Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті Орындаған: «Есеп және аудит» мамандығының



бет1/11
Дата13.09.2020
өлшемі0,5 Mb.
#78545
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дип.- Ұйымның-меншікті-капиталының-есебі-талдауы-және-аудиті2008


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

«Есеп, аудит және қаржы нарығының индикаторлары» кафедрасы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті

Орындаған: «Есеп және аудит» мамандығының

күндізгі оқу бөлімінің 4-курс студенті

Оментаев Қ.Қ.
Ғылыми жетекші:

ҰҒА акдемигі Нарибаев К.Н.

Диплом жұмысы Мемлекеттік Аттестациялық Комиссиясының алдына қорғауға жіберілді
«Е,А және ҚНИ» кафедрасының

меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Айманова Л.Б.


Алматы, 2008


Жоспар:


Кіріспе...........................................................................................................-3
I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері

1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5

1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7
II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі

2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24

2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26
III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті

3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53

3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69

Қорытынды......................................................................................................-76

Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................-78

Қосымша беттер



Кіріспе

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы- рудағы басты мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе – ол капиталдың жеткіліктілігі. Менің дипломдық жұмысым осы капитал жайында болмақ.

Мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Ұйымның меншікті капита- лының есебі, талдауы және аудиті» деп таңдаған себебім – ұйымның шаруа- шылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылығына әсер ететін бірден-бір экономикалық категория ол-меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кә- сіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі үйым- ның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың есебі бухгал- терлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қыз- метін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол – ұйымның мен- шікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу – меншікті капи- талдағы өзгерістерді орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақ- тап қалуға әсер етеді. Әрбір ұйым үшін анықтап алатын мәселе – шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы капиталының жеткіліктілігі, бос тұрған ақша-қаражаттарын айналысқа жібере отырып, эконмикалық өсуге жағдай жа- сау. Бұл мәселе дипломдық жұмысымда зерттеген «Байсерке Агро» ЖШС-гі үшін және де қазіргі кризистік жағдайда барлық ұйымдар үшін үлкен мәселе болып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – «Байсерке Агро» ЖШС-гі туралы мәлі- меттерді пайдалана отырып, ұйымның меншікті капиталының есебін, талдауын және аудитін зерттеу.

Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

1.Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама беру;

2. Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;

3. «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатын қарастыру;

4. «Байсерке Агро» ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;

5. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталына талдау жасау;

6. Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.

Дипломдық жұмысты жазу барысында ҚР заңнамалық актілерін, отандық және шетелдік экономистердің осы тақырыпқа арналған еңбектерін және өзім өндірістік іс-тәжірибеден өткен «Байсерке Агро» ЖШС-гі жайлы мәліметтерді пайдаландым.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет