Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет42/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)
Дипломка әдістеме
Пікірталас
– түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, 
салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу. Пікірталасты 
мынадай түрлерге бөлуге болады: 
1.
Пікіралмасу 
2.
Ойталастыру 
3.
Пікірсайыс 
4.
Ойбөлісу 
5.
Айтыс 
 
Тапсырма.
Ауызекі сөйлеу стилінің түрлеріне «Кластер» құр.
Тілдік мәліметтерді пайдалана отырып, диалогтің түрлеріне 
қатысты мысалдар келтір. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


53 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Қазақ ғылымының алғашқы даму жылдарында, негізінен, теориялық 
тұрғыдан зерттеу жұмыстары молынан жүргізілді. Кез келген әрекетті іске 
асыруда негізгі күш теориялық мәселеге түсті де, оны іске асырудың 
практикалық жағына онша көңіл бөлінбеді. Ғылыми-теориялық зерттеулерді 
іске асыру үшін оның әдістемесі қажет екендігі соңғы кезде жиі айтылып 
жүр. Функционалды стильдер тармағы жіктеліп, олардың теориясы 
жасалғанмен, оларды оқыту жолдары, оқушыларға игерту, құзіреттіліктер 
қалыптастыру қажеттілігі біздің жұмысымыздың негізгі өзегі болып отыр. 
Осы себептен де 9-сыныпта фунционалды стильдерді түрлі әдіс-тәсілдермен 
оқытуға болады. Бірақ тілдік портфель арқылы оқытудағы басты мақсат – 
жоғары сынып деңгейінің алдында тұрған 9-сынып оқушыларының 
функционалды стильдерді өз беттерімен оқи алатындығын көрсетуге 
икемдеу. Осы мақсат бойынша зерттеу жұмысының алғашқы тарауларында 
функционалдық стильге тоқтала өтіп, әліде тереңірек зерттелудіқажет ететін 
тілдік портфель ұғымына тоқталдық.
Стиль түрлерін оқытуда сабақ үстінде жүргізілетін танымдық 
жұмыстың ең көп жүретін түрі – әрбір стильге арналып берілген жаттығулар. 
Жаттығуларды әдістемешілер үш түрлі талап деңгейіндеқарастырып жүр: 
-
Жаттығулар мазмұны жағынан да, мақсаты мен міндеті жағынан да 
бір сарында болмай, түрленіп отыруы тиіс; 
-
Әрбір тақырыптан кейін берілген жаттығулар сол тақырыпта 
баяндалған тілдікқұбылысты қамтуы шарт; 
-
Жаттығулар мазмұнының тәрбиелік мәні болуы қажет.
Осы мәселеге келгенде тілдік портфель арқылы оқушыға білім берудің 
тиімді тұстарын зерттеу жұмысында көрсеттік. Тілдік портфель– тіл 
үйренушілердің қазақ тілін үйренудегі жетістіктері мен жинақтаған 
нәтижелерін сараптан өткізіп отыратын жеке құжаты болып табылады. 
Тілдік портфель тіл үйренушінің тұлға ретінде дамуына тілді үйрену 
мотивациясы мен қызығушылығының артуына ықпал етеді. Тілдік 
портфельмен жұмыс істеу оқушыларға тілді үйренуде қазақ тілін үйренуге 
деген мотивациясын арттырады; өзі тұрып жатқан елдегі мәдениаралық 
қатысымының қаншалықты бағалы екенін түсінеді; қазақ тілін үйренуде 
өзіндік жұмыс түрлерін дұрыс ұйымдастыруға дағдыланады;қазақ тілін 


54 
үйрену дағдыларын басқа шет тілдерді үйрену дағдысымен салыстыра 
бағалайды; өзінің білімінің қаншалықты деңгейге жетілгендігін анықтай 
алатын деңгейге жетеді. 
Зерттеу жұмыстың екінші бөлігінде 9-сынып оқушыларына 
функционалды стильдерді игертуде тілдік портфельді ұтымды пайдалану 
жолдарын 
қарастырып, 
арнайы 
тапсырмалар 
арқылы 
олардың 
ерекшеліктеріне мән беріп қана қоймай, тіл үйренуде өздік жұмыс тиімділігі 
мысалдар арқылы дәйектелді.
Дипломдық жұмыста 
– 
стилистика саласын зерделеудің жаңа бағыттары; 
– 
функционалды стильдердің бір-бірімен ұқсастықтары мен 
айырмашылықтары; 
– 
қазақ тіліндегі функционалды стильдердің прагматикалық 
сипаты; 
–қазақ тілін меңгеруде тілдік портфельді пайдаланудың тиімділігін 
анықтап, өткенімен саралау арқылы және оқушылардың өзіндік жұмыс жасай 
алуына жағдай жасайтын тапсырмалар тізімі жасалды. 
Әдіснамалық негіздері ретінде қазақ тіл біліміндегі стилистика жайлы 
жазылған ғылыми еңбектер (М. Балақаев, М.Серғалиев, А. Жаппаров, М. 
Қанабекова) мен қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы жазылған еңбектер (Ф. 
Оразбаева, Р. Рахметова, Г. Бейсенбекова), сонымен қатар тілдік портфель 
туралы жазылған ғылыми мақалалар (З. Күзекова, Г. Бейсенбекова), «Негізгі 
орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен 
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 
және 9-сынып оқулықтарын (Авторлары Р. Әмір, М. Атабаева) қарай отыра, 
функционалды стильдерді оқытуға арналған арнайы тапсырмалар тізімі 
жасалды. 
Сонымен, жұмысымызды қорытатын болсақ, тілдік портфель арқылы 
оқытудың тиімділігі алғаш рет зерттеліп отырғандықтан, қазақ тілін игеруде 
қалыптасатын құзіреттіліктер де, 9-сыныпта орындалатын тапсырмалар 
жүйесі де алғаш рет зерделеніп отыр. Осы дипломдық жұмыста қазақ тілін 
оқытудың әдіс-тәсілдерінің тың жолы ретінде әдіснамалық негіздері де 
сараланды. Зерттеуді қажет ететін тақырып ретінде, мемлекеттік тілді 
игертудің жаңа, тың, нәтижелі әдіс-тәсілдерін қарстырудың, ұсынудың өзі 
оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық қолданысына бұл 
дипломдық жұмысымыз соған кішкене болса да өз үлесін қосады деген 
үміттеміз.


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет