Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


-сыныптың қазақ тілі оқулығындағы тілдік портфельге



Pdf көрінісі
бет26/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)
Дипломка әдістеме
2.2 9-сыныптың қазақ тілі оқулығындағы тілдік портфельге 
қажетті тапсырмалар жүйесі 
Бұл тараудың бірінші тілдік портфелі «Сөздердің стильдік түрлері» деп 
аталады. Бұл бөлімде «Стиль туралы ұғымы» қарастырылады. Бірінші 
оқушыларға жалпы стиль туралы мәлімет беріледі. Ол мәліметтің мәтінің 
мынадай: 
«Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын 
тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын 
болған. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және 
фонетикалық тәсілдердің қолданылу қағидаларын айтамыз. Бір ұғымды 
айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға 
болады.
 
Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар 
мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік 
ерекшелігі.Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға 
байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие 
құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық 
белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік. 


40 
Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен 
сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес 
келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі 
бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің 
іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу 
стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді. 
А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде стиль туралы «Әр 
ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, 
әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі 
әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол 
салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз 
шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына 
келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз 
шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл 
болуының жалпы шарттарын білуі қажет» дейді [39]. Ол стильді тіл қисыны 
мен лұғат қисынының бірігуі деп таниды. Абайдың стилін тануда ол: «Не 
нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай 
жазады. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі 
сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына оның шеберлігі 
керек, мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де 
болған» дейді [39].
Әрбір адамның сөйлеу стилі оның тұлғалық болмысын (мәдениетін, 
әдептілігін, мінез-құлқын) көрсете алады. 
Енді осы мәтінге мынадай тапсырма беріледі: 
Тапсырма. Тілдік мәліметпен танысып, стиль мен оның түрлері 
туралы ой бөлісіңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет