Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы»



бет1/4
Дата25.12.2016
өлшемі0,88 Mb.
#4814
түріДиплом
  1   2   3   4
Қазақстан Республикалық Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Жаратылыстану-география факультеті

Туризм кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: «Алматы облысының туристік рекреациялық

географиясы»
Қорғауға жіберілді Орындаған:

Географиялық –туризм мамандығының

«_____» ________2008 ж. 5 курс студенті Әлімжанова Б.А.
Ғылыми жетекшісі:

Кафедра меңгерушісі: аға оқытушы Әтейбеков Б.Н.

профессор Мазбаев О.Б.


Алматы – 2009

Мазмұны:

Кіріспе..................................................................................3

Негізгі бөлім:


  1. Алматы облысы туризмінің дамуындағы

табиғи алғышарттар...........……………………………………….. 8

1.1. Алматы облысы туризмінің дамуынан

қысқаша тарихи мәлімет....................................................9

1.2. Табиғи ресурстар және олардың туризмде

қолданылуы..........................................................................10

1.2.1. Рельф………………………………………………..13

1.2.2. Климат (ауа-райы) ……………………………......14

1.2.3. Су ресурстары……………………………………...16

1.2.4. Флора және фауна (өсімдіктер әлемі және



жануарлар әлемі)………………………………....26

2. Алматы облысының айырықша қорғауға алынған табиғи

аймақтарын туризмде пайдалану

2.1. Табиғи ескерткіштер.....................................................32

2.2. Болашақтағы маңызды болып табылатын Алматы

облысындағы көрнекті жерлер...................................35

2.3. Алматы облысының қорықшалары ..........................36

2.4. Алматы қорығы..............................................................37

2.5 Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар......................38

3. Алматы облысының негізгі туристік маршруттары.........44

3.1. Алматы қаласының туристік фирмалары

ұсынатын табиғи- танымдық турлар.......................46

3.2. «Алматы облысына саяхат» турының

бағдарламасын құру...................................................62

4. Туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттар мен мәселелер .........69
Қорытынды...........................................................................70

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................72

А қосымшасы..............................................................................73

Б қосымшасы..............................................................................74

Кіріспе
Бүгінгі таңда туризм әлемдік экономиканың белсенді түрде дамып келе

жатқан саласы ретінде кеңінен танылып отыр. Соңғы бірнеше жылда кейбір елдер, мысалы Малайзия, Тайланд және Қытай елдері шетелдік туристерді тартуға байланысты қарқынды түрде өткізіліп отыратын реформалардың арқасында өз экономикаларын әлдеқайда жоғарғы деңгейге көтеріп алды десе де болады. Егер сандық мәліметтерге жүгінер болсақ табысы қомақты басқа салалармен салыстырғанда туризм саласының салмағы басым екендігін байқаймыз. Мамандардың зерттеуінше туризм саласы 2005 жылдан бастап жеңіл автокөлік пен мұнай экспорттауды артта қалдырып, кіріс кіру жағынан бірінші орынға шыққан. Көп жағдайда туризм халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешіп береді.

Мәселенің мәнісіне тікелей көшетін болсақ, біз сөз еткелі отырған Алматы облысы бүгінгі күннің өзінде қазіргі туристердің әр түрлі деңгейдегі сұраныстарын қанағаттандыра алуға қабілетті әрі кең көлемдегі туристік потенциалы бар аймақ ретінде танылғандығын көрсетіп отыр. Статистикалық зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек әлемдегі саяхаттауды ұнататындардың белгілі бір жаққа саяхаттауды жоспарлау алдында сол елдің шоу-бизнестен өткізілетін мәдени іс-шараларын немесе тарихи-мәдени ерекшеліктерін зерттеуді емес, сол елдің табиғи көрнекті жерлерін тамашалауды бірінші кезекке қоятындығы анықталды. Жақын арада, дәлірек айтсақ 1989 жылы Алматы облысы рекреациялық аймақ бола тұрса да және жақсы деңгейдегі қызмет көрсету инфрақұрылымы болмаса да жыл сайын 1,5 миллион туристі қабылдап отырғандығы кездейсоқ нәрсе емес. Әрине, мұндай жағдайда Алматы облысына туризмнен жүздеген миллион доллар қаржы көлемінде кіріс кіруі анық нәрсе.

Саяхатшылардың саяхаттау мен демалыс өткізу аудандарын таңдауында табиғи ресурстар үлкен рөл атқарады. Бұл жағынан алғанда туристер өздері таңдау жасаған туристік аудандардың ландштафты мен климатына, өсімдіктер және жануарлар әлемінің бай болуына, спортпен айналысуға, аң аулауға, балық аулауға жайлы болуына көп көңіл аударады. Туристік аймақтың ресурстары қандай болса, рекреациялық әрекеттер мен түрлерді ұйымдастыру соған байланысты болады.

Қазақстанның сарқылмас әрі қайталанбас табиғи сұлулығы Жетісу деп аталатын өзіндік ерекшелігі мол географиялық аймақта көрініс береді. «Жетісу-жер жаннаты» деген сөз бекер айтылмаса керек. Жетісу өңірі көп уақыттан бері өзінің өсімдіктер және жануарлар әлемінің саналуандығымен, ыңғайлы табиғи контрастарымен және табиғи ландштафтарымен туризм саласындағылардың қызығушылығын тудырып отыр. Саяхат жасаудың азапты жолын артқа тастап әрі өміріне қауіп-қатер тудыра отырса да көптеген ғалымдар мен саяхатшылардың бұл өңірге асқан қызығушылықпен сапар шеккілері келетіні тегін емес.

Жетісуды зерттеп жүрген танымал зерттеуші Р.И. Аболин сібір қазақтарының Жетісу жеріне қоныстанғанын қарай отырып, мына жағдайды байқаған. Көшіп келген казактарға Жоңғар Алатауының етегіндегі жерді суландыратын су көздерінің көптігі таң қалдырған. Осы есепте Жоңғар Алатауы Сібір мен Орта Азия тауларын байланыстыратын ерекше көпір болып табылады.[1]

Ауа-райының тұрақтылығы, асулар мен жазықтардың көп болуы, рельфтің әр алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматының туризмнің археологиялық, спорттық, танымдық т.б. түрлеріне ыңғайлы демалыс орнына айналуына ықпал етті.

Құм шөлейттер мен қарлы шыңдар, құмды бархандар мен мұздықтар, сексеуіл мен эдельвейстер қатарынан бірге орналасатын аймақтар болады. Дәл осындай көршілестік Алматы облысында бар. Бұл жерде алты түрлі климаттық белдеулермен танысуға болады. Сіз бұл аймаққа саяхаттау мақсатында сапар шеккен болсаңыз жолда шөл даланың аптап ыстығына тап боласыз, дархан даланың ғажап көркіне тоймай көз тіге аласыз, тау етегіндегі алып ағаштардың саясында тыныға аласыз. Одан жоғарыға көтерілер болсаңыз алдыңыздан қылқан жапырақты орман құшақ жаяды. Ал одан сәл жоғарыда яғни тау-тастың арасында тундраны еске түсіріп, танау жаратын хош иісті арша өседі. Қарлы шыңдардың ұшар басына аяғыңыз тиген сәтте сіз бейнебір Арктикада тұрғандай әсер аласыз.

Қазіргі кезде жергілікті тұрғындар секілді шетелдік туристерге де Аламаты қаласының туристік фирмалары жасаған табиғи – танымдық турлардың бағдарламаларын таңдау ұсынылады. Мұндай табиғи-танымдық турларды құру кезінде Алматы облысының барплық табиғи ескерткіштері мен көрнекті жерлері қамтылады.

Бірақ, өкінішке орай көптеген турлар қазақстандық туристік қызмет көрсету нарығында өте қымбат жіне қолайсыз болып отыр.

Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі төрт тараудан және қортындыдан тұрады.

Бірінші тарауда біз Алматы облысы туризмін дамыту мен оны пайдаланудың табиғи алғышарттарын қарнастырамыз.

Екінші тарауда табиғи-танымдық турларды құру барысындағы айырықша қорғауға алынған аймақтар жөнінде сөз қозғаймыз.

Үшінші тарауда Алматы қаласында жұмыс жасайтын табиғи-танымдық турларға сипаттама беріледі және «Алматы облысына саяхат» туры құрылады.



Төртінші тарауда біз Алматы облысының келешекте туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттары мен мәселелерін қарастырмақпыз

74 беттік мәтін көлеміндегі жұмыс 5 кесте мен 3 қосымшадан тұрады.

Бұл жұмысты орындау барысында 48-ге жуық әдебиет көздері пайдаланылды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында қолданылған шешуші сөздер: табиғи ресурстар, айырықша қорғауға алынған аймақтар, қорық, ұлттық саяжай, табиғат ескерткіштері, табиғи-танымдық тур.


Жұмыстың мақсаты – табиғи-танымдық туризмнің қазіргі хал-жағдайын сараптау және тек шетел туристерінің ғана сұранысына ғана емес Қазақстанның да басқа облыстарында тұратын тұрғындардың, одан қала берді ТМД елдерінің де сұранысына ие болатын рентабельді табиғи- танымдық турларды құру.

Жұмыстың міндеттері:

. Алматы облысының табиғи ресурстарын және оларды табиғи-танымдық турларды ұйымдастыру барысында қолдану;

. Табиғи-танымдық турларды құру кезінде айырықша қорғауға алынған табиғи аймақтарды (ООПТ) пайдаланудың үлгілері мен әдіс-тәсілдерін анықтау;

. Аталған аймақтағы табиғи-танымдық турларды құрумен айналысатын туристік фирмалар жүргізген маркетингтік зерттеулердегі жинақталған тәжірибелермен танысу;

. Табиғи – танымдық турлар құру;

. Алматы облысының келешекте туризмді дамытудағы алға

қойған мақсаттары мен мәселелерін анықтау;

Дипломдық жұмысты қорғауға дайындау барысында төмендегідей әдіс-тәсілдер жиынтығы қолданылды, атап айтар болсақ: материал жинау

( әдебиет көздері, ғылыми мақалалар, күнделікті баспасөз беттерінде жарық көріп отыратын материалдар, энциклопедиялық баспалар), қолға түскен ақпараттарды сараптау және талдау, сонымен қатар бақылау. салыстыру және картографиялық тәсілдер де пайдаланылды.



1 – тарау. Алматы облысы туризмінің дамуындағы

табиғи алғышарттар.

Туризм өзіндік ресурстық бағыт- бағдары бар салалардың қатарына жатады. Туризм белгілі бір территориялық аймақты тұтынушы ретінде ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығына ғана жол береді. Яғни, әлі қаймағы бұзылмаған тұма табиғатқа сұранысын артыра отырып, өзінің дамуына орасан зор мүмкіндік алады.

Рекреациялық мамандану деңгейіне байланысты жерді рекреациялық пайдаланудың негізгі үш түрін бөліп қарастыруға болады:

1.Рекреациялық белсенділіктің жоғары деңгейі сақталған территориялар. Бұл жерде басқа жер тұтынушылар екінші орынға ығысады және мәнін жояды.Олардың қатарына мыналар жатады:

( саяжайлар, жағажайлар және басқа да көпшілік демалатын орындар).
2. Экологиялық және өндірістік қызметтерді біруақытта атқаратын

рекреациялық белсенділіктің ортаңғы деңгейіндегі территориялар.

Олардың қатарына жататындар: (қала сыртында отырғызылған жасыл көшеттер, эрозияға қарсы отырғызылған ормандар т.б.).

3. Рекреациялық мөлшері аз деңгейдегі территориялар.


Алматы облысы республикамыздың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан Жетісу деп аталатын аймақта орналасқан. Солтүстігінде ол Шығыс және Орталық Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр әрі бұл шекаралық аймақты ащы-тұщы сулы Балхаш көлі, суы ащы Алакөл, Жалаңаш көл және суы тұщы Сасықкөл мен Ұялы көлдері бөліп жатыр. Шығысында Жоңғар Алатауы арқылы Қытай мемлекетімен көршілес жатыр. Ал, оңтүстігінде Іле Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатау жоталары созылып жатыр. Бұл Солтүстік Және Орталық Тянь-Шань таулары. Батысында Жамбыл облысымен шектеседі.

Облысты Жетісудағы ең ірі су көзі Іле өзені кесіп өтеді. Оның қайнар көзі Алматы облысынан бастау алып, сосын Қытайға бет алады, ол жақтан қайтадан Қазақстанға ағып келіп жасанды Қапшағай су қоймасын түзген соң шөл арқылы өтеді де Балқаш өзеніне келіп құяды. Оның ұзындығы 1001 шақырым. Қапшағайдан Іле Алатауының аңғарына дейін 1000 шақырымға жуық, бірақ мұндай ара қашықтықта бір сағаттың ішінде қаңсыған шөл даладан бастап арктикалық мұзға дейінгі 4 климаттық белдеуді жүріп өтуге болады [3].

Облыста альпинизм мен тау туризмі кеңінен танымал. Биік шыңдар мен асуларды бағындыру сонау 30-шы жылдарда-ақ қолға алына бастаған және мұнымен айналысушылар әлемнің әр түрлі елдерінен келіп жататын туристер болды. Қазақстанның ең биік нүктесі (6695м) болып саналатын және жаз мезгілінде 2000-ға жуық адам өрмелейтін Хантәңірі шыңының етегінде халықаралық алпинистер лагері (МАЛ) орналасқан.

Ауа-райының тұрақтылығы, асулар мен жазықтардың көп болуы, рельфтің әр алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматының туризмнің археологиялық, спорттық, танымдық т.б. түрлеріне ыңғайлы демалыс орнына айналуына ықпал етті [2].



Алматы облысы туризмінің дамуынан қысқаша тарихи мәлімет.

Алматы – салыстырмалы түрде алғанда жас қала болғандықтан туризм саласындағы үлкен тәжірибе жайында сөз қозғау қажет емес. Алайда, туризм мен экскурия тарихы Верный қаласынан, сосын Алма-Ата, кейіннен Алматы қаласында басталғаны белгілі.

Сонымен, отандық туризмнің пайда болуы Верный қаласында «Орыс географиялық қоғамы» құрылған 20 ғасырдың басында-ақ бастау алады. «Қоғам» бөлімі 1927 жылға дейін жұмыс жасап келді.

20 жылдардың соңында энтузиасттар саяхаттаудың барынша белсендірек түрлерін ұйымдастыра бастады. Олардың қатарында Іле Алатауына жаяу саяхат жасаған тау туризмінің танымал тұлғалары Г.И. Белоглазова, Ф.Л. Савина және В.М. Зиминдер бар еді. [4,5].

Сәл кейінірек 1931 жылы туризмді ұйымдастыру барынша биік деңгейге қойылды: сол кездегі Алма-Ата қаласындағы Жетісу Губерниялық музейінде туризм мен экскурсияның пролетарлық қоғамының бүкілодақтық мүшелері болып табылатын он адамнан құралған топ ұйымдастырылды. Осыған байланысты Алма-Атада Қазақтың Алматылық өлкетану кеңесі құрылды. Оның бірінші төрағасы болып Әліби Жангелдин тағайындалды. Ал, 1932 жылы Алматы қаласы және оның айналасындағы жерлер бойынша туристік маршруттар көрсетілген жол сілтегіш жасалып, басылып шықты. Қазақстандағы туризмнің дамуына турбаздардың, приюттердің және демалыс орындарының ашылуы көп ықпал етті. Мысалы, 1936 жылы Алма-Атаға жақын жердегі Горельник рощасында 50 адамға арналған туристік база ашылды. Алматы мен оның айналасында туристер слеті өткізіле бастады мұндай ( алғашқы слет 1939 жылы Көкжайлау асуында өткізілді, оған 200-ге жуық адам қатысты), сонымен қатар, 1935 жылы Комсомол шыңында бірінші рет альпиниада өткізілді [6].

Осыдан соң, сәл кейінірек 1943 жылы Горельник турбазасы уақытша Кеңес әскерлерінің солдаттар мен офицерлерден құралған тау–атқыштар инструкторларын дайындайтын Бүкілодақтық мектепке айналды. 2 жылдың ішінде мектеп 1500-ға жуық адам дайындап шығарды. Мектептің көптеген түлектері Ұлы Отан Соғысы жылдарында майданға араласты. Олар Кавказ, Карпат, Судет тауларында, Трансильвандық Альпі, Хингане, Норвегияда әскери істерге араласты. Соғыстан соңғы 10 жылдықта, яғни 1953 жылы Горельник турбазасы өз жұмысын қайта жаңғыртып, туристерді қабылдай бастады.

1955 жылы Есік турбазасы құрылды, бірақ Бұл турбаза Горельник турбазасымен бірге сел жүру қаупі салдарынан жабылып қалды.1952 жылы Қазақстанда туристік- экскурсиялық басқарма құрылды. Ал, 1959 жылы «Алма-Атинская» турбазасы құрылды. 1962 жылы туристік-экскурсиялық басқарма туризм бойынша кеңес ұйымдастырды. 1965 жылы Қазақтың туризм және экскурсия Кеңесі, сондай – ақ Алматы облыстық туризм кеңесі және Алматылық экскурсия бюросы құрылып, жұмыс жасай бастады. 1968 жылы «Алматау» деген атаумен жаңа турбаза ашылды. Ал, 1970 жылдан бастап Алма-Ата автобазасы мен бақылау-құтқару қызметі іске кірісті.

1980 жылға аяқ басқанда Алма-Ата қаласында туристік және экскурсиялық жұмыс барынша биік деңгейге көтеріліп, үнемі даму үстінде болды. Ел үкіметінің тарапынан туристік инфрақұрылымды дамытуға көп мөлшерде қаражат бөлінді. Атап айтқанда, сол қаржыға елімізге келетін туристер қатарының көбеюіне байланысты жаңа қонақ үйлер мен турбазалар салынды. Сонымен, 1982 жылы санақ бойынша 231 мың турист пен 1193 мың экскурсантқа қызмет көрсетілген. Оларды қабылдап алу, орналастыружәне қызмет көрсетуді Алматы туризм кеңесі мен оның қарамағындағы ұйымдар өз мойындарына алды. Сол кездің өзінде-ақ Қазақ Республикасына қонаққа келген туристерге тауға жаяу саяхаттау маршруты, қалалық маршрут, табиғи маршрут секілді туристік маршруттардің тұтастай кешені ұсынылды.Қала ішіндегі және қала сыртындағы экскурсиялар 88 тақырып бойынша өткізілді, олардың ішінде « Асқақ Тянь-Шаньға бетпе-бет», «Медеу спорт кешені», «Жамбыл Жабаев қазақтың ұлы ақыны», «Жер мен адамдар Іле жазығынан шыққандар», «Отан неден басталады» т.б. танымал тақырыптар кеңінен қолданылды. Экскурсияларды 309 экскурсовод тіркелген Туристік Экскурсиялық бюроның мамандандырылған қызметкерлері жұмысшылары жүргізді. 1983 жылы Мәскеу, Ленинград, Киев, Брест, Минск, Баку, Ереван, Тбилиси, Прибалтика, Кавказдың Қаратеңіз жағалауы, Архангельск- Соловки, Светлогорск бағыттары бойынша 3 күннен 20 күнге дейінгі ұзақтыққа 87 әуе маршруттары жасалып, ұсынылды. 1982 жылы Алматылықтарға 9 теплоход және 4 автобус маршруттары берілді. Алматы қаласындағы мекемелерде, кәсіпорындарда, құрылыс нысандарында, ғылыми-зерттеу институттарында және жоғарғы оқу орындарында туризмнің түрлері бойынша 4 клуб пен 310 дене шынықтыру ұжымдарының секциялары құрылды. 1962 жылдан бастап қалалық тіристік клуб өз жұмысын бастады. Атқарылған істердің арқасында бұл клубтар мен ұжымдар 49 мыңға жуық туризмді ұнатушыларды айналасына шоғырландырды. 1982 жылы Алма-Атада туристік клубтар мен секциялар 241,1 мың адам қатысқан 9060 саяхат ұйымдастырды, сонымен қатар спорттық туризмнің түрлерінен әр түрлі жарыстар мен слеттар өткізіліп отырды. Осының әсерінен бүкілодақтық спорттық квалификацияға ие болғандардың саны артты, 1982 жылы 3,5 мыңнан астам адам спорттық разрядттарға қол жеткізсе, 22 адам туризм бойынша СССР-дің спорт шебері атағын иеленді. Спорттық туризмнің нормативтері «СССР-ді қорғау мен оған еңбек етуге дайынмын» деп аталатын физкультуралық кешенге енгізілді [3].

Кеңес Одағы құлағанна кейін қаржылық қамтамасыз ету жағы жетіспегенннен және бұрынғы одақ республикаларымен арадағы байланысты үзіп алу салдарынан барлық туристік клубтар, секциялар, ұйымдар өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда Қазақстан Республикасы үкіметі туризм саласы бойынша агенттік құруға қаржы бөлді. Бұл агенттік кейіннен туризм және спорт агенттігімен бірлесіп қызмет атқарды.

Нарықтық экономика жағдайы орын алған кезде туристік сала тұтынушыларға сапалы қызмет көрсете алмайтын және нарықтық жағдайға әлі бейімделмеген, тәжірибесі жоқ жеке кәсіпорындар мен фирмалардың қолына өтті.

Қазіргі таңда Қазақстанда 600-ден астам туристік фирмалар бар, олардың 400-ге жуығы алматы қаласында орналасқан [4]. Бірте –бірте туристік қызмет көрсетудің қазақсандық нарығы клиенттердің назарын дәстүрлі туризмге аударумен ғана шектеліп қалмай, олардың қалтасының қалыңдығына, таңдауына, талғамына сай сан түрлі эксклюзивті турларды ұйымдастыруды жолға қойды. Алайда, Алматы облысы туризмінің дамуында жоғарғы деңгейде шешімін табуға тиісті көптеген мәселелер әлі де бар. Бұл мәселелер 2001 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңды» қабылдаған сәтте жеке-жеке қарсытырылып, талқыланған болатын.


    1. Алматы облысының табиғи ресурстары және олардың туризм саласында қолданылуы.

Демалыс орнын немесе рекреацияны таңдаған кезде турист сол аймақтың тартымдылығын басты назарда ұстайды. Бұл кезде мәдени, тарихи нысандар мен өнер ескерткіштерінің мәні аса маңызды бола қоймайды. Туристер сол елдің болмаса сол аймақтың саяси жағдайы ерекше ескереді. Бірақ, оларды сол ауданның табиғи жағдайынан басқа ешнәрсе алаңдатпайды. Туристердің саяхаттауға немесе демалуға жайлы деп бағалауы бойынша келесідегідей критериилерді бөліп қарастыруға болады:

  • демалыс белгіленген елдің немесе аймақтың геграфиялық жағдайы;

  • аймақтың рельфі;

  • климаттық жағдайлары;

  • сол табиғи ортаның ландштафтық факторлары;

  • су көздерінің, өзендер мен көлдердің, болуы;

  • сол аймақтың жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің болуы; [5].

Алматы облысында бұл табиғи ресурстардың жиынтьығы басым.

Сонымен бірге туризмді дамытуға ыңғайлы әрі жайлылыға жағынан Қазақстан аймақтарын бөлгенде барынша тартымдылық танытқан Алматы облысының аймағы болды. Туризмді дамытуға жайлы аймақ ретінде танылу үшін оған төмендегідей сипаттамаларға ие болу қажет болады: жаз мезгіліндегі жылылықтың ұзақ сақталуы, жер беті суларының болуы, орманға оранып, көз тартатын көрікті таулардың көп болуы, экскурсиялық нысандардың болуы. Сөз жоқ мұндай сұлулықты дархан табиғат ана Алматының маңайына асқан жомарттықпен тарту еткен [5].

1.2.1. Рельф.
Алматы облысы - ғаламшарымыздағы тропикалық және экваторлық зоналардан басқа барлық ландштафты зоналарды бірнеше сағат ішінде жүріп өтуге болатын жерлердің бірі. Орналасуына, жер бедеріне қарай облыс әр түрлі екі бөлікке бөлінеді, олар: оңтүстік-таулы аймақ және солтүстік –жазық.Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Тянь-Шань тауының солтүстік сілемдері созылып жатыр. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-батысы Балхаш шөлімен ұштасып жатыр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай қозғалып келе жатып жаттығып жүрген адам жол бойында шөлге, жартылай шөлді далаға (500-ден 1000 м-ге дейін), орманды дала мен жапырақты ормандарға ( 1000-1400 м), тянь-шань шыршаларының орманына (1400-2700), альпілік және субальпілік алқаптарға, қарлы шыңдар мен мәңгілік мұздықтара тап болады.

1.2.2. Климат
Табиғи ортаның екінші бір маңызды элементі климат болып табылады. Оның жалпы сипаттамасы жайлы сөз етсек сол аймақтың рекреациялық мақсаттарда жарамдылығын бағалауда топо-климаттық және микроклиматтық ерекшеліктері анықталады. Ауаның тазалығы, инсоляцияның жағымды жағдайлары, ауа температурасының аз мөлшерде ауытқуы және ауаның ылғалдылығы, тұманның сиректігі, желден қорғану барынша үлкен мәнге ие.

Алматы облысының климаты

Облыста барынша суық ай қаңтар, ал ең ыстық ай шілде болып табылады. Жазықтық жерде қаңтар айындағы ауа температурасы минус 12,0-тан минус градустан 14,1градусқа дейін ауытқиды. Балхаш маңайындағы суық маусымның ұзақтығы 5 айға жуық (қарашадан наурызға дейін). Тау етектерінде қаңтардағы орташа температура минус 5,6-дан минус 6,6 градусқа дейін ауытқиды. Бұл жерде қыс салыстырмалы түрде алғанда қысқа болып келеді.

Облыстың жазық және таулы жерлерінде өте ыстық. Шілде айындағы орташа температура плюс 20 градустан плюс 25,1 градусқа дейін ауытқып отырады. Алматы облысының климатына белсенді күн радияциясы тән. Мұнда вегетациялық кезең 4000 градусқа дейінгі температура мөлшерінде 205 күннен 225 күнге дейін созылады.

Биік таулы аудандардағы климат облыстың жазық жерлі аудандарындағы климаттан ерекшеленіп тұрады. Жаз мезгілінде тауда ауаның температурасы әрбір 1000 метр сайын орташа есеппен алғанда 0,6 градусқа төмендеп отырады. 4500 метрден жоғары биіктіктерде орташа температура барынша жылы ай шілденің өзінде құбылып отырады.

Алматы облысының аймақтары бойынша жауын-шашынның түсуін бақылағанда оның әр жерде біркелкі түсе бермейтіні байқалды. Облыстың жазық жерлі аудандарына түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 125 мм-ден 300 мм-ге дейін ауытқиды, ал тау етегінде 400 мм-ден и500 мм-ге дейін өзгерсе, тауда 700 мм-ден 1000-ге дейін өзгеріп отырады. Облыстың ең құрғақ жері Балқаш маңы болып табылады. Мұндағы климатқа тән шөл іспеттес. Облыста көктемгі және жазғы кезеңдерде жауын-шашын көп мөлшерде түседі [9].

Облыстың тау жақ бөлігі демалыс үйлері мен санаторийлер, курорттар салуға аса ыңғайлы болып келеді. Осылайша, Алматы облысы туризмнің қысқы түрлермен қатар жазғы түрлерін де дамытуға жайлы жағдай туғызатын климаттық ресурстарға ие. Қыс мезгілінде ауа-райы ыңғайлы және жауған қар шаңғышылар мен коньки тебушілердің ғана емес қыс қызықтарын ұнататындардың да әр түрлі қысқы ойындар ұйымдастыруына ықпал етеді. Ал, жаз кезінде шомылуға, күн көзіне қыздырынуға, қаланы аралап қыдыруға керемет жағдай туады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет