44
синонимдердің бірі публицистикалық дискурсына тән болса, екіншісі сөйлеу
тілі дискурсына тән екенін аңғару қиын емес. Дегенмен сөз мәдениетіне
машықталған, шығармашылық дәстүрі әріден келе жатқан газеттерден өзі
кейде сөйлеу тілі элементтері мен кітаби сөзге
тән элементтердің парқына
бармай, қолдана салатыны байқалып қалады:
Олимпиадаға Қытай
спортшылары қазір өліп-талып дайындалуда
(«Егемен Қазақстан»).
Мұндағы
өліп-талып
сөйлеу тіліне тән бірлік болса,
дайындалуда
кітаби
элемент санатына жатады [39].
Ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының
бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала
дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы.
Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде
қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар. Мұнда тіл
мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты
тікелей
және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби
тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби
сөздер жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің
заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі
— әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы
сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі
экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде
байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден
тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да
жарыса пайдаланылуы
осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға
тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары,
дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.). Экспрессия және
ықшамдылық үшін ауызекі
тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше
синтаксистік бірліктер (сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі
тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға
көбірек сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: