Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады


ІІ. Стреске қарсы 10 амал мен ереже



бет26/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары
Баяндама аса рметті комиссия т ра асы ж не комиссия м шелері!, Үй жұмысы 11
ІІ. Стреске қарсы 10 амал мен ереже:

  1. Ең қиын кездердің өзінде амалдармен араласуды тоқтатпаңыз. Өзін жалғыз сезінетін, өз қайғысымен жалғыздан-жалғыз қалдым деп ойлайтын адамға дос-жарандар өте қажет. Досыңызбен телефон арқылы аз ғана сөйлескеніңіздің өзі уыс-уыс дәрі ішкеннен әлдеқайда тиімді әсер етуі мүмкін.

  2. Стрессті тудыратын нәрсені жоюға тырысыңыз. Мысалы, егер сіз әріптестеріңізбен жанжалдассаңыз немесе жұмыста қиындықтар болса, олармен арақатынасыңызды реттеп, ортақ жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға тырысыңыз.

  3. Жақын адамдарыңызбен өз проблемаларыңызды талқылаудан қорықпаңыз. Ұрыс-керіс, дау-жанжалдың көбі үйде болатыны белгілі, өйткені адамдардың көбінің кешке қарай жүйкесі шаршайды да болмашы нәрсеге ренжігіш, ашуланғыш келеді.

  4. Ол жөнінде өздеріңіз қателігіңізді болашақта қайталамас үшін ғана еске аларсыз. Өзгертуге болмайтын нәрсе туралы ойлап, өзіңізді кінәлау ештеңеге әкелмейді. Болар іс болды. Оны өзгерту мүмкін емес екенін, енді үнтаспа лентасы секілді кері айналдыра алмайтыныңызды ұмытпайсыз.

  5. Тұратын, жұмыс істейтін жеріңіздегі мүліктер, жиһаздарға назар аударыңыз. Пәтеріңізді (мүмкін болса, жұмыс орыныңызды) көркейткенде қызыл және сары түстен аулақ болыңыз, өйткені қызыл түс адамды қоздырады, сары түс болса, алғашында жылы, жағымды әсер еткенімен, ақыр соңында адам психикасы басып-жаншиды. Сонымен қатар, қабырғалары тым ашық түске боялған жерлерде ересектер жиі ұрысып, балалар болса жиі төбелесетіні байқалған. Сондықтан жасыл-көгілдір гаммадағы жұмсақ, солғын түстерді таңдаңыз.

  6. Егер стресс уақыттың жетіспеуінен туса,өз өмірімізді қалай тиімді ұйымдастыруға болатыны жөнінде ойланыңыз. Ең болмаса, таңертең әдеттегіден 15 минуттай ерте тұрып көріңіз. Осылай сіз асып-саспай жиналып жұмысыңызға кетіңіз.

  7. Өмірдегі басты мақсаттарыңызды айқындап алыңыз, барлық күш-жігеріңізді соған жетуге бағыттаңыз. Алға қойған мақсатқа қарай апаратын жолдарға кішкентай жетістіктің өзі жан сезімді жақсартады.

  8. Дене жаттығуларын жасауда ешқандай естен шығармаңыз. Олар жүйкенің тозуын жеңуге көмектеседі (өйткені, бұлшық етте стресс гормонының антогонисі – сүт қышқылы жиналады).

  9. Музыка - өте маңызды психотерапевті элемент! Осыны ұмытпаңыз. Сондықтан музыканы, әсіресе, бұрын көңіліңізді көтерген әуендерді жиірек тыңдаңыз.

  10. Және де ең бастысы – көңіл көтеру, күліп-ойнау өміріңізден берік орын алсын. Өйткені, күлкі сіздің психологиялық қорғаныш күшіңіздің негізін құрайды. Сондықтан тұрған бойда күлімдеп, тағы бір таңның сіз үшін атқанына қуаныңыз.

Уақытты босқа өткізбеңіз: жуынып жатып, айнадағы бейнеңізге қарап күліңіз! Бұны бірден жасай алмадыңыз ба? Бейнеңізге қарап бет-ауызыңызды тыржитып, оны келеке етіңіз – сіз міндетті түрде күлесіз! Ұялмаңыз, аздап есерленуден қорықпаңыз! Дәл осындай балалық қылық – жастықтың, жан, психика, жүйке саулығының белгісі ғой!

Осы даярлықтан соң тренинг ойындары кеңінен пайдаланды. Олардың біршамасын мысал ретінде келтіреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет