Дипломдық жұмыс Тақырыбы: Қазақ-өзбек шекара мәселесі Орындаған: Есіркепов С. Ғылыми жетекшісі: Исабек Б. Шымкент 2007



бет2/5
Дата02.07.2018
өлшемі305 Kb.
#45414
түріДиплом
1   2   3   4   5

1911 жыл 1920 жыл

қазақтар 233583-61% 230316-56,7%

өзбектер 118974-31% 101845-25%

құрамалар 10236-5 % 47433-16,5%

тәжіктер-

басқалар 10410-3% 17087-4,2%

қорытынды 326488% 351131%

Осылайша шекараны межелеу жұмыстары күрделі ауқымды айтыс-тартыстар арқылы жүрді. Қым-қиғаш тартыстар кезінде қулыққа негізделген астыртын әрекеттер де болмай қалмады. Мәселен Аумақтық комиссияның төрағасы И.Зеленскиге жазылған наразылық хаты. Наразылықта біріншіден Орта Азия бюросының шешімімен құрылған аумақтық жағынан межеленетін әрбір халықтан үштен мүше ену керек болса, өзбектерден алты мүше еніп кеткен. Қазақ республикасының екі қазақ өкілі Ташкент қаласында тұратын екі европалық адамдармен ауыстырған, мұның өзі Ташкенттің тағдырының алдын ала шешіліп, оның Өзбектсанға өтіп кетуіне әсер еткенін жазды /22/.

Наразылық хатын жазушылар Орта Азия бюросының әрекетіндегі әділетсіз тұстарға тоқталып, оның Орта Азия Республикаларын ұлттық –мемлекеттік межелеудің заңды принциптеріне қайшы келетіндігі айтылған.

Голодностеп каналын Қазақ АКСР-не беру мәселесінде де Аумақтық комиссия ұлттық және экономикалық мақсаттылық принципін басшылыққа алған болатын. Бұл ауданда 1920 жылғы мәлімет бойынша 32% қазақтар, 18% өзбектер тұрған болатын. Бұл ауданның комиссияда алдын ала Қазақстанға тиесілі екендігі шешілгенімен, олар Аумақтық комиссиядағы өзбектердің наразылығына байланысты Өзбекстанға өтіп кетті /23/.

Осындай қателікті шешімдерді жөнсіз санаған комиссия мүшелері оған қарсы заңды әрекетке көшті. Аумақтық комиссияның мүшелері өзбектер жағын көбірек қолдап отырғаны себепті Аумақтық комиссияның 9 мүшесі С.Қожанов, Қ.Атабаев, Сахат-Мұратов, Құдайқұлов, Н.Айтақов, Ж.Абдрахманов, Зулфибаев, С.Есқараев және Әлібеков қол қойған наразылық хаты 1924 жылы 8 қыркүйекте Ташкент қаласында жазылып, РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросына бағытталды. Комиссия мүшелері яғни, дәлірек айтқанда хат авторлары үш ұлт өкілдерінен (қазақ, түркімен және қырғыз) жиналған болатын.

Бірақ бұл наразылық хаты да қанша жоғары деңгейде жазылғанымен өз діттеген нәтижесіне қол жеткізе алмады.Бұл да нәтиже бермеген соң тек қазақ жағының өкілдерінен тұратын Аумақтық комиссияның мүшелері өздерінің ерекше пікірін да жариялады.Онда былай делінген болатын:

Қазақтарды тек көшпенділер деп санайтын, ал отырықшы қазақтарды тек өзбектер деп санайтын және межелеу жұмыстары кезінде басшылыққа алынатын принципті тұрғыдан қате және жол беруге болмайтын қате тенденция қалыптасты.

Осындай жағдай құрамаларды (сарттанған және отырықшыланған қазақтар) Өзбекреспубликасына жібергенде де болды.

Дәл осындай жәйт Шыршық аудандарының таза қазақтар тұратын болыстықтарын Өзбек республикасына қосқан кезде де орын алды. Отырықшы қазақтар мекендейтін бұл болыстарды (Қытайтөбе, Тойтөбе, Жалалтөбе, Ғайбаты, Османата және Майдантал) Өзбек республикасына қосып жіберуді қателік деп есептейміз.

Бұл шешімдер ұлттық межелеудің түбірлі принципін бұзғандық болады. Себебі, осы актіге сәйкес қазақтардың неғұрлым мәдениетті және экономикалық жағынан тұрақты бөлігінен Ташкент уезіндегі өзге қазақтар жөнсіз бөлініп қалған. Әлі де ұлттық тұрғыда қалыптасу үстінде тұрған тұрақсыз шаруашылық жағдайындағы қазақтардың өзінің аса маңызды отырықшы бөлігін жоғалтуы, олардың мықты мемлекет орталығын құруына және болашақтағы оның дамуына кедергі келтіреді деп есептейміз. Онымен қоса Шыршық ауданының көрші қазақ аудандармен туысқандық байланыста екендінгі бар. Олар шаруашылық байланыстары арқылы да өзара тәуелді болып келеді. Комиссияның шешімімен бүгінгі таңдағы аталған екі аудан қазақтары межелеу кезінде орынсыз бөлініп қалды. Олардың наразы болу себептері де осында жатыр. Өзбектстанмен шекаралас Шыршық ауданындағы қазақтардың көптігі, олардың ұлттық ерекшілігі жағынан Қазақстанмен орынды байланыстылығын комиссия мүлдем ескергісі келмеген.

Комиссияның өз шешімін ирргациялық жүйені алға тарта отырып, өз ойларын негіздемек болулары да көңілге қонымсыз, себебі бұл аудан басқа аудандарға қарағанда Шыршықтың бас магистралды арықтары арқылы суландырылып келеді. Егер бұл аудан Ташкент уезіндегі бай қуатты аудан болса, онда ол болашақ Қазақ республикасының мемлекеттігі үшін зор маңызға ие. Онда тұратын Қазақтардың мүддесін ауданның бұл байлығы Өзбекстанға керек еді деп негізсіз аяқ асты етуге болмас /24/.

Дәл осылай ерекше пікір білдірген қазақ қайраткерлері С. Меңдешев, С.Қожанов, С.Есқараев, Әлібеков және Серғазиевтер еді.

Аумақтық комиссия бұл жерлерді өзбектер басым деп дәлелдеуге тырысқан Өзбек қосалқы комиссиясының ықпалында кеткендіктен, Өзбекстанға әдейі беріп жіберді. Қазақстан жағының да, оған қоса түркімен, қарақалпақ, қырғыз жағының біріккен наразылығы да, ерекше пікірлері де менменсінген Аумақтық комиссияға дәлірегі РК(б)П ОК Орта Азия бюросына әсер ете қоймады. Керісінше, қазақ жағының өкілдері ұлтшылдар, бұрмалаушылар, ұлттық - аумақтық межелеудің принциптерін түсінбеушілер, тіпті партияның ұлт саясатына қарсы шығушылар ретінде айыптауға дейін барды /25/.

Аумақтық комиссияда жеңіске қол жеткізе алмаған қазақ жағының өкілдері өз күрестерін енді РК(б)П Қазақ обкомы, Қазақ Орталық Атқару Комитеті және Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі арқылы жүргізе берді.

Қазақ АКСР-нің астанасы Орынбор қаласының ұлттық-мемлекеттік межелеу шаралары жүргізіліп жатқан Орта Азиядан шалғай жатуы да қазақ жағының өкілдері үшін жағдайды біршама ауырлата түсті.

Өйткені Орта Азияда болып жатқан процестер жайлы хабарлар Орынборға кешігіп барып жетіп жатты. Сонымен қатар РК(б)П ОК Орта Азия бюросы және оның Аумақтық комиссиясы Орынборда орныққан қазақ АКСР-і өкілдерімен санаса бермеді. Межелеуді олар Қазақ АКСР-не қосылуы тиіс Түркістан АКСР-нің қазақ өкілдерімен байланыста жүзеге асырды.

РК(б)П Қазақ обкомы төралқасының ұлттық-мемлекеттік межелеу шараларына қатысты алғашқа мәжілісінің тек 1924 жылы 8 шілдеде өткеніне қарап-ақ, қазақ АКСР-і билеуші органдарының межелеу шараларының соңында қалып қойғанын байқар едік.

РК(б)П Қазақ обкомының осы мәжілісінде Түркістан Республикасының Қазақ АКСР-не өткен жерлерін басқару жөнінде Революциялық комитет құру жөнінде Қаулы қабылданды. Онда мынадай жолдар бар болатын:

б) Ревком төрағасы болып Меңдешев, төрағаның орынбасарлары болып Әлібеков және Есқараев жолдастар бекітілсін;

в) Ревком мүшелеріне кандидаттар болып Қожанов, Ізбасаров және Мыңбаев жолдастар бекітілсін;

г) Тағайындалған ревкомға Ревком туралы ережені дайындап бекітуге ұсыну тапсырылсын;

Бұл қаулы Қазақстанның өкімет орындарының Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге Қазақстан жағының іс жүзінде қатысуының басы болып табылады. РК(б)П Қазақ обкомы төралқасының осы 1921 жылғы 8 шілдедегі мәжілісінде болашақ біріккен Қазақстанның орталығы туралы да қаулы қабылдады.

«6. Қазақстанның орталығы Орынбордан қазақтардың қалың ортасына көшірілсін. Басқа қаланы осы мақсатта лайықтап қайта құрғанша, РК(б)П ОК-нен орталықты уақытша болса да Ташкент қаласын пәтер ретінде пайдалануға рұқсат сұралсын»/26/.

1924 жылдың 26 шілдесінде Қазақ ОАК төрағасы, әрі Аумақтық комиссияның қазақ қосалқа комиссиясының төрағасы және Түркістан АКСР-нан Қазақ АКСР-на өткен аудандарды басқару үшін құрылған революциялық комитеттің төрағасы С.Меңдешев ресми іс сапармен Ташкентке жол тартты. Онда Меңдешев РК(б)П ОК-нің Ортаазбюросының және оның Аумақтық комиссиясының жұмысына қатысты және Аумақтық комиссияның қазақ қосалқы комиссиясының басшылығын атқарды.

1924 жылы 26 тамызда С.Меңдешев өзінің Ташкент іс сапары жайлы баяндама жасады. Оның Ташкент уезі жайында айтқан мәліметтеріне сүйенсек жалпы уездің негізгі ұлттық құрамы 4 топқа бөлінген. 1-топқа Ангрен өзені бойындағы 8 болыс кіреді. Қазақ комиссиясы да, өзбектер жағы да оны өзіне тиесілі деп дәлелдеуге тырысты. 2-топқа Шыршық өзенінің сол жақ жағалауындағы 8 болыс кіреді. 3-топты ұлттық құрамы жағынан дау тудырып келе жатқан 4 болыстық құраса, 4-шісі Ташкент уезінің Батыс жағында орналасқан халқының басым көпшілігін қазақтар құрайтын территория болды.

С.Меңдешевтің жасаған баяндамасынан соң жарыссөзге кезек келді. Алғашқы болып ортаға С.Қожанов көтерілді. Ол Қазобкомының ұлттық межелеу туралы бағытын және жалпы ұлт саясатын қатты сынға алды. РК(б)П облыстық комитеті өзінің 1924 жылғы 8 тамыздағы қаулысымен Қазақстанның орталығын жергілікті халықтың қалың ортасына көшіру туралы шешім қабылдағанына тоқталды. 1924 жылғы 12 қыркүйекте осы шешімді тағы да принципті түрде қайта көтергенін, бірақ мәселе сол күйі қозғалыссыз қалғанын ешқандай дайындық жұмысы жүргізілмегеніне шүйлікті. Обком өте-мөте жайбасарлыққа салынып, іс жүзіне асыру жолында ешқандай практикалық қадам жасамағанына кіжініс білдірді. Осыны айта келіп ол қазақтар мен орыстардың әлеуметтік жағынан тең еместігіне де назар аударды. Қазақтар мен орыстардың малы бірдей болғанымен орыстардың иемденіп отырған жері қазақтарға қарағанда бес есе көп болып отыр, деп ашына сөйледі ол /27/.

Бірақ С.Қожановқа РК(б)П Қазақ обкомы мүшелерінің ішінен де тиісушілер табылмай қалмады. Мәселен, қазақ мемлекетін қан қақсатқан Ф.И.Голощекиннің ең сенімді қолшоқпары және қолдаушысы бола білген І.Құрамысов (ол кезде обком хатшысы болған) С.Қожанов айтқандай партиядағы қазақтардың жалпы үлес салмағы 5% емес, 19%-ға жуық деп түзеткендей болды. Мұны тапқырлықпен тауып айттым деп сенген ол одан әрі С.Қожановтың орталықты көшірудегі жайбасарлық туралы пікірі дұрыс емес, жолдас С.Қожанов межелеу ісінде тым асығуда деп,- айыптай түсті. Осы плениумда С.Қожановқа тиісушілердің бірі обком мүшесі Равдель болды. Ол С.Қожановты айыптай келе мысалға орыстардың 54%, қазақтардың 46% екендігін келтіріп өтті. Осындай басымдық жағдайдағы орыстардың партияда да үлес салмағының көп болуы заңды. Себебі орыстар көбірек ұйымдасқан және көбірек революцияшыл деп өзінің ұлы орыстық шовинистік пиғылды қолдайтындығын байқатып өтті. Мұнан кейін С.Меңдешев өз баяндамасын тереңдете түсті.

Талас бұрынғыдай Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уезіне байланысты болып тұр. Ташкент уезінде аралас халық тұрағанымен көпшілігі қазақтар. Өзбектер (Ташкент қаласын қоспағанда) тек 25 пайызды құрай ды. РК(б)П ОК Ташкенттің айналасында түгеледй қазақтар тұратынына қарамай Өзбекстанға беру мәселесін шешіп қойған. Қазақ комиссиясының жобасы бойынша бүкіл Ташкент уезі түгелдей Қазақ АКСР-не берілуі тиіс еді. Біздің талап РК(б)П шешіміне қайшы болғандықтан,- деп жалғастырды сөзін С.Меңдешев,- Ташкент арал күйінде қалатын болды. Біз шегінуге мәжбүр болдық. Өзбек Республикасына Ташкентке жол ашу үшін құрамалар тұратын Ангрен ауданын беруге және таза қазақтардан тұратын Ташкент маңындағы екі болысты беруге келісуге тура келді. Осылайша қазақтардың жерінің ортасында арал сияқты қалып қоюы ммүмкін Ташкент қаласына Өзбек республикасы үшін жол ашылды.

Бірақ комиссия біздің жобаны қабылдамады,- деп жалғастырды С.Меңдешев,- құрамалар тұратын аудан Өзбек КСР-на берілді, онан соң қазақтар абсолютті түрде басым тұратын Шыршық өзені бойындағы 5 болыс та Өзбекстанға өтті. Ташкенттің маңындағы 3 болысты ұлттық құрамына қарай межелеу ұсынылды. Тек Шыназ баласы ғана комиссия шешімімен Қазақстанға берілді. Александров және Қосқорған болыстары жөніндегі мәселе ашық күйінде РК(б)П ОК Саяси бюросы алдында шешу үшін қалдырылды. Онан әрі С.Меңдешев Мырзашөл уезінің тағдырына тоқталды. Бұл суармалы аудан. Ол ешқандай кедергісіз Қазақстанға өтуге тиіс еді. Қазақстан делегациясы уездің оңтүстігіндегі төрт болысты Өзбекстанға бергісі келді, қалғандарын Қазақстанда қалдыруды талап етті/28/.

Комсиссияға берілген ұсыныстар бойынша Амудария мен Ходжейлі облыстарын қосып Қарақалпақ автономиялы облысын құру идеясы көтерілді. Қазақ комиссиясы тек қазақтардан тұратын Ташкент уезіндегі бес болыстықтың Өзбек КСР-на қосылып кетуіне өз қарсылықтарын білдірді.

Бірақ Аумақтық комиссияның бұл шешімін Ресей Коммунистік (большевик) Партиясы Орталық Комитетінің Орта Азия бюросы өзгертіп жіберді. Яғни, қазақтар жағына тиімсіз, өзбектер жағына тиімді шешімдер шығарылды. Мырзашөл уезіндегі барлық болыстардың тек біреуі ғана Қазақ АКСР-не өтті де, қалғандары Өзбек КСР-нің иелігіне өтті.

С.Меңдешев өз баяндамасында Қазақ АКСР-не өтуге тиіс және өткен жерлердің жалпы көлемі туралы деректер де келтіріп өтті. Мәселен, алғашқы қаулы бойынша Қазақ АКСР-не өтуі тиіс жерлердің жалпы көлемі 900 мың кв версті құраса, кейінгі қаулы бойынша ол жалпы аумағы 600 мың кв верст болып қысқарған. Сондай-ақ тиісінше алғашқа қаулы бойынша қазақ жеріне өтуі тиіс жалпы халық саны 2,5 млн болса, соңғы қаулы бойынша 1,6 млн адам болып азайтылды.

Қазақ комиссиясы Өзбек республикасы құрамындағы Қазақ автономиялы облысын құру туралы да РК(б)П Ок-нің және оның Орта Азия бюросының алдында мәселе қойды. Өйткені Бұқар республикасының өзінде ғана 300 мың санды қазақтардың тұратындығы белгілі болатын. Осындай мықты дәледермен дәйектелген қазақтар жағының ұсынысына сәйкес РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросы осы мәселені арнайы зерттеу туралы тапсырмалар берді.

Келесі кезекте өзінің «Орта Азиядағы ұлттық межелеу және қазақ облыстарының Қазақ АКСР-на бірігуі туралы» деген баяндамасымен ортаға С.Қожанов шықты. С.Қожанов өз баяндамасында: «Нақты мәселелер туралы айтпаймын. Межелеу жұмысы жөніндегі жұмыстың жағдайы мен шарттары туралы айтамын»- деді. Қазақстан Республикасы межеленіп жатқан облыстардан батысырақ орналасқан, сондықтан да оған азырақ көңіл бөлінді. Орта Азия бюросының әлсіз халықтарға көбірек көңіл бөлу және олардың артықшылығы туралы принципі іс жүзіне аспай қалды. Практика принциптерден күштірек болып шықты. Қазақтар әлсіз ұлт. Көптеген қазақ аудандары қазақтарға бұйырмай қалды. Орта Азия бюросы дұрыс істмледі. Бізді ренжітті. Барлық негізгі капитал Орта Азияда қалды. Бізді Қазақстан жағдайы жақсы елге жатады деп алдаусыратқысы келеді. Әрине, жағдай бұлай емес.

Әділетті межелеуге қол жеткізуіміз керек. Экономикалық бөлістегі үлесімізді де арттыруды сұрауымыз қажет деп көрсетті /29/.

С.Қожановтан кейін пленумға Қазақ АКСР-ның Түркістан Орталық Атқару Комитеті жанындағы өкілетті өкілі Темірбек Жүргенов шықты. Оның жарыссөзде айтқан сөздері біраз нәрсені аңғартқандай болды.

Даулы мәселелер аумақтық және экономикалық межелеуде болып отыр, -деп бастады сөзін Т.Жүргенов.

-Бірінші мәселе-Ташкент қаласы. Ең жоғарғы партия органының шешіміне қарамастан Ташкент қаласы туралы шешімді қайта қарауға қол жеткізу қажет.

Онан кейін Т.Жүргенов 6 болыстық аумағының Өзбек республикасына жөнсіз қосылып кеткендігін сөз етті. Ташкент уезінің 29 болысының тек екеуінде өзбектердің саны басым. Қалғандарында қазақтар тұрады. Осының бәрі де Ташкент қаласы мен уезінің Қазақстанға қосылуы қажет екендігін көрсетеді.

Мысалы, Ташкент уезінің Шыршық бассейнінде 100 мың қазақтар тұрса, онда тұратын өзбектердің саны 7 мың ғана екен.

Мырзашөл уезінде тұратын халықтың 80 пайызы қазақтар. Уездің Голодностеп суландыру ауданы Қазақстанға тиесілі еді. Мырзашөлге қатысты өзбектердің таласарлық мықты дәлелдері жоқ, дей келе Т.Жүргенов Бұқара республикасында тұратын қазақтардың мәселесіне ауысты.

Олардың тұрмыс халі адам төзгісіз. Оларға автономия беру мәселесіне, Өзбек республикасы құрамындағы Қазақ автономиясын құруға қол жеткізу қажет деп талап қойды Т.Жүргенов.

Т.Жүргенов жаңадан біріккен Қазақ республикасының КСРО-ға тікелей келісім-шарт негізінде одақтас республика дәрежесінде кіруі мәселесін шешу қажеттігін де атап өтті /30/.

Мұнда бір айта кетерлік жай осы күнге дейін Қазақстанды РКФСР құрамындағы автономиялы республикадан КСРО-ға тікелей енетін одақтас республикаға айналдыру мәселесі әлі де көтеріле қоймаған тұс еді. Т.Жүргенов Қазақ АКСР-дегі жалпы жағдайға шолу жасай келіп Қазақ АКСР-ның Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына айналу мүмкіндігі жоғары екендігін білген болатын. Өйткені ол барлық талаптарға сай келетін.

Мұнда тағы да баса назар аударып айта кетерлік жайт, пленумда С.Қожановқа шүйлігіп, оның дәлелді пікірлерін жоққа шығаруға тырысқан адамдар аз болмады. Солардың бірі РК(б)П Қазақ обкомының салалық хатшыларының бірі, кейінірек КСРО Ішкі істер халық комиссары болған, И.В.Сталиннің оң қолы ретінде миллиондаған адамдардың қанын мойнына жүктеген Н.И.Ежов еді. Ол бұл кезде әккі партия қызметтері ретінде қалыптасқан болатын. Ол межелеуді аса жоғары маңызды саяси мәселе ғана емес жаңадан құрылушы республикалар үшін өмір мен өлім мәселесі де болып табылады деп дұрыс бағалады. Бірақ Н.И.Ежов С.Қожановқа қарсы шығып, ол айтқандай қазақтары басым болатын ұлт республикасына қарсы екендігін баса айтты. Әккі саясаткер Ежов пленумдағы басым пікірді аңғарып «Ташкентті Орталық Комитет алдында қойып, сақтап қалу қажет» деп тоқтады.

Н.И.Ежов тағы да: «Қожановтың шыдамсыз қадамы қазақ ұлтының шабуылдаушы ұлт екендігін көрсетеді»-деп оны тағы бір сынап өтті /31/.

РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросынан әділетсіздігін көрген және Қазақ АКСР-ы Орталық өкімет органдарының жайбарақаттығына төзе алмаған түркістандық Қазақ қайраткерлерінің бірі ашынғаннан мәселе әділ шешілмесе, «өздерінің автономиясы облысын құру туралы» мәселелерін де ортаға тастады. Бірақ оған РК(б)П Қазақ обкомының басшысы В.И.Нанейшвили қарсы шықты. Ол «Түркістандықтардың бағыты туралы айтқанда межелеудің екінші революция екендігін құрғақ сөзге айналдырмауымыз қажет»-деп айтты. Одан кейін пленумда қарақалпақтардан өкіл ретінде қатысқан А.Досназаров сөз сөйледі. Ол межелеу процестері кезінде қарақалпақтардың есе жіберген тұстары көп болғанын айтып, межелеу процестеріне деген өз қынжылысын жасыра алмады.

РК(б)П Қазақ обкомы пленумында С.Қожанов қорытынды сөз сөйлеп біраз нәрселерді тағы да өткір қырынан қойды. Біз ылғи ұлт мәселесін ұмытып кетеміз. Ал ұлт респубилкасында қызмет ететін европалықтар оны ұмытпауы, керісінше оны барынша ашық қоюы тиіс. Осы тұрғыдан мен Н.И.Ежов және Бах жолдастардың еуропалықтар ретіндегі сөздері мүлдем қанағаттандырмайды. Қазақ коммунистері шовинистік уклондарды, ал еуропалық коммунистер отаршылдықты тізгіндеп тұрса, осылай екеуі ұштасар еді, егер кімде-кім мұны түсінбесе біз оған тағы да «Қазақ АКСР-нан тайып тұр»-деп мәлімдер едік. (32).

Көріп отырғанымыздай өзінің батыл пікірлерімен мәселені төтесінен қоя алды. Ол қазақ жерін басқарып тұрса да жергілікті жерге титімдей де жаны ашымайтын Н.И.Ежов пен Бах секілді партия қызметкерлеріне өзінің наразылығын осылай білдірді. Тіпті олар мәселені терең түсінгісі келмесе, оларға «Қазақ АКСР-нан тайып тұрыңдар!»-деп бүкіл республика басшылығы алдында жар салды.

С.Қожановтың бар мақсаты қазақ халқының біртұтас республикасын құру болды. «Ұлттық республика құру. Осы мәселе барлық өткірлігімен және барлық қырымен қойылуға тиіс»-деді ол. Осы жолда ол барынша табанды күресті. «Біз тек қажыр-қайратты ғана болған жоқпыз, біз екпінді және тепкінді де болдық. Бәрібір Ташкентті ұстап тұра алмадық»-деп өкініш білдірді.

Өз сөзін С.Қожанов «Мен Орталық Комитет алдында үшінші рет Ташкентті бізге қосу мәселесін қолдаймын, бірақ мен бізге Ташкентті емес Шымкентті бермей қоя ма деп қорқамын. Бізге Әулиеата немесе Қазалыға барыңдар демесе, бізге әлі де Шымкент үшін күресуге тура келер»- деп аяқтады /33/.

С.Қожановтың осындай жалынды сөздері пленумға қатысушыларға оң әсерін тигізді. Яғни жарыссөзге шыққандардың көпшілігі әділ межелеу жүргізуді және Ташкентті Қазақ АКСР-на қосуды жақтап сөйледі. Олар С.Садуақасов, С.Асфендияров, Ж.Мыңбаев, І.Құрамысов, Ж.Бәрібаев және тағы басқалар еді.

РК(б)П Қазақ обкомының екінші пленумы мынадай қаулы қабылдады:

«Қазақ обкомы пленумы РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросының Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуді жүргізу барысындағы өз әрекетінде қазақ ұлтының мүдделерін жоққа шығаруына табанды түрде наразылық білдіре отырып қаулы етеді:



  1. Қазақ АКСР-ы өзінің жаңа шекарасында КСРО құрамына келісім-шарт негізінде тәуелсіз республика ретінде кіреді деп саналсын;

  2. РК(б)П Орталық Комитетінен Ташкент туралы мәселені қайта қарап, оны Қазақ КСР-нің орталығы етіп беру мәселесі сұралсын. Өзбектердің ескі Ташкентке талабын әділетті деп мойындап, оны Өзбек КСР-на беру мүмкін деп есептелсін, ал жаңа Ташкент қаласы қазақ АКСР-на берілсін;

  3. Еңбекшілердің соңғы Бүкілбұқарлық құрылтайындағы еркіне сәйкес Бұқар қазақтарын ӨзбекКСР-і құрамындағы автономиялы облысқа бөлу қажет деп есептелсін;

  4. Қазақ АКСР-ы құрамында Амудария облысынан және Хорезм республикасындағы Қарақалпақ болыстарынан тұратын Қарақалпақ автономиялы облысын құру қажет деп саналсын;

  5. И.Зеленский төрағалық ететін Аумақтық комиссияның шешімін бекітуді және Ташкент уезінің алты болысы туралы шешімді өзгерту талап етілсін;

  6. Экономикалық мәселелерге байланысты қазақ өкілдерінің ерекше пікірі құпталсын /34/.

Бұл аталған алты бап Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеудегі қазақтар жағының маңызды деген мәселелерін қамтыған болатын. Бірақ олар іс жүзінде өз шешіміне қол жеткізе алмады. Дегенмен қазақ халқының ұлттық тұрғыда тұтастануға, жер-суының бірігуіне мүмкіндік алуы үлкен тарихи оқиға болды. Енді соны нақты жүзеге асыру үшін, Қазақ үкіметі Түркістаннан бөлінген қазақ облыстарын басқаратын Революциялық комитет құрды. Қазақ облпарткомы құрамына оңтүстік коммунистері мен жаңа мүшелер қосты. ҚазОАК пен Халкомкеңес төралқаларына өкілдер енгізді. Сөйтіп республикаға қосылған облыстарды ортазаиялық өзге ұлттық-мемлекеттік құрылымдардан қаржылық-экономикалық тұрғыда нақты межелеп, іргесі кеңейген ел тыныс-тіршілігінің бар саласын жаңа жағдайда басқара бастады. Тұңғыш рет барша қазақ халқы атынан өкілдік Кеңестер құрылтайына делегаттар сайлауды ұйымдастырды. Астананы қазағы қалың жаңа өңірге ауыстырды. Қазақ Республикасына Орта Азиядан екі қазақ облысы мен бауырлас Қарақалпақ автономиялық облысының қосылуы оны ұлттық мемлекет ретінде жаңа сапалық деңгейге көтеру мүмкіндігін туғызды./35/.

Ұлттық-мемлекеттік межелеу шаралары барысында Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы құрамына енді. Бірақ бұл тек 1932 жылға дейін ғана болды. Сол жылы Орталықтың шешімімен Қарақалпақ автономиялы облысы РКФСР-дің тікелей қарамағына өтті.

1936 жылғы КСРО Конститутциясына сәйкес Қарақалпақ автономиялы облысы Қарақалпақ Автономиялы Социалистік Республикасына айналып, Өзбек КСР-не берілді.

Қазақ ОАК-тің 1924 жылғы 13 қарашадағы қаулысына сәйкес Қазақ АКСР-ы құрамына Түркістан АКСР-нан өткен Сырдария және Жетісу облыстарын уақытша басқару, бұл облыстарды қазақстан жағына толық қабылдап алып, Олардағы өкімет органдарының жұмысын ұйымдастырып және үйлестіріп отыру, ең бастысы онда жаңа шекараны анықтау үшін арнайы орган «Түркістан АКСР-нан бөлінген аудандарды басқару жөніндегі революциялық комитет» құрылды /36/. Бұл ревком жеті ай қызмет атқарып, өз функциясын толық аяқтаған соң өмір сүруін тоқтатты.

Орта Азия ұлттық мемлекеттік межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-ның территориясы бүгінгі Қазақстан Республикасының аумағымен шамалас болып қалыстасып бітті. Мемлекеттік шекараның қалыптасуымен қатар қазақ халқының да бір аумаққа топтасу прцесі жүріп өтті. Сонымен қатар 1925 жылғы кеңестердің бүкілқазақтық V съезі «Қырғыз ұлтының қазақтар атауын қалпына келтіру туралы» қаулы қабылданды. Бұл қаулыға сәйкес бұрындары әдейі бұрмалап қырғыздар, қырғыз- қайсақтар аталып келген халық «қазақ» деген тарихи атауын қайта қалпына келтірді.

Межелеуге дейін қазақтар республика халқының жартысына да жете алмаған болса, межелеу процестерінен соң республикада 61,3 пайызды құрады. Мұның өзі де үлкен еңбектер нәтижесінде келген жетістік.

Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуден болған қорытынды жалпылай айтқанда үлкен мәнге ие болды. Оның мұндағы зор маңызы ұлттық-мемлекеттік межелеудің бүгінгі Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын заңдық тұрғыда негіздеп бергенінде болса керек. Бұл тарихи кезеңнің қыр-сырлары әлі де көптеген зерттеулерді қажет етеді.

Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы шекара ұлттық-мемлекеттік межелеуден кейін құжат түрінде бекітілді. Бұл шекараның сипаттамасы РСФСР БОАК төралқасының 1925 жылғы 9 қарашадағы мәжілісінің №28 хаттамасының 9-бабында Қосымшада баяндалып, әскери- топографиялық бөлімнің он және қырық шақырымдық карталары бойынша орындалған еді. («РСФСР мен Өзбек КСР арасындағы шекараның сипаттамасы») ол кезде Қазақстан РСФСР құрамында болған /37/. Осылайша үлкен тарихи процесс аяқталды.

Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттіәк межелеу процестері аяқталған соң да Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы шекара бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Бұған біз алдағы тарауларда тереңірек тоқталатын боламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет