ІІ

ІІІ



ІІІ - әріптер арқылы бақылау.

VІІ сынып «Еуропа елдері» тақырыбы бойынша берілген еуропа елдерінің астанасын картадан тауып, мына торкөзге әріп арқылы жауап беріңіз. Елдердің астанасының ьас әріпін берілген торкөзге орналастырыңыз.



  1. Ұлыбритания, Болгария, Германия, Югославия, Албания, Швеция, Испания, Греция, Чехословакия, Финляндия.

Жауабы: Л С Б Б Т С М А П Х

ІV шартты белгілер арқылы бақылау.

8 сынып. «Қазақстанның пайдалы қазбалары» тақырыбына. Мына кен орындарынан шығатын пайдалы қазбаларды шартты белгілер арқылы торкөзге қондырыңыз.

Құлсары,Қарағанды, Аят, Жезқазған, Майқайың, лисаков, Қоңырат, Кемпірсай, Текелі, Арал, Жайық – жем алабы.










































Графикалық бақылаудың 2 – түрі.

VII сынып. Аралдар мен түбектер.

Мұғалім сынып оқушыларын 2 нұсқаға бөліп, 1 нұсқаны мұхиттар, 2т нұсқаны материктер деп белгілейді. Ол үшін дәптерге төртбұрышты етіп 10 торкөз сызылады. Оқушы осы торкөздерді дұрыс жауаптың ретімен сәйкестендіріп бояп отырады.

Мына аралдар мен түбектер қай материк пен мұхитқа жатады:

1.Қала түбегі 2. гиреней түбегі 3.Жаңа жер аралы 4. Камчатка түбегі 5. Мадагаскар аралы 6. Аравия түбегі 7. Курил аралдары 8. Лабрадор түбегі 9. Кипр аралы 10. Флорида түбегі

Жауабы: І нұсқа Мұхиттар.

ІІ нұсқа Материктер




Тынық


























Үнді


























Атлант


























Срлт.Мұзды


























Азия



























Америка


























Европа
























Африка




























  1. – сарамандық жұмыс

(Кестені «+» белгісімен тотырыңыз).




Көлдер

Ағынды

Тұйық

1

2

3



4

5

6



7

8


Каспий

Арал


Зайсан

Балқаш


Марқакөл

Қорғалжын

Сілеті

Теңіз









2 сарамандық жұмыс.

(Кестені сұрақтарға сәйкес толтырыңыз).





Сұрақтар

Жауабы

1

2
3


4

Өзеннің аты – Ертіс

Қай мұхит алабына жатады?

Қоректенуі, қай типті

Шаруашылық үшін маңызы







3 сарамандық жұмыс.

Жазда суы мол өзендер

Көктемде суы мол өзендер

Тартылып қалатын өзендер










4 сарамандық жұмыс.

Жазда мол сулы өзенді «+», көктемде суы мол өзенді «0», тартылып қалатын өзенді «–» белгілерімен белгілеңіз.



Өзендер

Белгі

Өзендер

Белгі

Ертіс

Жайық


Сырдария

Бұқтырма


Ембі

Сарысу


Нұра




Есіл

Тобыл


Ырғыз

Шу

Үлбі



Шар

Торғай


Қызыл су






3.2 Сабақта түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану.

Батыс елдеріндегі мектеп білімінің мазмұнын теориялық, қайта құрудың «әкесі.» Дж. Брезнер «ақпараттық жарылу заманында мектеп оқушыларына бүкіл өміріне қажет білім жиынтығын беріп қана қоймай, өздігінен білім алу дағдысын қалыптастыруды үйретуі керек деп жазған.»

Профессор Ж. Қараев технологиясының тиімділігі сол, жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін, арттыру үшін мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені мол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының талаптьарына сай сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.

1 кезең – тірек тапсырмаларымен жұмыс, яғни жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау. Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан, үй тапсырмасын талдауғабарлық оқушыларды толық қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Осы кезеңде әңгімелеу, көрнекілік, мәселелік оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімдерін еске түсіру, сабаққа қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады, сонымен бірге осы жұмыстар арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.

2 кезең – ақпаратын өздігінен меңгеру. Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру алгоритмі беріледі. Алгоритм бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс істеп, тақырыптан керекті мәліметті таба білуге, ізденімпаздыққа үйренеді, әр оқушының танымдық қызметіндегі дербестігі дамытуға мүмкіндік туады.

Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс - әрекетіне негізделеді. Мұндай оқытудың мақсаты – оқушылардың жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруін дамыту.Оқыту барысында оқушылар өзін - өзі жетілдіреді, іздену көзқарасы гуманитарлық бағдарға сәйкес келеді.

2 кезең – екі бөлімге бөліп, бірінші бөлімде тақырыпты алгоритм бойынша оқып үйреніп, топ болып талдауға уақыт беріледі. Оқушылар тақырыпты оқып отырған кезде, мұғалімнің үй тапсырмасын тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады.

Екінші бөлімде барлық оқушыларды қатыстыра отырып, берілген тақырып алгоритм бойынша тақтада талданады. Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырудың жартылай ізденіс, мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.

3 кезең – деңгейлік тапсырмалар. Оны оқушылар өздігінен орындап, әркім қабілетіне қарай алған білімін іс – жүзінде қолдана білуге үйренеді.

Бұл технологияның тағы бір тиімділігі –оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс.Оқушының әр сабақта жиналған ұпайларын «Даму мониторингі» кестесін белгілеп отыру арқылы тарау бойынша оқушы біліміне талдау жасап отыруға мүмкіндік туады.

Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады.Бұл оқушылар арасында жарыс туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт бойынша білім алуына кепілдік береді, әр оқушының мемлекеттік стандарт бойынша білім алуына кепілдік береді, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалынады.

Оқушы – таным деңгейін дамытуда деңгейлік тапсырманың маңызызор.

шығармашылық

евристикалық


алгоритмдік

Оқушы деңгейі

І сатыда (оқушы деңгейі) мұғалім көмегімен оқушы алдындағы мақсаты шешеді, орындайды, оқушыға бұрынғы білімі көмекке келуі мүмкін.

ІІ сатыда алгоритмдік (көмексіз,ақыл - кеңессіз) оқушы мақсатқа жағдай ситуация анық болған жағдайда өз бетінше жетеді.

ІІІ сатыда айқын, жағдай түсініксіз болса, оны оқушы өздері шешсе, өз еңбектерімен жаңа мәлімет, білім алса, ол эвристикалық саты болмақ.

ІV саты – ең жоғары шығармашылық саты. Мақсаты бар, бірақ ол нақты емес, жалпылама, ал оқушы мақсатты айқындап, оны шешуге кіріседі.Жаңа білім игереді, тың мәселелер шешіледі. Іс -әрекеттің ең өнімдісі осы – 3-4 саты. Бұл деңгейлік тапсырманың оқыту мен тәрбиелеу процесінде пайдасы зор.

Оқушылардың ой - өрісін дамыта оқыту технологиясын жетілдіріп отыру қажет. Солардың бірі – проблемалық жағдайлар туғызу арқылы білім беруді дамыту. Оның түп мақсаты – көтерілген фактымен құбылыстарды шешудегі оқушының білім қорының жетіспеу қиындығын туғызу.

Оның негізгі бағыттары:


  • проблемалық сұрақтар қою;

  • ғалымдардың идеялары бойынша проблемалық жағдайлар туғызу;

  • өмірден қарама – қарсы мысалдар келтіре отырып проблема туғызы;

  • тәжірибелер нәтижесін көрсете отырып, проблемалық жағдайлар туғызу.

Бұл проблемаларды шешуде мұғалім оқушының танымдық іс - әрекетіне, іздену қабілетіне бағыттаушы рөл атқаруы тиіс. Кейбір жағдайларда оқушылардың ерекше қызығушылығын туғызатын фактілерді таңғажайып мәліметтер мен тарихи жаңалықтарды пайдалану орынды.

Тағы бір көңіл аударатын әдіс – мұғалімнің сабақ үстінде деңгейлігі қиын эвристикалық сұрақтар қою арқылы оқушылардың қатты ойландыру. Ал оқушылар қиналған жағдайда мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы көмектесіп отырады.

Сол сияқты оқушылардың білімін қалыптастыруда географиялық диктант жазу, тест, кесте, сөзжұмбақтар, сызба – нұсқа құрастыру, ромикті ойындар т.б. әдістердің рөлі ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет