III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау
Талдау жүргізгенде баланс активінің құралу көздерін талдау керек. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылукөздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді активтерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырыл- ған капиталдың көрсетілген мерзімі көрсетіліп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағында анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффи- циенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана – бұл коэффи- циентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екндігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
Ктс=Мк/Ак
Мұндағы: Ктс – тәуелсіздік коэффициенті;
Мк – меншікті капитал;
Ак – авансталған капитал (баланс валютасы жиыны,
яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екндігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентініңнеғұрлым жоғары дең- гейде болғаны дұрыс депсанайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құры- лымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұр- лым жұмыс үздіксіз қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әртүрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
Қаржылық талдаудан кітаптардың авторлары инвесторлар мен несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасына қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді. А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Эфимова және тағы басқалар бұл көрсеткіш- тің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш болып саналады деп санайды.
АҚШ пен Европа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғары жетер- лік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валюта- сына қатынасы болып саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартасын сатып (қарызға алынған қаражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).
Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шек- теуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтын талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімді- лігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайланушылар, мысалы, банктер, несие берушілерменшіктік капиталдың авансталған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қыз- метінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді.Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидентке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларда тәуелді болады.
Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау кестесі құрылады.
Кесте 9. «Байсерке Агро» ЖШС-нің 2007 жылдың басы мен аяғындағы жағдайы негізінде кәсіпорынның авансталынған капиталының құрамы мен құрылымы.
№
|
Көрсеткіштер
|
Жыл басында
|
Жыл соңында
|
Жыл бойын-
дағы өзгеріс
|
Құры-
лымы-ның өз-
геруі,
пункт
(4гр-2гр)
|
сомасы,
мың тг.
|
үлес
салма-
ғы, %
|
сомасы,
мың тг.
|
Үлес салма-ғы, %
|
мың тг.
(3гр-
1гр)
|
%
(5гр/
1гр*
100)
|
1
|
Авансталған капитал,
соның ішінде:
1.1.Меншіктік капитал
1.2. Қарыздық капитал,
оның ішінде:
ұзақ мерзімді
|
620 728
144085
476642
-
|
100
22,9
77,1
-
|
661730
55739
491483
-
|
100
8,4
91,6
-
|
41002
-88346
14841
-
|
6,61
3,11
-
|
-
-14,5
+14,5
|
2
|
Тәуелсіздік коэффициент (1.1жол/1жол)
|
|
0,232
|
|
0,842
|
|
|
+0,61
|
3
|
Қаржыландыру коэффициенті (1.1жол/1.2жол)
|
|
0,302
|
|
0,113
|
|
|
-0,188
|
4
|
Қатыстырылған капиталдың меншіктік капи- талға қатынасы коэффициенті
(1.2жол/1.1жол)
|
|
3,308
|
|
8,817
|
|
|
+5,509
|
Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қа- тыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына форму- ламен анықталады:
Кт =Қк/Ак немесе Кт =1-Ктс
Мұндағы: Кт – тәуелсіздік коэффициенті;
Қк – қатыстырылған капитал;
Ак – авансталынған капитал (баланс валютасы, жиыны);
Ктс – тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыз- дың үлесін сипаттайды.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.
Қк = Мк / Қк
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвес- торлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы- ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
Бұл көрсеткішке ұсынылып жатқан мәнді сөзбе-сөз түсінуден сақ болуы керек. «Кейбір жағдайларда, - деп жазады О.В.Ефимова – меншікті капиталдың оның жалпы көлеміндегі үлесі жартысынан да аз болуы мүмкін, бірақ сонда да кәсіпорын айтарлықтай жоғары қаржылық тұрақтылығын сақтай алады. Бұл, бірінші кезекте, қызметі активінің жоғары айналымдылығымен сатылатын өнімге тұрақты сұранысымен, тұрақты жабдықтау және өткізу арналары бар, тұрақты шығындардың төменгі деңгейімен (мысалы, сауда және делдал ұйым- дар) сипатталатын кәсіпорынға қатысты.
Сонымен қатар мақсатты бағыттағы активтерінің үлес салмағы (мысалы, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары) қаражат айналымы ұзақ капитал- ды көп қажет ететін кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттарының үлесі 40-50% болуы олардың қаржылық тұрақтылығына өте қауіпті болуы мүмкін.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қаты- насымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэф- фициенті:
Кк/м = Тк / Өк
Мұндағы: Кк/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының
коэффициенті;
Қк - қатыстырылған капитал;
Мк - меншікті капитал;
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіп- орынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:
Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Кк/м <1. Егер оның мәні бірден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір- жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэф- фициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді.
Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициент інің мәнімен шектелуі қажет.
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (аванс- талған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:
Ккт = Мк + Ұм / Ак
Мұндағы: Ккт – қаржылық тұрақтылық коэффициенті;
Ұм – ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Ак – авансталған капитал;
Мк – меншікті капитал;
Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көр- сеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражат- тарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндет- темелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей:
Кұ/м = Ұм / Мк + Ұм
Мұндағы: Кұ/м – қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті
немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;
Мк – меншікті капитал;
Ұм – ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқандағына баға береді.
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қол- данылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анық- талады.
Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капитал ының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір қызық ой - меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзімді қарыз есебінен, ал 3/4 – қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым-қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады.
Меншікті, қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әртүрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелердің) құры- лымын және оның есеп беру кезеңіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.
Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қан- дай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражатының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.
Тәжірибе жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құрал- дарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатынғ ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы қа- тыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштің мөлшері анықталады. Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі – оң, ал төмендеуі – теріс бағыты ретінде қарастырылады.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағында табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (моневрлік) коэффициенті деп аталады.
Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қара- жаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:
Кж = Ма.к / Мк
Мұндағы: Кж – жұмсау коэффициенті;
Ма.к – меншікті айналым капиталы;
Мк – меншікті капитал;
Бұл коэффициентті А.Д.Шеремет, Р.С.Сайфуллин, Е.В.Негашев осылай анықтайды. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары негізгі құралдарды алуға және капитал салымдарына бағытталатынын ескере отырып, В.В.Ковалев, Э.А.Мар- карьян және Г.П.Герасименко бұл коэффициентті меншікті капиталға ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосып есептейді. В.Ф.Палий бұны «дұрыс десе де біз оған қосыла алмаймыз, себебі сөз жұмыс капиталы жайында емес меншікті айналым капиталы жайында болып отыр. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құн- дылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.
Қаржылық көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіп- орынның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Егер коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыныменен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді.
Оптимальді мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті ≥ 0,5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді.
Жұмсау коэффициентінің мәні, кәсіпорын қызметінің сипатына байла- нысты: оның әдеттегі деңгейі материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге қарағанда қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде төмен болуы керек (себебі қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде меншікті қаражатының айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудың көзі болып табылады).
Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты рөл атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражатының тауарлы-материалдық қорлар мен шығын- дарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі:
Кқ/қ = Мак / Қтм
Мұндағы: Кқ/қ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу
коэффициенті;
Мак - меншікті айналым капиталы;
Ктм - тауарлы-материалдық қорлар;
В.В.Ковалев, Э.А.Макарьян және Г.П.Герасименко оны меншікті айналым және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының сомасын кәсіпорынның қорлары мен шығындарының құнына қатынасымен анықтайды.
Материалдарды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәре- жеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жа- былғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.
«Шаруашылық тәжірибенің статистикалық орташаланған мәліметтерінің негізіне алынған оның қалыпты мәні»- деп жазады А.Д.Шеремет және Р.С. Сайфуллин, - келесі түрде болады:
Кқ/қ ≥ 0,6 - 0,8
Қорлар мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамта- масыз етілудің қалыпты коэффициенті, меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қарыздармен жабу назарға алынып анықталады. Бірақ бүл кезде қорлар мен шығындардың көлемі, олардың айналу жылдамдығы жоғарылаған кезде негізделген қажеттілікке сәйкес болуы тиіс. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жаба алады, яғни көрсеткіш <1 болады. Керісінше кәсіпорынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс істеуге жеткіліксіз болған жағдайда көрсеткіш >1 болуы мүмкін, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін көрсетпейді. Сондықтан материалдық қорлардың меншікті айналым қара- жаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің деңгейін ең бірінші материалдық қорлардың жағдайына байланысты бағалап қарастыру керек.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құры- лымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады.
Қатыстырылған капиталды талдау. Талдау жүргізу үшін қарыз қара- жаттарының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қоры- тындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауыт- қуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзгерістерін көрсету керек.
Дебиторлық пен кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2/1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебі ол өзіндік қаражаттың әлдебір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциялық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қатты өсіп кетуі мүмкін.
Талдаушыныңкелесі маңызды жұмысы – кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүм- кіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.
Қаржылық көрсеткіштердің абсолютті көрсеткіштері – тауарлы-мате- риалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәре- жесін көрсететін көрсеткіштер.
Тауарлы-материалдық қорладың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады:
1.Меншікті айналым капиталының бар болуы (Ма.к). Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен (баланс пассивінің бірінші бөлімі) ұзақ мерзімді ак- тивтердің (баланс активінің бірінші бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды. Алдыңғы ке- зеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорын қызметінің болашақтағы да- муын көрсетеді. Құрылысына қарай меншікті айналым капиталының бар бо- луын былай жазуға болады:
Ма.к = Мк –Ұа = Iб П – Iб А.
Мұндағы: Iб П – баланс пассивінің бірінші бөлімі;
Мк – меншікті капитал;
Iб А – баланс активінің бірінші бөлімі;
Ұа – ұзақ мерзімді актив;
Мак көрсеткіші бірқатар маңызды талдау коэффициенттерін есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның ағымдағы активтерін жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,1-ден төмен болмауы керек), тауарлы-материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,6-дан төмен емес) және тағы басқалары.
2.Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыз- дың қалыптасу көздерінің бар болуы (Ма.к/ұз).
Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капита- лының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына форму- ламен анықталады:
Мак/ұз = Мак + Ұмз = Мак + IIб П.
Мұндағы: Ұмз – ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Мак – меншікті айналым капиталы;
IIб П – баланс пассивінің екінші бөлімі;
3.Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:
НК = Мак/ұз + Кнқ.
Мұндағы: НҚ – негізгі құралдар;
Қнқ – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар;
Тауарлы-материалдық қордың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу, көздерімен қам- тамасыз етілуінің үш көрсеткіші сәйкес келеді.
1.Меншікті айналым капиталының (Ма.к.) артықтығы (+) немесе жетіс- пеушілігі(-)
± Мак = Мак – ҚШ.
Мұндағы: ҚШ – тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар;
2.Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалып- тасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (Мак/ұз):
± Мак/ұз = Мак/ұз – ҚШ.
3.Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің (НК) жалпы мөлшерінің артық- тығы (+) немесе жетіспеушілігі (-):
± НК = НК – ҚШ.
Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамта- масыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оныңтұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:
1)қаржылық жағдайдың абсолюттік тұрақтылығы;
2)қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;
3)тұрақсыз қаржылық жағдайы;
4)дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы;
Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипат- талатын уақытта қалыптасады.
ҚШ <Мак немесе Мак >ҚШ.
Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық қорлар меншікті айналым капиталы- мен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардантәуелсіз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Оның үстіне, бұл жағдай ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкін, себебі әкімшілік негізгі қызмет үшін қаражаттың сыртқы көздерін пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейді немесе пайда- лануға мүмкіндігі жоқ.
Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрықтылығы мына теңсіздікпен сипат- талады.
Мак/ұз < ҚШ < НК.
Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін әр түрлі «қалыпты» - меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.
Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипат- талады:
ҚШ > НК немесе НК < ҚШ
Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін «қалыпты емес» болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді.
Қаржылық тұрақтылықты қоймада,
Бұдан кейін дайын өнімнің тез өсуінің және қоймада тауарлардың іркіліп қалу себептерін зерттеу керек. Бірақ бұл ішкі қаржылық талдаудың жұмысы.
Талданып отырған кәсіпорынның қаржылылық жағдайын анықтайық.
Ішкі талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабі- летсіздігі балансын құру негізіндетереңдетілген зерттеу жүргізіледі, оған келесі өзара байланысқан көрсеткіштер топтары кіреді:
1.Төлемеушіліктің жалпы мөлшері:
- банктің қарызы бойынша уақыты өтіп кеткен борыштар;
- жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттары бойынша уақыты өтіп кеткен борыш;
- бюджетке салықты толық төлемеу;
- басқа да төлемеу соның ішінде еңбекақы бойынша да;
2.Төлемеушіліктің себептері:
- меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігі;
- тауарлы-материалдық құндылықтардың жоспардан тысқорлары;
- сатып алушылар уақытында төлемеген, тиеліп жіберілген тауарлар;
- акцептен бас тарту себепті сатып алушылардың жауапты сақтауындағы тауарлар;
- айналым қаражатын күрделі құрылысқа, жұмысшылардың алған қарыз- дары бойынша борыштарына жұмылдыру, сонымен бірге бөлінген қаржылан- дыру көздерінің қаражаттарымен жабылмаған шығындар.
3.Қаржылық шиеленісті азайту көздері:
- уақытша бос меншікті қаражаттар;
- қатыстырылған қаражаттар (қалыпты кредиторлық борыштың дебитор- лық борыштан асып кетуі);
- айналым қаражатын уақытша толтыруға алынған банк несиелері және тағы басқа қарыз қаражаттар.
Қаржылық шиеленісті азайтатын төлемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде, 2-топ бойынша қорытынды 1және 3-топтар бойынша қорытындылардың сомасына тең болуы керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртіптерін және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада қарастыру ұсынылады (мысалы, тоқсан бойынша).
Тауарлы-материалды қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қор- ларға қатысты (айналымға қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.
Тауарлы-материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.
Қорытындылай келе айта кету керек, арнай әдебиеттерде кәсіпорындарда қалыптасқан қаржылық жағдайға бұдан да басқаша жіктеу берілген. Оларды келесі атаулармен 4топқа бөледі:
қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындар;
қаржылық жағдайы орташа кәсіпорындар;
қаржылық жағдайы нашар кәсіпорындар;
банкрот кәсіпорын;
Бұл кезде өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаражаттарды жұмсаудың келесі негізгі бағыттары бойынша қарастырылады:
қалыпты (біркелкі) өндірістік-шаруашылық және ұдайы өндіру қыз- метін қамтамасыз ету;
ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар бойынша уақытылы есеп айырысулар;
кәсіпорынның дамуы бойынша көлемді жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі (нарықтың жаңа секторларын игеру, өндіріс көлемін кеңейту, өнім мен технологияның жаңа түрлерін игеру және т.б.).
Қаражатты жұмсаудың осы бағыттарын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін негізге ала отырып, осы көзқарастың авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және оны қайсыбір топқажатқызудың өз әдістемесін ұсынады.
Айталық, егер кәсіпорынның қарамағындағы қаржы ресурстары осы үш функцияны да орындауға мүмкіндік берсе, онда оның жағдайын жақсы деп бағалау керек. Егер алдыңғы екі функция орындалып, ал үшіншісін бағалауға қаражат жетпесе, онда оның жағдайы орташа болады. Ал егер қаражат алдыңғы екі функцияны да орындауға жетпесе, онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы банкрот болуға (құлдырауға) жақын.
1>1>
Достарыңызбен бөлісу: |