9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛЬДЕРДІ ИГЕРУДЕ ТІЛДІК ПОРТФЕЛЬДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Мақсаты:
- 9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игертуде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдарын қарастыру, олардың ерекшеліктеріне мән беру, тіл үйренуде өздік жұмыс тиімділігін мысалдар арқылы дәйектеу.
- стилистика саласын зерделеудің жаңа бағыттарына талдау жасау;
- функционалды стильдердің бір-бірімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тілдік тұрғыда саралау;
- қазақ тіліндегі функционалды стильдердің прагматикалық сипатын қарастыру;
- –қазақ тілін меңгеруде тілдік портфельді пайдаланудың тиімділігін айқындау;
- тілдік портфель арқылы игерілетін құзіреттіліктерді жіктеу.
Объект – тілдік портфель.
Пән – функционалды стилистика.
Нәтижелері:
- Қазақ тілін оқытуда тілдік портфель арқылы функционалды стильдерді меңгертудің үлгісі берілді;
- 9-сыныпта орындалатын тапсырмалар жүйесі де алғаш рет зерделенді;
- Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдерінің тың жолы ретінде әдіснамалық негіздері де сараланды.
- Мемлекеттік тілді игертудің жаңа, тың, нәтижелі әдіс-тәсілдері қарастырылды;