Қазіргі кезеңде жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарының деңгейі
№
|
Деңгейі
|
Эксперимент тобы - 28
|
Бақылау тобы – 28
|
Басы
|
соңы
|
басы
|
соңы
|
1
|
Төмен
|
21,7
|
2,2
|
22,2
|
21,1
|
2
|
Орта
|
37
|
48,9
|
55,6
|
53,3
|
3
|
Жеткілікті
|
32,6
|
35,9
|
15,5
|
17,8
|
4
|
Жоғары
|
8,7
|
13
|
6,7
|
7,8
|
Кестедегі көріністе эксперимент тобындағы жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарынының деңгейлерінің айтарлықтай жоғарылағанын дәлелдейді. Атап айтсақ, егер эксперимент жүргізілгенге дейінгі бастапқы кезеңде төменгі нәтиже көрсеткен оқушы саны – 21,7 % болса, эксперимент соныңда - 2,2%-ға төмендеген. Басыңда орта деңгейдегі - 37% болса, соңында - 48,9%-ды көрсеткен, жоғары деңгейдегі оқушылар саны 8,7%-тең, эксперимент соныңда 13%-ке көбейген.
Ал бақылау тобында жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу деңгейінде айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ.
Қорытынды
Мемлекетіміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, әлемнің бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру үшін жаңа Қазақстан құрудың дербес жолын таңдап алды. Еліміз әлемдік қауымдастыққа зор құрметпен, беделмен кіруі үшін ұрпақ тәрбиесін әрқашанда назардан тыс қалдырмауымыз керек. Себебі, бүгінгі балалар еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті жаңа уақыттың өктем талаптарына үн қоса алатын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ол үшін жалпы орта білім беретін мектептің педагогикалық құрылымының негізгі болып саналатын оқушыны жеке тұлға ретінде қарау және оның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру – жалпы білім беретін оқу орындарының басты мақсаты.
Рухани-адамгершілік тәрбие оқушының тәртібін және рухани дағдысын қалыптастырады. Яғни, ол – адамның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін көрсететін, адамгершілік деңгейін анықтайтын, сипаттайтын, оның тұрақтылығы мен үздіксіздігін, дамуын, әлеуметтену дәрежесін, қоғамдық мәнін айқындайтын жеке тұлғаның ең маңызды ішікі жан дүниесінің элементі.
Қазіргідей нарықтық қатынасқа сатылай өтіп жатқан кезеңде қоғам мен мемлекет өзін таныған, түсінігі мол, ұлтын сүйетін, қоғамдық еңбегі мен кәсібі, дағдысы, іскерлік негіздері қалыптасқан рухани сау, табиғи мықты, жалпы адамзаттық және ұлттық мінез-құлық нормаларын іске асыра білетін рухани жағынан жетілген жан-жақты адамды тәрбиелеуге өте мүдделі.
Біздің қазіргі жастар өркениетті елден үлгі аламыз деп, өзінің төлтума ұлттық өнерін менсінбей, оның асыл қазынасын түсінбей босқа әуре болуда. Соның салдарынан имандылық, ізгілік, қайырымдылық деген ұғымдар ұмыт болып, адамгершілік қасиетінен арылып, азғындап барады. Адамзат қоғамының өзі жеке адамдардан тұрады. Олай болса, қоғамның дамуы оның әрбір мүшелерінің дамып жетілу сапасына байланысты. Яғни, еліміздің өркендеп, адамдарының сапалы болуы олардың рухани мәдениетіне тікелей байланысты деп айтуға болады.
Соңдықтан да қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барысыңда мынадай міндеттерді қарастырдық:
- «Рухани адамгершілік құндылық» ұғымына анықтамалар бердік;
- Рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындадық және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде зерттедік.
Осындай міндеттерді жүзеге асыра отырып, рухани-адамгершілік негізінде оқушылардың ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген тәрбие кеңістігін құру Қазақстанның жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік берді. Өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.
Қазіргі кезеңде рухани-адамгершілік құндылық – адамның ортамен қарым-қатынасы, айналысатын ісі, білімі мен өмір сүру салты-санасы, сезімі, сенімі мен сапасынан тұратын жүйе. Бұл жүйенің сапасы мынандай бөлімдерден тұрады: білімділік сапа, имандылық сапа, эстетикалық сапа, психологиялық сапа, өнерлік сапа, шығармашылық сапа. Осы сапалар негізінде адамның рухани-адамгершілік дағдысын қалыптастыруға ықпал жасайтын құндылықтар жүйесі құрылады.
Сонымен қатар, рухани-адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық шарттары оқушылардың рухани байлығы мен әлеуметтік ахуалын қамтиды. Мұны мектепте, отбасында оқушының ақыл-ой жүріс-тұрысы мен мінез-құлқына әсер ететін оның бойындағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызатыны шынайы жағдайлар деуге болады. Олар мынандай шарттарға бөлінеді: мотивациялық-мақсаттылық, ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік, тұлғалық, интектуалды-эмоциялық, танымдық-шығармашылық, ақпараттық.
Рухани-адамгершілік құндылығы дамыған тұлға қалыптастыру бағыттарының мазмұның сипаттайтын болсақ, ол негізгі бес бағытты қамтиды, танымдық, ұлттық, әлемдік, дүниетанымдық, салауатты өмір салты бағыттары болып жіктеледі. Аталған бағыттар бойынша рухани-адамгершілік құндылықтары дамыған бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін өте қажет.
Қорытындылай келгенде, біздің зерттеу проблемамыз еліміздің тәуелсіздігінің болашағында маңызды орын алады деп есептейміз, себебі адамгершілік өзінің көпқырлығымен мәңгілік ұғым. Демек, бізде адамгершілік тәрбиесінің бағыттарын толығымен шештік деп айта алмаймыз. Адамгершілік тәрбиені қоғамның өркениеттілік демократиялық даму бағытына сай етіп, әлемдік тәжірибе негізінде ғылымдар байланыстылық тұрғысында зерттеу келешектің ісі деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |