30 ЖОББ мектебінің 4 сынып балаларына мінездеме Мен Жаскайрат Иса, 30 ЖОББ мектебінде тәжірибе өту барысында 4 сынып балаларына сабақ бердім. Оқушылар өте тәртіпті, ұйымшыл, ақылды, бір-бірімен өте жақсы араласады. Берілген тапсырмаларды, тез әрі тиянақты орындайды. Әр сабақ көңілді өту үшін, балаларға әр түрлі ойындар ойнаттым. Жұмбақ жасырдым, қызықты өлеңдер, әндер жаттап үйрендік. Оқушылар әр сабаққа тыңғылықты дайындалып келіп, өз білімдерін көрсете білді. Үлкенге құрмет - кішіге ізет көрсету жағынан өте тәртіпті оқушылар. Сабақ деңгейлері өте жақсы. Сонымен қатар балаларға берілген үй тапсырмаларын да деңгейлі жағдайда орындай білді.
"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" ММ