Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады


Темпераменттің ерекшеліктерін анықтауға арналған жоспар бойынша байқау әдісі



бет19/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары
Баяндама аса рметті комиссия т ра асы ж не комиссия м шелері!, Үй жұмысы 11
Темпераменттің ерекшеліктерін анықтауға арналған жоспар бойынша байқау әдісі

Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.

Орындау ережесі: төменде берілген жоспардың баптары бойынша бақылау жүргізіп, оларды талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. Зерттеуші өзі жүргізген бақылау нәтижесін төмендегі тұжырымдамалармен салыстырып, әр қайсысының тұсына жауаптарын «+» немесе «-» деп белгілеуі керек.

Тұжырымдамалар.

1. Жылдам әркет қажет болған жағдайдағы оқушы өзін қалай ұстайды:

а) іске жеңіл араласып кетеді

ә) беріліп әрекеттенеді

б) жай әрекеттенгенімен, артық сөз айтпай орындайды

в) сенімсіз, алаңдап әрекеттенеді

2. Мұғалімнің ескертуіне қалай қарайды:

а) енді қайталамайтынын айтқанымен, алайда біраз уақыттан кейін тағы да сол қалпында қайталайды

ә) оған ескерту жасағанға тас-талқан болып ашуланады

б) тыңдайды, бірақ үндеместен жұмысын орындайддіы

в) үндемейді, бірақ өкпелейді

3. Оны мазалайтын сұрақты талқылауда қатарларымен қалай сөйлеседі:

а) асығыс, жанын беріп сөйлегенімен, басқалардың айтқанына құлақ түреді

ә) тез, бар ниметімен, алайда басқаларды тыңдамайды

б) жай, асықпай, бірқалыпты, бірақ сенімді

в) терең қобалжып күдіктенеді

4. Бақылау жұмысын тапсырарда оқушы өзін қалай ұстайды: ол жұмысты әлі аяқтап үлгермеген болса, немесе жіберген қатесін жұмысты жинап алғаннан оның есіне түскен жағдайда:

а) болған оқиғаға жеңіл қарайды

ә) жұмысты аяқтауға тырысады, қате жібергеніне ызаланады

б) мұғалім өзі келіп жұмысты жинап алмағанынша, тапсырманы асықпай орындай береді, жіберілген қате жайлы аз сөйлейді

в) есептің дұрыстығына сенімсіз, күдік туғызған болса да сөзге келмей жұмысын өткізеді

5. Қиын тапсырманы орындағанда оны бірден орындай алмаса өзін қалай ұстайды:

а) тастайды, біраз уақыттан кейін жұмысты қайта жалғастырады

ә) біраз уақыт ызаланып отырсада райынан қайтпай нәтиже шығарады

б) бірқалыпты

в) сасқалақтық, сенімсіздікті білдіреді

6. Оқушы үйіне асығып тұрған жағдайда, мұғалім, басқа оқушылар немесе белсенділер тобы оған сабақтан соң қалып, бір тапсырманы орындауды ұйғарса, өзін қалай ұстайды:

а) тез келіседі

ә) ызаланады

б) бір сөз айтпай қалады

в) сасқалақтап қалады

7. Бейтаныс ортада өзін қалай ұстайды:

а) аса белсенділігін білдіріп, тез арада бағдарлану үшін қажетті мәліметті алады, тез шешім қабылдайды

ә) бір ғана бағытта белсенділігін көрсеткені мен, көп мәліметті ала алмайды, алайда шешімді тез қабылдайды

б) айналада болып жатқан жағдайларға асықпай қарайды, асығыс шешім жасамайды

в) қысылып, сасқалақтап айналамен танысып, шешімді сенімсіз қабылдайды

Осы жоспар бойынша бақылау нәтижесін бағалап шығу үшін төмендегі кестеге бақылау нәтижесін әр баланың қатарына түсіріп шығу керек (сәйкес келген бағанаға « +» немесе «-» белгілерін қою арқылы).



Оқушының әрекеті басым көп жағдайда «А» жауабымен бағаланса, оның темпераменті сангвиникке жақын болғаны, «Ә» – холерикке, «Б»– флегматик, «В» – меланхолик темпераменті типінің өкілі деп тұжырымдауға болады. Егер бағалау белгісі екі графаға түссе, онда баланың темпераменті осы екі темпераменттің қосындысы болып табылады.




аты

А

Ә

Б

В

Темперамент типі



Асылжан




+







холерик



Арман

+










сангвиник



Әсем




+







холерик



Әсел




+







холерик



Бағлан

+










сангвиник



Баян

+

+







сангво-холерик



Бақберген




+







холерик



Қалығаш




+







холерик



Құрмет

+










сангвиник



Мақсат




+







холерик



Мөлдір

+










сангвиник



Мұқит

+

+







сангво-холерик



Марина

+










сангвиник



Нағима




+







холерик



Нұрбота




+







холерик



Оксана




+







холерик



Перизат

+










сангвиник



Полат

+










сангвиник



Разия

+

+







сангво-холерик



Феруза







+

+

флегма-меланхолик



Шынар




+







холерик



Эльмира

+










сангвиник

Зерттеу барысында адам бір темпераменттің таза көрінісіне ие болуы қиын екенін, барлық адамдардың темпераментінда біреуінің көрсеткіші жетекші болып, қалған үшеуінің белгілері кейде анық байқалатынын ескеру қажет. Біз жинақтаған материалдарды талдау барысында жетекші көрсеткіштерге сүйендік. Сондықтан балалардың басым көпшілігін бір темпераменттің өкілі деп бағаладық.


Оқушыларының мектеп мотивациясын зерттеу әдістемесі

Бірінші тапсырма. Оқушыларға “Мектепте маған не ұнайды?” деген тақырыпта сурет салу тапсырылады.

Автордың пікірінше тақырыпқа байланысты суреттегі мынандай жағдайларға көңіл аудару керек:

1. Мотивациясы дамымаған, мектеп мотивациясы жоқ, бірақ та оқушының ойын және басқа мотивтері басым. Мұндай жағдайда оқушылар машинаны, әскери әрекеттегі ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді;

2. Балалық негативизм, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді, мұндай мінез-құлықты оқушының талаптану деңгейі жоғары және мектеп талаптарына қиындықпен бейімделуін көрсетеді;



3. Тапсырманы түсінбеу немесе дұрыс қабылдамау, оқушылар ешнәрсе салмаса немесе басқа оқушының берілген тапсырмаға қатысты емес суретін көшіріп салса, онда бұл жағдай психикалық дамуы артта қалған балаларға қатысты. Мұндай жағдай 0 баллмен бағаланады.




Баланың аты

балл

Сурет мазмұны

1

Асылжан

20

Мектеп өмірімен байланысты

2

Арман

30

Мектептегі оқу процесімен байланысты

3

Әсем

10

Мекетеп өмірімен байланысты емес

4

Әсел

10

Мекетеп өмірімен байланысты емес

5

Бағлан

30

Мектептегі оқу процесімен байланысты

6

Баян

30

Мектептегі оқу процесімен байланысты

7

Бақберген

20

Мектеп өмірімен байланысты

8

Қалығаш

10

Мекетеп өмірімен байланысты емес

9

Құрмет

20

Мектеп өмірімен байланысты

10

Мақсат

30

Мектептегі оқу процесімен байланысты

11

Мөлдір

10

Мекетеп өмірімен байланысты емес

12

Мұқит

20

Мектеп өмірімен байланысты

13

Марина

30

Мектептегі оқу процесімен байланысты

14

Нағима

30

Мектептегі оқу процесімен байланысты

15

Нұрбота

20

Мектеп өмірімен байланысты

16

Оксана

10

Мекетеп өмірімен байланысты емес

17

Перизат

20

Мектеп өмірімен байланысты

18

Полат

30

Мектептегі оқу процесімен байланысты

19

Разия

10

Мекетеп өмірімен байланысты емес

20

Феруза

10

Мекетеп өмірімен байланысты емес

21

Шынар

20

Мектеп өмірімен байланысты

22

Эльмира

30

Мектептегі оқу процесімен байланысты

Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжетін бағалау:

- Оқушының таным мотиві мен оқу белсенділігі, оқу жағдайындағы

мектеп мотивациясының жоғарылығын керсетеді, оны 30 балмен бағалайды.

- Сыртқы мектеп атрибуттары оқуға қатысты емес жағдайда мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивациясы 20 балмен бағаланады.

- Мектептегі ойын жағдайы мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ игерген ойын мотивациясы 10 балмен бағаланады.

Оқушылардың мектепке қызығушылығын зерттеу тесті бойынша жүргізілген зерттеу 7 балаланың мотивациясы мектептік емес екені анық байқалатынын көрсетті. Сондықтан олармен коррекциялық ойындар ұйымдастыру қажет болды.

Екінші тапсырмасы.

Оќу мотивациясының даму деңгейін бағалау үшін Н.Г.Лусканов арнайы сауалнама жасаға. Онда 10 сұрақ берілген. Жауап варианттары: «Иә», «Білмеймін», «Жоқ".



Сауалкама

1. Саған мектеп ұнайда ма немесе ұнамайды ма?

2. Таңертең сен уйќыдан тұрғанда мектепке ќуанышпен барасың ба, әлде үйде ќалғың келеді ме?

3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оќушылар ғана келсін десе, сен сабаќќа келесің бе, әлде үйде ќаласың ба?

4. Кейбір сабаќтың болмай ќалуы саған ұнайды ма?

5. Саған үй тапсырмасын бермегенін ќалайсың ба?

6. Сен сабақта үзілістің көп болғанын ќалайсың ба?

7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?

8. Саған мұғалімнің ќатал болғаны ұнайды ма?

9. Сенің сыныпта достарың көп пе?

10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?
Бағалау шкаласы.

«Жоқ» деген жауап - 0 балл;

«Білмеймін» -1 балл;

«Иә» - 3 балл.

30-25 балл жинаған оќушылар мектепке бейімделу деңгейі жоғары;

20-24 балл - бейімделу деңгейі орта;

15-19 балл - бейімделу деңгейі төмен;

10-14 балл және одан төмен - мектепке деген теріс ќарым-ќатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.

Оќу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұраќтар ќайталанып келеді. Оќу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы - оќудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.

Жүргізілген зерттеулер оќушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді:


Баланың оқу мотивациясын зерттеу нәтижесі




Баланың аты

Мектепке адаптация деңгейі

1

Асылжан

орта

2

Арман

жоғары

3

Әсем

төмен

4

Әсел

төмен

5

Бағлан

жоғары

6

Баян

жоғары

7

Бақберген

орта

8

Қалығаш

төмен

9

Құрмет

жоғары

10

Мақсат

орта

11

Мөлдір

жоғары

12

Мұқит

жоғары

13

Марина

жоғары

14

Нағима

орта

15

Нұрбота

орта

16

Оксана

төмен

17

Перизат

жоғары

18

Полат

жоғары

19

Разия

жоғары

20

Феруза

теріс қатынаста

21

Шынар

орта

22

Эльмира

жоғары

Жоғары деңгей - оќушының мектепке ќатынасы оң; берілген талаптарды адекватты ќабылдайды; оќу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толыќ игерген; мұғалімнің айтќандарын мұќият тыңдайды; тапсырмаларды сыртќы баќылаусыз-аќ орындайды; өзіндік жұмысќа, барлыќ пәндерге ќызығушылыќпен ќарайды; тапсырмаларды мұќият орындайды; сыныпта жоғары мәртебеге ие.

Ортаңғы деңгей - оќушының мектепке ќатынасы оң; оќу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өзбетінше орындайды, тапсырмаларды орындауда мұќият, біраќ баќылауды талап етеді; сабаќќа ќызығушылыќпен дайындалады: сыныптағы көп оќушылармен достыќ ќарым-ќатынас жасайды.

Төменгі деңгей - оќушының мектепке ќатынасы теріс; денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді; мектепішілік қатынаста көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады; оќу материалдарын фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға ќызығушылыќ көрсетпейді; сабаќтарға немќұрайлы дайындалады; баќылау мен көмекті, оқудағы үзілісті ќажет етеді; пассивті; сыныпта жаќын достары жоќ.


Зерттеу нәтижесінде балалардың басым көпшілігінің мектепті жақсы көретінін және өздерінің мектептегі өмірін оқу процесімен байланысты бейнелейтінін көрсетті. Сонымен қатар бір оқушының мектепке теріс қатынасы анық байқалды, ал төрт баланың мектептік мотивациясы төменгі деңгейде болды.

Зерттеу нәтижесінде осы балалардың мектептік мазасыздануы жоғары және соның нәтижесінде бала теріс эмоцияға бөленіп, ішкі кернеу жағдайында, эмоционалдық шамадан артық зорлану жағдайында жүреді деп болжам жасауға болады.


«Жануарлар мектебі» жобалау әдістемесі

(мектепке оқушылардың бейімделеуін диагностикалау)

Көптеген балаларға мектепте бейімделу қиынға соғады. Бала өзі шеше алмайтын көптеген мәселелер менкездеседі. Нәтижесінде балада мектеп неврозы пайда болуы мүмкін. Мектеп неврозын ерте дистикалау, коррекциялау және профилактика жасау көкейкесті және маңызды мәселе болып табылады.

Бұл жағдайды диагностикалауда психолог ең алдымен, психологиялық қорғаныстың әртүрлі формаларымен кездеседі. Психологиялық қорғаныс бейсаналы деңгейде қалыптасқандықтан, бұл жағдайдың механизмдерін жобалау әдістеменің көмегімен зерттеуге болады. Мұндай әдістемелердің бірі – «Жануарлар мектебі».

Бұл әдістеме мектеп неврозы дамуының алғашқы сатысын, себебін және түзету жұмысын анықтауға мүмкіндік береді. Жақсы атмосфера және бағалау пікірінің жоқтығы баланың еш кедергісіз сурет салуына жағдай туғызады. Сонымен бірге, сурет салу бастауыш мектеп оқушыларына қызықты және дағдылы. Суретті талдауда оқу әрекеті үрдісіндегі оқушыда кездескен қиындықтарды көруге болады.

Бұл әдістеменің тек мектепке бейімделеу кезеңінде ғана емес, сонымен бірге үлкен жастағыларға да, яғни әртүрлі сабақтарда, оқу әрекетінде және сыныптастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынасында туғындаған қиындықтарды анықтауда қолдануға болады. Бұл әдістемені топтық және жеке формада жүргізуге болады.

Керекті жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті қарандаштар.

Алдын ала дайындық.

Жүргізуші: Қазір біз сіздермен бірге сиқырлы орманға қызықты саяхат жасаймыз. Ыңғайлы отырыңыздар, денелеріңізді бос ұстаңыздар, көздеріңізді жұмыңдар. Ашық күнді орманды алқапта жүрміз деп елестетіңдер. Басыңызға жапырықтар, аяғыңызға жұмсақ шөптер шайқалып тиеді. Алқапта сендер «Жануарлар мектебі» деген жазуды көрдіңдер. Айналаға қараңдар! Қандай жануарлар мектепте оқиды екен? Ал қандай жануарлар мұғалім? Сендер қандай сезімде болдыңдар? Осы сезімді ары қарай дамытыңыздар. Мен оңға дейін санағанша, сендер біраз уақыт осы «Жануарлар мектебінде» болыңдар, содан кейін көздеріңізді ашасыңдар!

Нұсқау:


Жүргізуші: Сіздер «Жануарлар мектебінде» болдыңдар. Ал енді қарандаш пен қағаз алып не көргендерінің суретін бейнелеуді өтінемін.

Тапсырма орындалады.

Өз суреттеріңе нұқият қарап, «мен» өзім деген жануарларды тап. Оның жанына «х» немесе «м» әрпін қой.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет