Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу»



бет3/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,27 Mb.
#32564
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

4 сурет. Маркетингтегі ақпараттық жүйе сызбасы
Ақиқат ақпаратты игеріп, оларды мекеменің белгілі бір мақсаттарына пайдалану – маркетингтегі басты стратегиялық шарт болып табылады. Маркетингтегі ақпараттық жүйе ішкі және сыртқы көздерден алынған мәліметтерді маркетингтік қызмет басшылары мен мамандарына қажетті ақпаратқа айналдырады. Маркетингтегі ақпараттық жүйе сәйкес шешімдер қабылдайтын маркетингтік қызмет басшылары мен мамандарының арасында ақпаратты таратады. Сонымен қатар мекеменің басқа автоматтандырылған жүйелерімен бірлесе жұмыс істеп, мекеменің басқа қызмет басшыларына қажетті ақпаратты жеткізеді.

Мекемедегі маркетингтің функциясын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат кеңістігін сипаттайды.

Маркетингтегі ақпараттық жүйесін тұрғызу мақсаты екі жағдайдан тұрады: сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету.

Нарық жүйесіндегі фирманың немесе мекеменің ақпарат кеңістігі мен көп сатылы иерархиялы құрылымдағы директивті экономикалық жағдайда жұмыс істейтін мекеменің ақпарат кеңістігінің біршама айырмашылығы болады.

Нарық күрделі ықтимал жүйе болғандықтан, әдетте ол шаруашылық қызметтегі нақты тәуекелділікті болжайды. Нарық кезінде фирмалардың қызмет атқаруы – бұл қажетті мүмкіндіктерді жіберіп алудың және қалаған табысқа жетудің кездейсоқ жағдайларымен үнемі алмасып отыруы. Фирманың қалаған табысы ұзаққа созылуы үшін, соншалықты басқа да факторлармен қоса, ол жан-жақты ақпаратты болуы керек.

Бұл жерде ақпаратты бола білу дегенді тек мәлімет жинау деп ұғынуға болмайды, бұл деген болжау мен ықтималдық теориясының, ойындар теориясының және т.б. әдістерге негізделген ақпаратты таңдаудың арнаулы тәсілдерін де білу дегенді білдіреді. Ақпаратты бола білу – бұл тіпті “жағымсыз” ақпаратты болашақ табыс факторына немесе жаңа ойлардың генераторына айналдыра білуден тұратын өнерге жатады.

Филипп Котлердің қағидасы бойынша маркетингтегі ақпараттық жүйе 4 жүйе немесе 4 ішкі блоктан тұрады:


  • ішкі ақпарат жүйесі немесе есеп беру жүйесі;

  • ағымдағы сыртқы маркетингктік ақпаратты жинастыру жүйесі;

  • маркетингтік зерттеу жүйесі;

  • маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі [11];

Ішкі есеп беру жүйесі – бұл фирма қызметінің әртүрлі жақтарын мен жағдайларын сипаттайтын мәліметтер. Мәліметтерге: тапсырыстар, есеп берулер, өнімнің бағалары, келіп түскен ұсыныстар, пікірлер, әртүрлі келісім шарттардың жүруі, материалдардың көлемі, өнімнің өзіндік құны, өтім және қарыздар туралы мәліметтер. Әр фирманың күнделікті өткізу көрсеткіштері, шығындар, материалдық қорлар, қолдағы ақшаның қозғалысы, кредиторлық және дебиторлық қарыздар туралы деректерді көрсететін ішкі есептер болады. Бірақ, тек ақпараттың осытүріне ғана сүйенуге болмайды, себебі бұл ақпарат түрі қажетті көптеген мағлұматтарды қанағаттандырмайды, оның үстіне аса маңызды ұйымдастырушылықтағы кемшіліктермен ерекшеленеді.

Ағымдағы сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау жүйесі - маркетингтік жоспарларды жасауға, сонымен қатар оны түзеуге қажетті маркетингтік сыртқы ортаның өзгеруі туралы ағымдағы ақпаратты жинаудың, ақпаратты алудың анықталған процедуралар және көздерін қолдануға негізделген тұрақты іс-әрекет.

Өз кезегінде ішкі ақпарат алынған нәтижелерге фокусталады, ал ағымдағы сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау жүйесі сыртқы ортады мүмкін болатын жағдайды зерттейді.

Бұл блокқа сауда кемшіліктері туралы, жабдықтаудағы кемшіліктері туралы, нарықтық және шаруашылық конъюнктураның өзгеруі туралы, бәсекелестік туралы және басқада мәліметтер жатады.

Ағымдағы ақпаратты алу көздері әртүрлі сипатта болуы мүмкін, оны жинау үшін формальді және формальді емес процедураларды қолданады. Осы сияқты ақпараттың қайнар көздеріне мыналар жатады: кітаптар, газеттер, арнаулы басылымдар, клиенттермен, жабдықтаушылармен кездесулер, фирмалардың басшыларымен, қызметкерлермен хабарласу, пікір алысу, жәрмеңкелер, көрмелер, жарнамалық даңғылдар, каталогтар, арнаулы бюролармен жекеменшік ақпарат бөліміне және ақпарат қызметіне шолу, т.б.

Сыртқы ақпарат жүйесін жақсы ұйымдастырғанда, жинақталып және жүйеленген мәліметтерге талдау жасап, ол мәліметтер сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге уақытында және бірдей реакция жасауға мүмкіндік жасайды.

Фирмадағы күнделікті ақпарат сапасын зерттеу мен оны жинау көлемін кеңейту үшін әртүрлі ынталандыру жағдайлары қолданылады. Мысалы: негізгі қызметі басқа қызмет ортасына, өтімге, жарнама және басқаларға байланысты болатын фирманың қызметкерінің сыртқы ақпаратты ынталы түрде жинауы, оның мамандығын жоғарылатады.

Жоғарыда қарастырылған 2 жүйе фирманың стратегиялық ақпаратын істеп шығару үшін жеткіліксіз. Болжауды бақылау үшін нарық кезінде өтетін заңдылықтарды байқап, белгілі бір жағдайларды нақты зерттей түсу керек. Бұл үшін маркетингтегі ақпараттық жүйенің 3 жүйесі – маркетингтік зерттеулер жүйесі қажет.

Маркетингтік зерттеулер жүйесі маркетингтік зерттеу фирма алдындағы маркетингтік жағдайға байланысты қажетті деректер тобын жүйелі түрде анықтау, оларды жинау, талдау және есеп беру. Маркетингтік зерттеу жүйесі ағымдағы сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау жүйесінен өзгешілігі – мекеме нарықта тап болған нақты маркетингтік жағдай бойынша мәліметтерді жинайды және талдайды. Мұндай іс-әрекет нақты мәселелердің пайда болуына қарай мәліметтерді жинаудың және жиналған мәліметтерді өңдеудің арнайы әдістерін қолдану негізінде периодты іске асады. Маркетингтік зерттеу қызметінің аймағы кең болғандықтан, оған мыналар қамтылады: нарық сипаты мен оның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу; нақты тауар өндірушілер арасындағы нарықтық үлесті бөлісуге талдау жасау; бәсекелестердің іс әрекетін, сауда саясатын, жарнамаларды зерттеу; сұранысты болжау және т.б.

Маркетингтік зерттеу 5 кезеңнен тұратын үрдіс:



  • мәселені табу және зерттеу мақсатын тұжырымдау;

  • ақпарат көздерін таңдау;

  • ақпаратты жинау;

  • жиналған ақпаратты талдау;

  • алынған нәтижелерді ұсыну;

Маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі маркетингтік деректерді және мәселелерді талдаудың жетілдірілген әдістер жинағы. Әр бір маркетингтік ақпаратты талдау жүйесінің негізін статистикалық банк және модельдер банкі құрайды.

Статистикалық банк – таңдап алынған деректердің өзара байланысын толық көрсететін және оларды статистикалық өңдеудің уақыт талабына сай жинастырылған әдістер жинағы. Статистикалық банкке регрессиялық, корреляциялық, факторлық, ұялы талдаужәне т.б. кіреді.

Модельдер банкін нарық қызметкерлерінің ең оптимальді маркетингтік шешім қабылдауына мүмкіндік беретін математикалық модельдер жинағы. Модельдер банкісіне баға белгілеу жүйесінің моделі, бағаны есептеу моделі, орналасуды талдау моделі, жарнама кешенінің құралдарын құру моделі, т.б.

Бұл 4 жүйенің барлығындағы ақпарат фирманың даму стратегиясы мен маркетингтік саясатының нұсқауларын таңдаудағы сандық және сапалық белгілерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

Маркетингтегі ақпараттық жүйе:


  • мүмкін болатын қиындықтар мен мәселелерді ерте табуға;

  • қолайлы жағдайларды анықтауға;

  • маркетинг қызметінің стратегияларын мен шараларын табу және бағалау;

  • маркетинг жоспарларының орындалуының және стартегиясының іске асуының деңгейлерін моделдеу және статистикалық анализ негізінде бағалау;

үшін арналған [11].

Маркетингтегі ақпараттық жүйені жобалаудың келесі қадамдарын ұсынуға болады.

Алғашқысында мекемеде маркетингтің ұйымдастырылуы, маркетингті басқару жүйесінде тапсырмалардың, құқық және жауапкершіліктің таратылуы зерттеледі. Келесіде менеджерлердің маркетингтік ақпаратта қажеттілігі анықталады. Осы мәліметтердің негізінде ақпараттық көздер идентификацияланады, оны алудың және талдаудың процедуралары мен құралдары анықталады. Келесі қадамдар: алдағы зерттеулер жоспарын жасау, қорытынды есеп берудің форматын және қызығушылақтары бар тұлғаларға алынған нәтижелерді ұсыну жүйесін жобалау. Осымен қатар мәліметтер банкін, қамтамассыздандыру жүйесін және маркетингтегі ақпараттық жүйенің функционирлеуін бағалау жүйесін жасау және қолдау шаралары жасалады.

Маркетингтегі ақпараттық жүйенің біркелкі үлгісінің жоқтығы анық. Мекеменің және оның маркетингтік қызметінің басшылығы ақпараттқа өзіндік ерекше талаптар қояды, ол өзінің жеке мекемесі және де оның сыртқы ортасы туралы жеке көзқарастарын басшылыққа алады; ол ақпаратта қажеттілігінің өзіндік жеке иерархиясына және басқару аппаратының қызметкерлерінің жеке басының және іскерлік қасиеттеріне, олардың арасында қалыптасқан өзара қатынастарға тәуелді болатын басқарудың өзіндік дара стиліне ие. Осымен қатар тиімді жұмыс істейтін маркетингтегі ақпараттық жүйе тек алғашқы жүйенің біртіндеп дамуының нәтижесі болып табылады.


1.2 «Казфосфат» ЖШС-ің сипаттамасы
«Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 1999 жылы құрылды. Серіктестіктің негізгі қызмет түрлері келесілер болып табылады:

  • минералдық шикізатты добыча, обогащение және өңдеу, соның негізінде өндірістік өнім және халықтық тұтыну тауарларын шығару;

  • геологтік барлау жұмыстарын жүргізу;

  • минералдық тыңайтқыштар, сары фосфор және оның қоспаларының өндірісі;

  • фосфориттік руданы өндіру және өңдеу;

«Казфосфат» ЖШС-н құру химиялық саланың Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшін маңыздылығының артуымен шартталады.

Компанияның қызметі Қазақстанның оңтүстігіндегі фосфорлық өнеркәсіп ұйымдарының тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

Өзінің қызметінің негізгі бағытымен қатар «Казфосфат» ЖШС-і мақсаты фосфорлық саладағы мекемелердің өндіріс процессін жетілдіру, олардың құрылымын дамыту, сондай-ақ мекемелердің бар құаттылығын модернизациялау болатын үлкен жұмыс атқаруда, бұл өз кезегінде Қаратау фосфориттік бассейнінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамассыз етеді.

Соңғы уақытта «Казфосфат» ЖШС-і фосфорлық сала мекемелерінің шикізаттық бағытын өзгертуде, соңғы өңдеудің жоғарғы деңгейінің нәтижесі болып табылатын сапалы және бәсекеге жарамды өніммен ішкі және сыртқы нарыққа шығуда қадам жасауда.

Салыстырмалы қысқа кезеңде компания ТМД аумағындағы және басқа да шетелдердегі құрамында фосфоры бар өнімді тұтынушы мекемелермен қарым-қатынас орната алды.

Қойылған мақсаттардың сәтті орындалуы, ағымдағы қызметтің іске асуы көбінде «Казфосфат» ЖШС-ң қызметкерлерінің жоғарғы кәсіптілігіне және іскерлік абыройына байланысты.


«Жанатас» Таулы-Байыту Комбинаты және «Каратау» Таулы-Химиялық Комбинаты

«Жанатас ТБК» ЖШС-ң және «Каратау ТХК» ЖШС-ң таулыкен комбинаттары фосфориттік кенді өндірумен және өңдеумен айналысады. Кен орындар Қазақстанның оңтүстігінде Жамбыл және аз бөлігі Шымкент облыстарында ені 30 шақырым, ұзындығы 120 шақырым жолақта орналасқан. Бұл қорлар негізінен кен орынның 6 бассейнінде шоғырланған және бұрынғы КСРО аумағындағы барланған фосфаттық шикізат қорының 1/3 және барланған әлемдік қордың 5% құрайды. Әлемдік масштабта қаратау бассейні қойнауында алдын-ала қымбат байытусыз әртүрлі бағыттағы өнеркәсіптік өңдеу үшін жарайтын, милиардтаған тонна фосфоридтік кен шоғырланған бірегей табиғи нысан болып табылады.

Бассейіннің кендері және фабрикалары айналасында фосфориттік шикізатты өндіру мен алғашқы өңдеудің қарқынды дамуымен байланысты халқы 100 мыңнан асатын екі қала, Қаратау және Жанатас пайда болды.

1946 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан комбинаттар қазіргі кезде 9247 га жуық ауданды алып жатыр және өзінің құрамында 76 ашық және жер асты фосфориттік кенді өндіретін кеніштер және 5 майдалаушы-сорттаушы және алғашқы кенді дайындау мен өнімді шығару бойынша фабрикалар бар.

Қазақстандық фосфорлық кенді тұтынушы негізгі мекемелер Қазақстанда, Өзбекстанда, Түркменстанда, Ресейде орналасқан.

«Жаңа Жамбыл фосфор заводы» филиалы

«ЖЖФЗ» филиалы сары фосфор және құрамында фосфоры бар өнім (ортофосфор қышқылы, триполифосфат натрия, тринатрийфосфат, ферофосфор, гранулды шлак) шығаратын химиялық завод болып табылады.

Мекеме құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:



  • әрқайсысының құаттылығы 80МВт, ал жалпы жобалық өндіріс құаттылығы жылына 80 мың тонна болатын төрт кенді-термиялық электропеші бар бір негізгі блокқа негізделген сары фосфор өндірісі;

  • жалпы жобалық өндіріс құаттылығы жылына 120 мың тонна болатын үш технологиялық сабақтан және құрамында фосфоры бар шламды өңдейтін үш шламдық қондырғыдан тұратын термиялық фосфор қышқылы өндірісі;

  • құрамына жалпы жобалық өндіріс құаттылығы жылына 120 мың тонна болатын төрт технологиялық сабақты қосатын триполифосфат натрий өндірісі;

  • жалпы өндіріс құаттылығы жылына 3000 тонна болатын екі технологиялық сабақ негізінде фосфорлық тұздар - триполифосфат калия, триполифосфат калия-натрия, тринатрийфосфат өндірсі.

Заводта шығарылатын тринатрийфосфат энергетикада, металургияда, темір-жол көлігінде, целлюлезді-қағаз өнеркәсібінде кеңінен қолдануда. «ЖЖФЗ» филиалы өнімінің ірі тұтынушыларын Германияда, Чехияда, Польшада, Венгрияда, Ресейде, Қазақстанда, Өзбекстанда, Украинада, Түркменстанда, Әзірбайжанда, Молдовада, Беларусияда және Дагестанда табуға болады.
Минералды тыңайтқыштар заводы филиалы

«Минералды тыңайтқыштар заводы» филиалы – бұл минералды тыңайтқыштар, ауыл-шаруашылық үшін арналған фтордан арылған фосфаттар азығын және жылу электрстанциялары мен котельныларды химиялық-сулы-дайындау үшін арналған сульфо көмір шығарумен айналысатын химиялық завод.

Завод 449,2 га жерді алып жатыр және келесі негізгі өндірістерден тұрады:


  • жылына 150000 тонна көлемде фосфорлы-азотты тыңайтқыштар - аммофос (моноаммонийфосфат) өндірісі;

  • жобалық құаттылығы жылына 148000 тонна болатын азықтық трикальцийфосфат өндірісі;

  • жобалық құаттылығы жылына 14000 тонна болатын сульфо көмір өндірісі;

«Мениралды тыңайтқыштар заводы» филиалымен өндірілетін өнімнің негізгі тұтынушылары Қытайда, Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғыстанда, Беларусияда және Түрменстанда шоғырланған.
«Казфосфат» ЖШС-ң Шымкенттік филиалы

Шымкенттік филиал құаттылығы жылына 60000 тонна болатын, синтетикалық жуғыш заттар шығарумен айналысатын химиялық завод болып табылады. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында орналасқан. Синтетикалық жұғыш заттар өндіретін завод 1979 жылы «Фосфор» Шымкенттік өндіріс бірлестігі негізінде іске қосылды, ал 1992 жылы негізгі технологиялық жабдықтың реконструкциясы жасалды.

Синтетикалық жұғыш заттарды өндіретін цех құрамына келесілер кіреді:


  • шикізатты қабылдау, композицияны дайындау және кептіру бөлімі;

  • полиграфия және буып-тію бөлімі;

  • электрокарларды зарядтау станциясы;

Өнімнің негізгі бөлігі ішкі нарықта, сонымен қатар ТМД-ң елдері - Өзбекстанда, Тәжікстанда және Қырғыстанда өткізілуге арналған.
«Темір-жол көлігінің кешені» филиалы

Темір-жол көлігінің кешені Тараз қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан мекемелерге қызмет көрсетеді. Бұл кешен 15,8 га жерді алып жатыр. Кешен құрамына ТЭМ және ТГМ типті 18 локомотив кіреді. Жалпы алғанда вагондар паркі 678 бірліктен тұрады, соның ішінде:



  • сары фосфор тасымалына арналған 368 темір-жол цистерналары;

  • фосфор қышқылын тасымалдауға арналған 76 темір-жол цистерналары және 244 түрлі сиымдылықтар;

Темір-жолдың жайылған ұзындығы 324 бағдаршалық аударымдары бар және жүк көтерімділігі 16, 20 және 80 тонна болатын 6 темір-жолдық крандары бар 136,3 шақырымды құрайды.

Маркетинг, сату және логистика департаменті:

Маркетинг, сату және логистика департаменті «Казфосфат» ЖШС-ң маркетинг және сату бойынша Басқарма Төрағасының Орынбасарымен тікелей басқарылатын және соған бағынатын дербес құрылымдық бөлімше болып табылады. Маркетинг, сату және логистика департаментің құрылымын және штатын Серіктестіктің Басқарма Төрағасы бекітеді.

Маркетинг, сату және логистика департаменті Серіктестіктің дайын өнімінің сатылуын қамтамассыз ету және маркетинг пен нарық конъюнктурасын зерттеу мақсатында құрылған. Маркетинг, сату және логистика департаменті өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын және Серіктестіктің ішкі нормативтік актілерін басшылыққа алады.


Маркетинг, сату және логистика департаментің негізгі міндеттері мен функциялары:

Маркетинг, сату және логистика департаментің негізгі міндеттері:



  • Серіктестіктің шағаралатын дайын өнімді сату жұмысын ұйымдастыру мен реттеудің біркелкі саясатын жүргізу;

  • нарық маркетингін зерттеу және нарық конъюнктурасына сай өндірісті уақтылы бейімдеу;

Маркетинг, сату және логистика департаменті өзіне жүктелген міндеттеріне сай келесі функцияларды орындайды:



  • жоспарлық тапсырмалар мен жасалған келісім шарттарға сәйкес Серіктестіктің дайын өнімінің сатылуын ұйымдастырады, бекітілген сату жоспарына сай тұтынушыларға өнімнің уақытында және қажетті көлемінде жөнелтілуін бақылайды;

  • заңға сәйкес өзінің функионалдық міндеттер шегінде маркетинг және сату бөлімшелерін, оған қоса филиалдарды басқаруды іске асырады;

  • ішкі документтер жобасын, маркетинг және сату сұрақтары бойынша қорытынды дайындайды;

  • дайын өнімді сатуға келісім шарттар жасайды, олардың экономикалық және қаржылық негізділігі туралы қорытынды дайындайды;

  • дайын өнімді сатудың ағымдағы және перспективалық жобаларын дайындайды;

  • дайын өнімді сатудан түсуге тиісті ақша-қаражаттары туралы есеп беруді дайындайды;

  • екілік ресурстар мен қосалқы өнімдерді пайдалану және сату жұмыстарының өткізілуін жоспарлайды;

  • дайын өнімді өткізу жоспарының орындалуы туралы есеп берулер құрастырады;

  • өнімді жеткізу бойынша міндеттердің Серіктестік жағынан орындалуын бақылайды;

  • заң бойынша қажетті барлық лицензиялар мен рұқсаттар алуды, кедендік рәсімдеуді жүзеге асырады;

  • вагондарға (цистерналарға, платформа және контейнерлерге) заявкалардың дайындалуын бақылайды, жөнелтілетін өнімді тасымалдау жоспарын құрастырады;

  • ақша-қаражатының бюджетін жасауға көмектеседі, Серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларының жобаларын құрастыруға қажетті бастапқы мәліметтердің дайындалуын қамтаммасыз етеді;

  • Серіктестіктің өнімін сату жоспарын ұстануын бақылауды жүзеге асырады;

  • экспорттық келісім шарттарды орындаған кезде, оған қоса ақша-қаражаттарын немесе дайын өнімді қайтарғанда кедендік, валюталық және лицензиялық заң ережелерін ұстануын бақылауды жүзеге асырыды;

  • басқарушылық статистикалық есеп берулерге қажетті мәліметтерді жинайды, жүйелендіреді және береді;

  • бәсекелестік ортаны зерттеуді, өнімді сатудың жаңа мүмкіншіліктерін іздеуді және іске асуын жүзеге асырады;

  • экономикалық ақпаратты жинайды, жүйелендіреді және анализ өткізеді және өткізу нарықтары бойынша ақпараттық мәліметтер қоймасын құрастырады;

  • өткізу нарығын кеңейту және шығарылатын өнімнің жаңа пайдалану формаларын табу мақсатында нарықтың жаңа қажеттіліктерін зерттеуді жүзеге асырады;

  • принципиальді жаңа өнім жасауға ұсыныстар жасайды;

  • Серіктестіктің дайын өніміннің тұтынушыларының шағымдарын қабылдайды, контрагенттер келісім шарттардың шарттарын бұзған жағдайда дер кезінде қажетті ақпаратты және құжаттарды заң департаментіне беру арқылы оларға шағымданады;

Маркетинг, сату және логистика Департаментінің Басқарушысы Маркетинг, сату және логистика Департаментіне жүктелген функция есептерінің орындалмауына және дұрыс орындалмауына персоналды жауапты болады.

Маркетинг, сату және логистика департаментінің құқықтары

Маркетинг, сату және логистика департаменті:


  • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде өткізу жұмысының жағдайын бекітілген тәртіпте тексеруді жүргізуге құқылы;

  • Серіктестіктің, оған қоса филиалдардың қызметкерлерінен жүктелген міндеттерді және бөлек тапсырмаларды орындауға қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есеп айырысуларды және басқа да мәліметтерді сұрауға құқылы;

  • корпоративтік актілерді және басқа құжаттарды дайындау үшін, сонымен қатар Маркетинг, сату және логистика департаментіне жүктелген міндеттеріне сай жүргізілетін іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыру үшін басшылықтың келісімімен Серіктестіктің басқа бөлімшелерінен мамандарды қатыстыруға құқылы;

  • өнімді өткізу сұрақтары және басқа да маркетинг, сату және логистика департаментіне қатысты сұрақтар талқыланатын, Серіктестік басшылығымен, филиалдар басшылығымен шақырылатын жиналыстарға қатысуға құқылы;

  • маркетинг және сату сұрақтарына қатысты бұйрықтар мен Серіктестіктің басқа да ішкі құжаттарына, басқару органдарының күші бар шешімдеріне өзгерстер енгізу туралы ұсыныстар ұсынуға немесе күшін жоғалтқандарды алып тастауына құқылы;

Маркетинг, сату және логистика департаментінің Басқарушысы:



  • келісім шарттар жасау сұрақтары, Серіктестіктің жасалынатын ішкі нормативтік актілер сұрақтары бойынша ескертулер мен ұсыныстар беруге құқылы;

  • дайын өнімді сату жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша Серіктестіктің және филиалдарының өткізу қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басқарушылары мен қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар беруге құқылы;

  • Серктестіктің және филиалдардың өткізу қызметінің жұмысының орындалуына ішкі бақылау жүргізуге құқылы;

Басқа ішкі құрылымдық бөлімшелермен әрекеттесуі

Өндіріс қызметімен:



  • дайын өнімді жөнелту тапсырмасының орындалуы туралы мәліметтер алады;

  • жөнелтулер графиктерін, жөнелтулер бойынша анықтамаларды, дайын өнімнің сапасы бойынша талаптарды, келісімге келісім шарттарды, темір-жол цистерналарын бақылау бойынша графиктері мен ақпаратын, жөнелту және бос цистерналарды қайтару бойынша мәліметтерді, дайын өнімге рекламациялар туралы мәліметтерді ұсынады;

Қаржылық қызметпен:

  • күнделікті түсетін ақша-қаражаттар туралы, төлеу мерзімінің контрагенттермен бұзылғандығы туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінде лицензияны рәсімдеуге қажетті мерзімінен асып кеткен төлемдер туралы ақпараты бар құжаттарды және мәліметтерді алады;

  • ақша-қаражаттарының түсу болжамының графиктерін ұсынады;

Экономикалық қызметпен:

  • көлем және номенклатура бойынша өндірістің жылдық және әр айлық жоспарын, дайын өнімге бағаның негізділігін алады;

  • өндіріс жспарын құрастыру үшін қажетті дайын өнімді жөнелтудің жылдық, тоқсандық, айлық жоспарларын ұсынады;

Материалдық-техникалық жабдықтау қызметімен:

  • өндіріс жоспарларын орындау үшін қажетті шикізатпен, материалдармен және комплектілеу бұйымдарымен жабдықталу туралы мәліметтерді алады;

Заң қызметімен:

  • дайын өнімді ауыстыру немесе толықтырып жеткізуге қатысты қабылданған шағымдар бойынша сот шешімдерінің көшірмелерін, басқарма шешімдерінің көшірмелерін алады;

  • келісім шарттардың жобаларын, келіспеушіліктер протоколдарының, өнімді жеткізіп берумен байланысты шағымдар мен исктардың қосымша құжаттары бар қорытындыларын, сонымен қатар келісім шарттық қатынастарды растайтын құжаттар сияқты басқа да құжаттарды және де исктік арыздар және шағымдарды дайындауға қажетті әр бір қажетті құжаттарды ұсынады;

Қаржылық департамент:

Қаржылық департамент Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасарымен тікелей басқарылатын, Мекеменің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қаржылық департамент міндеттері:


  • бюджетті құрастыру және анализдеу;

  • Администрацияға басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті ақпаратты дайындау;

  • мекеменің шаруашылық қызметінің қаржылық анализі;

  • мекеменің экономикалық қызығушылықтарын қорғау;

  • мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің кешенді анализін өткізу және ақша-қаражаттарының қозғалысының бюджеттік жоспарлауын жүзеге асырады;

Қаржылық департаментінің функциялары:

Қаржылық ресурстармен, негізгі қордың және айналым қаражаттардың тиімді қолдануын және сақталуын, мемлекеттік бюджетке міндеттемелер бойынша және жабдықтаушылар мен банктік мекемелерге төлемдердің уақтылы төленуін қамтамассыз етуге бағытталған мекеменің қаржылық қызметін ұйымдастырады. Перспективалық және жылдық қаржылық және кассалық жоспарлардың, несиелік заявкалардың жобаларын жасайды, бекітілген көрсеткіштерді мекеменің бөлімшелеріне жеткізуге дейін, өнімді өткізу жоспарының жобаларын, айналымнан түсетін пайда және салық бойынша және өндірістің рентабелділігін жоғарлатудың жоспарлы тапсырмаларын дайындауға қатысады. Мекеменің несиенің әр бір түрінде қажеттілігін, техникалық қайтажарақтандыру, мекеменің рекострукциясы және жаңа өндірістердің құрылысының жоспарларын қаржыландыратын көздерді анықтайды. Айналым қаражаттарының нормативтерін жасауды және олардың айналмалдылығын жылдамдаттыратын шараларды ұйымдастырады. Кірістердің уақтылы түсіп тұруын, жабдықтаушылардың есеп шоттарының төленуін, қаржылық есеп айырысу және банктік операциялардың бекітілген мерзімде рәсімделуін, қызметкерлер және жұмысшылардың жалақысының төленуін қамтаммассыз етеді. Жаңа техниканы ендіруге кеткен шығындарға жасалған сметалық-қаржылық есеп айырысулардың, өндірісті дамыту қорын шығындаудың, материалдық қолдау қорының, әлеуметтік-мәдени шаралар қорының қаражаттарын шығындаудың сметасының сонымен қатар мекеменің қаржылық қызметімен байланысты басқа да құжаттардың дұрыс құралуын, рәсімделуін және бекітілуін бақылайды. Қаржылық және несиелік жоспардың, өнімді сату жоспарының, кіріс және басқа да қаржылық көрсеткіштердің жоспарының орындалуына, өткізілмейтін өнімді өндірудің тоқтатылуына, ақша-қаражаттарының дұрыс жұмсалуы мен жеке және заемдық қаражаттардың мақсатты қоладанылуына бақылауды жүзеге асырады. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін анализдейді, қолданылмайтын тауарлық-материалдық құндылықтарды жабдықтаудың және жоюдың алдын-алуына, өндірістің рентабелділігін жоғарлатуға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға, қаржылық қызметті нығайтуға бағытталған нұсқауларды жасауға қатысады. Бекітілген қаржылық есеп берудің уақтылы құралуын және берілуін қамтаммассыз етеді, сонымен келесі функцияларды орындайды:



  • апталарға бөлінген әр айлық қаржылық жоспарды құрастыру және бекіту;

  • шығарылатын өнімнің ассортиментінің және бағасының өзгеруіне байланысты қаржылық жоспарды айқындау;

  • айлық қаржылық жоспарды алдыңғы апта жоспарын орындаудан ауытқуды ескере отырып апталар бойынша айқындау;

  • компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін жақсартуға қажетті уақтылы шараларды қабылдауға қажетті қаржылық жоспардың орындалуына шапшаң бақылауды жүзеге асыру;

  • қаржылық жоспарлардың, бюджеттердің орындалуын анализдеу және және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындау;

  • бюджет құрастыру және қаржылық анализ процедураларын жетілдіру, мекеменің құрылымдық бөлімшелеріне бюджетті жоспарлау сұрақтары бойынша методологиялық көмек көрсету;

  • анализ жүргізуге және басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған есеп берудің ішкі формаларын жасау;

  • ішкі есеп беруді құрастыру үшін қажетті ақпаратты беру форматын жасау;

  • ақша қаражаттарының және материалдық заттардың қозғалысын жоспарлау және есепке алу;

  • дебиторлық және кредиторлық қарыздар анализі;

  • кезең шығындарының анализі;

  • ай сайын мекеменің қаржылық жағдайының бір қатар маңызды сипаттамалары туралы ақпаратты ұсыну;

  • ай сайын нормативті қаржылық коэфиценттер туралы ақпаратты ұсыну (ағымдағы өтімділік к-і, жеке қаражаттармен жабдықталудың к-і, қаржылық тұрақтылық к-і, сату рентабелділігінің к-і)

Басқа ішкі құрылымдық бөлімшелермен әрекеттесуі

Бухгалтериямен:



  • қаржылық жоспарды, қаржылық жоспардың орындалуының есеп берулерін ұсынады;

  • ай сайын баланс, қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелерінің есеп берулерін, дебиторлар және кредиторлар тізімін, сонымен қатар мекеменің шығындары туралы қажетті барлық ақпаратты алады;

Экономикалық бөліммен:

  • өндірістік бағдарламалардың орындалуын;

  • техникалық-экономикалық көрсеткіштерді;

  • дайын өнімді жөнелтуді;

  • шикізатпен, нормаланған материалдармен жабдықталуды, ағымдағы және капиталды жөндеуді

талдайтын жұмысты бірлесіп өткізеді.

Заң бөлімімен:



  • арбитраж органдарына исктарды беру үшін қажетті шағымдалған материалдар бойынша есеп айырысуды; есеп шоттарды төлеуден бас тарту, оларды ұсынудағы қателіктер және т.б. байланысты шағымдар және исктардың қорытындыларын; шағымдардың және арбитраждық исктердің қаралуымен байланысты аударылған ақша-қаражаттары туралы анықтамаларды; мемлекеттік баж салығын аудару туралы құжаттарды ұсынады;

  • шағымдарды және исктерді қараудың нәтижелері бойынша ақша-қаражаттарын аудару туралы басқарманың шешімдерін алады; қаралған және қанағаттандырылған шағымдармен исктар бойынша түсетін ақша-қаражаттары туралы банктік құжаттардағы белгілерді; арбитраждық исктар бойынша аударылған мемлекеттік баж салығына тапсырмаларды алады;

Маркетинг бөлімімен:

  • маңызды келісім шарттарға қаржылық жағдайды; бағадағы бекітілген негізгі шегінулерді ұсынады, экспорттық келісім шарттарды қарастырады және келісім беттерге қол қояды, маркетингке кететін шығындарды анализдейді;

  • мекеменің табысын жоспарлау және бюджетті құрастыру үшін қажетті өткізу жоспарын; сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру жүйесіне кеткен шығындар сметасын алады;

Заң департаменті:

Заң департаменті департамент директорымен тікелей басқарылатын, Мекеменің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Заң департаменті:



  • Серіктестікте дайындалатын ішкі нормативтік актілердің, бұйрықтар жобасының заңдылық экспертизасын жүргізеді, департамент директоры оларға қол қояды, сонымен қатар қажет жағдайда осы құжаттарды дайындауға қатысады;

  • Серіктестіктің қызмет бабында пайда болатын заң сұрақтары бойынша қорытындыларды, ішкі құжаттарды дайындайды;

  • Серіктестікте шығарылған күші бар бұйрықтрды өзгерту немесе күшін жоғалқандарды алып тастау шараларын қолданады;

  • Серіктестіктің дебиторлық және кредиторлық қарыздары бойынша сұрақтарды қарастыруға және келісім шарттық, қаржылық, еңбек тәртібін нығайту шараларын жүзеге асыруға қатысады;

  • Серіктестіктің қызмет бабында пайда болатын құқық, заң жағынан пайда болатын басқа да сұрақтарды қарастырады;

Экономикалық-шаруашылық анализ және болжау бөлімі

Экономикалық-шаруашылық анализ және болжау бөлімі бөлім директорымен тікелей басқарылатын, Серіктестіктің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Экономикалық-шаруашылық анализ және болжау бөлімінің негізгі міндетері:



  • перспективалық жоспарлар жобаларын және өндірістік шаруашылық қызметтің және мекеменің әлеуметтік дамуының жылдық жоспарларын құрастыру үшін қажетті алғашқы мәліметтерді дайындайды;

  • тоқсандарға бөлінген мекеменің бюджетінің жекеленген бөлімдерін, есеп айырысуларды және оларға негіздемелерді жасайды;

  • өнімнің жаңа түрлерін, техника мен автоматтандыруды меңгеруді техникалық-экономикалық негіздеуге қатысады;

  • өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажетті материалдық және еңбек шығындарының техникалық-экономикалық нормативтерін, өндірісте тұтынылатын шикізаттар мен материалдардың негізгі түрлеріне, жанармайға, эненергияға жоспарлы-есеп айырысылатын бағаларды жасайды;

  • тауарлық өнімнің сметалық калькуляциясын және шығарылатын өнімге баға жобаларын құрастырады;

  • Серіктестіктің және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық анализ жүргізеді, өндірістің резервін анықтайды, үнемдеу режимін қамтаммассыз ететін және Серіктестіктің ресурстарын тиімдірек пайдаланудың, еңбек өнімінділігінің қарқынын жоғарлатудың шараларын белгілейді;

  • Серіктестіктің және оның бөлімшелері бойынша жоспарлық тапсырмалардың орындалу барысына есеп және бақылау жүргізеді;

Бұғалтерлік бөлім

Бұғалтерлік бөлім – бөлім директорымен тікелей басқарылатын, Мекеменің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бұғалтерлік бөлімнің міндеттері:



  • бұғалтерлік участогі (дебиторлық қарыздар есебі, дайын өнімді сатудан түскен табыс және шығындар есебі, сатып алушылармен есеп айырысулар, сонымен қатар басқа да дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі) бойынша жұмыс атқарады;

  • есеп участогі бойынша алғашқы құжаттарды қабылдайды және бақылайды, оларды санақтық өңдеуге дайындайды. Бұғалтерлік есепте сатып алушылармен есеп айырысулар, тауарлық-материалдық құндылықтардың және дайын өнімнің қозғалысымен байланысты операцияларды бейнелейді;

  • пайда болған шығындардың және өндірістік емес шығындардың көздерін анықтайды, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар дайндайды;

  • есеп беруді құрастыру үшін сәйкес есеп участогі бойынша мәліметтерді дайындайды, бұғалтерлік құжаттардың сақтығын бақылайды, оларды архивке өткізу үшін бекітілген тәртіп бойынша рәсімдейді;

  • ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру бойынша шараларды іске асыру, сонымен қатар тауарлық-материалдық құндылықтардың және негізгі қордың инвентаризациясын жүргізу мақстында бұғалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері бойынша мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады.

«Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық құрылымы 5 суретте көрсетілген.



5 сурет. «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық құрылымы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет