Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет36/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)
Дипломка әдістеме
Кітаби-жазба стильдер

Кітаби-жазба стильдер өмірдің белгілі салаларында пайдаланылып 
танылған ұлт тілінің нақтылы түрі болып саналады. Олар әр саладағы 
атқаратын қызметіне қарай іс-қағаздар мен ресми стиль, публицистикалық 
стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стиліне бөлініп жіктеледі.
Кітаби-жазба стильдер жалпы халықтық тілдің жазбаша формасының
негізінде қалыптасады да, кітаби сипатта болады. Бұл стильдер қатынастың 
жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан, мұнда тілдік сұрыпталып 
қолданылады.Кітаби-жазба стильдер сөйлеу стиліндей тікелей қатынас 
жасауда көрінбейді.Сондықтан , онда қаралатын –ғылым, заң, жобалары, іс-
қағаздары, ресми құжаттар және басқа да қоғамдық маңызды мәселелер жан-
жақты толық қамтылып, логикалық жүйелілікті бұзатын қажетсіз детальдар 
болмай, нақтылы дәл жазылуы керек. Мұндай талап кітаби-жазба 
стильдердің бәріне бірдей қойылады. 
Тіл стильдері 
Ауызекі сөйлеу стилі
Кітаби тіл стилі 


48 
Көркем әдебиет
Ресми стиль,
Ғылыми Публицистикалық
стиль
іс қағаздар
стиль
стиль 
стилі 
Функционалдық стильдер – белгілі бір елеулі әлеуметтік салада 
адамдардың қоғамдық-сөйлеу тәжірибесі нәтижесінде қалыптасқан әдеби 
тілдің түрі. Функционалдық стильдің тууы тілдің қызметімен, атап айтқанда, 
оның қарым-қатынас жасаудағы, бір нәрсе жайында хабарлаудағы және 
адамдардың санасына ықпал етудегі қызметімен және осы қызметтің үнемі 
кеңейіп отыруымен байланысты. Бұдан басқа функционалдық стильдің 
тууына қоғамдық сана, әлеуметтік қарым-қатынас, өндірістер сияқты тілден 
тыс факторлар әсер ететін мемлекеттік орындарда, ресми не жеке 
адамдардың сөздері (автор сөзі) мен олардың тыңдаушылары арасындағы 
қарым-қатынас та маңызды рөл атқарады. Функционалдық стиль тіл 
дамуының әр дәуірінде әлеуметтік, тарихи сипаты өзгеріп отыратын 
категория болып табылады. Функционалдық стиль ауызша және жазбаша 
түрде дамиды, оның ерекшеліктері лексика, фразеология, сөзжасам, 
грамматика, фонетика салаларынан, эмоционалды-экспрессивті сөздерден 
көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет