Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады


«Оқу мотивациясын анықтау» сауалкамасы



бет22/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары
Баяндама аса рметті комиссия т ра асы ж не комиссия м шелері!, Үй жұмысы 11
«Оқу мотивациясын анықтау» сауалкамасы.

Оқу мотивациясы деңгейін бағалау үшін Н.Г.Лусканов арнайы сауалнама ұсынды. 10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап -–0 балл, бейтарап -1 балл, оңжауап -–3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін. 20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл -–мектепке деген теріс қарым-қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.

Сауалнама сұрақтары.

1. Саған мектеп ұнайда ма немесе ұнамайды ма?

2. Таңертең сен уйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?

3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен коррекция сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?

4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?

5. Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?

6. Сен сабақта үзілістің көп және ұзақ болғанын қалайсың ба?

7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?

8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?

9. Сенің сыныпта достарың көп пе?

10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?

Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының кұрсеткішін, ал оның жоғарылауы -–оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.

Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп кұрсетеді:

Жоғары деңгей -–оқушының мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; ұзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; сыныпта жоғары мәртебеге ие.

Ортаңғы деңгей -–оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өзбетінше орындайды, тапсырмаларды орындауда мұқият, бірақ бақылауды талап етеді; коррекция сабаққа қызығушылықпен дайындалады: сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.

Төменгі деңгей -–оқушының мектепке қатынасы теріс; денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді; көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады; оқу материалдарын фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді; коррекция сабақтарға немқөрайлы дайындалады; бақылау мен көмекті үзілісті қажет етеді; пассивті; сыныпта жақын достары жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет