Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Бейорганикалық химияны оқытудахалықтық педагогика элементтерін қолдану әдістемесі»


Халықтық педагогикасы элементтері арқылы оқушылардың химия пәнінен шығармашылықтарын арттыру



бет9/30
Дата25.05.2023
өлшемі1,24 Mb.
#177657
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
бейорг Бексултан 1бар

2.2 Халықтық педагогикасы элементтері арқылы оқушылардың химия пәнінен шығармашылықтарын арттыру

Шығармашылық – адам ойлау мен өз бетәнше әрекет етуінің жоғары формасы. Шығармашылық – материалдық және мәдени құндылықтарды жасау деп түсіндірсек, ал философиялық сөздікте: «Шығармашлық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті», - деп анықтама берілген.


Жалпы шығармашылық – адамның мақсатқа жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп ақыл-ойы, сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашалақ нәтижелері адамды ерекше қуанышқа бөлеп, жаңа бастамаларға жетелейді.
Шығармашылық іс - әрекеттегі дербестік ұғымының мазмұнын психологтар мен педагогтар төмендегідей сипаттайды:
- жаңа өнім алуға ұмтылысы, оны болжау мен жоспарлау, алға қойған мақсатына жетудегі жұмысына деген тұлғаның қажетсінуінен туындайды (Т.Г. Браже, Ю.Н. Кулюткин, Ф.С. Мустояпова, т.б.);
- жаңалыққа құмарлық, ойлаудың жаңа деңгейіне жетуге әрекет етуі мен жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада өщгерте алу қабілетінің болуы (Б.А. Тұрғанбаева, І.С, Сманов,т.б.);
- тұлғаның шығармашылыққа бағытталған ұстанымының беріктілігінен туындайды (Қ. Ералин, Г.Е. Нұрмұханова, А.М. Матюшкин,т.б.);
- нақты мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады, білік, дағдылардың бірлігі қажеттігін көрсетеді (Ш. Таубаева, М.Г. Ярочевский, А.В. Морозов, т.б.);
- шығармашылық сипаттағы әрекетті іске асыруда байқалатын тұлғаның сапалық деңгейін көрсету арқылы өзіндік бағалауын арттырады (Т.В. Виноградова, Т.Сабыров, Г.А. Федотова, т.б.);
- шығармашылық іс-әрекетті тұрақты қажетсіну, жоспарлап, ұйымдастыру, нәтижесін көру тұлғаның көру қанағаттану сезімін тудыртып, қызығушылығын арттырады (А.Е. Әбілқасымова, Р.С. Омарова, т.б.);
- өмірлік бағытын анықтаушы фактор ретінде, белсенділік пен ізденіске, істі меңгере білуге тәжірибе жинақтауға дағдыландырады (М.Ә. Құдайқұлов, Б.А. Оспанова, т.б.);
Тақырыптың мәселесіне сәйкес ғалымдар еңбектерін зерделеу барысында шығармашылық дербестік мәнін, мазмұнын бір аспектіде ғана қарастыруға болмайтын күрделі ұғым екендігін, жеке тұлғанын бұл біртұтас сапалық қасиетін талдау жасау кезінде жүйелі түсіндіруді талап ететін, тұлғанын өзіндік даму, өзіндік жетілдіруде көрініс табатын, жаңа нәтижелі, өнімді әрекет кезінде көрініс табады деген тұжырым жасауға болады.
Диплом жұмысында көрсетілген мәселелерді теориялық тұрғыда саралай отырып және орта мектеп практикасындағы қалыптасқан іс-тәжірибелерді зерделей келе, «шығармашылық дербестік» ұғымына мынадай анықтама береміз:
«Шығармашылық дербестік дегеніміз- танымдық белсенділігі мен қажетсінуі, мотивациясы негізінде қаланатын жеке тұлғанын іс-әрекетіндегі жаңаны жасаудағы креативтілігі мен жаңа нәтижеге қол жеткізуге ұмтылысынан танылатын өзіндік жұмысы, ізденуі мен жаңашылдығын бейнелейтін жеке тұлғалық сапасы».
Оқушылардың шығармашылық дербестігін арттыру бағдары:
- көкейкесті проблемаларды нақты белгілеу арқылы оқушылыарды ойландыруға , талдауга ынталандыру және белгілі деректерді оқиғаларды, құбылыстарды салыстыра отырып, оны дамытуға қызығушылық туғызу;
-жаңа білімді меңгеруде тапсырмалар мен өзекті мәселелердің шешудің стандартты емес басқа тәсілдерін табуға ынталандыру;
-оқушының ізденімпаздық іс-әрекетіндегі өзіндік қорытындылар мен рефлециялық талдау жасауда дербестігіне қолдау көрсету.
Оқушылардың танымдық қызығушылығы, ізденімпаздығы мен интелектуалдық белсенділігі оның шығармашылық іс-әрекет құрылымын анықтайды. Оқушылардың қоғам өміріндегі маңызды кәсіптік білімге дайындалып жатқандықтан, оның оку-танымдық, шығармашылық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің интелектуалдық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс-әрекеті кәсіби бағытталған, ал оның әлеуметтік және шығармашылық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады.
Шығармашылық дербестік-оқушының танымдық қабілеттерін жетілдіруде жаңаны жасау мен жаңалық ашуға бағдарланушылық тұрғысында олардың өзіндік жұмысына басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Сонымен химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына ықпал ететін оқу-тәрбие үрдісінің факторларына тоқталсақ:

  1. ғылымның қоғамдық прогресте алатын орны туралы мәлімет,оқу-танымдық материалдар, оку жоспарындағы мақсат міндеттердің жүзеге асуындағы химиялық білім мазмұнын меңгерудегі мотивацияға байланысты;

  2. оқушы білімінің жетілу жоспарына меңгерілетін химиялық білімнің сәйкестігі;

  3. оқу материалының мазмұны, тимді топтастырылған, әрі оқушылардың қызығушылығын арттыратындай, дербестігін жетілдіріп, шығармашылық қабілетін қалыптастыратын деңгейде берілуі;

  4. пән мұғалімінің кәсіби шеберлігнің жоғары деңгейде болуы

  5. оқушының жеке тұлғалық ерекшелігі мен білім алуға, бақылау және зерттеу әрекетіне танымдық қажетсінуі;

  6. химия пәнін оқыту үрдісіндегі жағымды қарым қатынас, ынтымақтастық, серіктестік және ұжымдық шығармашылық.

Халық педагогикасы негізінде қалыптастырылған шығармашылық іс-әркет нәтижелері оқушының дербестігінің қалыптасуына, жеке тұлғасының дамуына, танымдық біліктерінің жетілуіне, психологиялық механизмдер арқылы оң әсерлері бар рефлекция нәтижесінде өз іс-әрекетіне жауапкершілік өз болашағына және қоғам өміріндегі құндылықтар мен дұрыс көзқарас принциптерінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Тақырыпқа байланысты педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді теориялық талдау мен мектептердегі тәжірибелік жұмыстар бізге оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасауға мүмкіндік береді. Модельдің мазмұны мотивациялық еріктік, когнитивті-интеллектуалдық, креативті-рефлекциялық компоненттерінен тұрады.
Көрсетілген моделдің негізінде мектептерде халық педагогикасы негізінде оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың 4 деңгейі анықталды: жоғары(креативті) деңгей, жеткілікті(рефлекцивті) деңгей, орташа(репродуктивті) деңгей, төмен(бейімделу) деңгей.
Жоғары деңгей (креативті): танымдық міндеттерді өз бетінше анықтайды, тапсырмаларды шешудің жолдарын болжап, дербес жұмыс істеуге, жаңаны табуға белсенді танымдық ұмтылыс пен білім алуға қызығушылық танытады. Ойлау белсенділігі мен шығармашылық қызығушылығының тұрақты болуымен сипатталады.
Жеткілікті деңгей (рефлекцивті): жоспарлау, ұйымдастыру, танымдық біліктері қалыптасқан, шығармашылық жұмыстың тиімді тәсілдерін таңдай алады, мәселенің шешімін өз бетінше шығара алады, ақпараттар тегімен жұмыс жасайды, шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыра алады.
Орташа деңгей(репродуктивті): оқу танымдық материал мазмұнын, танымдық әрекет деңгейін таңдау үлгі бойынша немесе іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау негізінде жүргізіледі.
Төмен деңгей(бейімделу) белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана орындайды, танымдық әрекетін ынталандыруға белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Оқытушының шығармашылық көмегін қажетсінеді, тапсырманы үлгі бойынша орындайды, өздігінен шығармашылық жұмысты қажет етпейді, деңгелік тапсырмаларды орындауға ынтасы төмен.
Халық педагогикасы негізінде оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың ұстанымдары мен деңгейлерін, қомпоненттері мен өлшемдерін көрсеткіштерін негіздеу шығармашылық жұмыстарының формаларын, әдістерін, мазмұнын, айқындауға мүмкіндік береді.
Мектептерде халық педагогикасы негізінде оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудағы дидактикалық шарттар:
3-кесте. Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыру моделі



Компоненттер

Өлшемдері

Көрсеткіштері



Мотивациялық- еріктік компонент

Шығармашылық дербестікке ұмтылуы мен өзіндік өмірдегі ұстанымын айқындау мен білім алуға қажетсінуін қамтиды.

-дербес өзіндік бағдармен іс-әрекетке шығармашылық сипат беруге қажетсінуі,
-шығармашылық дербестікке ұмтылуы, ойлау еркіндігіне қол жеткізуі,
-танымдық ынтасына сәйкес оқушының шығармашылық іс-әрекетке құндылық бағдар ретінде қажетсінуі,
-жаңашылдақты қажетсінуі мен талаптану.



Когнетивті-интелектуалдық компонент



Интелектуалдық ой-өрісі мен танымдық деңгейінің кеңдігі ғылыми білімді игеруі және оқу-танымдық қызмет тәсілдерінің жүйесін саналы меңгеру.

-танымдық, шығармашылық іс-әрекетте дербестігінің болуы,
-жаңаны тануда танымдық біліктерінің қалыптасуы,
-құбылыстың мәнін білуге ұмтылысы мен ғылыми білімді игеруге ынтасының тұрақтылығы,
-оқу-танымдық қызмет тәсілдерінің жүйесін саналы меңгеру,
-жаңа білімдер мен әрекет тәсілдерін өз бетінше игеру біліктерінің болуы,
-шығармашылық жоспарлау және ұйымдастырудың жолдарын меңгеру.



Креативті –рефлекциялық компонент

Оқушының өзін өзі дамыту,өзін өзі реттеу жүйесін меңгеруі мен іс-жүзінде қолдануы, өзіндік бағалауға рефлексиялық талдауы.

-өзін-өзі жетілдіру мен дамыту,
-жаңаны ойлап табу мен жаңа нәтижеге жету, ой тереңдігі мен шығармашылық шабыттың болуы,
-шығармашылық іс-әрекетке, ізденімпаздық жұмыстарға талдау жасай білу,
-мәселені түсінушуілік, шешім табудағы шапшаңдық пен мәселені шешудегі икемділіктің болуы,
-іс-әрекетті объективті бағалау, жеке тұлғалық құндылықтарды саналы түсіну,
-өзін-өзі дамытуда рефлексиялық бағытты таңдау.

-оқушылардың шығармашылық әрекеті химия курсының мазмұнымен сабақтастықта болуы және нақты теориялық, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы;


-халық педагогикасы негізінде құрылған шығармашылық тапсырмаларды оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен ізденімпаздық қабілеттеріне, шығармашылық қажетсінулеріне қарай топтап іріктеу;
-оқушыларды өмірге бейімдеуде халықтық педагогикамен химиялық білімнің маңыздылығы мен мәнін, танымдық әлемі мен көзқарастарын, рухант интелектуалдық сапаларын дамытуда оқытумен қатар, тәрбиелеудегі практикалық қызметтің оңтайлы сабақтастықта көрініс табуы;
-шығармашылық жұмыстарды жоспарлаудан бастап, мақсат, міндеттерін айқындауда, әдіс-тәсілдерін қолдануда, перспективалық бағыттарын таңдауда дербестік көрініс табады;
-ғылыми-теориялық білімдерді, дербестік сапаларын, шығармашылық тұрғыда әрекет ету және креативтілік, когнитивтілік сапаларын оқушылардың білім алуында пайдалануға бағыт-бағдар беру, мүмкіндіктерді талдау.
Мектептегі химия сабағында оқушылардың химиялық дербестігін қалыптастырудың маңызды бағыты-халық педагогикасы элементтері негізінде ұйымдастырылған оқу дискуссиялары негізінде олардың оқу ынтымақтастығын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет