Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады



бет37/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары

Көңіл-күйді бағалау тесті.

Адамның күнделікті өмірде кездесіп жататын жәй оқиғаларда қалай қабылдайтына қарай оның жан дүниесі туралы көп нәрсе айтуға болады. Үрей, мазасыздық өздерін сергіте алмайтын, шаршап-шалдыққан жандарға тән мұндай жағдай түбінде неврозға алып барады. Мына тестің сұрақтарына дұрыс жауап қайтарсаңыз өздеріңіздің жан жүйеңіздің қандай күйде екенін анықтауға болады.


Сауалға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздер.

  1. Қараңғыда жалғыз қалған кезіңізде қобалжисыз ба?

  2. Міндеттерім өте көп деп ойлайсыз ба?

  3. Төңірегіңіздегілердің сіз туралы не ойлайтындығы сізді толғандыра ма?

  4. Телефон қоңырауларына селк ете қалатын сәттеріңіз бола ма?

  5. Ұсақ-түйек нәрсеге бола тынышсызданасыз ба?

  6. Ақша туралы бас қатырасыз ба?

  7. Автокөлікте келе жатып, аялдамаңыздан өтіп кетсеңіз қатты күйінесіз бе?

  8. Бір нәрсе толғандырған кезде ұйқысыздықтан азап шегесіз бе?

  9. Ұйықтатқыш дәріне қажетсінген кезіңіз болды ма?

  10. Тыныштандыратын дәрі қабылдап көрдіңіз бе?

  11. Өзіңізді «шырматып жүрмін» деп есептейсіз бе?

  12. Ашуланған не толқыған кезде дауысыңыз қалтырай ма?

  13. Ұялшақтығыңыз басым ба?

  14. Босаңсуыңыз жеңіл ме?

  15. Өзіңізге таныс адамдардың көпшілігімен салыстытғанда мазасыз күй кешуге бейімділігіңіз күшті ме?

  16. Өзіңізді үнемі бір нәрсені уайымдап қобалжымай жүрмін деп есептейсіз бе?

  17. Көңіл-күйіңіз болмашы нәрседен бұзылады ма?

  18. Дабырашылсыз ба?

  19. Барлығына қолыңызды бір сілтеп кеткіңіз келетін сәттеріңіз бола ма?

  20. Көңіліңіз күйзеліске түскен сәттерде ауырып қалмасыз ба, мәселен ас қорытуыңыз бұзылып, не болмаса үстіңізге есекжем шығып кетпей ме?

  21. Айқай-шу сізді жиі түршіктіре ме?

  22. Ұсақ-түйек әкімшілік талаптар жүйкеңізге тие ме?

  23. Жолыңыз болмай қалған кезде ұнжырғаңыз түсе ме?

  24. Біреу сізге күлсе, оған ренжисіз бе?

  25. Ұйықтар алдында сыртқы есік жабылды ма, жоқ па деп жиі алаңдайсыз ба?

  26. Қонаққа не тойға барардың алдында толқисыз ба?

  27. Егер достарыңыз сізге қонақ боп келеміз десе, сіз оларды күтуне көп уақытыңызды бөлесіз бе?

  28. Жаңа таныстарыңыздың көбеюін қалайсыз ба?

Бағалау шкаласы:

14-ші сұрақтан басқасына «иә» деген жауапқа 1 балл;

«жоқ» деген жауапқа – 0 балл;



ал 14-ші сұраққа «жоқ» деген жауапқа 1 балл деп есептеңіз.




Аты

Нәтижесі



Асылжан

10



Арман

9



Әсем

8



Әсел

6



Бағлан

7



Баян

8



Бақберген

10



Қалығаш

10



Құрмет

9



Мақсат

8



Мөлдір

6



Мұқит

7



Марина

8



Нағима

6



Нұрбота

9



Оксана

8



Перизат

6



Полат

7



Разия

8



Феруза

10



Шынар

9



Эльмира

8

Зерттеу нәтижесін талдау.

10 балл және одан көп. Сіз өте беймаза адамсыз. Баллыңыз қанша көп болса, сонша беймазасаз. Стресске бейімділігіңізді өзгерте алмайсыз, бірақ босаңсуға және өзіңіздегі үрейді босата басуға қол жеткізетін болсаңыз, белгілі бір дәрежеде өзіңізді қорғай аласыз. Миға жеңілдік берудің ең қарапайым әдісі – қиялға берілу. Шамалы бос уақытыңыз болса, жатыңыз да көзіңізді жұмыңыз. Күн сәулесі түсіп тұрған құмға келіп соққан толқынның үнін есіткендей және күн сәулесінің жылуынан денеңіз рахат сезімге бөлінгендей әсерде боласыз. Ешнәрсені ойламай, алаңсыз жатыңыз! Босаңсудың осындай әдісін меңгеру арқылы сіз көптеген стрессктік жағдайлардан оңай шыға алатын боласыз.

4 баллдан 9 баллға дейін. Жеткілікті дәрежеде өзіңізді ұстай білгеніңізбен бәрібір сіз беймаза күй кешуге бейімсіз. Босаңсу дағдыларын меңгеру сізге де аса пайдалы.

3 балл және одан да аз. Сіз өзіңізбен келісімді жасайсыз және алға қойған проблемаларыңыздың көпшілігін шеше алатын мүмкіндігіңіз бар.

Зерттелінген балалардың басым көпшілігі өздерін ұстай білгенімен бәрібір беймаза күй кешуге бейім екендігін көрсетті. Босаңсу дағдыларын меңгеру бұл балаларға аса пайдалы екендігі анық байқалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет